Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi өнеркәсiп және экспорттық бақылау саласында көрсетілетін мемлекеттiк қызметтер регламенттерiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 102 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет  министрлігінде 2014 жылы 30 сәуірде № 9370 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 28 мамырдағы № 619 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 692 бұйрығымен.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 15.10.2015 № 522 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 4) және 5) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 15.10.2015 № 522 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану қағидалары;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмысында техникалық іркілістер туындаған жағдайда мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 15.10.2015 № 522 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      2. «Мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға электрондық қызметтер көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 643 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5519 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2009 жылғы 7 наурызда № 65 (25809) болып жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк сатып алу әдiснамасы департаментi (Г.Ә. Әмрина) белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсiн.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің орынбасары –
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі                             Б. Сұлтанов

Қазақстан Республикасы        
Премьер-Министрінің орынбасары -   
Қазақстан Республикасы       
Қаржы министрінің          
2014 жылғы 27 наурыздағы       
№ 133 бұйрығына           
1-қосымша              

Мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану тәртібін белгілейді және мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалануға қойылатын негізгі техникалық талаптарды қамтиды.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 15.10.2015 № 522 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) ақпараттық қызмет – ақпараттық ресурсты пайдаланушыларға беру қызмет;
      2) веб-порталға қатысушы (бұдан әрі – қатысушы) – веб-порталда тіркеуден өткен тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, әлеуетті өнім беруші;
      3) веб-порталды пайдаланушы (бұдан әрi - пайдаланушы) - веб-порталда тiркеуден өткен қатысушының лауазымды адамы немесе өкiлi;
      4) еңсерілмес күш жағдайлары – зілзала апаттар немесе көздеу немесе алдын алу мүмкін емес, веб-порталдың не тұтастай алғанда жүйенің жұмыс істеуін немесе тиісінше жұмысқа қабілеттілігін тоқтатуға әкеп соқтыратын өзге жағдайлар;
      5) интерактивтік қызмет көрсету – өзара ақпарат алмасуды қажет ететін, пайдаланушыларға олардың сұраулары бойынша немесе тараптардың келісімі бойынша электрондық ақпараттық ресурстарды ұсыну жөнінде қызмет көрсету;
      6) Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапы (бұдан әрі - ҚР СбҮТ) — электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын (электрондық цифрлық қолтаңбаны қалыптастыру және тексеру процестерін іске асыратын ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын) пайдаланумен шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалылығын растауды жүзеге асыратын мемлекеттік техникалық қызмет;
      7) құжаттың электрондық көшірмесі – өтініш берушінің немесе аталған құжатты куәландыруға өкілеттіктері бар адамның не мемлекеттік қызмет көрсетуді алушының өзінің жеке қатысуы кезінде берген жазбаша келісімі негізінде халыққа қызмет көрсету орталығының уәкілеттік берілген қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, түпнұсқа құжаттың түрін және ондағы ақпаратты (деректерді) электрондық-цифрлық нысанда толығымен көрсететiн құжат;
      8) мемлекеттiк сатып алу веб-порталы – электрондық мемлекеттiк сатып алудың электрондық қызмет көрсетулеріне қол жеткiзудiң бірыңғай нүктесiн ұсынатын мемлекеттiк ақпараттық жүйе;
      9) мемлекеттiк сатып алу веб-порталында тiркелу (бұдан әрi - тiркелу) - мемлекеттiк сатып алу жүйесi субъектiсiнiң, оның лауазымды адамдары мен мүдделi тұлғалардың веб-порталда қатысуға қол жеткiзу;
      10) мемлекеттiк сатып алу жүйесiнiң субъектiлерi – мемлекеттiк сатып алу саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
      11) техникалық және алдын алу жұмыстары – есептеу техникасы құралдарын және телекоммуникациялық жабдықты жұмысқа қабілетті жағдайда ұстау жөніндегі, оның ішінде техниканың және (немесе) жабдықтың жұмыс істемеуінің және оның уақытынан бұрын тозуының алдын алу мақсатында алдын алуды, ақауларды жоюды, жекелеген бөліктер мен блоктарды ауыстыруды, жабдықтың қуатын ұлғайту үшін жабдықтарды, қосымша қондырғылар мен жадыларды орнатуды және теңшеуді және пайдаланушыларға көмек көрсетуді қамтитын іс-шаралар кешені;
      12) электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді иемденуші – аталған объектілерді олардың меншік иесі айқындаған шекте және тәртіппен иелену, пайдалану және оларға билік ету құқықтарын іске асыратын субъект;
      13) ЭМС АИАЖ (бұдан әрі – Жүйе) – «Электрондық мемлекеттік сатып алу» автоматтандырылған интеграцияланған ақпараттық жүйесі;
      14) электрондық құжат – өзіндегі ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
      15) электрондық мемлекеттiк сатып алу – ақпараттық жүйелер мен электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу;
      16) электрондық мемлекеттiк сатып алу саласындағы бірыңғай оператор - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылатын, акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жалғыз меншiк иесi мемлекет немесе ұлттық холдинг болып табылатын, электрондық мемлекеттiк сатып алу саласында бірыңғай техникалық саясатты iске асыруды жүзеге асыратын заңды тұлға;
      17) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі;
      18) электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті – кез келген тұлғаның қолы жететін және электрондық құжаттағы электрондық цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалығын растауға арналған электрондық цифрлық нышандар дәйектілігі;
      19) электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті – тіркеу куәлігінің иесіне белгілі және электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып электрондық цифрлық қолтаңбаны жасауға арналған электрондық цифрлық нышандар дәйектілігі.
      Осы Қағидаларда көрсетілмеген басқа ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалатын мәндерде пайдаланылады.
      2. Электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдаланған кезде пайдаланушылар осы Қағидаларды және «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңын басшылыққа алады.

