Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.06.2023 № 58 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Зейнетақы активтерін есепке алуды және бағалауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 26 ақпандағы № 24 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9274 тіркелген, 2014 жылғы 7 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жылғы 10 сәуірде "Заң газеті" газетінде № 51 (2445) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Зейнетақы активтерін есепке алуды және бағалауды жүзеге асыру қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) акциялардың баланстық құны - уәкілетті органымен келісілген қор биржасының ережесіне сәйкес осы акциялардың эмитентінің қаржылық есептіліктің негізінде айқындалатын акциялардың құны;
2) бағалаушы - лицензиялар негізінде мүлiктi (зияткерлік меншік объектiлерiн, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау және (немесе) зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым;
3) борыштық қаржы құралының номиналды құны - шығарылымы кезде айқындалған, пайызда көрсетілген сыйақы, сондай-ақ өтеген кезде борыштық қаржы құралының ұстаушысына төлеуге жататын сомасы есептелетін борыштық қаржы құралы құнының ақша көрінісі, борыштық қаржы құралының номиналды құны осы борыштық қаржы құралы шығарылымының проспектісі негізінде айқындалады;
4) жинақтаушы зейнетақы қоры - зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөнiндегi қызметтi жүзеге асырған, лицензиясының қолданысы Заңның 73-бабының 4-тармағына сәйкес тоқтатылатын заңды тұлға;
5) қаржы құралдарын бағалау комитеті - құрамы және жұмыс істеу тәртібі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқарушының ішкі құжаттарымен реттелетін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқарушының алқалық органы;
6) қаржы құралының ағымдағы құны - бухгалтерлік есепте көрсетілген, негізгі борыш, есептелген сыйақы, амортизацияланбаған сыйлықақы (дисконт), құнын оң (теріс) түзету, резервтер (провизиялар) қамтылатын қаржы құралының құны;
7) қаржы құралының әділ құны - Қағидалардың 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 16, 30, 31-2, 31-3, 32, 32-1, 34, 35, 39, 40, 41, 42 және 43-1-тармақтарына сәйкес айқындалатын құн;
8) құрылымдық ноттар - шығарылым шарттары негізгі борыш сомасының төлемі және (немесе) оларды шығару шартында берілген көрсеткіштеріне жетуге дейін осы қаржы құралдар бойынша сыйақының байланысын көздейтін Қазақстан Республикасының резидент эмитенттері шығарған қаржы құралдары;
9) өтімді емес борыштық бағалы қағаздар - құны (кірістілігі) қор биржасының директорлар кеңесі бекіткен және уәкілетті органмен келісілген бағалы қағаздарды бағалау әдістемесінде белгіленген борыштық бағалы қағаздардың құнын анықтау критерийлеріне қарай есептелмейтін борыштық бағалы қағаздар;
10) уәкілетті орган - қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.";
30 және 31-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"30. Қазақстан Республикасының резиденттері-ұйымдардың өтімді жай және артықшылықты акцияларын бағалау сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде алдыңғы сауда күнінің жабылу бағасы бойынша апта сайын аптаның бірінші жұмыс күні соңындағы жағдай бойынша жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының резиденттері-ұйымдардың өтімді депозитарлық қолхаттарын бағалау Bloomberg немесе Reuters ақпараттық-талдау жүйелерінің деректері бойынша алдыңғы сауда күнінің жабылу бағасы бойынша апта сайын аптаның бірінші жұмыс күні соңындағы жағдай бойынша жүзеге асырылады.
31. Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымның депозитарлық қолхаты мынадай талаптардың біреуіне сәйкес келген кезде өтімді деп танылады:
1) алдыңғы күнтізбелік айда депозитарлық қолхатпен сауда-саттық кемінде он үш сауда күннің ішінде жүзеге асырылса;
2) алдыңғы күнтізбелік айда депозитарлық қолхатпен сауда-саттықтың күнделікті көлемінің орташа мәні алдыңғы күнтізбелік екі жыл ішінде депозитарлық қолхатпен сауда-саттықтың күнделікті көлемінің орташа мәнінен кемінде тоқсан пайыз болса.
Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымның жай немесе артықшылықты акциясы зейнетақы активтерін қайта бағалау күні осындай бағалы қағаз Қор биржасының бағалы қағаздары өтімділігінің көрсеткіштерін анықтау әдістемесіне сәйкес анықталған өтімділіктің бірінші сыныбының бағалы қағаздар тізіміне енген болса, өтімді болып танылады.";
мынадай мазмұндағы 31-1, 31-2 және 31-3-тармақтармен толықтырылсын:
"31-1. Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымның Қағидалардың 31-тармағына сәйкес депозитарлық қолхатының өтімділігін анықтау мақсатында Bloomberg немесе Reuters ақпараттық-талдау жүйелеріндегі сауда-саттық көлемдері туралы деректер ескеріледі.
31-2. Қазақстан Республикасының резиденттері-ұйымдардың бұрын өтімді болып танылған, бірақ қайта бағалау күні Қағидалардың 31-тармағында белгіленген өтімділік талаптарына сәйкес келмейтін болған өтімді жай және артықшылықты акцияларын (депозитарлық қолхаттарын) бағалау осындай бағалы қағаздар мынадай күндердің біреуі:
1) осындай акциялардың (депозитарлық қолхаттардың) әділ құны Қағидалардың 43-1-тармағына сәйкес анықталған күні;
2) осындай акциялар (депозитарлық қолхаттар) Қағидалардың 31-тармағына сәйкес өтімді болып танылған күні басталғанға дейін өтімді болып танылған болса, соңғы кезеңде жабылу бағасы бойынша жүзеге асырылады.
31-3. Қазақстан Республикасының резиденттері-емес ұйымдардың жай және артықшылықты акцияларын бағалау Bloomberg немесе Reuters ақпараттық-талдау жүйелерінің деректері бойынша алдыңғы сауда күнінің жабылу бағасы бойынша аптаның бірінші жұмыс күні соңындағы жағдай бойынша апта сайын жүзеге асырылады.";
32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"32. Қазақстан Республикасының аумағында ғана айналыста болатын (саудаланатын), купондық сыйақысы белгіленген болып табылатын "әділ құны бойынша бағаланатындар" санатына жатқызылған, ал айналыста болу мерзімі оларды қайта бағалау күнінде бір жылдан астам болған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын бағалау аптаның бірінші жұмыс күні соңындағы жағдай бойынша апта сайын олардың әділ құны бойынша жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарының әділ құны мынадай формула бойынша есептеледі:
P – облигацияның "таза" бағасы, номиналды құнына пайызбен;
i – бағалы қағаздар үшін жылдық купондық пайыздық мөлшерлемесі, жылдық пайызбен;
Y – бағалы қағаздар бойынша жылдық кірістілік, жылдық пайызбен;
N – номиналды құнының 100 ақша бірлігі есебінде бағалы қағаздардың сатып алу құны;
n – бір жылға купондық төлемдер саны;
k – купондық кезеңнің реттік нөмірі;
DSC – есеп айырысу күннен бастап келесі купон күніне дейінгі күндер саны;
E – есеп айырысу күні келетін купон кезеңіндегі күндер саны;
N – өтеу күні мен есеп айырысу күні арасында төленетін купондар саны;
A – купон кезеңі басынан бастап өтеу күніне дейінгі күндер саны.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарының жылдық кірістілігін анықтау мақсатында логарифмдік тренд теңдеуі арқылы интерполяция әдісі пайдаланылады, ол мынадай түрінде болады:
Y – бағалы қағаздың кірістілігі, жылдық пайызбен;
a, b – теңдеу коэффициенттері;
ln – натуралды логарифм;
t – бағалы қағазды бағалау күні мен оны өтеу күні (оның айналыс мерзімінің аяқталуы) арасындағы күндер саны.
