Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының гауптвахтасындағы ішкі тәртіп және онда сотталғандарды ұстау тәртібі қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 26 қыркүйектегі № 432 және Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 655 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 30 қазанда № 9844 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 4 тамыздағы № 415 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 10 тамыздағы № 545 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қорғаныс министрінің 04.08.2017 № 415 және ҚР Ішкі істер министрінің 10.08.2017 № 545 бірлескен бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз

      2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі 83-бабының 2-тармағына сәйкес, сотталған әскери қызметшілердің жазаларды орындауын одан әрі жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының гауптвахтасындағы ішкі тәртіп және онда сотталғандарды ұстау тәртібі қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери полициясы бас басқармасы және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы:

      1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын;

      2) мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін ресми жариялау үшін бұқаралық ақпарат құралдарына және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдасын;

      3) бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланғаннан кейін бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің веб-сайтына орналастырсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі осы бұйрықты құрылымдық бөлімшелердің мәліметіне жеткізсін.

      4. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-полковник С.Ә. Жасұзақовқа және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Р.Ф. Жақсылықовқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық ресми жариялауға жатады және 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрі

Қорғаныс министрі

_______________ Қ. Қасымов

_______________ C. Ахметов


  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің 2014 жылғы
26 қыркүйектегі № 432
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің 2014 жылғы
29 қыркүйектегі № 655 бірлескен
бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция
органдарының гауптвахтасындағы ішкі тәртіп және онда
сотталғандарды ұстау тәртібі қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының гауптвахтасындағы ішкі тәртіп және онда сотталғандарды ұстау тәртібі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне (бұдан әрі – ҚР ҚАК) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының сотталған әскери қызметшілерін ұстау режимін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының гауптвахтасындағы (бұдан әрі – гауптвахта) ішкі тәртіпті және онда сотталғандарды ұстау тәртібін айқындайды.

      2. Гауптвахтада ұстау режимін қамтамасыз ету, оларда ішкі тәртіпті сақтау әскери полиция органының және гауптвахтаның лауазымды адамдарына жүктеледі.

      3. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша гауптвахтаның ішкі күн тәртібін әскери полиция органының бастығы айқындайды және бекітеді және гауптвахтаның стендіне мемлекеттік және орыс тілдерінде ілінеді.

      4. Сотталғандар гауптвахтада ұсталған кезеңде жалпы әскерлік паек нормасы бойынша тамақтанумен қамтамасыз етіледі. Оларды тамақтануға тіркеу азық-түлік аттестаттары бойынша жүргізіледі.

      Азық-түлік аттестаттары жоқ сотталғандар әскери полиция органы бастығының (әскери бөлім командирінің) бұйрығынан үзінді көшірме бойынша жабдықталымға тіркеледі.

      Егер гауптвахта жанында тамақ дайындалмаса, онда гауптвахтаға оны жеткізу тәртібін гарнизон бастығы белгілейді.

      Сотталғандар камераларда тамақтанады.

      Сотталғандар үшін ұйықтау ұзақтығы тәулігіне сегіз сағат.

      5. Сотталғандардың шаштары ұқыпты қысқартылған және қырынған болуға тиіс.

      6. Гауптвахтада ұсталатын сотталғандарға ҚР ҚАК сәйкес ар-намыс және дін тұту бостандығы құқықтары кепілденеді.

2. Сотталғандарды гауптвахтаға қабылдау және камераларға орналастыру

      7. Сотталғандарды тәулік бойы гауптвахтаға қабылдауды гауптвахта бастығы, ал ол болмағанда қарауыл (кезекші ауысым) бастығы жүргізеді, ол гауптвахтаға жеткізілген адамдардың қабылдау үшін негіз беретін құжаттардың бар болуын тексереді, көрсетілген адаммен сұрау жүргізіп оның жауаптарын жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген мәліметтермен салыстырады.

      8. Сотталғанды гауптвахтаға жеткізген адам гауптвахта бастығына, ал ол болмағанда қарауыл (кезекші ауысым) бастығына келесі құжаттарды береді:

      1) әскери бөлімнің елтаңбалы мөрімен расталған сот үкімінің көшірмесі;

      2) сотталған әскери қызметшінің жазасын өтеу мерзіміне барлық үлес түрлерінен шығу туралы әскери бөлім командирі бұйрығынан көшірмесі;

      3) медициналық кітапшасы;

      4) азық-түлік аттестаты;

      5) сотталғанмен және бөлім штабының лауазымды адамымен қол қойылған жеке заттар тізімі (екі экземплярда).

      9. Сотталғанды гауптвахтаға қабылдау кезеңінде осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттардың қолда бар болуы, олардың дұрыс рәсімделуі тексеріледі және жеке тексеріп қарау өткізіледі, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тыйым салынған заттар мен бұйымдар тізбесі бойынша тыйым салынған заттар мен бұйымдар алынады.

      Әскери қызметші туралы, сондай-ақ сақтауға алынған жәнеқабылданған құжаттар, заттар, нәрселер, бұйымдар, құндылықтар және ақша сомасы туралы мәліметтерді қабылдаушы адам сотталғанның қатысуымен Гауптвахтада ұсталатын адамдарды есепке алу журналына

      (әрі қарай - Еспке алу журналы) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес түрінде енгізіледі.

      10. Осы Қағидалардың 4-қосымшаға сәйкес сотталғанды гауптвахтаға қабылдау сондай-ақ сақтауға қабылданған құжаттар, заттар, нәрселер, бұйымдар, құндылықтар және ақша сомасы туралы үш данада қолхат жасалып әскери полиция органының құпия емес іс жүргізуінде тіркеледі.

      Қолхаттың бірінші данасы ұсталу мерзімінің аяқталғанына дейін әскери бөлімде есепке алып тіркеу үшін сотталғанды гауптвахтаға жеткізген адамға тапсырылады, екіншісі – сотталғанға, үшіншісі – сотталғанның жеке ісіне тіркеледі.

      Гауптвахта бастығы болмағанда қабылданған сотталғандар туралы қарауыл (кезекші ауысым) бастығы ол келгеннен кейін баянатпен баяндайды.

      11. Сотталғаннан сақтау үшін қабылданған оның ақшасы, құндылықтары және жеке басын куәландыратын құжаттары гауптвахта бастығына сақтауға тапсырылады.

      Жеке заттары, нәрселері, бұйымдары және азық-түлік тамағы тұтқындалғандардың заттарын сақтау бөлмесіне сақтауға тапсырылады.

      12. Сотталғанды гауптвахтаға қабылдау кезінде медициналық қызметкер (фельдшер) дене жарақаттарын анықтау үшін қарап тексеруді жүргізеді, ол туралы Гауптвахтада ұсталатын адамдардың есебін жүргізу журналына тиісті жазба жасалады.

      Гауптвахтаға жаңа келген сотталғандардың тексерілуі олардың камераларға қамау алдында жүргізіледі.

      Тексерісте сыртқы тері көрінімдері, мерез, педикулезбен ауру, инфекциялық және басқа аурулардың болу мүмкіндігі тексеріледі.

      Анықталған дене жарақаттары туралы сотталғанды жеткізген лауазымды адамға қол қойылып хабарланады.

      13. Дене жарақаттары анықталған жағдайда қажетті медициналық көмек көрсетіледі. Медицина қызметкерін (фельдшерін) тартылуымен бір тәулік мерзімінде медициналық куәландыру жүргізіліп, оның қорытындысы гауптвахтаға қамауға жататын сотталғанның медициналық кітапшасында жазылады.

      Сотталғандардың жарақат (дене жарақаттарын) алу жағдайларын анықтау мақсатында гауптвахта қызметкерлері медицина қызметкері мен (фельдшері) қатысуымен күн сайын дене бітімін қарап тексеруді жүргізеді.

      14. Сотталғанның дене жарақаттары анықталған әр фактісі туралы бір тәулік ішінде жазбаша түрде прокурорға хабарланады.

      15. Сотталған гауптвахтаға келіп түскен кезде әкімшілік сотталғанға оның құқықтары, міндеттері мен құқықтық шектеулері мен таныстырады, сондай-ақ ішкі тәртіп қағидалары туралы ақпаратты жазбаша түрде беруге және қолын қойғызып түсіндіруге міндетті.

