Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына қабылдау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 17 маусымдағы № 256 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 25 шілдеде № 9626 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 14 шілдедегі № 410 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қорғаныс министрінің 14.07.2015 № 410 бұйрығымен.

      «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 26-бабының 12-тармағына, «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына және «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына қабылдау қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы:
      1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын;
      2) мемлекеттік тіркеуден кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін ресми жариялау үшін бұқаралық ақпарат құралдарына және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдасын;
      3) ресми жарияланғаннан кейін бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің веб-сайтына орналастырсын.
      3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Т.С.Мұхтаровқа жүктелсін.
      4. Бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

                                                 С. Ахметов

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрі
      А. Сәрінжіпов
      2014 жылғы 25 маусым

Қазақстан Республикасы     
Қорғаныс министрінің      
2014 жылғы 17 маусымда     
№ 256 бұйрығымен       
бекітілген          

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу
бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Қорғаныс
министрлігінің әскери оқу орындарына қабылдау қағидалары 1. Жалпы ережелер

      1. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына қабылдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі, «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы қаулысымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес әзірленді және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына (бұдан әрі – әскери оқу орындары) кандидаттарды қабылдау тәртібін айқындайды.
      2. Әскери оқу орындарына оқуға түсу үшін әскери қызметшілер қатарынан кандидаттарды іріктеуді әскери бөлімдердің (мекемелердің) командирлері (бастықтары) жүзеге асырады.
      3. Іріктеу білім беру мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшесі жыл сайын осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қабылдау жылының алдындағы жылдың 20 желтоқсанында әзірлейтін және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі бекітетін мамандықтар тізбесіне және әскери оқу орындарына қабылдау жоспарына (бұдан әрі – қабылдау жоспары) сәйкес жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына осы Қағидалардың талаптары негізінде Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының офицерлері қабылдау жоспарында айқындалған орындар санына сәйкес қабылданады.
      4. Қабылдау жоспарынан үзінділер оны бекіткеннен кейін онда көрсетілген әскери бөлімдер мен мекемелерге жеткізіледі.
      5. Қабылдау жоспарынан үзіндіні алғаннан кейін әскери бөлімдер мен мекемелердің командирлері (бастықтары) осы Қағидаларға сәйкес әскери қызметшілерді әскери оқу орындарына қабылдау тәртібі туралы хабардар ету жөнінде жұмыс жүргізеді.
      6. Магистратура мен докторантураға түсу емтихандары 10-20 тамызда, қабылдау – 25 тамызға дейін жүргізіледі.

2. Магистратураға, докторантураға құжаттарды қабылдау және оқуға түсу емтихандарын өткізу тәртібі