Қайта бағалау күнінде айналыста болу мерзімі бес жылдан астам болған және осындай бағалы қағаздарды орналастыру және (немесе) толық орналастыру бойынша, қайта бағалау күніне қатысты соңғы екі аукционда сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде жасалған мәмілелер бойынша кемінде бір жыл айырмасы бар Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын сатып алушы үшін өтеуге қатысты кірістіліктер бойынша теңдеу коэффициенттері (a, b) мына формулаларға сәйкес анықталады:
y1, y2 – өтеуге қатысты кірістіліктер, жылдық пайызбен;
t1, t2 – бағалы қағазды бағалау күні мен оны өтеу (оның айналыста болу мерзімінің аяқталу) күні арасындағы күндер саны.";
мынадай мазмұндағы 32-1-тармақпен толықтырылсын:
"32-1. Қазақстан Республикасының аумағында ғана айналыста болатын (саудаланатын), "әділ құны бойынша бағаланатындар" санатына жатқызылған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын бағалау төменде аталған талаптардың біреуіне сәйкес келгенде:
1) осы бағалы қағаздардың қайта бағалау күніндегі айналыс мерзімі бір жылдан кем болғанда;
2) осы бағалы қағаздар бойынша купонды сыйақы қандай да бір көрсеткішке индекстелген болып табылғанда қор биржасының директорлар кеңесі бекіткен және уәкілетті органмен келісілген қор биржасының бағалы қағаздарын бағалау әдістемесіне сәйкес апта сайын аптаның бірінші жұмыс күні соңындағы жағдай бойынша жүзеге асырылады.";
33-тармақ алып тасталсын;
34 және 35-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"34. Қазақстан Республикасының аумағында да, халықаралық (шетелдік) нарықтарда да айналыста болатын (саудаланатын), "әділ құны бойынша бағаланатындар" санатына жатқызылған борыштық бағалы қағаздарды бағалау Bloomberg немесе Reuters ақпараттық-талдау жүйелерінің деректері бойынша алдыңғы сауда күнінің жабу бағасы бойынша аптаның бірінші жұмыс күнінің соңында апта сайын жүзеге асырылады.
Bloomberg немесе Reuters ақпараттық-талдау жүйелерінде баға белгілеулер туралы ақпарат болмаған жағдайда, осы көрсетілген борыштық бағалы қағаздарды бағалау үшін мынадай жағдайлардың бірі:
Қағидалардың 43-1-тармағына сәйкес осы бағалы қағаздардың әділ құнын анықтау;
осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес оларды қайта бағалау үшін қажетті ақпараттың Bloomberg немесе Reuters ақпараттық-талдау жүйелерінде пайда болуы орын алғанға дейін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфеліндегі оның ағымдағы құны пайдаланылады.
35. Халықаралық (шетелдік) нарықтарда ғана айналыста болатын (саудаланатын), "әділ құны бойынша бағаланатындар" санатына жатқызылған борыштық бағалы қағаздарды бағалау Bloomberg немесе Reuters ақпараттық-талдау жүйелерінің деректері бойынша алдыңғы сауда күнінің жабу бағасы бойынша аптаның бірінші жұмыс күнінің соңында апта сайын жүзеге асырылады.
Bloomberg немесе Reuters ақпараттық-талдау жүйелерінде баға белгілеулер туралы ақпарат болмаған жағдайда, осы көрсетілген борыштық бағалы қағаздарды бағалау үшін мынадай жағдайлардың бірі:
Қағидалардың 43-1-тармағына сәйкес осы бағалы қағаздардың әділ құнын анықтау;
осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес оларды қайта бағалау үшін қажетті ақпараттың Bloomberg немесе Reuters ақпараттық-талдау жүйелерінде пайда болуы орын алғанға дейін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфеліндегі оның ағымдағы құны пайдаланылады.";
36, 37 және 38-тармақтар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 43-1 және 43-2-тармақтармен толықтырылсын:
"43-1. Мынадай қаржы құралдарын:
1) Қағидалардың 31-тармағына сәйкес өтімді деп танылмайтын Қазақстан Республикасының резиденттері-ұйымдардың акцияларын (депозитарлық қолхаттарды);
2) Қазақстан Республикасының аумағында ғана айналыста болатын (саудаланатын), "әділ құны бойынша бағаланатындар" санатына жатқызылған борыштық бағалы қағаздарын;
3) олар бойынша бағалаушы бағалаған күні Bloomberg немесе Reuters ақпараттық-талдау жүйелерінде баға белгілеу туралы ақпарат болмайтын Қағидалардың 34 және 35-тармағында көрсетілген борыштық бағалы қағаздарды;
4) құрылымдық ноттарды;
5) Қағидалардың 30, 31-3, 32, 32-1 34, 35, 39, 40, 41, 42 және 43-тармақтарында көрсетілмеген өзге қаржы құралдарын бағалау бағалаушы жүргізген бағалаудың қорытындысы бойынша белгіленген осы қаржы құралдарының соңғы әділ құны бойынша жүзеге асырылады.
