Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 6 мамырдағы № 4-4/256 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 10 маусымда № 9492 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 1 қазандағы № 15-05/873 бұйрығымен

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 қаңтардағы Заңына сәйкес Приозерное ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Приозерное ауылы әкімінің 2011 жылғы 14 қазандағы № 1 "Приозерное селосының көшелеріне атау беру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-18-147 тіркелген, 2011 жылғы 15 желтоқсанда "Маяк" аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      шешімнің мемлекеттік тілдегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "селосының", "село" деген сөздер тиісінше "ауылының", "ауыл" деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Приозерное
      ауылының әкімі                             М. Удиров