      Гауптвахта стендінде ҚР ҚАК 86-бабына бекітілген мемлекеттік және орыс тілдерінде гауптвахтада ұсталатын адамдардың негізгі құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат ілінеді.

      16. Камералар бойынша сотталғандарды орналастыру мынадай тәртіппен осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес камераларға орналастыру жоспарына сәйкес жүргізіледі: офицерлер, сержанттар (старшиналар) мен қатардағы құрам әскери қызметшілері бөлек және өзге де негіздемелер бойынша гауптвахтада ұсталатын әскери қызметшілерден бөлек ұсталады.

      Әскери қызметші әйелдер ерлерден бөлек ұсталады.

      Әртүрлі инфекциялық аурулармен сырқаттанған сотталғандар дені сау сотталғандардан бөлек және жеке ұсталады.

      17. Сотталғандар жұмыстарды орындау мен серуендеу уақытын қоспағанда, құлыпқа бекітілетін ортақ камераларда қатаң оқшаулау жағдайларында ұсталады.

      18. Сотталғандарды камераларға орналастыруды гауптвахта бастығы немесе қарауыл (ауысым кезекшісі) бастығы жүргізеді.

      19. Оқшаулау тәртібі сотталғандардың барлық қозғалысы кезінде қамтамасыз етілуге тиіс. Сотталғандар қозғалуы айдауылмен ілесіп жүреді.

      Басқа камералардың және гауптвахтада ұсталатын қамауға алынғандардың басқа санаттарымен сөйлесулерге, қандай да бір заттарды беруге және хат жазысуға жол берілмейді.

      20. Сотталғанның жазасын өтеу орнына келгені туралы гауптвахта бастығы белгіленген тәртіппен екі жұмыс күні ішінде үкім шығарған сотқа, әскери бөлім қолбасшылығына сотталғанның қамауға алуды өтеуді бастағаны және орны туралы хабарлама жолдайды, сондай-ақ оның зайыбына (жұбайына), туыстарының біріне не сотталғанның қалауы бойынша заңды өкіліне хабарлама жолдайды.

      21. Сотталғандарды прокурордың санкциясынсыз әскери полиция органы бастығының қаулысы негізінде жеке камераға орналастыру мынадай жағдайларда жол беріледі:

      1) бөлек орналастыру талаптарын сақтауды қамтамасыз ету өзгеше мүмкін болмаған кезде;

      2) сотталғанның не басқа да сотталғандардың өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде;

      3) сотталғанның жеке ұстау туралы жазбаша өтінімі бар болған кезде, бос орындар болатын кезінде;

      4) олар гауптвахтада ұсталатын басқа қамауға алынғандарды немесе сотталғандарды, гауптвахта қарауылының жеке (кезекші ауысым) құрамын балағаттаған.

      22. Сотталғандар жеке камераға мынадай жағдайларда орналастырылады:

      1) олар гауптвахтада ұсталатын басқа қамауға алынғандарды немесе сотталғандарды, гауптвахта қарауылының жеке (кезекші ауысым) құрамын балағаттаған;

      2) қарауылдың (ауысым кезекшісінің) немесе әскери полиция лауазымды адамдарының заңды талаптарына бағынбаған;

      3) жазасын өтеу тәртібін және қағидаларын бұзған;

      4) сақтауға және пайдалануға тыйым салынған заттарды сақтаған, дайындаған және пайдаланған;

      5) құмарлық ойындарына қатысқан.

      23. Сотталғанды жеке камераға қамау туралы шешімді әскери полиция органының бастығы гауптвахта бастығының жазбаша баянаты негізінде прокурорды шұғыл хабардар ете отырып қабылдайды.

      24. Сотталғандарды жеке камераға орналастырғанда медициналық қызметшісінің (фельдшердің) жеке камерада ұстау мүмкіндігі туралы қорытындысы қажет.

3. Сотталғандарға жеке тiнту жүргізу, дактилоскопия жасау,
оларды суретке түсiру және заттарын толық тексеру

      25. Сотталғандар гауптвахтаға қамауға алынған кезде толықтай жеке тiнту, дактилоскопия жасалуға, ал олардың жеке заттары тексерілуге тартылады.

      26. Жеке iсiнде фотосуреттері болмаған кезде сотталғандарды гауптвахта әкімшілігі тура қаратып, оң жақ, сол жақ қырынан, толық бойымен (сурет көлемі 4,5х6, 6х9 сантиметр) суретке түсіредi.

      27. Жеке тінту толық және ішінара болады.

      Жеке тiнтуді гауптвахта қызметкерлерi және тек сотталғанмен жынысы бір адам жүргiзедi. Сотталған әскери қызметшілердің толық тінтуі өткізіледі:

      1) гауптвахтаға қамауға алынғанда және оның шыққанында;

      2) жеке камераға қамауға алынған кезде және одан шыққанында;

      3) кездесуді өткізу алдында және кейін;

      4) гауптвахта аумағынан шығу және оның қайту кезінде.

      28. Жеке тiнту сотталғанның киiмiн және аяқ киiмiн мұқият тексерумен сүйемелденеді. Пластырь жапсырмалары, гипс және басқа да танулар медицина қызметкерiмен бiрге тексерiледi. Киiмге жасырын тiгiлген заттар анықталған кезде матасы сөгiледi. Аяқ киiмнен өкшелер, металл тағалар алынады.

      29. Тыйым салынған заттарды жасыру мүмкіндігі негізі болу, гауптвахта қарауылымен (ауысым кезекшісімен) ішінара тінту өткізіледі.

      30. Ішінара тінту сотталғанды гауптвахтадан тыс жерлерге жөнелткен (медицина қызметкеріне, тергеушіге, кездесуге дейін және кейін, басқа камераға ауыстырған) кезде жүргізіледі. Ішінара тінту кезінде сотталғанды шешіндірмей оның киімі мен аяқ киімі қаралады және тінтіледі.

      31. Осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес сотталғанды жеке тiнту және онда болатын заттарды толық тексеру туралы хаттама жасалады. Жеке толық тексеру хаттамасының көшірмесі сотталғанға беріледі. Хаттамада ол жасалған күн мен орны, оны жасаған адамның лауазымы, әскери атағы, тегі мен аты-жөні, тінтілген адам туралы мәлімет, жеке тінту барысы мен нәтижелері көрсетіледі.

      32. Жеке тініту және толық тексеру хаттамасына оны жасаған лауазымды адам, жеке тінтілген адам және куәгерлер қол қояды.

      33. Сотталған хаттамаға қол қоюдан бас тартуы және оның тiнту немесе заттарын тексеру кезiндегi барлық талаптары хаттамада жазылады. Хаттама сотталғанның жеке iсіне тіркеледі.

      34. Камералар сотталғандар серуендеуде болған уақытта күн сайын тексеріледі.

4. Сотталғандардан сақтауға және пайдалануға тыйым
салынған құралдар мен заттарды алу

      35. Сотталғандарда камерада болғанда іш киімі, жұмыс (далалық) киім нысаны мен аяқ киімі болуға тиіс. Қалған заттар гауптвахтада белгіленген тәртіпке сәйкес камералардан тыс сақталады.

      36. Сотталғандарға заңға қарсы әректтерде пайдалануы мүмкін немесе мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия мәліметтен тұратынды қоспағанда, қылмыстық іске не өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға қатысты құжаттар мен жазбаларды өзінде сақтауға рұқсат етіледі.

      37. Сотталғаннан алу не сақтауға қабылдау нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үш данада алу актісі жасалады. Бiрiншi данасы сотталғанға берiледi, екiншiсі – бөлiмнің өкіліне беріледі, үшiншiсі – жеке iсте сақталады. Гауптвахтада ұсталатын адамдарды есепке алу кітабында алынған және сақтауға қабылданған заттар мен мүлік туралы жазба жасалады.

      38. Сотталғанның заттары мен азық-түлiк өнімін сақтауға қабылдауды қарауыл (кезекші ауысым) бастығы жүргізеді.

      39. Сотталғаннан гауптвахтада ұстау кезеңінде тыйым салынған заттарды алудың немесе табудың әрбiр фактiсі бойынша олардың келіп түсу көзін және нақты иесiн анықтау мәніне қызметтік тексеру жүргiзiледi.

      40. Сотталғанның жазбаша өтiнiшi бойынша қамауға алынғандардың заттарын сақтау бөлмесінде сақтауда тұрған құралдары, заттары мен азық-түлiк өнімі сотталғанның әскери қызметшінің оның зайыбына (жұбайына) немесе жақын туыстарының біріне қол хат арқылы берiледі.

