"Инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 1 маусымдағы № 184 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 18 тамыздағы № 2 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 2 қыркүйекте № 9714 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1113 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.11.2015 № 1113 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН :
      «Инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 1 маусымдағы № 184 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 28 маусымда № 7760 тіркелген, 2012 жылғы 22 тамыздағы № 534-539 (27612) «Егемен Қазақстан», 2012 жылғы 22 тамыздағы № 280-281 (27099-27100) «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
      1-тармақтың 2)тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын жасау бойынша талаптар.»
      Осы бұйрыққа 2-қосымшаның атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын жасау бойынша талаптар»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын жасау бойынша осы Талаптар (бұдан әрі - Талаптар) «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 4) тармақшасы негізінде әзірленген және инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын жасау бойынша талаптарды айқындайды.»;
      2-тармақта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) инвестициялық жобаның қысқаша сипаттамасы;»;
      10) тармақша алынып тасталсын»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Инвестициялық жобаның қысқаша сипаттамасы мыналарды өзіне қамтиды:
      1) инвестициялық жобаның атауы;
      2) инвестициялық жобаның негізгі мақсаттары;
      3) инвестициялық жобаның тікелей қатысушылары;
      4) инвестициялық жобаны іске асыру орны (облыс, аудан);
      5) қысқаша мазмұны:
      шығаруға ұсынылатын өнім, болуы мүмкін түрлену спектрін көрсете отырып, тауар немесе қызмет көрсетудің қысқаша сипаттамасы, мақсаты мен қолдану саласы;
      болжанатын инвестициялық жобаның сипаты (жаңадан құру, қолданыстағы кәсіпорынды қайта құру немесе кеңейту);
      басшының қолымен және заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған мынадай құжаттардың көшірмесінің болуы:
      инвестициялық жоба бойынша техникалық құжаттаманың (спецификацияның) болуы;
      техникалық-экономикалық негіздеме;
      жобалық-сметалық құжаттама;
      құрылыс-монтаж жұмыстары және жабдықты жеткізуге шарттар мен келісімшарттар;
      жер теліміне құқықтарды растайтын құжаттар;
      ғимараттарды, имараттарды жалдау шарттары мен басқа да құжаттар;
      жоба бойынша іске асыру және шектеудің ерекше шарттары: лицензиялардың (егер қызмет түрі лицензиялауға жататын болса), патенттердің, рұқсаттардың бар болуы, экспорттық және импорттық квоталардың, өткізу нарығы және шикізат, су, энергиямен қамтамасыз ету, көлік, байланыс, қалдықтарды кәдеге жарату бойынша шектеулер мен ұсынымдардың болуы, шетелдік жұмыс күшіне қажеттіліктер, технологиялық процестердің экологиялық тазалығына талаптардың болуы;
      6) инвестициялық жобаны іске асыру құны, қаржыландыру көздері:
меншік қаражаты;
      қарыз қаражаттары (кредиттер немесе шаруашылық субъектілерінің қаражатын тарту) және/немесе грант;
      7) инвестицияларды жүзеге асыру сәтінен бастап жобаны іске асыру мерзімі.»;
      5-тармақта:
      1)тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) инвестициялық жоба технологиясының қысқаша сипаттамасы;»;
      1)тармақшадағы төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «инвестициялық жоба бойынша тауарларды (қызметтерді көрсетулерін) өндіру көлемін анықтайтын факторлар.»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      1) шикізат, материалдар және құрал-жабдықтың жеткізілімдері:
      шикізат және материалдар (отандық және импорттық) нарығын талдау:
      пайдаланатын шикізат түрлерінің тізбесі;
      көліктік шығыстарды есепке алғандағы бағаның қол жетімділігі және деңгейі;
      қолданылған шикізат және материалдардың атауы мен көлемін көрсете отырып, жоба бойынша қызмет түрі шеңберінде жабдықта шығарылатын дайын өнім бірлігінің өндірісіне импортталатын шикізат пен материал шығыстарының нормасы;
      шикізатты есептен шығару әдісі (ҚР заңды тұлғасының есептік саясаты);
      жабдықты/өндірушілерді жеткізушілерді таңдау:
      қажетті жабдықтардың тізбесі және оған негізгі техникалық талаптар;
      жабдық пен технологияның әлемдік және жергілікті нарықтағы жаңалығы;
      көліктік шығыстар, монтаж және іске қосу-реттеу жұмыстарды есепке алғандағы жабдықтардың құны;
      жөндеу базасының болуы (қажет болған жағдайда);
      қосалқы бөлшектер немесе шығыс материалдармен қамтамасыз ету көздері;
      2) маркетинг:
      Талаптарға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнімдік көрсеткіштер;
      қолданыстағы шектеулерді (квоталар, лицензиялар және т.б.) - (нарық сыйымдылығын) есепке ала отырып өткізу нарығын болжау: ішкі және сыртқы нарықтағы әлеуетті төлем қабілеті бар сұраным, қазіргі уақытта оны қанағаттандыру деңгейі:
      өткізім арналары - қандай өңірлерге, қандай тұтынушыларға, шетелдегі қай елдерге жеткізілім болжанатыны көрсетілсін; нарықта ұқсас, өзара алмасатын, өзара толықтырылатын тауарлар, қызмет көрсетулердің орын алуы, болашақтағы олардың өндірісін бағалау, соңғы бірнеше жыл ішінде тауарлардың экспорты және/немесе импортының серпіні, көлемі мен бағалары, негізгі бәсекелестер және олардың нарықтағы үлес салмағы; әлеуметтік-экономикалық жағдайының өзгеру мүмкіндіктері нәтижелерінде нарықты болжау;
      өткізу мүмкіндігін растайтын құжаттар; тауарлардың жеткізіліміне келісімшарттардың немесе ниеттер туралы хаттамалардың нотариалды құжандырылған көшірмелері;
      тауарларға немесе қызмет көрсетулерге бағалар деңгейін болжамды бағалау;
      коммерциялық тәуекел факторлары мен негізгі маркетингтік іс-шаралар.
      Жобаны қаржыландырудың айырбас валюта бағамы мен қолданыстағы салық базасының өзгеруіне әсер етуді бағалау.
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Әлеуметтік бөлім мынаны қамтиды:
      1) Талаптардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жобаның еңбек ресурстарына мұқтаждығы (саны);
      2) Талаптарға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тартылатын шетел жұмыс күші туралы мәліметтер, саны (инвестициялық басым жобаларды жүзеге асырған кезде);
      3) Талаптарға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндірісті пайдалануға енгізгеннен кейін жұмысшыларға мұқтаждығы;
      9-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      3) қаржылық талдау:
      жобаның қаржылық үлгісі инвестициялық преференцияларды есептемей және тиісті инвестициялық преференцияларды есепке ала отырып, үлгілерді есептеу енгізіледі;
      жобаның өмірлік кезеңі ішіндегі таза дисконттық табысы (МРV);
      жобаның өмірлік кезеңі ішіндегі табыстылықтың ішкі нормасы (IRR);
      жобаның өтімділік мерзімі (қарапайым және дисконттық);
      жоба өмірінің әр жылына табыстың қарапайым мөлшері (рентабельдігі);
      түрлер бойынша бюджетке төленетін салықтар, кеден баждары мен төлемдері;
      төленетін салықтардың барлық түрлері бойынша бюджеттік тиімділіктің жиынтық есебі анықталсын.
      Талаптарға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша республикалық және жергілікті бюджет үшін шартты шығындар мен кірістердің есебі.»;
      12-тармақ алынып тасталсын;
      Инвестициялық жобаның немесе инвестициялық стратегиялық жобаның бизнес-жоспарын жасау бойынша Талаптарға 2-қосымша осы бұйрыққа  1-қосымшаға сәйкес жазылсын;
      Осы бұйрыққа 2345 қосымшаларға сәйкес 3, 4, 5, 6-қосымшалармен толықтырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестиция комитеті (Е.К. Хаиров) заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
      4) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1)2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынылсын
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму Вице-министрі Е.К. Сағадиевке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі                    Ә.Исекешев

