"Магистральдық темір жол желісінің және концессия шарттары бойынша темір жол көлігінің объектілері бар темір жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесі туралы

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2014 жылғы 14 мамырдағы № 102-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2014 жылы 2 маусымда № 9477 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 31 шілдедегі № 580 бұйрығымен

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы әкімдігінің 07.07.2015 N 388 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 14-3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес Зайсан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қылмыстық – атқару инcпекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір пайыз мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М.С.Сапарғалиеваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А. Оңдақанов