      41. Сотталған адам қайтыс болған жағдайда оған тиесілі сақтауда болған ақша, құндылықтар, заттар, бұйымдар мен азық-түлік өнімдері оның зайыбына (жұбайына) немесе жақын туыстарының біріне қол хат арқылы берiледі.

      42. Тыйым салынған құралдар, заттар, ақша, бағалы қағаздар сақтау үшін осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құралдарды, құжаттарды, заттарды және өзге де материалдық құндылықтарды беру актісі бойынша гауптвахта бастығына, ал ол болмағанда қарауыл (кезекші ауысым) бастығына тапсырылады, оның көшірмесі жеке іске тігіледі.

      43. Тексеру кезінде қару, жарылғыш, улы, уландырғыш, есірткі заттары, психотроптық заттар және прекурсорлар алынғаны туралы қарауыл (кезекші ауысым) бастығы шешім қабылдау үшін дереу әскери полиция органы бастығының атына баянатпен баяндайды.

      44. Жарамдылық мерзімі өткен немесе бүліну белгілері бар азық-түлік өнімдерін құрамында кемінде екі гауптвахта қызметкерінен тұратын комиссия жояды, ол туралы осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жою актісі жасалады.

5. Сотталғандарды материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету

      45. Сотталғандар гауптвахтада болған кезеңде:

      1) жеке ұйықтайтын орынмен;

      2) төсек-орын жабдықтарымен: матрацпен, жастықпен, көрпемен, екi жаймамен, жастық тысымен, сүлгімен;

      3) асхана ыдысымен және асхана аспаптарымен тамақтану уақытында: тегешпен, кружкамен, қасықпен;

      4) әскери жарғылармен, кітаптармен, журналдармен және мерзімді басылыммен қамтамасыз етіледі.

      46. Ортақ камералар қайрылып жиналатын сәкімен, еденге бекітілген үстелмен және ағаш орындықтармен, түкіргішпен, ауызсуға арналған ыдыспен және кружкамен жабдықталады.

      Офицерлерді және әскери қызметші әйелдерді ұстауға арналған камералар сәкілермен, үстелдермен, орындықтармен, жеке заттар мен жуыну керек-жарағына арналған тумбочкалармен жабдықталады, қайнатылған ауызсуға арналған ыдыстар орнатылады, кружкалармен, ілгіштермен және түкіргіштермен жабдықталады.

      Күн сайын камераларға қайнаған су беріледі.

      Камераларда +180 С төмен емес температура ұсталады.

      Әрбір камерада плафонмен қорғалған жарық түсіру орнатылады. Қараңғы түскенде және ұйықтаған уақытта гауптвахта камераларына, дәліздері мен дәретханаларына жарық түсірілуге тиіс.

      47. Камерада бір сотталғанға тұрғын алаң нормасы кемінде екі жарым шаршы метр, әйелдерді ұстауға арналған камераларда үш шаршы метр есебінен болуға тиіс.

      Гауптвахта үй-жайларын, камералар мен дәретханаларды залалсыздандыру аптасына екі реттен жиі емес жүргізіледі.

      Камералардағы терезелер сотталғандар көз көруі үшін қауіпсіз күндізгі жарықпен оқи алатындай жеткілікті көлемде және таза ауа келуін қамтамасыз ететіндей жабдықталған болуға тиіс.

      Оқшаулауды қамтамасыз ету үшін камералардың терезелері камераларға табиғи жарықтың түсуіне және таза ауаның келуіне кедергі келтірмейтін тормен жабдықталады.

      48. Сотталғандарға аптасына екі реттен жиі емес ұзақтығы кемінде 15 минут душта жуынуға мүмкiндiк берiледi.

      Моншада жуыну аптасына бір рет гауптвахта бастығы белгілеген күндері және сағаттарда жүргізіледі. Моншада жуыну күндері сотталғандардың іш киімдері мен төсек жабдықтарын ауыстыру, оларды медициналық тексеру жүзеге асырылады.

      Жуыну құралдары сотталғандарға жуынуға бару уақытында беріледі, одан кейін қарауыл (кезекші ауысым) бастығының қарауымен камералардан тыс орналасқан жуыну керек-жарақтарын сақтауға арналған құлыпқа бекітілетін шкафтарға кері қайтарылады.

      49. Сотталғандар таңертеңгі және кешкі жуынуы үшін шығарушылардың ілесіп жүруімен камералардан мынадай тәртіппен: ортақ камераларда ұсталатындар – камера бойынша, жеке камераларда ұсталатындар бір-бірден кезектілік тәртібімен шығарылады.

      Әскери қызметші әйелдерге жеке гигиена қағидаларын сақтау үшін қосымша уақыт бөлінеді.

      50. ҚР ҚАК 86 бабының 2-тармағына сәйкес, сотталғандарға ай сайын бір айлық көрсеткішке дейінгі мөлшерде уақытша ақша орналастыру қолма-қол бақылау шоттарында бар қаражатты бірінші кезекте қажетті азық-түлік өнімдерін және құралдарын сатып алуға жұмсауға рұқсат етіледі.

      Сотталғандарға азық-түлік, бірінші кезекте қажетті заттары, аяқ киім, киім және басқа өнеркәсіп өнімдерін сәлемдемелермен алуға мүмкін және өзінде тізімге сәйкес болып сақтауна рұқсат етіледі.

      51. Сотталғандарды таңертеңгілік қарау және кешкі тексеруді камералар бойынша атаулы тізім бойынша қарауыл (кезекші ауысым) бастығы немесе оның көмекшісі жүргізеді.

6. Сотталғандармен сәлемдемелердi және бандерольдерді қабылдау

      52. ҚР ҚАК 86 бабының 2-тармағына сәйкес, сотталғандарға айына бір рет бірінші кезекте қажет заттар мен маусым бойынша киім бар сәлемдемелер, бандерольдер алуға рұқсат етіледі.

      Сырқаттанған сотталғандар медициналық қорытындымен айқындалған мөлшерде және жиынтықта дәрі-дәрмек құралдары мен медициналық мақсаттағы бұйымдар бар сәлемдемелер алуға құқылы, ҚР ҚАК 86 бабының 2-тармағына сәйкес.

      Посылкалар, сәлемдемелер және бандерольдер гауптвахта бастығының қатысуымен гауптвахта қызметкерлерімен тексеріледі.

      Осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес белгіленген беруге рұқсат етілген заттар тізбесі гауптвахта стендіне мемлекеттік және орыс тілдерінде ілінеді.

      53. Сәлемдеме жеткізген адам өтінішті осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада толтырады және оған қол қояды. Өтініштің екі данасы, сәлемдеме, сәлемдеме жеткізген адамның жеке басын куәландыратын құжат гауптвахта қызметкеріне беріледі.

      54. Сәлемдемені қабылдай отырып, гауптвахта қызметкері келушіге жеке құжаттары мен қабылдағаны туралы қол қойылған өтініштің бір данасын қайтарып береді. Өтініштің екінші данасын сотталған сәлемдемені алғаны туралы қолтаңбасын қойғаннан кейін оның жеке ісіне тіркейді. Сотталғанның жеке ісінде сәлемдемені алғаны туралы белгі жасалады. Сотталған өтінішке қол қоюдан бас тартқан жағдайда онда гауптвахта бастығымен немесе қараул бастығымен (ауысым кезекші) ол туралы тиісті белгі жасалады.

      55. Сәлемдемеде, бандерольде, хатта табылған тыйым салынған құралдар немесе заттар алынады және қайтару себептерін көрсете отырып, сәлемдеме жеткізген адамға қайтарып беріледі.

      Сәлемдеме пошта арқылы алынған жағдайда тыйым салынған құралдар, заттар немесе ақша сотталғанның жеке заттарының тізімдемесіне енгізіледі және жазалау мерзімін өтегенге дейін оның басқа да жеке заттарымен бірге сақталады.

      56. Сәлемдемелер, беру, бандерольдер қабылданбайт және:

      1) адресат гауптвахтадан босатылған;

      2) сотталған қайтыс болған;

      3) сәлемдеме жеткізген адам жеке басын куәландыратын құжатты көрсетпеген;

      4) сәлемдеме қабылдауға өтініш дұрыс ресімделмеген;

      5) сотталғанның өзінің атына келген сәлемдемені қабылдаудан жазбаша түрде бас тартуы болған жағдайларда қабылданбайды және келушіге кері қайтарылады.