2. Мемлекеттік сатып алу веб-порталды қолдану тәртібі

      3. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру мақсатында электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге байланысты ұсынылатын құжаттар мен мәліметтерді веб-порталды пайдаланушы электрондық құжаттар немесе құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде орналастырады және веб-порталдың тиісті қатысушысының атынан әрекет етуге құқығы бар адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылады.
      4. Веб-порталда барлық электрондық құжаттарды және құжаттардың электрондық көшірмелерін жасау, алу және жөнелту уақыты Жүйенің (Астана қаласының жергілікті) уақыты бойынша тіркеледі.
      5. Веб-порталда жұмыс істеу және (немесе) мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін веб-порталды пайдаланушылар мынадай іс-әрекеттер жиынтығын жасайды:
      1) электрондық цифрлық қолтаңба сертификаттарын (ашық және жабық кілт) пайдалану мүмкіндігі үшін қажетті аппаратты-бағдарламалық қамтымды орнатады;
      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығында не Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының куәландырушы орталықтарында электрондық цифрлық қолтаңбаның сертификаттарын (Кеден одағының қатысушы елдерінің пайдаланушылары үшін) белгіленген тәртіппен алады;
      3) веб-порталда тіркелу рәсімін өтеді.
      6. Веб-порталда Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығының, сондай-ақ ҚР СҮТ тексерген Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының куәландырушы орталықтарының жеке және заңды тұлғалар үшін шығарған электрондық цифрлық қолтаңба сертификаттары қолданылады.
      7. Веб-порталда:
      1) адам абыройына кір келтіретін қорлау мазмұнындағы, қандай да бір белгілер бойынша адамдарды кемсітуді, зорлық-зомбылықты, жек көрушілікті насихаттайтын ақпаратты;
      2) зиян келтіретін бағдарламалық қамтамасыз етуді қамтитын ақпаратты және (немесе) материалдарға сілтемені қамтитын құжаттарды орналастыруға болмайды;
      3) Қазақстан Республикасының тұтастығын жою, конституцияның қатарына зорлау өзгерісін енгізу мақсатымен үгіттеу немесе насихаттау жүргізетін ақпаратты;
      4) терроризмді немесе экстремизмді насихаттайтын ақпаратты;
      5) ұлтаралық қастандықты туғызуға бағытталған ақпаратты;
      6) суицидті насихаттайтын ақпаратты;
      7) есірткі заттарын, прекурсорлар психотроптық заттарын насихаттайтын ақпаратты;
      8) қатыгездік пен зорлыққа бас ұру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, сословиялық және рулық артықшылықты наисхаттайтын және үгіттейтін ақпаратты;
      9) порнографиялық және арнайы сексуалдық-эротикалық сипаттағы ақпаратқа тыйым салу.
      8. Жүйеге жүктелетін файлдардың немесе файл мұрағаттарының мөлшері 20 мегабайттан асқан жағдайда, оларды жүйеге бөліктермен жүктеу қажет, олардың әрқайсысы 20 мегабайттан аспауы тиіс, бұл ретте файлдардың саны шектелмеген.
      9. Оператор мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілеріне мынадай ақпараттық және интерактивтік қызметтерді пайдаланудың техникалық мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді:
      1) мемлекеттік сатып алу саласында мемлекеттік ақпараттық жүйелерді әзірлеуді, енгізуді, ақпараттық-техникалық сүйемелдеу және пайдалануды;
      2) мемлекеттік сатып алу саласында тізілімді техникалық сүйемелдеуді;
      3) мемлекеттік сатып алу веб-порталының құрылуын, жұмыс істеуін және оны техникалық сүйемелдеу;
      4) осы Заңға сәйкес өтеусіз негізде міндетті түрде жариялануға жататын мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтерді мемлекеттік сатып алу веб-порталына орналастыру;
      5) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес өтеусіз негізде ақпараттық жүйелерді қолдана отырып, мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға электрондық қызмет көрсету;
