Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған, өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының банк қызметін реттеу мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк
Төрағасы Қ. Келімбетов
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 21 қарашадағы
№ 221 қаулысымен
бекітілді
Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының банк қызметін
реттеу мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерінің
тізбесі
1. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 147 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 144 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қаржы ұйымдарының банк операцияларының жекелеген түрлерін және басқа да операцияларды жүргізуіне шектеулер енгізу туралы» 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 292 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9125 тіркелген, 2014 жылғы 11 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жылғы 6 наурызда «Егемен Қазақстан» газетінде № 45 (28269) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары жылжымайтын мүлік, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар, жылжымайтын мүлікті сатып алу мәні болып табылатын өзге де шарттар бойынша талап ету құқықтары кепілімен қамтамасыз етілген қарыздарды, қамтамасыз етілуі автокөлік болып табылатын қарыздарды, қамтамасыз етілуі банктік салым шартына немесе ақша кепілі шартына сәйкес банкте орналастырылған, берілетін қарыздың сомасын толық өтейтін ақша болып табылатын қарыздарды, білім беруді кредиттеу жүйесі шеңберінде берілетін қарыздарды және тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жүйесінің шеңберінде берілетін қарыздарды қоспағанда, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға қарыз алушыларға берілген қарыздарға қолданылады.
3, 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қарыз алушының борыштық жүктемесінің коэффициенті қарыз алушының барлық өтелмеген қарыздары бойынша мерзімі өткен төлемдер сомасын қоса алғанда, барлық өтелмеген қарыздары бойынша ай сайынғы төлем мен осы қаулының 2-тармағының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда туындайтын қарыз алушының жаңа берешегі бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасының қарыз алушының соңғы алты айдағы орташа ай сайынғы кірісіне қатынасы ретінде былайша есептеледі:
мұндағы:
БЖК – борыштық жүктеме коэффициенті;
ӨҚТi – қарыз алушының өтелмеген қарызы (өтелмеген қарыздары) бойынша осы қаулының 4-тармағына сәйкес есептелетін ай сайынғы төлем;
МТi – қарыз алушының өтелмеген қарызы (өтелмеген қарыздары) бойынша мерзімі өткен төлемдер сомасы;
БТ – қарыз алушының жаңа берешегі бойынша осы қаулының 5-тармағына сәйкес есептелетін ай сайынғы орташа төлем;
n – қарыз алушының өтелмеген қарыздарының саны;
Т – қарыз алушының осы қаулының 7-тармағына сәйкес есептелетін ай сайынғы орташа табысы.»;
4. Қарыз алушының өтелмеген қарызы (өтелмеген қарыздары) бойынша ай сайынғы төлем өтелмеген қарыз (өтелмеген қарыздар) бойынша айлық көрсеткіш бойынша келтірілген кезеңдік төлемге (өтелмеген қарыздар бойынша айлық көрсеткіш бойынша келтірілген кезеңдік төлемдер сомасына) тең қабылданады.
Өтелмеген қарыз бойынша айлық көрсеткіш бойынша келтірілген кезеңдік төлем қарызды өтеу кестесіне сәйкес кезеңдік төлем мөлшерінің жылдық көрсетудегі өтелмеген қарыз бойынша кезеңдік төлемдер санының оң екіге қатынасының көбейтіндісі ретінде есептеледі:
КТай=КТкесте*КТСжыл/12
мұндағы:
КТай – айлық көрсеткішке келтірілген кезеңдік төлем;
КТкесте – қарызды өтеу кестесіне сәйкес өтелмеген қарыз бойынша кезеңдік төлем;
КТСжыл – жылдық көрсетудегі өтелмеген қарыз бойынша кезеңдік төлемдер саны.
Жылдық көрсетудегі өтелмеген қарыз бойынша кезеңдік төлемдер саны үш жүз алпыстың қарыз бойынша төлемдерді өтеу кестесіне сәйкес жүзеге асыру кезеңділігін сипаттайтын күндер санына қатынасы ретінде есептеледі.
Осы тармақтың үшінші бөлігін есептеу мақсаты үшін бір айдағы күн саны отызға тең болып қабылданады.
Қарызды өтеу кестесіне сәйкес кезеңдік төлем және (немесе) төлемдерді жүзеге асырудың күнмен берілген кезеңділігі туралы деректер болмаған кезде өтелмеген қарыз бойынша ай сайынғы төлем қарыз бойынша негізгі борыш пен сыйақы бойынша қалдық сомасының осы қарыздың аймен берілген қалған мерзіміне қатынасы ретінде есептеледі.
Өтелмеген қарыз (өтелмеген қарыздар) бойынша ай сайынғы төлемге кредит лимитінің пайдаланылмаған бөлігін өтеу бойынша ай сайынғы төлем мөлшерінің бағасы, кредиттік карта, сондай-ақ талаптарында кредиттік лимит шеңберінде қарыз алушыға кредит беру көзделетін төлем картасы бойынша ай сайынғы төлем кіреді.
Кредиттік лимиттің пайдаланылмаған бөлігін өтеу бойынша ай сайынғы төлем мөлшерінің бағасы кредиттік лимиттің пайдаланылмаған бөлігі мөлшерінің шартта айқындалған, аймен көрсетілген осы лимиттің қалған мерзіміне қатынасы ретінде есептеледі.