      57. Сәлемдеме немесе беріліс сотталғанға қабылдағаннан кейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

7. Сотталғандармен жеделхаттарды, хаттарды алу және жолдау

      58. ҚР ҚАК 86 бабының 2-тармағына сәйкес, сотталғандарға гауптвахтада жатқан кезеңінде айына бір рет өз есебінен хат және жеделхат алуға және жөнелтуге рұқсат беріледі.

      59. Гауптвахтада сотталғандардың гауптвахта лауазымды адамдарының заңсыз әрекеттеріне шағым беру арнайы пошта жәшігінің жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі. Аптасына бір рет кезеңділігімен прокурор гауптвахта әкімшілігінің және әскери полиция органы лауазымды адамының қатысуымен көрсетілген шағымдарды алады, ол туралы акті жасалады. Арнайы пошта жәшігі сотталғандарға қолжетімділік орында гауптвахта үй-жайында орнатылады.

      60. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 21 тамыздың № 86 қпбұ бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9754 тіркілген) Сотталғандармен корреспонденцияны жолдау және алуың бақылау өткізу Қағидаларға сайкес жолдаңып және алатын корреспондецияның бақылау ұйымдастырылады.

      61. Сотталғандарға хаттарды беруді гауптвахта бастығы оларды қабылдағаннан кейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей беруді жүргізеді.

      62. ҚР ҚАК 108 бабының 4-тармағына сәйкес, сотталғандар айына екі реттен көп емес ақшалай аударымдарды алуға құқылы, бұл ретте олардың жалпы сомасы жиырма айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс.

8. Сотталғандарды еңбекке тарту

      63. Сотталғандар күн тәртібіне сәйкес гауптвахтаға шаруашылық қызметін көрсету жөніндегі жұмыстарды орындауға тартылады.

      64. Сотталғандар кезешілік кестесіне сәйкес камераларды және гауптвахтаның басқа да үй-жайларын жинайды.

      Камераларды, дәретханаларды күнделікті және жалпы (аптасына бір рет) жинау, сондай-ақ еденді жуу (сүрту) гауптвахтада ілесіп жүрушінің немесе қарауыл (кезекші ауысым) бастығы көмекшісінің қадағалауымен онда ұсталатын тұтқындалғандар жүргізеді.

      65. Сотталғандар күзет, дабылдама және байланыстың инженерлік-техникалық құралдарын, көлік құралдарының барлық түрлерін және көбейту аппаратурасын жөндеумен және пайдаланумен байланысты жұмыстарға жiберiлмейдi.

      66. Жұмыс басталар алдында және ол аяқталғаннан кейін олардың заттары мен киімі толық тексерілуге жәге тінтілуге жатады.

9. Сотталғандарды медициналық-санитарлық қамтамасыз ету

      67. Сотталғандарға медициналық көмек денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетіледі.

      Сотталғандарды дәрігерге қабылдауға (медициналық қарап тексеруге) алдын ала жазу қарауылдың (кезекші ауысымның) кезекшілікті тапсыруы және сотталғандарды салыстырып тексеру жүргізу кезінде сотталғандардың өтініш білдіруі бойынша жүзеге асырылады.

      Одан басқа, сотталғандар медициналық қызметкер күнделікті камераларды аралау уақытында оларға медициналық көмек үшін, ал жіті сырқаттануы жағдайында гауптвахта қызметкеріне өтініш жасауға тиіс.

      Сотталған өтініш жасаған қызметкер медициналық қызметкерді шақырту үшін әскери полиция органы бойынша кезекшіге баяндайды.

      68. Денсаулық жағдайына шағымданған сотталған медицина қызметкерінің қорытындысы бойынша шұғыл білікті медициналық көмек көрсету қажет болған кезде гауптвахта бастығының рұқсатымен айдауылдың ілесіп жүруімен медициналық мекемеге жіберіледі.

      Сотталған емдеу мекемесіне госпитальға жатқызылған жағдайда оны күзетуді қамтамасыз ету үшін айдауыл қойылады.

      Сотталғанды медициналық мекемеге орналастыру туралы әскери прокурор, шешім шығарылған судья және әскери бөлімнің қолбасшылығы дереу хабардар етіледі.

      69. Сотталған сауыққаннан кейін, егер судья өзге шешім шығармаса, айдауылдың ілесіп жүруімен қайтадан гауптвахтаға жіберіледі.

      70. Сотталғандарға амбулаторлық көмек гауптвахтаның камераларында көрсетіледі. Дәрі-дәрмектерді беру дәрігердің тағайындауы бойынша белгіленген мөлшерде жеке қолтаңбасын қойғызып жүзеге асырылады.

10. Сотталған тамақтанудан бас тартқан кезде қабылданатын шаралар

      71. Сотталған тамақтанудан бас тарту фактісі анықталған кезде қарауыл (кезекші ауысым) бастығы гауптвахта бастығына баяндайды. Гауптвахта бастығы себептерді анықтайды және әскери полиция органының бастығына және гауптвахтада заңдардың қолданылуына қадағалауды жүзеге асыратын қадағалаущы прокурорға баяндайды.

      72. Тамақтанудан бас тартқан сотталған басқа қамауға алынғандардан бөлек ұсталады және медицина қызметкерінің қадағалануында болады.

      73. Егер оның өміріне қауіп төнсе, тамақтанудан бас тартқан сотталғанның денсаулығын сақтауға бағытталған, оның ішінде мәжбүрлеу сипатындағы шаралар оны қадағалайтын медицина қызметкерінің жазбаша қорытындысы негізінде медициналық көрсеткіштер бойынша жүзеге асырылады.

11. Сотталғандарға жазалар пайдалануы

      74. Гауптвахтаның ұстау тәрбібімен және ішкі тәрбін бұзғаны, сондай-ақ жарғылық міндеттерін орындамау ұшін сотталғандарға келесі жазалау шаралары қолданылады:

      1) ескерту;

      2) сөгіс;

      3) сотталғандарды жеке камераға қамау.

      75. Гауптвахтаның ұстау тәрбібімен және ішкі тәрбін бұзғаны, сотталғандарға келесі жазалау шаралары қолданылады:

      алғашқы рет жасаса - ескерту;

      қайта жасаса – сөгіс.

      76. Сотталғанға жеке камераға қамау жазалауын пайдалану гауптвахта бастығымен осы Қағидалардың 22 бапта көрсетілген жағдайларды бұзғанда қолданады.

      77. Сотталғандарға жазалау қолдану жөнінде жазбаша түрде жарияланады, және жеке іске тіркіледі.

      78. Осы Қағидалардың 12-қосымшаға сәйкес қолданыланған көтермелеулер мен жазалар, аузша жарияланғандардан басқа, гауптвахта бастығымен хабарланады және Көтермелеу мен жазаларды тіркілетін кітәпта тіркіледі.

      79. Сотталғанды жеке камераға қамалғаны туралы (кезекші ауысым) қараул бастығы гауптвахта бастығына баянатпен баяндайды, өз кезегінде ол әскери полиция органның басшылығына баяндалады.

12. Сотталғандар қайтыс болған жағдайда олардың мәйіттерін беру

      80. Әскери полиция органының басшылығы сотталғанның қайтыс болуы туралы әскери прокурорға, әскери бөлімнің қолбасшылығына, оның зайыбына (жұбайына), жеке ісінде көрсетілген оның жақын туыстарына дереу хабарлайды.

      81. Егер қайтыс болған сотталғанның зайыбы (жұбайы), жақын туыстары гауптвахта орналасқан қалада немесе елді мекенде тұрмаса, хабарлама телеграф арқылы жолданады.

      82. Қайтыс болған сотталғанның мәйіті талап етілгенге дейін, бірақ жеті тәуліктен асырылмай немесе уәкілетті органның қайтыс болу фактісі бойынша тексеруді аяқтағанға дейін денсаулық сақтау органдарының жақын жердегі емдеу мекемесіндегі мәйітханаға сақтауға беріледі.

      83. Мәйітті беру оны талап еткен адамның жазбаша өтініші бойынша іс жүргізуінде қылмыстық іс бар адамның немесе органның, әскери бөлім қолбасшылығының рұқсатымен жүзеге асырылады. Мәйітті алу үшін жеке басын куәландыратын құжатты көрсету қажет.

