"Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 192 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 16 маусымдағы № 351 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 17 шілдеде № 9583 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2015 жылғы 22 мамырдағы № 473 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 22.05.2015 № 473 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 14 тамыздағы № 249 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 12 мамырдағы № 133 бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 192 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9368 болып тіркелген және «Егемен Қазақстан» газетінің 2014 жылғы 25 мамырдағы № 101 (28325) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі тіркейтін көлік құралдарын қоспағанда, автокөлік құралдарын тіркеу және қайта тіркеу және нөмірлік тіркеу белгілерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент):
      мынадай мазмұндағы 28-тармақпен толықтырылсын:
      «28. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимыл жасасуы дәйектілігінің нақты сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде өзге де көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимыл жасасу тәртібінің сипаттамасы осы Регламентке 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, оларды толтыру үлгілері, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің mvd.gov. kz, облыстардың, Астана, Алматы қалалары ішкі істер департаменттерінің интернет-ресурстарында, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және әкімшілік полиция бөліністерінде орналасқан стендтерде орналастырылады.»;
      осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі беретін куәліктерді қоспағанда, азаматтарға жүргізуші куәліктерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент):
      мынадай мазмұндағы 34-тармақпен толықтырылсын:
      «34. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимыл жасасуы дәйектілігінің нақты сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде өзге де көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимыл жасасу тәртібінің сипаттамасы осы Регламентке 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, оларды толтыру үлгілері, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің mvd.gov. kz, облыстардың, Астана, Алматы қалалары ішкі істер департаменттерінің интернет-ресурстарында, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және әкімшілік полиция бөліністерінде орналасқан стендтерде орналастырылады.»;
      осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жүзеге асыратын тіркеуді қоспағанда, көлік құралдарын сенімхат бойынша басқаратын адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде (бұдан әрі – Регламент):
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде ТЕБ қызметкері құжаттардың толық ұсынылғанына тексеріс жүргізеді және көрсетілетін қызметті алушыға осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдағаны туралы талон береді.»;
      мынадай мазмұндағы 22-тармақпен толықтырылсын:
      «22. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимыл жасасуы дәйектілігінің нақты сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде өзге де көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимыл жасасу тәртібінің сипаттамасы осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, оларды толтыру үлгілері, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің mvd.gov. kz, облыстардың, Астана, Алматы қалалары ішкі істер департаменттерінің интернет-ресурстарында, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және әкімшілік полиция бөліністерінде орналасқан стендтерде орналастырылады.»;
      осы Регламентке қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
      «                    «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
                            министрлігі жүзеге асыратын тіркеуді
                            қоспағанда, көлік құралдарын сенімхат
                            бойынша басқаратын адамдарды тіркеу»
                            мемлекеттік көрсетілетін қызмет
                            регламентіне 1-қосымша
      »;
      осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха) белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды және оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Министр
      полиция генерал-лейтенанты                 Қ.Қасымов

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 16 маусымдағы
№ 351 бұйрығына    
1-қосымша        

«Қазақстан Республикасы Ауыл 
шаруашылығы министрлігі    
тіркейтін көлік құралдарын   
қоспағанда, автокөлік құралдарын
тіркеу және қайта тіркеу және 
нөмірлік тіркеу белгілерін беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 3-қосымша     

нысан

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі тіркейтін
көлік құралдарын қоспағанда, автокөлік құралдарын тіркеу және
қайта тіркеу және нөмірлік тіркеу белгілерін беру» мемлекеттік
қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы

      *ҚФБ – құрылымдық-функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің), халыққа қызмет көрсету орталықтарының, «электрондық үкімет» веб-порталының өзара іс-қимыл жасасуы;

      КҚ - көлік құралы;
      ІІО - ішкі істер органдары.

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 16 маусымдағы
№ 351 бұйрығына    
2-қосымша      

«Қазақстан Республикасы Ауыл  
шаруашылығы министрлігі беретін 
куәліктерді қоспағанда, азаматтарға
жүргізуші куәліктерін беру»    
мемлекеттік көрсетілетін қызмет 
регламентіне 3-қосымша      

нысан

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі беретін
куәліктерді қоспағанда, азаматтарға жүргізуші куәліктерін беру»
мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы

      *ҚФБ – құрылымдық-функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің), халыққа қызмет көрсету орталықтарының, «электрондық үкімет» веб-порталының өзара іс-қимыл жасасуы;

      КҚ - көлік құралы;
      ІІО - ішкі істер органдары.

      Ескертпе* теориялық және практикалық емтиханды тапсырмаған жағдайда құжаттар көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 16 маусымдағы
№ 351 бұйрығына    
3-қосымша       

«Қазақстан Республикасы Ауыл   
шаруашылығы министрлігі жүзеге 
асыратын тіркеуді қоспағанда,  
көлік құралдарын сенімхат бойынша
басқаратын адамдарды тіркеу»  
мемлекеттік көрсетілетін қызмет 
регламентіне 2-қосымша      

нысан

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жүзеге
асыратын тіркеуді қоспағанда, көлік құралдарын сенімхат бойынша
басқаратын адамдарды тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету
бизнес-процестерінің анықтамалығы

      ҚФБ - құрылымдық - функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің), халыққа қызмет көрсету орталықтарының, «электрондық үкімет» веб-порталының өзара іс-қимыл жасасуы;

      

      

      КҚ - көлік құралы;
      ІІО - ішкі істер органдары.