Бюджеттік инвестициялар және концессиялар мәселелері бойынша құжаттамаға сараптама өткізу мен бағалаудың құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 11 мамырдағы № 132 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 11 маусымда № 9500 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 129 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 25.02.2015 № 129 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1116 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 72) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Бюджеттік инвестициялар және концессиялар мәселелері бойынша құжаттамаға сараптама өткізу мен бағалаудың құнын айқындау әдістемесі бекітілсін (бұдан әрі - Әдістеме).
      2. Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті инвестициялар және концессиялар мәселелері бойынша құжаттамаға сараптама өткізу мен бағалау жөніндегі және бюджеттік инвестициялық жобалар мен заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылуына бағалау жүргізу жөніндегі бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстарды жоспарлау, сондай-ақ бюджеттік инвестициялар және концессиялар мәселелері бойынша құжаттамаға сараптама өткізу мен бағалау және бюджеттік инвестициялық жобалар мен заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылуына бағалау жүргізу бойынша қызмет көрсету туралы шарт жасасу кезінде Әдістемені басшылыққа алсын.
      3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті (Қ.М. Тұмабаев):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және ресми бұқаралық ақпарат көздерінде ресми жариялауын қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі М.Ә. Құсайыновқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жариялануға жатады.

      Министр                                    Е. Досаев

Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрінің 
2014 жылғы 11 мамырдағы
№ 132 бұйрығымен бекітілген

Бюджеттік инвестициялар және концессиялар мәселелері бойынша
құжаттамаға сараптама өткізу мен бағалау құнын айқындау
әдістемесі

      1. Осы Бюджеттік инвестициялар және концессиялар мәселелері бойынша құжаттамаға сараптама өткізу мен бағалау құнын айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) бюджеттік инвестициялар және концессиялар мәселелері бойынша құжаттамаға сараптама өткізу мен бағалау құнын айқындау тәсілдерін белгілеу мақсатында әзірленген.
      2. Бюджеттік инвестициялар және концессиялар мәселелері бойынша құжаттамаға сараптама өткізу мен бағалаудың құны (бұдан әрі – Қызмет көрсету) концессия мәселелері бойынша мамандандырылған ұйымның қызметтің бір бірлігіне арналған нормативтік еңбек шығындарына байланысты осы Әдістемеге сәйкес айқындалады.
      3. Қызмет көрсету бағасы мынадай формула бойынша айқындалады:
                  Pn = Сn х (1 + R), мұндағы      (2)
      Pn (price) – қосылған құн салығын есепке алмағандағы құжаттар (сараптама) топтамасын қарау құны;
      R – пайызбен алынған рентабельділік нормасы.
      4. Қызмет көрсетудің өзіндік құны мынадай формула бойынша айқындалады:
                  Сn = cl х ln, мұндағы    (1)

      Сn (cost) – қызмет көрсетудің өзіндік құны;
      cl – 1 адам – сағат құны;
      ln – Қызмет көрсетудің бір бірлігіне арналған еңбек шығындарының нормативі. Қызметті бір бірлігіне арналған еңбек шығындарының нормативі осы Әдістемеге қосымшаға сәйкес келтірілген.
      5. Қызмет көрсетудің құнын есептеу үшін айқындалған рентабельділік нормасы 1,27 пайызды құрайды.
      6. Қызмет көрсетудің құнын есептеуге арналған бір адам-сағаттың құны қосылған құн салығын есепке алмай 6 358,57 теңге мөлшерінде айқындалған.
      7. Қызмет көрсетулерге төлеу тәртібі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мен концессия мәселелері бойынша мамандандырылған ұйым арасында жасалған келісіммен айқындалады.

Бюджеттік инвестициялар және
концессиялар мәселелері 
бойынша құжаттамаға сараптама
өткізу мен бағалау құнын айқындау
әдістемесіне қосымша   

Көрсетілетін қызметтің бір бірлігіне арналған еңбек
шығындарының нормативі

Р/с №

Көрсетілетін қызмет түрі

Қызмет көрсетуге арналған еңбек шығындары, адам-сағат

1.

концессиялық ұсыныстар сараптамасы

361,72

2.

екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланбайтын конкурс тандалған жағдайда құрамында (әзірленген жобалау-сметалық құжаттамасы бар, сондай-ақ техникалық күрделі болып табылмайтын, үлгі жобалар, үлгі жобалық шешімдер және қайта қолданылатын жобалардың негізінде іске асырылатын жобалар бойынша) жобалау-сметалық құжаттаманы қамтитын конкурстық құжаттамаға сараптама

1 974,73

3.

екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланбайтын конкурс таңдалған жағдайда құрамына
техникалық-экономикалық негіздемені, оның ішінде түзетілгендерін (техникалық күрделі және (немесе) бірегей болып табылатын жобалар бойынша) қамтитын конкурстық құжаттамаға сараптама

2 824,28

4.

екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізу кезіндегі конкурстық құжаттамаға сараптама

1 494,71

5.

өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кездегі конкурстық құжаттамаға сараптама

289,51

6.

екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланбай концессионерді таңдау бойынша конкурсты өткізу кезінде конкурс қатысушы ұсынған концессиялық өтінімге сараптамасы

2 171,35

7.

екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау бойынша конкурсты өткізу кезінде құрамында техникалық-экономикалық негіздемені қамтитын конкурсқа қатысушы ұсынған концессиялық өтінімге сараптама

2 824,28

8.

концессия шарттарының жобаларына сараптама

1 447,56

9.

концессия шарттарының жобаларына, оның ішінде концессия шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кездегі сараптама

723,78

10.

концессионердің мемлекеттік кепілдіктерді алуға арналған ұсыныстарына сараптама

417,77

11.

мемлекеттік кепілдіктерді беруге арналған инвестициялық жобаларға экономикалық сараптама

688,84

12.

республикалық бюджеттік инвестициялық, оның ішінде түзетілген жобаларға экономикалық сараптама

69,72

13.

республикалық бюджет қаражаты есебінен заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асырылуы жоспарланған бюджеттік инвестицияларға экономикалық сараптама, оның ішінде түзетілген қаржы-экономикалық негіздеме

422,90

14.

республикалық бюджет есебінен заңды тұлғалардың (жаңа құрылған) жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асырылуы жоспарланған бюджеттік инвестицияларға экономикалық сараптама

195,84

15.

концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалау

346,64

16.

бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалау

7 447,25

17.

заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік ивестициялардың іске асырылуын бағалау

4 916,58