Банктің ашық кредиттік желі шеңберінде қарыз алушыға қарыз беру жөніндегі шартты міндеттемесінің сомасы кредиттік лимиттің пайдаланылмаған бөлігі деп түсініледі.
Кредиттік карта, сондай-ақ талаптарында кредиттік лимит шеңберінде қарыз алушыға кредит беру көзделетін төлем картасы бойынша ай сайынғы төлем кредиттік карта, сондай-ақ талаптарында кредиттік лимит шеңберінде қарыз алушыға кредит беру көзделетін төлем картасы бойынша кредиттік лимиттің тиісінше он пайызға көбейтіндісі ретінде есептеледі.
Қарыз алушының өтелмеген қарызы бойынша мерзімі өткен төлемдер сомасына мерзімі өткен негізгі борыш, мерзімі өткен сыйақы сомасы және банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, микроқаржы ұйымының, сондай-ақ тізбесі «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабында белгіленген өзге де ақпарат жеткізушілердің (бұдан әрі – ақпарат жеткізушілер) балансынан тыс есептен шығарылған берешек сомасы кіреді.
Қарыз алушыға бұрын жасалған банктік қарыз шартын (қарыз шарттарын) қайта қаржыландыру мақсатында қарыз беруді жүзеге асырған жағдайда, өтелмеген қарыз бойынша қайта қаржыландыруға жататын берешек сомасы ай сайынғы төлемнің есебінде және өтелмеген қарыз бойынша мерзімі өткен төлемдердің сомасында есепке алынбайды.
Ашық кредиттік желінің және (немесе) бұрын жасалған банктік қарыз шартын (шарттарын) қайта құрылымдау мақсатында жүзеге асырылатын қарыз алушының қарызы талаптарының осы қарыз бойынша қарызды өтеу кестесіне сәйкес кезеңдік төлемдердің мөлшерін ұлғайтуға апаратын және ашық кредиттік желінің кредиттік лимитін және (немесе) қарыз мөлшерін ұлғайтуды көздемейтін өзгеруі жағдайында қарыз алушының өтелмеген қарыздары бойынша мерзімі өткен төлемдерінің сомасы нөлге тең болып қабылданады.
Қарызды өтеу кестесіне сәйкес кезеңдік төлем, негізгі борыш қалдығы, өтелмеген қарыздар бойынша сыйақы қалдығы, кредиттік лимит, кредиттік лимиттің пайдаланылмаған бөлігі, қарыз алушының өтелмеген қарыздары бойынша мерзімі өткен төлем сомалары туралы ақпаратты банк кредиттік бюродан сұратып алады.
Кезеңдік төлемдердің, негізгі борыш қалдығының, өтелмеген қарыздар бойынша сыйақы қалдығының, кредиттік карта, сондай-ақ талаптарында кредиттік лимит шеңберінде қарыз алушыға кредит беру көзделетін төлем картасы бойынша ай сайынғы төлемнің, кредиттік лимиттің пайдаланылмаған бөлігін өтеу бойынша ай сайынғы төлемнің мөлшерін бағалаудың және қарыз алушының өтелмеген қарыздары бойынша мерзімі өткен төлемдер сомаларының есебіне барлық ақпарат жеткізушілер кредиттік бюроға ұсынатын мәліметтер кіреді.
Қарыз алушының өтелмеген қарыздарына осы қаулының 2-тармағының бесінші бөлігінде көрсетілген қарыздар, сондай-ақ тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар, жылжымайтын мүлікті сатып алу мәні болып табылатын өзге де шарттар бойынша талап ету құқықтары кепілімен қамтамасыз етілген қарыздарды, қамтамасыз етілуі автокөлік болып табылатын қарыздарды, банктік салым шартына немесе ақша кепілі шартына сәйкес орналастырылған және берілетін қарыз сомасын толығымен өтейтін ақша қамтамасыз етуі болып табылатын қарыздарды, білім беруді кредиттеу жүйесі шеңберінде берілетін қарыздарды, тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жүйесінің шеңберінде берілетін қарыздарды қоспағанда, жеке тұлғаларға кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуға берілген қарыздар кіреді.
5. Қарыз алушының жаңа берешегі бойынша ай сайынғы орташа төлемі өтеу кестесіне сәйкес есептелген, негізгі борыш бойынша төлемдер мен сыйақы сомасының, сондай-ақ Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7663 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 137 қаулысымен бекітілген Қарыздар мен салымдар бойынша шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемелерін (нақты құнын) есептеу қағидаларының 8-тармағында белгіленген, қарыз алушының банктік қарыз шартын жасауымен және орындауымен байланысты өзге де төлемдер сомасының осы қарыздың айлармен көрсетілген мерзіміне қатынасы ретінде есептеледі.
Қарыз алушының кредиттік желі, кредиттік карта, сондай-ақ талаптарында кредиттік лимит шеңберінде қарыз алушыға кредит беру көзделетін төлем картасы бойынша міндеттеме болып табылатын жаңа берешегі бойынша ай сайынғы орташа төлемді есептеу осы қаулының 4-тармағының жетінші, сегізінші және тоғызыншы бөліктеріне сәйкес жүргізіледі.»;
6-тармақ алынып тасталсын.