      7. Әскери оқу орнына түсуге ниет білдірген кандидат оқуға түсетін жылдың 1 ақпанына дейін әскери атағын, тегін, атын және әкесінің атын (болған кезде), атқаратын лауазымын, туған күнін, білім деңгейін, оқуға ниет білдірген әскери оқу орны мен мамандығының атауын көрсете отырып, командирдің (бастықтың) атына баянат береді.
      8.Кандидаттар алдын ала кезеңде кәсіби іріктеуден өтеді.
      9. Әскери бөлімнің (мекеменің) командирі (бастығы) алдын ала кәсіби іріктеу қорытындылары бойынша оң аттестатталған және әскери қызметке жарамды деп танылған кандидатқа осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес әскери оқу орындарына түсу үшін қажетті құжаттар тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) көрсетілген құжаттарды жинау және ресімдеу үшін уақыт береді.
      10. Әскери бөлімнің (мекеменің) командирі (бастығы) жоғары тұрған қолбасшылықтың және әскери оқу орындары қабылдау комиссияларының қарауы үшін кандидаттың баянатын және Тізбеде көрсетілген құжаттарды, сондай-ақ осы Қағидаларға 3 және 4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша оқуға түсу үшін іріктелген кандидаттардың тізімдерін және әскери қызметшілерге арналған кәсіби іріктеу карталарын жолдайды.
      11. Осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесін қамтитын кандидаттардың оқу істері әскери оқу орындарының қабылдау комиссияларына 10-30 шілде кезеңінде ұсынылады.
      12. Кандидаттардың оқуға түсу емтихандарын тапсыру үшін әскери оқу орындарына келуі білім беру мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі құрылымдық бөлімшесінің шақыруы негізінде жүзеге асырылады.
      13. Магистратураға жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын меңгерген, қажетті іскерлік қасиеттеріне ие және кезекті жылы оқуға жіберу үшін офицерлер құрамының резервінде тұрған офицерлер қабылданады.
      Бейіндік бағыт бойынша магистратураға (басқарудың жедел-тактикалық деңгейі) мынадай лауазымдардан офицерлер қабылданады:
      лауазымда кемінде үш жыл қызмет өтілі және Қарулы Күштерде кемінде 10 жыл еңбек сіңірген жылдары бар батальон, дивизион, эскадрилья командирлері, үшінші дәрежелі корабль дивизиондарының командирлері, олардың орынбасарлары, бригада (база) қызметтерінің бастықтары және оларға тең және одан жоғары.
      Ғылыми және педагогикалық бағыттар бойынша магистратураға әскери оқу орындарының (бөлімдердің) оқытушылары (ғылыми қызметкерлері) және оларға тең және одан жоғары лауазымдардан офицерлер қабылданады.
      Әскери және мемлекеттік басқару мамандығы бойынша магистратураға (басқарудың стратегиялық және жедел-стратегиялық деңгейлері) өңірлік қолбасшылықтардың (әскер тектерінің) басқарма бастықтары және оларға тең және одан жоғары лауазымдардан әскери академияларда және әскери университеттерде оқуды бітірген офицерлер қабылданады.
      14. Оқуға түсетін жылы әскери оқу орындарында кандидаттардың оқу істерін зерделеуді жүзеге асыратын қабылдау комиссиялары құрылады.
      Қабылдау комиссиясының төрағасы әскери оқу орнының бастығы болып табылады.
      Одан басқа, қабылдау комиссиялары:
      1) кандидаттарды медициналық куәландырудан өткізуді;
      2) оқуға түсу емтихандарын өткізуді;
      3) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әскери оқу орындарына қабылдау немесе қабылдаудан бас тарту хаттамасын ресімдеуді жүзеге асырады.
      15. Магистратураға және докторантураға түсу үшін қабылдау комиссиясының құрамы жыл сайын әскери оқу орны бастығының бұйрығымен айқындалады.
      16. Магистратураға, докторантураға қабылдау осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес Пәндер тізбесінде көрсетілген оқуға түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады:
      1) мамандық бойынша;
      2) дене дайындығы бойынша (магистратураға түсетіндер үшін);
      3) таңдау бойынша шет тілдерінің бірі бойынша (ағылшын, француз, неміс; осы тілдерді білуді талап ететін мамандықтарға түсетін кандидаттар үшін араб, қытай, парсы тілдері бойынша).
      Магистратураға, докторантураға түсу емтихандарын өткізу кезеңінде мамандықтар бойынша емтихан комиссиялары құрылады.
      Мамандықтар бойынша емтихан комиссияларының құрамдары әскери оқу орны бастығының бұйрығымен бекітіледі.
      17. Магистратураға түсу емтихандарының бағдарламалары жоғары білім берудің пәндері бойынша үлгілік оқу бағдарламалары негізінде қалыптастырылады.
      Докторантураға түсу емтихандарының бағдарламалары магистратураның кәсіптік оқу бағдарламалары негізінде қалыптастырылады.
      18. Магистратураға, докторантураға қабылдау үш негізгі кезеңде жүзеге асырылады:
      бірінші кезеңде – қабылдау комиссиясы кандидаттардың оқу істерін зерделейді және медициналық көрсеткіштер бойынша іріктеуді жүргізеді;
