Ескерту. Күші жойылды - ҚР Сыртқы істер министрінің 30.01.2019 № 11-1-4/33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының ведомстволары туралы" 2014 жылғы 14 тамыздағы № 933 және "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулыларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестиция комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Инвестиция комитетінің аумақтық департаменті - "Бурабай" арнайы экономикалық аймағының әкімшілігі" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
2. "Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мемлекеттік мекемелерінің және оның аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 142 бұйрығының 1-тармағының 2) және 10) тармақшаларының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9490 тіркелген, 2014 жылғы 4 шілдедегі "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестиция комитеті (Е.Қ. Хаиров) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы "Әділет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға көшірмесін жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі Е.К. Сағадиевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министрдің | |
міндетін атқарушы | Е. Сағадиев |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2014 жылғы 24 қазандағы № 100 бұйрығына 1-қосымша |
"Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің
Инвестиция комитеті" мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестиция комитеті( бұдан әрі - Комитет) мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялық саясат және инвестицияларды қолдау саясаты, арнайы экономикалық аймақтарды құру, жұмыс істету және тарату салаларында Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысушы ведомствосы болып табылады.
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы
заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен
мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Комитет өз атынан азаматтық-құқықтың қатынастарға түседі.
5. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының бұйрығымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
6. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
7. Комитеттің заңды мекенжайы; Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, "Есіл" ауданы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, "Тransport Тоwеr" әкімшілік ғимараты.
8. Комитеттің толық атауы:
мемлекеттік тілде - "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестиция комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі;
орыс тілде - реcпубликанское государственное учреждение "Комитет по инвестициям Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан".
9. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
10. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен есебінен жүзеге асырылады.
11. Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында Комитет кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түспейді.
Егер Комитетке кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы заңнамалық актілерде берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджет кірісіне жіберіледі.
2. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтарымен міндеттемелері
12. Міндеті:
арнайы экономикалық аймақтарды құру, жұмыс істету және тарату саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыруға қатысу.
13. Функциялары:
1) "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағын қоспағанда, арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс Істеуі және оларды тарату саласындағы мемлекеттік органдардың және басқарушы компаниялардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
2) қызметті жүзеге асыру туралы үлгі шарттарды әзірлеу;
3) арнайы экономикалық аймақтардың басқару органдары ұсынатын
мәліметтердің, негізінде арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының
бірыңғай тізілімін жүргізу;
4) тиісті мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп басқарушы компаниясын басқару үшін тұлғаларға конкурстық іріктеуді жүргізу.
14. Міндеті:
инвестицияларды қолдаудың мемлекеттік саясатын іске асыру.
15. Функциялары:
1) инвестицияларды мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру;
2) инвестор үшін "бір терезе" қағидаты бойынша инвестициялық басым жобаларды іске асыратын инвесторлармен өзара іс-қимыл жасау;
3) мүдделі заңды тұлғалар тарапынан кепілдендірілген тапсырысты қамтамасыз етуде уәкілетті орган мен инвестор арасында жасалған инвестициялық келісімшартқа сәйкес инвесторларға жәрдемдесу;
4) белгіленген тәртіппен мемлекеттік заттай гранттарды беру туралы шешімдерді қабылдау;
5) инвестициялық преференцияларды ұсыну туралы шешімдер қабылдау;
6) инвестициялық преференцияларды ұсынуға арналған өтінімдерді қабылдау, тіркеу және қарау;
7) инвестициялық келісімшарттар талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
8) инвестициялық келісімшарттар жасасу, тіркеу және бұзу.
16. Комитет Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
17. Комитеттің құқықтары мен міндеттері:
Комитет:
1) өз құзыреті шегінде бұйрықтарды шығарады;
2) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен, мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан белгіленген заңнамалық тәртіппен қажетті ақпарат пен материалдарды сұратады және алады;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;
4) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мәжілістер, конференциялар, дөңгелек үстелдер, конкурстар және өзге де іс-шаралар өткізеді;
5) жетекшілік ететін қызмет бағыттары бойынша консультативтік-кеңесші органдар (жұмыс топтарын, комиссиялар, кеңестер) құру бойынша ұсыныстар енгізеді;
6) өз құзыретіне қатысты мәселелер бойынша сараптамаларға қатысу үшін тиісті мамандарды таратады;
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асырады
Комитеттің міндеттеріне:
1) Комитетке жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыруды қамтамасыз ету;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау;
3) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндірмелерге қатысу;
4) Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен мемлекеттік органдарына бұл туралы ресми сауал жолданған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен анықтамаларды ұсыну;
5) Комитеттің теңгеріміндегі мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету;
6) Министрлікке бухгалтерлік және қаржылық есептілікті жасау және ұсыну;
7) Комитетке бөлінетін бюджетті қаражаттың толық, уақытылы және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету;
8) мемлекеттік сатып алу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ұйымдастыруы кіреді.