Жоғарыда аталған қаржы құралдарының әділ құны "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" 2000 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бағалаушы жүргізген бағалаудың нәтижелері бойынша кем дегенде жылына бір рет түзетіледі.
Жоғарыда көрсетілген қаржы құралдары бойынша бағалаушы жүргізген бағалаудың қорытындысы бойынша белгіленгенге дейін әділ құны болмаған жағдайда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфеліндегі осы қаржы құралдарының ағымдағы соңғы құны есепке алынады.";
43-2.Бағалы қағаздар бойынша сыйақы осы бағалы қағаздар бойынша дефолт орын алған күннен бастап эмитент олар бойынша дефолт жіберілген бағалы қағаздар бойынша міндеттемелерді орындау күніне дейін күнтізбелік бір жүз сексен күн өткеннен соң есептелмейді.";
44 және 45-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"44. Құнсыздануына тест жүргізуге бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, оның ішінде дебиторлық берешектер шоттарына жатқызылған, сондай-ақ банк салымдарына орналастырылған зейнетақы активтері жатады. Эмитенттің дефолтты және (немесе) банкроттығы және (немесе) эмитентті таратылғаны жарияланған жағдайда құнсыздану (құнын төмендету) жүзеге асырылады.
Құнсыздану (қаржы құралдарының құнын азайту) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры әзірлеген, қаржы құралдарын бағалау жөніндегі комитет бекіткен әдістемеге (бұдан әрі – БЖЗҚ әзірлеген құнсыздану әдістемесі) сәйкес жүзеге асырылады.
45. Қағидалардың 31-3 және 35-тармақшаларында көрсетілген қаржы құралдарын қоспағанда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерінің құнсыздануына (құнын азайтуға) тест жүргізу және зейнетақы активтерінің құнсыздануына (құнының азайтылуына) байланысты ықтимал шығындарға қарсы резервтерді (провизияларды) қалыптастыру (құнын теріс түзету) Қағидалардың 44-тарауында көрсетілген оқиғаларға туындауы бойынша жүзеге асырылады.
Әділ құны Қағидалардың 43-1-тармағына сәйкес белгіленетін қаржы құралдарының құнсыздануына (құнын азайтуға) тест жүргізу және зейнетақы активтерінің құнсыздануына (құнының азайтылуына) байланысты ықтимал шығындарға қарсы резервтерді (провизияларды) қалыптастыру (құнын теріс түзету) Қағидалардың 44-тарауында көрсетілген оқиғаларға туындауы бойынша, бағалаушы жүргізген бағалаудың нәтижесі бойынша осы қаржы құралдарының соңғы әділ құнын белгілеу күнінен кейін жүзеге асырылады.";
46, 47, 48, 49 және 50-тармақтар алып тасталсын;
51 және 52-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"51. Қаржы құралдарының құнсыздануынан ықтимал шығындарға қарсы резервтерді (провизияларды) қалыптастыру немесе қаржы құралдарының құнын азайтуды жүзеге асыру БЖЗҚ әзірлеген құнсыздану әдістемесіне сәйкес айқындалатын ең төменгі мөлшерде жүргізіледі.
Қаржы құралдарын бағалау комитеті бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің құнсыздануынан (құнының азаюынан) ықтимал шығындарды жабуға арналған провизияларды қалыптастыру мөлшері бойынша, сондай-ақ құнсызданудан (құнының азаюынан) ықтимал шығындарды жабу үшін бұрын қалыптастырылған провизиялардың мөлшерін өзгерту бойынша шешімді қабылдайды.
52. БЖЗҚ әзірлеген құнсыздану әдістемесіне сәйкес есептелген резерв (құнды түзету) Нұсқаулықта белгіленген тәртіппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері бойынша бухгалтерлік есепте көрсетіледі.";
55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"55. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін беру аяқталғаннан кейін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің құрамына кіретін қаржы құралдарын қайта бағалау бағалаушының қорытындысын ескере отырып Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының шешімі негізінде жүзеге асырылады.
Сол күнгі жағдай бойынша қайта бағалау жүргізілетін күн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының шешімімен белгіленеді.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және мемлекеттік тіркелген күнінен бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Ұлттық Банк | |
Төрағасы | Қ.Келімбетов |