      екінші кезеңде – осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Пәндер тізбесі бойынша және мамандық бойынша емтихан комиссиясының хаттамасын жасай отырып, оқуға түсу емтихандарын тапсыру өткізіледі;
      үшінші кезеңде – қабылдау комиссиясы медициналық іріктеу және оқуға түсу емтихандарын тапсыру нәтижелері бойынша магистратураға, докторантураға қабылдау немесе қабылдаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      19. Докторантураға медициналық куәландыру және дене дайындығын тапсыруды қоспағанда, Пәндер тізбесі бойынша түсу емтихандарын тапсыру негізінде және осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мамандық бойынша емтихан комиссиясының хаттамасын жасай отырып, «магистр» академиялық дәрежесі, «ғылымдар кандидаты» ғылыми дәрежесі бар немесе әскери мамандықтар бойынша (басқарудың жедел-тактикалық буынының деңгейі) әскери академияларда және университеттерде оқуды бітірген офицерлер қабылданады.
      20. Шет тілдері бойынша оқуға түсу емтихандары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы әзірлеген технология бойынша жүргізіледі.
      Жалпыеуропалық шет тілін меңгеру біліктілігіне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттары бар кандидаттар мынадай емтихандар бойынша шет тілінен магистратураға және докторантураға түсу емтихандарынан босатылады:
      ағылшын тілі: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP – кемінде 460 балл), Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IВP, өту балы – кемінде 87 балл), (TOEFL, өту балы – кемінде 560 балл), International English Language Tests System (IELTS, өту балы – кемінде 6.0);
      неміс тілі: Deutsche Sprachprufung fur den Hochschulzugang (DSH, Niveau C1/С1деңгейі), Test DaF-Prufung (Niveau C1/С1 деңгейі);
      француз тілі: Test de Fransais InternationalTM (TFI – оқу және сөйлеу секциялары бойынша В1 деңгейінен төмен емес), Diplome Approfondi de Langue fransaise (DELF, В2 деңгейі), Diplome Approfondi de Langue fransaise (DALF, С1 деңгейі), Test de connaissance du fransais (TCF – кемінде 400 балл).
      Әскери оқу орнының емтихан комиссиясы араб тілінен емтиханды ауызша немесе жазбаша түрде әскери оқу орнының бастығы белгілеген және білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген тәртіпке сәйкес өткізеді.
      21. Дене дайындығы бойынша баға осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес дене дайындығы пәні бойынша оқуға түсу емтиханының бағдарламасына қойылатын талаптарды ескере отырып айқындалады.
      22 Оқуға түсу емтихандарын қайта тапсыруға жол берілмейді, медициналық көрсеткіштер бойынша қайта іріктеу жүргізілмейді.
      Әскери оқу орнында қабылдау комиссиясы жұмыс істеу кезеңінде шағымдарды қарау үшін апелляциялық комиссия құрылады.
      Апелляциялық комиссияның құрамы әскери оқу орны бастығының бұйрығымен бекітіледі.
      Апелляциялық комиссиялар оқуға түсу емтихандарының нәтижелерімен келіспейтін кандидаттардың өтініштерін қарау үшін құрылады.
      23. Апелляциялық комиссия емтихан материалдарының мазмұны және техникалық себептер бойынша магистратураға және докторантураға түсетін кандидаттардың өтініштерін қабылдайды және қарайды.
      24. Апелляциялық комиссия мамандық бойынша оқуға түсу емтиханының нәтижелерін апелляцияға берген кандидатқа балл қосу туралы шешім қабылдайды.
      Апелляциялық комиссия шет тілдері бойынша апелляцияны қарау нәтижелерін республикалық апелляциялық комиссияға береді.
      Республикалық апелляциялық комиссия апелляциялық комиссия ұсынысының негізділігін қарайды және апелляциялық комиссияның ұсынысы келіп түскеннен кейін бір күн ішінде шет тілдері бойынша оқуға түсу емтихандарының нәтижелерін апелляцияға берген кандидатқа балл қосу туралы шешім қабылдайды.
      25. Магистратураға және докторантураға түсетін кандидат апелляцияға өтінішті апелляциялық комиссия төрағасының атына береді. Емтихан материалдарының мазмұны және техникалық себептер бойынша өтініштер оқуға түсу емтиханының нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні 13.00-ге дейін қабылданады және апелляциялық комиссия оларды өтініш берген күннен бастап бір күн ішінде қарайды.
      Апелляциялық комиссия әрбір кандидатпен жеке тәртіпте жұмыс істейді. Егер кандидат апелляциялық комиссияның отырысына келмеген жағдайда, оның апелляцияға өтініші қаралмайды.
      26. Апелляциялық комиссия өтінішті қарау кезінде апелляцияға берген кандидат жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.
      27. Апелляциялық комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санынан көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы комиссия төрағасы және оның барлық мүшелері қол қойған хаттамамен ресімделеді.

