"Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру ережесін және беруден бас тарту негіздерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 13 тамыздағы № 359 бұйрығына өзгері

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 30 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 24 қазанда № 9831 тіркелді

      «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабының 4-1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру ережесін және беруден бас тарту негіздерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 13 тамыздағы № 359 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6463 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2010 жылғы 5 қазандағы № 262 (26323) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру ережесінде және беруден бас тарту негіздерінде:
      8-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
      «Егер шетел пайдаланушысы және оның өкілі бір күнде бір рейсті орындауға өтінім берген болса, рұқсаттар пайдаланушыдан алынған өтінім негізінде беріледі.
      Өзара байланысты бірнеше тұрақты емес ұшулардың (төрт немесе бес ұшулар) серияларын орындауға Азаматтық авиация комитетінің рұқсаты алғашқы ұшу орындаған күннен бастап отыз күнтізбелік күн мерзімге дейін беріледі.
      Шетелдік пайдаланушының азаматтық әуе кемесінің Қазақстан Республикасының аумағында қалыптастырылатын коммерциялық әуе тасымалына байланысты халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсат алты айдан артық емес мерзімге беріледі.».
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов) белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрілігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрілігінде мемлекеттік тіркеуден кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды, соның ішінде интернет-ресурсқа және мемлекеттік органдардың интернет-порталында орналастырылуын;
      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрілігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң, оның көшірмесінің «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялау үшін жолданылуын;
      4) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрілігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркелгендігі және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жолдамалар туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін».
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялармен даму Бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Ә. Исекешев