Спортшының бір дене шынықтыру-спорт ұйымынан басқа дене шынықтыру-спорт ұйымына ауысуы қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 25 шілдедегі № 288 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 5 тамызда № 9681 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының 7-бабы 28) тармақшысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Спортшының бір дене шынықтыру-спорт ұйымынан басқа дене шынықтыру-спорт ұйымына ауысуы қағидасы бекітілсін.
      2. Стратегиялық даму департаменті (Д.Ү. Қамзебаева) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге ұсынуды;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. «Спортшының бір дене шынықтыру-спорт ұйымынан (спорт клубынан) басқа дене шынықтыру-спорт ұйымына (спорт клубына) ауысуы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігі төрағасы міндетін атқарушының 2004 жылғы 15 наурыздағы № 06-2-2/91 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 2 сәуірде № 2792 тіркелді, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде басылды, 2004 ж. № 37-40, 1003-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының орынбасары Е.Б. Қанағатовқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Қазақстан Республикасы
      Спорт және дене шынықтыру
      істері агенттігінің төрағасы

Т. Есентаев


Қазақстан Республикасы
Спорт және дене шынықтыру
істері агенттігі төрағасының
2014 жылғы 25 шілдедегі
№ 288 бұйрығымен бекітілді





Спортшының бір дене шынықтыру-спорт ұйымынан басқа дене шынықтыру-спорт ұйымына ауысуы қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Спортшының бір дене шынықтыру-спорт ұйымынан басқа дене шынықтыру-спорт ұйымына ауысуы қағидалары (бұдан әрі-Қағида) Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының 7-бабы 28-тармақшысына сәйкес әзірленген спортшының бір дене шынықтыру-спорт ұйымынан басқа дене шынықтыру-спорт ұйымына (бұдан әрі - ұйым) ауысуының тәртібін анықтайды.
      2. Ауысудың бірыңғай тәртібін белгілеу ашықтықты қамтамасыз ету және спортшыларды даярлау жүйесін жетілдіру, республиканың құрама командаларының және жекелеген спортшылардың халықаралық жарыстарда табысты өнер көрсетуін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
      Осы Қағида мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) дене шынықтыру-спорт ұйымы (бұдан әрі-ұйым) – негізгі қызмет түрі ретінде дене шынықтыру мен спорт саласындағы қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;
      2) Спорттық қызмет туралы шарт – спортшы, жаттықтырушы немесе дене шынықтыру және спорт саласындағы өзге де маман мен дене шынықтыру-спорт ұйымы арасында жасалатын азаматтық-құқықтық шарт;
      3) трансферттік карта (сертификат) - спортшыға шет елдік спорт ұйымы үшін өнер көрсетуіне құқық беретін рұқсат.
      3. Спортшы спорттық қызмет туралы шарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін бір дене шынықтыру-спорт ұйымынан басқа спорттық ұйымға ауысады.
      Егер спортшы басқа ұйымға спорттық қызметі туралы шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін ауысқан немесе шартта көзделген міндеттеме талаптарын орындамаған жағдайда, спортшының ауысуы тек қана ұйымдардың өзара келісімімен болады.

2. Спортшының ауысуы және спорттық қызмет туралы шарт жасасуы

      4. Спортшылардың ауысу мәселелерін, аккредиттелген республикалық, өңірлік жергілікті және спорттық федерациялар қоғамдық бірлестіктер, дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органдар, қарастырады және дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi органмен мынадай тәртіпте келіседі:
      1) спортшының, облыстық, қалалық құрама команда мүшесінің Қазақстанның шегінде бір ұйымнан басқа ұйымға ауысуы кезіндегі мәселені осы спорт түрі бойынша аккредиттелген спорттық федерация қарастырады және жергілікті атқарушы органмен келіседі;
      2) спортшының, облыстық, қалалық құрама команда мүшесінің шет елдік дене шынықтыру-спорт ұйымың ауысуы кезіндегі мәселені осы спорт түрі бойынша аккредиттелген спорттық федерация, жергілікті атқарушы орган қарайды және дене шынықтыру мен спорт саласындағы уәкiлеттi органмен келіседі;
      3) спортшының ауысуы кезінде құрама команда мүшесінің бір ұйымнан басқа ұйымға (соның ішінде шет елдік) ұйымға ауысуы кезіндегі мәселені осы спорт түрі бойынша аккредиттелген республиқалық федерация қарайды және дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi орган бекітеді.
      5. Ауысуға рұқсат алғысы келген спортшы еркін түрде жазылған өтініште өзінің тілегі туралы тиісті ұйымның басшысына және спорт түрі жөніндегі аккредителген спорттық федерацияға спорттық қызмет туралы шарттың қолдану мерзімінің аяқталуына кемінде бір ай қалғанда хабарлайды.
      6. Спортшының ауысуын қарастыру және келісу мерзімі өтініш берілген күннен бастап бір айды құрайды.
      7. Спортшының бір ұйымнан ауысуы басқа ұйымға мынадай негіздемелер болған жағдайда мүмкін болады:
      1) әскери қызметке шақырылса;
      2) білім беру ұйымның күндізгі бөлімінде оқыса;
      3) спортшы мен ұйым арасындағы спорттық қызмет туралы шарттың қолдану мерзімі аяқталса;
      4) тараптардың келісімі бойынша спорттық қызмет туралы шарт мерзімінен бұрын бұзылса.
      8. Ұйым таратылған кезде спорттық жарыстар басталардан бұрын немесе оның барысында спортшы басқа ұйымға ауысады.
      9. Негізгі ұйыммен спорттық қызмет туралы шартты бұзбай-ақ, спортшының бір ұйымнан басқа ұйымға уақытша ауысуына болады, ол ұйымдар арасындағы екіжақты келісіммен ресімделеді. Аталған келісімде уақытша ауысқан спортшының шарттары мен мерзімі айтылады.
      10. Орталық органмен келіскеннен кейін спорт түрлері бойынша аккредиттелген республикалық федерациялардан спортшы шет елдік дене шынықтыру-спорт ұйымын ауысқан кезде оған трансферттік карта (сертификат) беріледі, ол спорт түрінен халықаралық федерациялардың талаптарына сай болады және спортшының Қазақстан Республикасының құрама командасы үшін ресми халықаралық жарыстарға қатысуын көздейді.