"Мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызметті қолдауды жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық жүйенің субъектілері жүзеге асыратын индустри

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 99 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 13 мамырда № 9411 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 430 бұйрығымен

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 қаңтардағы Заңына сәйкес Майский ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Майский ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1 "Май селолық округі селоларының көшелеріне атау беру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-18-102 тіркелген, 2009 жылғы 31 желтоқсанда "Маяк" аудандық газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      шешімнің мемлекеттік тілдегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "Май селолық", "селоларының", "Май селосының", "Приреченское селосының" деген сөздер тиісінше "Майский ауылдық", "ауылдарының", "Майское ауылының", "Приреченское ауылының" деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Майский ауылдық округі әкімінің
      міндетін атқарушы                          С. Шарий