      84. Қайтыс болғанның зайыбына (жұбайына) немесе жақын туыстарына қайтыс болғаны туралы куәлікті алу тәртібі түсіндіріледі.

      85. Көрсетілген мерзiмде талап етiлмеген қайтыс болғанның мәйіті мемлекет есебiнен жерлеуге берiледi.

13. Әскери полиция органы бастығының, оған уәкілеттік берілген
адамдардың және гауптвахта бастығының сотталғандарды жеке
қабылдауы

      86. Әскери полиция органының бастығының, оған уәкілеттік берілген адамдар және гауптвахта бастығы сотталғандарды жеке қабылдауды демалыс және мереке күндерінен, түскі үзіліс уақытынан басқа, жұмыс уақыты ішінде әскери полиция органының бастығы бекіткен кестеге сәйкес жүзеге асырады.

      87. Сотталғандарды жеке қабылдауға жазу гауптвахта қызметкерлерінің камераларды аралауы уақытында жүзеге асырылады.

      Қабылдау туралы өтініштер гауптвахта бастығының атына жазбаша түрде (ерікті түрде толтырылады) беріледі немесе ауызша түрде жасалады және қабылдауға жоспарланған лауазымды адамды көрсете отырып, осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес әскери полиция органының бастығы беру кезектілігі тәртібінде жеке қабылдау журналына (бұдан әрі – жеке қабылдау журналы) тіркейді.

      88. Сотталғандарды қабылдау өтiнiштерді беру кезектілігі тәртiбiнде жүргізіледі. Қабылдау аяқталғаннан кейін жеке қабылдау журналында және жеке қабылдау туралы өтiнiште оның нәтижелерi тіркеледі. Өтiнiш сотталғанның жеке ісіне тіркеледі.

      89. Гауптвахта бастығының гауптвахтаға сотталғанның туыстарын немесе өзге де адамдарды жеке қабылдауы гауптвахтаның ақпарат стендіне ілінетін кесте бойынша қызметтік кабинетте жүргізіледі. Туыстарын жеке қабылдау нәтижелері жеке қабылдау журналында тіркеледі.

14. Сотталғандармен ұсыныстары мен арыздары және шағымдарды жолдау

      90. ҚР ҚАК 10-бабының 1-тармағына сәйкес, сотталғандар әскери полиция органының басшылығына, жоғары тұрған басқару органына, сотқа, прокуротура органына, өзге де мемлекеттік органдарға, қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ адам құқықтары мен бостандығын қорғау жөніндегі халықаралық ұйымдарға ауызша және жазбаша ұсыныстармен, өтініштермен және шағымдармен жүгінуге құқылы.

      91. Сотталғандардан ұсыныстарды, өтініштер мен шағымдарды гауптвахта қызметкерлері күн сайын камераларды аралауы кезінде жазбаша, сондай-ақ ауызша түрде қабылдайды.

      Сотталғандарға ұсыныстарды, өтініштер мен шағымдарды жазу үшін жазу керек-жарақтары (қағаз, шарикті қаламсап) беріледі.

      92. Мекенжайы көрсетілген және жазбаша мазмұндалған ұсыныстар, өтініштер мен шағымдар осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Гауптвахтада ұсталатын әскери қызметшілердің ұсыныстарын, өтініштері мен шағымдарын тіркеу журналына тіркеледі және оларды шешу бойынша шаралар қабылдау үшін әскери полиция органының немесе гауптвахта бастығына баяндалады. Бір тәуліктен кешіктірілмей ұсыныстар, өтініштер мен шағымдар тиесілігі бойынша жолданады.

      Ұсыныстар, арыздар және шағымдар бір тәуліктін ішінде қажетті мекенжайларға жолданады.

      93. Гауптвахта қызметіне бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын органдарға жазылған сотталғандардың ұсыныстары, өтініштері мен шағымдары қарауға жатпайды және бір тәуліктен кешіктірілмей (демалыс және мереке күндерді қоспағанда) тиесілігі бойынша жолданады.

      94. Гауптвахта бастығы гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің ұсыныстарын, өтініштері мен шағымдарын тіркеу кітабын тиісті түрде жүргізуге және сақтауға жауапты болады.

15. Күнделікті серуендеу тәртібі

      95. ҚР ҚАК 86 бабының 2-тармағына сәйкес, сотталғандар күн сайын кемінде ұзақтығы бір жарым сағат серуендеуді пайдаланады. Серуендеуді өткізілетін уақыты гауптвахта акімшілігімен ішкі күн тәртібі мен ауа райына сәйкес бекітіледі

      96. Серуендеу камера бойынша күндізгі уақытта гауптвахтаның арнайы жабдықталған аумағында жүргізіледі.

      Офицерлер мен әскери қызметші әйелдер серуендеуге қалған әскери қызметшілерден бөлек шығарылады.

      97. Сотталғанның серуендеуі гауптвахта бастығының, қарауыл (кезекші ауысым) бастығының шешімі бойынша ол осы Қағидаларда белгіленген талаптарды бұзса, мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.

      98. Серуендеуден босатуды сотталғанның өтінішін қарағаннан кейін гауптвахта бастығы жүзеге асырады.

16. Сотталғандардың адвокатпен кездесуін өткізу

      99. ҚР ҚАК 86-бабының 2-тармағына сәйкес, гауптвахтада ұстау кезеңінде сотталғандарға адвокатпен кездесу беріледі.

      100. Адвокатпен кездесу адвокаттың нақты істі жүргізуіне құзіретін растайтын ордердің екінші данасын және адвокатураға тиістілігін растайтын құжаттарды онымен ұсыну бойынша беріледі.

      101. Кездесулер өткізу саны мен уақытына шек қойылмайды.

      102. Сотталғандардың адвокатпен кездесуін жасырындығын қамтамасыз ететін жағдайларда гауптвахтада жүргізіледі.

17. Сотталғандармен сабақтар өткізу

      103. Гауптвахтада ұстау кезеңінде сотталғандармен гауптвахтаның ішкі күн тәртібімен айқындалған уақытта Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары жалпыәскери жарғыларының талаптарын зерделеу бойынша және саптық даярлық бойынша сабақтар өткізіледі.

      104. Сотталғандармен сабақтарды гауптвахта бастығы, ал ол болмаған кезде әскери полици органының бастығы уәкілеттік берген лауазымды адамдар өткізеді.

      105. Сабақтарды өткізу жоспар-мән мәтінін әскери полиция органы штабының бастығы бекітеді.

      106. Сабақтар үлгерушілігі нәтижелері сотталғанның ол босатылған кезде қызметтік мінездемесінде көрсетіледі.

18. Сотталғандарды босату

      107. ҚР ҚАК 165-бабының 2-тармағына сәйкес, қамауға алуға сотталғандар жазалау мерзімінің соңғы күнінің бірінші жартысында босатылады. Егер жазалау мерзімі демалыс немесе мереке күні аяқталса, сотталған демалыс немесе мереке күні алдында босатылады.

      108. Босату кезінде сотталғанға қолтаңбасын қойғызып, оған тиесілі заттар мен құндылықтар, ақша мен жеке басының құжаттары, сондай-ақ әскери бөлімнің командиріне ұсыну үшін оны босату уақыты мен негіздемелері көрсетілген әскери полиция органының бастығы қол қойған жазасын өтеу туралы немесе жазадан босату туралы анықтама беріледі.

      109. Жазасын өтеуден мерзімінен босату тиісті құжаттар келіп түскен күні, ал егер құжаттар жұмыс күні аяқталғаннан кейін алынса – келесі күні таңертең жүргізіледі.

      110. Сотталғанды гауптвахтада ұстау мерзімі аяқталғанға дейін үш тәуліктен кешіктірмей гауптвахта бастығы әскери қызметшіні босату туралы әскери бөлімнің командирін хабардар етеді.

      111. Әскери бөлімнің командирі гауптвахта бастығы хабардар еткеннен кейін белгіленген уақытта гауптвахтаға қызмет орнына дейін әскери қызметшіге ілесіп жүру үшін бөлімнің өкілін жібереді, сондай-ақ оны тамақтандыру мен маусым бойынша киіммен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды.

      112. Сотталғанды босату туралы гауптвахта бастығы босату күні мен уақытын көрсетумен Гауптвахтада ұсталатын адамдарды есепке алу журналында және қамауға алынғандардың атаулы тізімінде жазба жасайды.