3. Магистратураға және докторантураға қабылдау

      28. Әскери оқу орнына оқуға осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес әрбір емтихан үшін 100 балдық бағалау межелігі бойынша оқуға түсу емтихандарының сомасы бойынша магистратура үшін кемінде 225 балл, докторантура үшін кемінде 150 ең жоғары балл жинаған кандидат қабылданады.
      Қабылдау кезінде конкурстық балл көрсеткіштері бірдей болған жағдайда басым құқыққа магистратура үшін мамандығы, дене дайындығы және шет тілі бойынша анағұрлым жоғары бағасы бар, докторантура үшін – мамандығы бойынша анағұрлым жоғары бағасы бар кандидаттар ие болады.
      29. Қабылдау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен жүргізіледі.
      Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери қызметшілерін қабылдау туралы бұйрықтан үзінді олардың ведомстволарына жеткізіледі және оқуға қабылданған әскери қызметшілерді әскери оқу орнына жіберу үшін негіз болып табылады.
      Қабылдау комиссиясының жұмысы аяқталғаннан кейін әскери оқу орнының бастығы білім беру мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшесіне жүргізілген әскери қызметшілерді қабылдау туралы есеп беруді ұсынады.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің   
кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын  
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің
әскери оқу орындарына қабылдау қағидаларына  
1-қосымша                

Нысан           

      Келісілді Бекітемін
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс Қазақстан Республикасының
      министрінің орынбасары Қорғаныс министрі
      20__ ж. «___»___________ 20__ж. «___»___________

Мамандықтар тізбесі және қабылдау жоспары

Р/с №

Мамандықтың атауы

Қабылдау жоспары

ЖИЫНЫ

барлығы

оның ішінде

1.


ҚР ҚМ, БШ, ҚК құрылымдық бөлімшелері

басқа да әскерлер мен әскери құралымдар

шетел мемлекеттері

ЖИЫНЫ

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің   
кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын  
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің 
әскери оқу орындарына қабылдау қағидаларына  
2-қосымша                 