Қазақстан Республикасы 
Инвестициялар және даму
министрінің      
2014 жылғы 18 тамыздағы
№ 2 бұйрығына     
1-қосымша      

Инвестициялық жобаның
бизнес-жоспарын жасау
бойынша талаптарға 
2-қосымша      

                                                         Нысан

Өндірістік көрсеткіштер

Өндіріс қуаты ___________

Жылдар

Тауар, жұмыс, қызмет атауы

Өнімнің заттай көрсеткіш көлемі

Өнімнің құндық көрсеткіш көлемі

Кәсіпорынның жүктелімі, %







Барлығы:




Қазақстан Республикасы 
Инвестициялар және даму
министрінің      
2014 жылғы 18 тамыздағы
№ 2 бұйрығына     
2-қосымша      

Инвестициялық жобаның
бизнес-жоспарын жасау
бойынша талаптарға 
3-қосымша      

                                                      Нысан

Жобаның еңбек ресурстарына мұқтаждығы (саны):

Құрылыс кезіндегі

Өндірісті пайдалануға енгізгеннен кейін (1 жыл)

ҚР азаматтары

Шетел жұмыс күші

ҚР азаматтары

Шетел жұмыс күші





Қазақстан Республикасы 
Инвестициялар және даму
министрінің      
2014 жылғы 18 тамыздағы
№ 2 бұйрығына     
3-қосымша      

Инвестициялық жобаның
бизнес-жоспарын жасау
бойынша талаптарға 
4-қосымша      

                                                         Нысан

Тартылатын шетел жұмыс күші туралы мәліметтер, олардың саны

Мамандығының атауы (тарифтік дәрежесі, санат)

Тегі, аты, әкесінің аты (оның ішінде латын әріптерімен)

Туылған күні

Азаматтығы /Тұрғылықты елі

Тартылатын кезеңі (ай, жыл)

1.Басшылар:






2.Жоғары білімі бар мамандар:






З.Білікті жұмысшылар:






Қазақстан Республикасы 
Инвестициялар және даму
министрінің      
2014 жылғы 18 тамыздағы
№ 2 бұйрығына     
4-қосымша      

Инвестициялық жобаның
бизнес-жоспарын жасау
бойынша талаптарға 
5-қосымша      

                                                       Нысан

Өндірісті пайдалануға енгізгеннен кейін жұмысшыларға мұқтаждығы

р/с

Мамандықтың атауы

Біліктілік дәрежесі (тарифтік дәрежесі, санат)

Саны





Қазақстан Республикасы 
Инвестициялар және даму
министрінің      
2014 жылғы 18 тамыздағы
№ 2 бұйрығына     
5-қосымша      

Инвестициялық жобаның
бизнес-жоспарын жасау
бойынша талаптарға 
6-қосымша      

                                              Нысан

Республикалық және жергілікті бюджет үшін шартты шығындар
мен кірістердің есебі

Бюджетке міндетті төлемдердің түрлері

Күнтізбелік жыл

Күнтізбелік жыл

Барлығы

Преференцияларды есептемегендегі бюджетке түсетін түсім

Преференцияларды есептегендегі бюджетке түсетін түсім

Преференцияларды есептемегендегі бюджетке түсетін түсім

Преференцияларды есептегендегі бюджетке түсетін түсім

Преференцияларды есептемегендегі бюджетке түсетін түсім

Преференцияларды есептегендегі бюджетке түсетін түсім

КТС






Мүлік салығы






Жер салығы






Кедендік баж салығы






Әлеуметтік салық






Зейнетақы төлемдері






т.б.