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштері әскери
полиция органдарының
гауптвахтасындағы ішкі
тәртіп және онда
сотталғандарды ұстау
тәртібі қағидаларына
1-қосымша
түрі
Бекітемін
Әскери полиция органының бастығы

      ________________________________

      (лауазымы, қолы, тегі)

      20 ___ ж. "___"_________

ІШКІ КҮН ТӘРТІБІ

      (үлгілік)

      1. Сотталғандар осы Қағидаларды сақтайды және гауптвахта қызметкерлерінің нұсқауларын орындайды.

      2. Әскери полиция гауптвахтасында ұсталатын сотталғандар үшін мынадай күн тәртібі белгіленеді:

Өткізілетін іс-шаралар

Өткізу уақыты

Таңертеңгілік тұру

6 сағ. 00 мин. – 6 сағ. 10 мин.

Сотталғандарды тексеру, төсек-орын жабдықтарын тапсыру

6 сағ. 10 мин. – 6 сағ. 30 мин.

Таңертеңгі жуыну

6 сағ. 30 мин. – 7 сағ. 00 мин.

Гауптвахта камераларын және үй-жайларын жинау

7 сағ. 00 мин. – 8 сағ. 00 мин.

Таңертеңгі ас

8 сағ. 30 мин. – 8 сағ. 30 мин.

Гауптвахта қызметкерлерінің камераларды аралап шығуы

8 сағ. 30 мин. – 9 сағ. 00 мин.

Жарғыларды зерделеу бойынша сабақтар

9 сағ. 00 мин. – 11 сағ. 00 мин.

Саптық даярлық бойынша сабақтар

11 сағ. 00 мин. – 13 сағ. 00 мин.

Жеке уақыты

13 сағ. 00 мин. – 14 сағ. 00 мин.

Түскі ас

14 сағ. 00 мин. – 14 сағ. 30 мин.

Серуендеу

14 сағ. 30 мин. – 16 сағ. 00 мин.

Шаруашылық жұмыстарды жүргізу

16 сағ. 00 мин. – 19 сағ. 00 мин.

Жеке уақыты

19 сағ. 00 мин. – 19 сағ. 30 мин.

Кешкі ас

19 сағ. 30 мин. – 20 сағ. 00 мин.

Мерзімді басылымды оқу

19 сағ. 30 мин. – 20 сағ.30 мин.

Камераларды жинау

20 сағ. 30 мин. – 21 сағ. 00 мин.

Кешкі жуыну

21 сағ. 00 мин. – 21 сағ. 30 мин.

Сотталғандарды тексеру, төсек-орын жабдықтарын алу

21 сағ. 30 мин. – 22 сағ. 00 мин.

Ұйықтау

22 сағ. 00 мин.


      Гауптвахта бастығы

      ________________________________________

      (әскери атағы, қолы, тегі және аты-жөні)

      20 ___ ж. "___"_________

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштері әскери
полиция органдарының
гауптвахтасындағы ішкі
тәртіп және онда
сотталғандарды ұстау
тәртібі қағидаларына
3-қосымша
түрі

Гауптвахтада ұсталатын адамдарды есепке алу
ЖУРНАЛЫ

      20___ жылғы "____" _____ басталды.

      20___ жылғы "____" _____ аяқталды



  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштері әскери
полиция органдарының
гауптвахтасындағы ішкі
тәртіп және онда
сотталғандарды ұстау
тәртібі қағидаларына
4-қосымша
түрі



      Қамауға алынғанды жеткізген адамның қолы

      _______________________________________________

      (әскери атағы, қолы, тегі, аты-жөні)

      Ескертпе: қолхат үш данада ресімделеді. Бірінші данасы әскери қызметшіні гауптвахтаға жеткізген адамға, екіншісі – жеткізілген әскери қызметшіге беріледі, үшінші данасын қарауыл (кезекші ауысым) бастығы бекет ведомосымен бірге тапсырады.

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштері әскери
полиция органдарының
гауптвахтасындағы ішкі
тәртіп және онда
сотталғандарды ұстау
тәртібі қағидаларына
4-қосымша

Гауптвахтада ұсталатын сотталғандардың міндеттері мен құқықтары

      1. Сотталғандар:

      1) осы Қағиадалармен, өзге де нормативтік құқықтық актілермен, сондай-ақ сот үкімімен белгіленген талаптарды орындауға;

      2) әскери полиция гауптвахтасында ұстаудың ішкі тәртіп қағидаларын сақтауға;

      3) гауптвахта әкімшілігі және әскери полиция органы қызметкерлерінің, сондай-ақ сотталғандардың өзін-өзі ұстауды бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті адамдардың заңды талаптарын орындауға;

      4) гигиена және санитарлық талаптарды сақтауға;

      5) күнделікті серуендеуге шығуға;

      6) өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауға;

      7) гауптвахта мүлкін күтіп ұстауға;

      8) гауптвахтада ұсталатын басқа да адамдардың абыройын түсіретін әрекеттер жасамауға;

      9 ) персоналмен, басқа да сотталғандармен, сондай-ақ гауптвахтаға келетін адамдармен сыпайы қарым-қатынас жасауға;

      10) өз өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ басқа да адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін қасақана әрекеттер жасамауға;

      11) инфекциялық сырқаттарды уақтылы анықтау, сондай-ақ психикалық белсенді заттарды тұтыну және мас болу, дене зақымдарын алу фактілерін анықтау үшін куәландыру мақсатында міндетті және алдын алу медициналық қарап тексерулерден өтуге;

      12) гауптвахта әкімшілігінің немесе әскери полиция органының шақыртуы бойынша келуге және жазаны орындау және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шаралары мәселелері бойынша түсініктемелер беруге;

      13) еңбек пен сабақтарға адал қарауға МІНДЕТТІ.

      Сотталғандардың жүктелген міндеттерді, сондай-ақ гауптвахта және әскери полиция органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын орындамауы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген жауапкершілікке әкеп соқтырады.

      2. Сотталғандар:

      1) жазаны өтеу тәртібі, шарттары және оларды өзгерту, өз құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат алуға;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің атына кешірім жасау туралы өтінішхатпен жүгінуге;

      3) гауптвахта және әскери полиция органы әкімшілігіне, жоғары тұрған басқару органына, сотқа, прокуротура органына, өзге де мемлекеттік органдарға және қоғамдық бірлестіктердің лауазымды адамдарына, сондай-ақ адам құқықтары мен бостандығын қорғау жөніндегі халықаралық ұйымдарға ауызша немесе жазбаша ұсыныстармен, өтініштермен және шағымдармен жүгінуге;

      4) олардың адами қасиеттерінің мойындалуына, азаптаудан, жәбірлеуден, басқа да қатыгездіктен немесе адами қасиеттеріне нұқсан келтіруден немесе жазалаудан қорғалуға;

      5) жазасын өтеу уақытында жеке басының қауіпсіздігіне;

      6) түсініктемелер алуға және хат жазысуға, сондай-ақ ол меңгерген ана тілінде немесе кез келген басқа тілде ұсыныстармен, өтініштермен және шағымдармен жүгінуге, заңмен көзделген жағдайларда аудармашының қызмет көрсетуін пайдалануға;

      7) консультациялар, анықтамалар түрінде, құқықтық сипаттағы құжаттарды жасауда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген тәртіппен өзге де нысандарда білікті заңды тұрғыдан көмек алуға;

      8) денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес денсаулығының сақталуына және білікті медициналық көмек алуға;

      9) осы көмекті көрсетуге құқығы бар әскери полиция органдарының қызметкерлері көрсететін психологиялық көмекке;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қауіпсіз еңбек және демалыс жағдайларына;

      11) айына бір рет хаттар мен жеделхаттар алуға және өз есебінен жөнелтуге;

      12) ақшалау аударылымдар алуға;

      13) ай сайын бір айлық көрсеткішке дейінгі мөлшерде уақытша ақша орналастыру қолма-қол бақылау шоттарында бар қаражатты бірінші кезекте қажетті азық-түлік өнімдерін және құралдарын сатып алуға жұмсауға;

      14) айына бір рет бірінші кезекте қажет заттар мен маусым бойынша киім бар сәлемдемелер, бандерольдер алуға.