3. Комитеттің қызметін ұйымдастыру
18. Комитетті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын Төраға басқарады.
19. Комитет төрағасының Министрліктің жауапты хатшымен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
20. Комитет төрағасы Комитеттің құрылымдық және штат кестесі бойынша ұсыныстарды Министрліктің басшылығына ұсынады.
21. Комитет төрағасы Комитеттің жұмысына жалпы басшылық етуді жүзеге асырады және Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапкершілікте болады.
22. Осы мақсаттарда Комитет төрағасы:
1) өзінің орынбасарлары мен Комитеттің құрылымдық бөлімшелері
басшыларының міндеттемелері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) өз құзыреті бұйрықтарды шығарады;
3) Комитет қызметкерлерін лауазымдарға тағайындайды және
лауазымдардан босатады;
4) Комитет қызметкерлерінің іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, ынталандыру, үстемақы төлеу және сыйақы беру, сондай-ақ тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелерін шешеді:
5) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттің мүддесін қорғайды;
6) Комитеттің құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерді бекітеді;
7) республикалық бюджеттік бағдарламалар іске асыру үшін
жауапкершілік арқалайды;
8) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
Комитеттің төрағасы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес, оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
23. Комитет төрағасының орынбасары;
1) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері қызметін өз құзыреті шегінде үйлестіреді;
2) Комитеттің төрағасы оған жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
4. Комитеттің мүлкі
24. Комитеттің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі бар.
Комитет мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен, сондай-ақ құны Комитеттің теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүліктерден қалыптасады.
25. Комитетке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
26. Комитеттің өзіне бекітілген мүлікті, Қазақстан Республикасы заңдарында өзгеше белгіленбесе, өз бетімен иеліктен шығармайды немесе оған өзге де жолмен билік етпейді.
5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
27. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2014 жылғы 24 қазандағы № 100 бұйрығына 2-қосымша |
"Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі
Инвестиция комитетінің аумақтық департаменті "БурабаЙ" арнайы
экономикалық аймағының әкімшілігі" мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Инвестиция комитетінің аумақтық департаменті (бұдан әрі - Департамент) - Бурабай" арнайы экономикалық аймағының әкімшілігі" мемлекеттік мекемесі "Бурабай арнайы экономикалық аймағының (бұдан әрі - АЭА) жұмыс істеуін қамтамасыз етумен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Инвестиция комитетінің (бұдан әрі - Комитет) аумақтық органы болып табылады.
2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақcтан Республикасының Президенті мен Үкімет актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Департамент ұйымдастырушылық-құқықтық нысандағы мемлекеттік мекемесінің заңды тұлғасы болып табылады, мемлекетті тілдегі өз атауы бар мөрі және мөртабаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Департамент өзінің атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
5. Департамент Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілсе, оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болады.
6. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Департамент басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Аумақтық органның құрылымы мен штат саны Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрімен келіскеннен кейін, Қазақстан Республикасының Инвестиция және даму министрлігінің жауапты хатшымен бекітіледі.
8. Департаменттің толық атауы:
мемлекеттік тілде - "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестиция комитетінің аумақтық департаменті - "Бурабай" арнайы экономикалық аймағының әкімшілігі" республикалық мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде - республиканское государственное учреждение "Территориальный департамент Комитета по инвестициям Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан - администрация специальной экономической зоны "Бурабай".
9. Департаменттің заңды мекенжайы: 021708, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Бурабай кенті, Кенесары көшесі, 45 б үй.
10. Осы Ереже Департаменттің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Департаменттің қызметтерін қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
12. Егер Департаментке кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
13. Департаменттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында Департаменттің кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түспейді.
2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. Міндеттері:
1) туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) өз құзыреті шегінде Департаментке жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
15. Функциялары:
1) "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағын қоспағанда,арнайы экономикалық аймақтың қызметіне қатысу үшін арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларын тарту;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
16. Құқықтары мен міндеттері:
1) заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратады және алады;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.
3. Департаменттің қызметін ұйымдастыру
17. Департаменттің басшылығы Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
18. Департаментінің басшысы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшымен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
19. Департаментінің басшысы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшымен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
20. Департамент басшысының өкілеттіліктері:
1) өз орынбасарының өкілеттіктерін айқындайды;
2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Департаментінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4. Департаменттің мүлкі
21. Департаменттің Қазақстан Республикасының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
22. Департаментке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Департаменттің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығармайды немесе өзге тәсілмен иелік етпеді.
5. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату
24. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.