Әскери оқу орындарына оқуға түсу үшін қажетті құжаттар тізбесі

      1) № 8/ЖІ үлгісіндегі анықтама;
      2) офицердің өзі толтырған сауалнама;
      3) көлемі 4,5x6 сантиметр алты фотосурет;
      4) әскери қызметшінің өмірбаяны (бұрын оқыған шет тілін көрсете
отырып);
      5) әскери оқу орындарына оқуға ұсынымы бар әскери қызметшінің қызмет орнынан қызметтік мінездемесе (әскери бөлім қолбасшылығының қолы қойылған және елтаңбалы мөрмен куәландырылған);
      6) шет тілінен тест тапсыру туралы сертификаттың көшірмесі (бар болған кезде);
      7) тұрақты әрекеттегі аттестаттау комиссиясы отырысының хаттамасынан үзінді;
      8) нотариат растаған білімі (қосымшасымен) және/немесе (доктор) ғылым кандидаты туралы (бар болған кезде) дипломның көшірмесі;
      9) қызметтік карточканың көшірмесі (бөлім командирінің қолы қойылған және елтаңбалы мөрмен куәландырылған);
      10) жеке куәліктің көшірмесі;
      11) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болған кезде);
      12) жоспарланған диссертациялық зерттеудің негіздемесі (докторантураға түсетіндер үшін):
      оқуға кандидаттың тегі, аты және әкесінің аты (бар болған кезде), арнайы атағы, лауазымы;
      отандық немесе шетелдік кеңесшінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, лауазымы, жұмыс істейтін әскери оқу орны;
      жоспарланған диссертациялық зерттеудің тақырыбы;
      жоспарланған диссертациялық зерттеу тақырыбының өзектілігі;
      ғылыми проблеманың зерделену дәрежесі;
      жоспарланған диссертациялық зерттеудің мақсаты мен міндеттері;
      жоспарланған диссертациялық зерттеудің объектісі мен мәні;
      жоспарланған диссертациялық зерттеудің әдіснамасы;
      диссертациялық зерттеуден күтілетін нәтижелер, олардың теориялық және практикалық маңыздылығы. Оларды енгізу мен сынаудың болжамды бағыттары;
      13) әскери оқу орнына түсетін әскери қызметшінің медициналық куәландыру картасы;
      14) психиатриялық, наркологиялық, тері-венерологиялық және туберкулез диспансерлерінен АҚТВ-ға анықтамалар;
      15) нысаны, нөмірі және күні көрсетілген мемлекеттік құпияларға рұқсатнама туралы мәліметтер;
      16) құжаттар тізімдемесі.

      Ескертпе:
      Жеке басын, білімін куәландыратын құжаттардың түпнұсқаларын, мемлекеттік құпияларға рұқсатнаманың бар болуы туралы мәліметтерді, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық аккредитациялық орталығы берген ғылым кандидатының немесе докторының дипломын, арнайы жоғары білімін (түрлік академиялар мен оларға тең жақын және алыс шет елдерінің жоғары оқу орындары) нострификациялау (мойындау) туралы куәлікті әскери қызметші қабылдау комиссиясына жеке өзі ұсынады.
      Жоспарланған диссертациялық зерттеудің негіздемесі компьютерлік техниканың көмегімен көлемі 14 қарпімен (Times New Roman) бір жоларалық арақашықтықпен теріледі, негіздеменің көлемі үш беттен кем болмауы тиіс.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің  
кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын  
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің 
әскери оқу орындарына қабылдау қағидаларына  
3-қосымша                  

Нысан           

Бекітемін               
__________________________________________ 
(лауазымы)                   
___________________________________________ 
(қолы, әскери атағы, атының бас әрпі мен тегі) 
20___ ж. «____» _______            

Оқуға түсу үшін іріктелген кандидаттардың тізімі

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                 (әскери оқу орнының атауы)
__________________________________________________________ комиссиясы
      (оның жанынан комиссия құрылатын органның атауы)

Р/с№

Тегі, аты, әкесінің аты

Ескертпе

1



2



3



      Комиссия төрағасы _____________________________________________
                         (қолы, әскери атағы, атының бас әрпі және
                                   тегі)
      Комиссия мүшелері:_____________________________________________
                      (қолы, әскери атағы, атының бас әрпі және тегі)

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің  
кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын  
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің 
әскери оқу орындарына қабылдау қағидаларына  
4-қосымша                   

Нысан              

__________________________________________________ __________________
                      (әскери оқу орнының атауы)
_______________________________ факультетіне (бөліміне) оқуға түсетін
        әскери қызметшіге арналған кәсіби іріктеу картасы

