Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 30 наурыздағы № 94-ө "Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру үшін құжаттардың нысандарын және оларды толтыру тәртібін бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 199-ө бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 1 шілдеде № 9551 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 115 бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда қызмет көрсетілетін адамдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 маусымдағы № 625 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 41, 524-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда қызмет көрсетілетін адамдардың тізбесінде:
      39-тармақ мынандай редакцияда жазылсын:
      «39. Конституциялық Кеңестің мүшелері, Жоғарғы Соттың қадағалаушы сот алқаларының төрағалары мен судьялары».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                           К. Мәсімов