Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 20.07.2017 № 166/21-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Астана қаласы әкімдігінің ұсынысын қарап, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына басшылыққа ала отырып Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы № 28/6-ІІІ "Абаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету қағидалары туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2004 жылғы 5 мамырда 326 нөмірмен тіркелген, 2004 жылғы 15 мамырда № 62-63 "Астана хабары", 2004 жылғы 22 мамырда № 63-64 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
абаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету қағидаларының мемлекеттік тілдегі барлық мәтіні бойынша "ережесі", "Ережесі", "ережелер", "Ереже", "Ереженің" деген сөздер тиісінше "қағидасы", "Қағидасы", "қағидалар", "Қағида", "Қағиданың" деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгертілмейді.
Қағиданың "Тұрғын жай орамдары мен шағын аудандарды абаттандыру" деген 11-тарауының атауын мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Қала аудандарын абаттандыру";
Қағиданың 11-тарауы мынадай мазмұндағы 132-1-тармақпен толықтырылсын:
"132-1. Қоршауды орнату құрылыс нормаларға сәйкес болуы және Сәулет және қала құрлысы басқармасымен келісілуі тиіс.
Өз еркімен қоршаулар салынған жағдайда өз еркімен құрылыс салушы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке алады.
132-2. Маңдайшаларды, жұмыс тәртібі туралы ақпаратты орналастыру, сөрелер мен терезелерді безендіру жергілікті атқарушы органмен бекітілген талаптарға және Сәулет және қала құрылысы және Тілдерді дамыту басқармаларымен келісілген нобайға сәйкес жүргізіледі.
132-3. Осы Қағиданың 132-2-тармағымен белгіленген талаптар бұзылып орналастырылған маңдайшалар, жұмыс тәртібі туралы ақпарат, сөрелер мен терезелерді безендіру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынып тасталады.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.
Астана қаласы мәслихатының төрағасы | С. Богатырев |
Астана қаласы мәслихатының хатшысы | С. Есілов |