Мемлекеттік көрсетілетін Қызметтер регламенттерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2014 жылғы 1 шілдедегі № 67 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 25 шілдеде № 9630 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 12 қазандағы № 121 бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңдарына, "Мәдениет саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 140 қаулысына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 30 қарашадағы № 27-1292қ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылы 28 желтоқсанда № 706 болып тіркелген, 2011 жылғы 31 желтоқсандағы № 151 "Астана ақшамы" және 2011 жылғы 31 желтоқсандағы № 155 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімнің орынбасары А.Ғ. Балаеваға жүктелсін.