      Сырқаттанған сотталғандар медициналық қорытындымен айқындалған мөлшерде және жиынтықта дәрі-дәрмек құралдары мен медициналық мақсаттағы бұйымдар бар сәлемдемелер алуға құқылы;

      15) оларды саны мен ұзақтығына шек қойылмайтын және олардың жасырындығын қамтамасыз ететін жағдайларда адвокатпен кездесулерге;

      16) күн сайын кемінде ұзақтығы бір жарым сағат серуендеуге;

      17) өз қаражаты есебінен зайыбы (жұбайы), жақын туысы қайтыс болған немесе ауыр сырқаттанған, науқастанғанның өміріне қатер төнген, оның отбасына елеулі материалдық залал келтірген зілзала және жеке сипаттағы ерекше жағдайларда зайыбымен (жұбайымен), жақын туыстарымен телефон арқылы сөйлесуге;

      18) зайыбы (жұбайы), жақын туысы қайтыс болған немесе ауыр сырқаттанған, науқастанғанның өміріне қатер төнген, оның отбасына елеулі материалдық залал келтірген зілзала және жеке сипаттағы ерекше жағдайларға байланысты екі жаққа жол жүру үшін қажетті уақытты есептемегенде (бес туәліктен аспайтын) жеті тәуліктан аспайтын мерзімде қысқа мерзімді жол жүруге ҚҰҚЫЛЫ.

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштері әскери
полиция органдарының
гауптвахтасындағы ішкі
тәртіп және онда
сотталғандарды ұстау
тәртібі қағидаларына
5-қосымша
түрі
БЕКІТЕМІН
Әскери полиция органының бастығы

      _______________________________________

      (лауазымы, қолы, тегі)

      20 ___ ж. "___"_________

Камера бойынша орналастыру жоспары

Бөлек ұсталады

Камера №

Камерадағы орындар саны

Ескертпе

1

2

3

4

Әскери полиция органының гауптвахта бастығы _______________________________________

      (атағы, қолы, тегі)

      Ескертпе:

      1. Камералар бойынша орналастыруды гауптвахта бастығы немесе қарауыл (кезекші ауысым) бастығы жүргізеді.

      2. Камераға орналастыру жоспары қарауыл (кезекші ауысым) бастығында және әскери полиция органының кезекші бөлімінде болуға тиіс.

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштері әскери
полиция органдарының
гауптвахтасындағы ішкі
тәртіп және онда
сотталғандарды ұстау
тәртібі қағидаларына
6-қосымша
түрі

Сотталған әскери қызметшіні жеке тiнту және онда
болатын заттарды толық тексеру туралы
ХАТТАМА

      20__ ж. "____" _____ ___________________

      (жасау орны)

      Тінту және тексеру бастауы: ___сағ. ___ мин.

      Тінту және тексеру аяқталуы: ___ сағ. ___ мин.

      ____________________________________________________________________,

      (тінту және тексеру өткізетін адамның лауазымы, атағы, тегi, аты, әкесiнiң аты)

      бөлмеде, ҚР ҚАК 98 бабына талаптарына сәйкес ________________________

      сотталған әскери қызметшіні жеке тiнту өткіздім _____________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (сотталған әскери қызметшісінің атағы, тегi, аты, әкесiнiң аты)

      _____________________________________________________________________

      және оның заттардын, соған байланысты осы хаттама жасалды.

      Тінту және тексеру бастауы алдында __________________________________

      _____________________________________________________________________

      (тінту және тексеру лауазымы өткізетін адамның атағы, тегi, аты, әкесiнiң аты)

      сотталған әскери қызметшіне _________________________________________

      (сотталған әскери қызметшісінін атағы, тегi, аты, әкесiнiң аты)

      ішкі тәртіптін Қағидалармен тыйым салынған құжаттарды, заттарды, нәселерді, бұйымдар, құндылықтар, ақша және азық тұліктер тапсыруға, соған ол арыз жасады: ___________________________________,

      және еркін түрде берді:

      1) ___________________________________________________________;

      2) ___________________________________________________________;

      3) ___________________________________________________________.

      Одан ғарай ____________________________________________________

      (тінту және тексеру өткізетін адамның лауазымы)

      сотталған әскери қызметшінің жеке тiнту өткізуге бастады ____________

      _____________________________________________________________________

      ________________________________________ және оның заттарды тексеру.

      (сотталған әскери қызметшісінін атағы, тегi, аты, әкесiнiң аты)

      Сотталған әскери қызметші киілінген: __________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Сотталған әскери қызметшісінде осы заттардар болды: _________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Сотталған әскери қызметшінің жеке тiнту өткізген кезінде ____________

      _____________________________________________________________________

      (сотталған әскери қызметшісінін атағы, тегi, аты, әкесiнiң аты)

      және заттарды тексеру кезінде табылған: _____________________________ _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Сотталған әскери қызметшіні жеке тiнту және оның заттарды тексеру өткізілден кезінде алынған (ішкі тәртіптін Қағидалармен тыйым салынған құжаттар, заттар, нәселер, бұйымдар, құндылықтар,ақша және азық түліктер)

      1) ___________________________________________________________;

      2) ___________________________________________________________;

      3) ___________________________________________________________.

      Сотталған әскери қызметшіні жеке тiнту және оның заттарды тексеру өткізілген кезінде түскен ескертулер ________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Хаттаманы оқылды ____________________________________________________

      (жеке тiнту мен тексеру өткізілген адаммен және жеке оқылған)

      Сотталған әскери қызметшімен берілген ескертулер мен косымшалар: _________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Сотталған әскери қызметшісі: __________________________________

      _____________________________________________________________________

      (сотталған әскери қызметшісінін лауазымы, атағы, қол қою, тегi, аты, әкесiнiң аты)

      Заттарды тексеру және жеке тiнту Хаттаманың көшірмесін алдым:

      "____" ______ 20__ ж. __________________________________________

      (сотталған әскери қызметшісінін лауазымы,

      атағы, қол қою, тегi, аты, әкесiнiң аты)

      Қазақстан Республикасы

      Қарулы Күштері әскери

      полиция органдарының

      гауптвахтасындағы ішкі

      тәртіп және онда

      сотталғандарды ұстау

      тәртібі қағидаларына

      7-қосымша

Тыйым салынған заттар мен нәрселердің
ТІЗІМІ

      Сотталғандардын толық тексеру кезінде алынуға жатады:

      1) қару, жарылғыш, улы, уландырғыш және өрт қаупі бар заттар, есірткі заттары, психотроптық заттар, прекурсорлар, спирттік ішімдіктер, бұрыш, тұз, оттықтар;

      2) шарфтар, белдіктер, белбеулер, аспа баулар, баулар, галстуктер, ұзындығы 50 сантиметрден аспайтын сүлгілер;

      3) шыны ыдыс, шаншитын, тілетін және кесетін заттар;

      4) білезіктер, шылым сауыттары, ойын карталары, ілгектер, жүзіктер, сырғалар, сағаттар, ордендер, медальдар, металл заттар мен құндылықтар;

      5) спирттік негізде жасалған иіс су, әтір және өзге де бұйымдар;

      6) фото-, бейне-және аудио-жазу аппаратурасы, байланыс құралдары, флэш-жинақтауыштар (алмалы-салмалы ақпарат тасымалдағыштар);

      7) ақша, бағалы қағаздар, зергерлік бұйымдар;

      8) азық-түлік өнімдері.

      Қазақстан Республикасы

      Қарулы Күштері әскери

      полиция органдарының

      гауптвахтасындағы ішкі

      тәртіп және онда

      сотталғандарды ұстау

      тәртібі қағидаларына

      8-қосымша

      түрі

Алу хаттама

      Бiз, төменде қол қойған комиссия мынадай құрамда ______________

      _____________________________________________________________________

      (лауазымы, атағы, тегi, аты, әкесiнiң аты)

      ұсталушыдан, күдіктіден, айыпталушыдан, әкімшілік тәртіпте қамауға алынғаннан және қамауға сотталғаннан ________________________________

      (тегi, аты, әкесiнiң аты)

      құндылықтарды, ______________________________________ сомасы (______) ақшаны,_________________ заттарды және азық-түлiк өнімдерін алуды

      сақтауға қабылдадық)

      жүргіздік.