      1. Әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)_______________________________________________________________
      2. Туған жылы және айы_________________________________________
      3. Ұлты________________________________________________________
      (қалауы бойынша)
      4. Білімі______________________________________________________
      (әскери оқу орнының атауы және бітірген жылы)
      5. ҚК-га шақырылғанға дейінгі лауазымы мен жұмыс
өтілі________________________________________________________________
      6. Мемлекеттік наградалары_____________________________________
      7. Сыныптылығы_________________________________________________
      8. Спорттық атағы немесе спорттық разряды (спорт түрі)_________
      9. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде _________ бастап
      10. Қызмет мерзімі және атқаратын лауазымы_____________________

Әскери бөлімде (мекемеде) алдын ала кәсіби іріктеу

      11. Моральдық қасиеттері_______________________________________
_____________________________________________________________________
      12. Психикалық-физиологиялық тексеру нәтижелері

Әдістеме атауы

Көрсеткіштер

Ескертпе







      Психикалық-физиологиялық тексеру нәтижелері бойынша қорытынды
_____________________________________________________________________
      13. Әскери-дәрігерлік комиссияның қаулысы
_____________________________________________________________________

      14. Дене дайындығын тексеру нәтижелері

Тексерілетін жаттығулар

Өлшем бірліктері

Нәтижелер

Бағалары













      Дене дайындығының қорытынды бағасы ____________________________
      15. Кәсіби даярлық бойынша тексеру нәтижелері:

Пәннің атауы

Бағасы









      16. Аттестаттау комиссиясының қорытындысы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      Комиссия төрағасы: ____________________________________________
      (қолы, әскери атағы, атының бас әрпі және тегі)

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің   
кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын  
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің 
әскери оқу орындарына қабылдау қағидаларына  
5-қосымша                    

Нысан               

№ ____
әскери оқу орындарына қабылдау немесе қабылдаудан бас тарту
хаттамасы

      _____________ 20__ жылғы «___» ________
      (толтыру орны) (толтырған күні)
      қабылдау комиссиясының отырысы_________________________________
      (оның жанынан комиссия құрылатын органның атауы)
      _____________________________________ қабылдау (қабылдаудан бас
      (әскери оқу орнының атауы)
      тарту) туралы

      Мынадай құрамдағы комиссия: төраға, төраға орынбасары,
      мүшелері:______________________________________________________
      өз отырысында кандидаттарды қарады, зерделеді және қаулы етті

Р/с

Әскери атағы, Т.А.Ә.

Туған күні, айы және жылы

Білімі

Мемлекеттік наградалары

ЖОО-ға түсу кезіндегі лауазымы және онда болу уақыты

әскери қызметшінің әскери атақта болу мерзімі








кестенің жалғасы

Емтихан тапсыру нәтижелері

ЖОО-ға оқуға қабылдау (бас тарту) туралы комиссияның шешімі

мамандық бойынша

Дене дайындығы бойынша (магистратураға түсетіндер үшін)

шет тілі бойынша

Жалпы балы (бағасы)






      Комиссия төрағасы _____________________________________________
      (қолы, әскери атағы, атының бас әрпі және тегі)
      Комиссия мүшелері______________________________________________
      (қолы, әскери атағы, атының бас әрпі және тегі)

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің   
кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын  
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің 
әскери оқу орындарына қабылдау қағидаларына  
6-қосымша                   

Оқуға түсу емтихандары өткізілетін пәндер (сабақтар) тізбесі

Р/с №

Пәндердің атауы

1

Мамандық бойынша емтихан

2

Дене дайындығы (магистратураға түсетіндер үшін)

3

Шет тілі

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің   
кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын  
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің 
әскери оқу орындарына қабылдау қағидаларына  
7-қосымша                  

                                                            Нысан

            ___________________ мамандығы бойынша емтихан
              (мамандықтың атауы)
                комиссиясы отырысының № ____ хаттамасы

      ___________

      (толтыру орны)

