2014-2015 оқу жылына жоғары білімі бар мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын мамандықтар бойынша бөлу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 4 шілдедегі № 261 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 16 шілдеде № 9587 тіркелді

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.10.2015 № 829 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 маусымдағы № 665 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 41, 538-құжат):
      көрсетілген қаулымен құрылған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларын реттеу мәселелерi жөнiндегi комиссияның құрамына:
      Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің төрағасы енгізілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов