Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 24 қазандағы № А-10/510 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 3 желтоқсанда № 4490 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № А-2/76 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 19.02.2016 № А-2/76 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 14.12.2015 № А-12/572 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. "Атбасар, Восточный, Бұланды зоологиялық мемлекеттік табиғи кіші қорықтарының аумағында шаруашылық қызметті шектеу туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 19 маусымдағы № А-5/244 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3256 болып тіркелген, "Арқа ажары" және "Акмолинская правда" газеттерінде 2008 жылғы 22 шілдеде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      қаулының кіріспесі жаңа редакцияда баяндалсын:
      "Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ақмола облысынің әкімі С.Кулагин