      20___ ж. «___» ________
      ______________________________________________бойынша емтиханды
      тапсырғаны туралы (пәннің атауы)
      Қатысқандар:
      мамандық бойынша емтихан комиссиясының төрағасы
      _______________________________________________________________
      (әскери атағы, тегі, аты-жөнінің бас әріптері)
      мамандық бойынша емтихан комиссиясының мүшелері
      _______________________________________________________________
      (әскери атағы, тегі, аты-жөнінің бас әріптері)
      _______________________________________________________________
      (әскери атағы, тегі, аты-жөнінің бас әріптері)
      № ___ мамандық бойынша емтихан комиссиясы
      қабылдау комиссиясына мынадай бағалар қоюды қаулы етеді:

Р/с

Әскери атағы

Тегі, аты-жөнінің бас әріптері

Емтихан билетінің нөмірі

Бағасы (жазбаша)

Ескертпе

1






2






      Мамандық бойынша емтихан комиссиясы мүшелерінің ерекше пікірі
      _______________________________________________________________
      Мамандық бойынша емтихан комиссиясының төрағасы
      _______________________________________________________________
      (қолы, әскери атағы, атының бас әрпі және тегі)
      Мамандық бойынша емтихан комиссиясының төрағасы мүшелері
      _______________________________________________________________
      (қолы, әскери атағы, атының бас әрпі және тегі)

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің  
кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын  
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің 
әскери оқу орындарына қабылдау қағидаларына  
8-қосымша                     

Дене дайындығы пәні бойынша оқуға түсу емтиханының
бағдарламасына қойылатын талаптар

      1. Ұлттық қорғаныс университетінің магистранттарына кандидаттар Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі дене дайындығы мен жаппай спорттық жұмыстардың мазмұнына, түрлері мен әдістеріне» сәйкес үш жаттығу бойынша тексеріледі: 2, 3 және 4-жас топтары үшін – белағашта тартылу, 100 м және 3000 м жүгіру; 5 және 6-жас топтары үшін – белағашта тартылу, кешенді күш жаттығуы және 1000 м жүгіру.
      2. Жаттығуларды орындау кезінде алған балдардың сомасына қатысты пайыздық қамтудағы пәндер бойынша бағалар 1-кестеде көрсетілген.

                                                     1-кесте

Пән бойынша жалпы балл
(үш нормативті орындауды ескере отырып)

Пайыздық қамту

Дәстүрлі жүйе бойынша бағасы

280 және одан жоғары

100

Үздік

222

99

260

98

250

97

240

96

230

95

220

94

210

93

200

92

190

91

180

90

179

89

Жақсы

178

177

176

175

88

174

173

172

171

170

87

169

168

167

166

165

86

164

163

162

161

160

85

159

84

158

157

156

155

83

154

153

152

151

150

82

149

148

147

146

145

81

144

143

142

141

140

80

139

79

138

137

136

135

78

134

133

132

131

130

77

129

128

127

126

125

76

124

123

122

121

120

75

119

74

Қанағаттанарлық

118

117

116

73

115

114

113

72

112

111

110

71

109

108

70

107

106

105

69

104

103

68

102

101

67

100

99

66

98

97

96

65

95

64

94

93

92

63

91

90

89

62

88

87

86

61

85

84

60

83

59

82

81

80

58

79

78

77

57

76

75

74

56

73

72

55

71

54

70

69

68

53

67

66

65

52

64

63

62

51

61

60

50

0-59

0 – 49

Қанағаттанарлықсыз

      1. Дене дайындығы бойынша оқуға түсу емтиханын қабылдау спорттық киім нысанында.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің  
кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын  
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің 
әскери оқу орындарына қабылдау қағидаларына   
9-қосымша                   

100 балдық бағалау межелігі бойынша бағаларды ауыстыру жүйесі

100-балдық бағалау межелігі бойынша балдар

4 балдық бағалау межелігі бойынша балдар

95-100

үздік (5)

90-94

85-89

жақсы (4)

80-84

75-79

70-74

қанағаттанарлық (3)

65-69

60-64

55-59

50-54

0-49

қанағаттанарлықсыз (2)