"Экспорттаушы елдердің құзыретті органдары ірі қара малдың импортталған асыл тұқымдық өніміне (материалына) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты қоспағанда, экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымдық өнімге (м

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 25 маусымдағы № 3-2/320 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 22 шілдеде № 9606 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 3-2/1078 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 21.04.2016 № А-4/878 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18 бабының 8) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесі негізінде, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Көкшетау қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № А-3/505 "Көкшетау қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4091 болып тіркелген, 2014 жылдың 24 сәуірінде "Степной маяк" және "Көкшетау" газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген "Көкшетау қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Ережесінің:
      2 тарауының 16 тармағының 13) тармақшасы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда баяндалсын:
      "13) Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың мемлекеттік тіркеуде бары не жоғы туралы анықтама беру;".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары А.Б. Омароваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.
      Қала әкімі Ж.Нұрғалиев