      Барлығы берiлгенi: құндылықтардың _________ атауы,_______ ақша,

      (саны) (сомасы)

      азық-түлiк өнімдерінің, заттардың атауы _____________________________

      (саны)

      Бердім: _____________________________ (тегi, аты, әкесiнiң аты, қолы)

      Қабылдадым: _________________________ (тегi, аты, әкесiнiң аты, қолы)

      Қатысқан: ___________________________ (тегi, аты, әкесiнiң аты, қолы)

      20__ жылғы " __ " ________

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштері әскери
полиция органдарының
гауптвахтасындағы ішкі
тәртіп және онда
сотталғандарды ұстау
тәртібі қағидаларына
9-қосымша
түрі

Заттарды, құжаттарды, бұйымдарды және өзге де
материалдық құндылықтарды беру
АКТІСІ

      20 ____ ж. "___" ____________ _________________ қаласы (кенті)

      Мен, __________________________________________________________

      (лауазымы, әскери атағы, тегі және аты-жөні)

      20 ___ ж. "____" ______________________ әскери полиция гуаптвахтасына

      ______________________________________________________ шешімі бойынша

      (қамауға алу туралы шешім шығарған соттың атауы)

      қамауға алынғанға тиесілі ___________________________________________

      _______________________________________ сақтау бөлмесіне гауптвахтада

      (сотталғанның әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты)

      ұсталатын қамауға алынғандардың _____________________________________

      _____________________________________________________________________

      (заттардың, бұйымдардың, құжаттардың және өзге де материалдық құндылықтардың,

      _____________________________________________________________________ оның ішінде ақшалай қаражаттың атауын (олардың санын жазбаша) көрсету)

      заттарын беру туралы осы актіні жасадым.

      Осы акті екі данада жасалды (бір данасы іске тігіледі, екінші данасы иесіне беріледі).

      Актінің көшірмесін алдым ______________________________________

      (сотталғанның әскери атағы, қолы, тегі, аты-жөні)

      Актіні жасаған қызметкердің қолы ______________________________

  (әскери атағы, қолы, тегі және аты-жөні)
Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштері әскери
полиция органдарының
гауптвахтасындағы ішкі
тәртіп және онда
сотталғандарды ұстау
тәртібі қағидаларына
10-қосымша
түрі

Жою
АКТІСІ

      20__ ж. "____" _________ Жасау орны _________________

      Комиссия мынадай құрамда: _____________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (комиссия мүшелерінің ә/атағы, Т.А.Ә.,)

      азық-түлік өнімдерін (жарамдылық мерзімі өткен немесе бүліну белгілері бар) жою туралы осы актіні жасады _________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (атауы, саны (жазбаша), орамның болуы көрсетіледі)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _______________________________________________________ олар жойылды.

      (жою орны мен тәсілі)

      Комиссия мүшелерінің қолдары: 1. ______________________________

      2. ______________________________

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштері әскери
полиция органдарының
гауптвахтасындағы ішкі
тәртіп және онда
сотталғандарды ұстау
тәртібі қағидаларына
11-қосымша

Беруге рұқсат етілген заттар тізбесі

      Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер сәлемдемелерде мыналарды ала алады және гауптвахтаның тұтқындалғандардың заттарын сақтау бөлмесінде сақтай алады:

      1) шылым өнімдері, сіріңке;

      2) белдік белбеулерсіз, аспа баусыз далалық киім нысанының қосалқы жиынтығы, сондай-ақ маусым бойынша бас киім, аяқ киім (тақасыз, металл нәлсіз және баусыз);

      3) ішкі киім;

      4) шұлық;

      5) қолғап немесе биялай;

      6) қол орамал;

      7) жуыну керек-жарақтары (иіс, кір сабын, сусабын, тіс пастасы, тіс щеткасы, сабын мен тіс щеткасына арналған пластмасса қабы, майлар, металл емес тарақ, жөке, жұмсақ ысқыш, дәретхана қағазы, электр немесе механикалық ұстара, бір рет пайдаланылатын қауіпсіз ұстара (гауптвахтаның камераларынан тыс орналасқан қамауға алынғандардың мүлкін сақтауға арналған құлыппен жабылатын арнайы шкафта сақталады);

      8) көзілдірік және көзілдірікке арналған пластмасса қап;

      9) шұлық немесе колгатка, бас орамал, рейтуздар, белдіктер, бюстгальтерлер, дәке, мақта, гигиеналық және косметикалық керек-жарақтар, пластмасс бигудилар (әйелдерге арналған);

      10) шарикті автоқалам, оларға стержень, қарындаштар;

      11) хат жазуға арналған қағаз, пошта конверттері, открыткалар, пошта маркалары;

      12) көркем және өзге де әдебиет, сондай-ақ мерзімді басылым шығарылымдары;

      13) аталғанна басқа өзімен бірге олардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру мәселелеріне қатысты құжаттар мен жазбалар, сондай-ақ пошталық жөнелтілімдердің бланкілері, түбіртектер, гауптвахтада ұсталатын қамауға алынғандардың заттарын сақтау бөлмесіне тапсырылған заттарды, құжаттарды, бұйымдарды және өзге де материалдық құндылықтарды беру актілерінің көшірмелері.

      Сонымен қатар, сотталғандарға жіберілген салемдемелерде, жылумен өндіуді талап ететін, тез арада бұзылатың немесе сақтау мерзімі біткеннен басқа, азық түліктерді алуға болады.

      Осы Тізбемен көзделмеген құралдар мен заттар тыйым салынған болып табылады.

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштері әскери
полиция органдарының
гауптвахтасындағы ішкі
тәртіп және онда
сотталғандарды ұстау
тәртібі қағидаларына
12-қосымша
түрі

АРЫЗ

      Азаматтан (шадан) _____________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты)

      _____________________________________________________________ тұратын

      (тұрғылықты мекенжайы)

      _____________________________________________________________________

      (сотталғанға қандай қатысы бар)

      _____________________________________________________________________

      __________________________ үшін жөнелтілімді қабылдауыңызды сұраймын.

      (қамауға алынғанның ә/атағы, тегі және аты-жөні)

Р/с №

Азық-түлік атауы

Салмағы

Саны

Ескертпе

килограмм

грамм

1





2





3






      Өтініш иесінің қолы ___________________________

      20_ жылғы "__" ____________

      Жөнелтілімге рұқсат берді _____________________

      (гауптвахта бастығы)

      Жөнелтілімді қабылдады ________________________

      (жөнелтілімді қабылдаған қызметкердің Т.А.Ә.)

      Жөнелтілімді алдым ____________________________

      (жөнелтілімді алған адамның қолы)

      20 __ жылғы "____" ________

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштері әскери
полиция органдарының
гауптвахтасындағы ішкі
тәртіп және онда
сотталғандарды ұстау
тәртібі қағидаларына
13-қосымша
түрі

Сотталғандардын жазалау мен көтермелеуді есепке алу
КIТАБЫ

      20__ жылғы "___" _____ басталды

      20__ жылғы "___"______ аяқталды

Жазалауға ұшыраған адамдарды есепке алу

Р/с

Тегі, аты, жөні

Жаза не үшiн қолданылды

Жазаның түрi

Жазаны кiм және қашан қолданды

Ескертпе

1

2

3

4

5

6







Көтермеленген адамдарды есепке алу

Р/с

Тегі, аты, жөні

Көтермелеулерді жарияланған себебі

Көтермелеулер түрi

Көтермелеулерді кiм және қашан жариялады

Ескертпе

1

2

3

4

5

6







  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштері әскери
полиция органдарының
гауптвахтасындағы ішкі
тәртіп және онда
сотталғандарды ұстау
тәртібі қағидаларына
14-қосымша
түрі

Әскери полиция органы бастығының жеке қабылдау
журналы

Р/с

Күні (жылы, айы, күні)

Келушінің тегі, аты және әкесінің аты

Өтініштің қысқаша мазмұны

Ескертпе

1

2

3

4

5

2





3





  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштері әскери
полиция органдарының
гауптвахтасындағы ішкі
тәртіп және онда
сотталғандарды ұстау
тәртібі қағидаларына
15-қосымша
түрі

Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің
ұсыныстарын, өтініштері мен шағымдарын тіркеу
кітабы

Р/с

Келіп түскен күні (жылы, айы, күні)

Өтініш берушінің тегі, аты және әкесінің аты және оның әскери қызметке қатысы

Өтініштің қысқаша мазмұны

Орындау үшін кімге және қашан берілді және орындаушының қолы

Орындау мерзімі

Қашан және қандай шешім қабылданды

Құжаттар тігілген іс

1

2

3

4

5

6

7

8