«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 279-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 мамырдағы № 507 қаулысымен бекітілген Шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін айқындау қағидаларының 10-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесі бекітілсін.
2. Сыртқы сауда қызметін дамыту департаменті (Ә.Н. Әлімбетова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуінен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Т.М. Жақсылықовқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Министр Е. Досаев
Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік жоспарлау
министрінің
2014 жылғы 25 шілдеде
№ 208 бұйрығымен
бекітілген
Шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылған
импортталатын тауарлардың қосымша тізбесі
Өзбекстан Республикасынан импортталатын тауарлар |
||
р/с № |
Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының коды |
Тауардың атауы |
1 |
2 |
3 |
1 |
8703 21 1099 |
Ұшқынмен тұтанатын және қайталап түсетін қозғалысты іштен жану қозғалтқышы бар, қозғалтқыш цилиндрлерінің жұмыс көлемі 1000 текше сантиметрден аспайтын көлік құралдары |
2 |
8703 22 1099 |
Ұшқынмен тұтанатын және қайталап түсетін қозғалысты іштен жану қозғалтқышы бар, қозғалтқыш цилиндрлерінің жұмыс көлемі 1000 текше сантиметрден астам, бірақ 1500 текше сантиметрден аспайтын көлік құралдары |