      6) электрондық мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілеріне өтеусіз негізде консультациялық және практикалық көмек көрсету;
      7) мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы мемлекеттік сатып алу жобаларын басқаруды және оны техникалық сүйемелдеу функцияларын жүзеге асыру;
      8) мемлекеттік сатып алу саласындағы есептілікті техникалық сүйемелдеу;
      9) мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар интеграциясы және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша ақпараттандыру саласында ұлттық оператормен өзара іс-қимыл жасау;
      10) анықтамалықты енгізе отырып, тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағалардың дерекқорын енгізуді және сүйемелдеу жүзеге асырады.
      10. Мемлекеттік сатып алу саласында ақпараттық және интерактивтік қызметтер өтеусіз негізде оператор ұсынады.
      11. Оператор веб-порталдың жұмыс істейтіні туралы мынадай жедел ақпаратты веб-порталда орналастырады:
      веб-порталды пайдаланушыларға ақпарат беру үшін веб-порталдың жаңа мүмкіндіктері туралы;
      оператор орындайтын регламенттелген техникалық және алдын алу жұмыстары туралы ақпаратты және веб-порталда оларды жою мерзімдерін көрсете отырып, техникалық іркілістер туралы хабарламаларды.
      12. Веб-порталда ақпаратты орналастыру кезінде веб-порталды пайдаланушы мемлекеттік және орыс тілдеріндегі әріптер мен символдарды пайдалану осындай ақпаратты, атап айтқанда интернет – ресурстардың электрондық мекенжайларын, электрондық почтаның мекенжайларын көрсеткен кезде бұрмалауға әкеп соғатын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік және орыс тілдерінде сөздерді жазу кезінде латын және өзге символдар мен әріптерді пайдалануға құқығы жоқ.
      13. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес айқындалатын еңсерілмес күш жағдаяттары, сондай-ақ веб-порталды пайдаланушыға байланысты емес жағдаяттар пайда болған кезде оператор осындай жағдаяттардың пайда болуы, әсер етуінің және тоқталуының болжамды мерзімі туралы иеленушіні және веб-порталдың пайдаланушыларға жазбаша нысанда дереу хабарлайды.
      14. Еңсерілмес күш жағдаяттар туындаған жағдайдың рести түрде растаған жағдайда оператор осыған байланысты иеленушіні алдын ала хабарлай отырып, мемлекеттік сатып алуды осы кезеңге сәйкес келетін күндер есебіне көшіреді.
      15. Осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген белгілер байқалған кезде оператор қатысушының веб-порталда жарияланған ақпараттың мазмұнында осындай ақпаратты жою жөнінде шаралар қабылданғанға дейін оның ақпаратын көруді бұғаттау туралы хабардар етеді.

Қазақстан Республикасы     
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасы     
Қаржы министрінің       
2014 жылғы 27 наурыздағы   
№ 133 бұйрығына        
2-қосымша           

Мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмысында техникалық
іркілістер туындаған жағдайда мемлекеттік сатып алу
веб-порталының жұмыс істеу қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 15.10.2015 № 522 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмысында техникалық іркілістер туындаған жағдайда мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 14-бабы 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмысында техникалық іркілістер туындаған жағдайда мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмыс істеу тәртібін белгілейді.
      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) ақпаратқа рұқсат етілмеген әсер ету – ақпаратқа қол жеткізудің жария болуына, бұрмалануына, жасандылығына, жойылуына, оқшаулануына, сондай-ақ ақпаратты тасығыштың жоғалуына, жойылуына немесе жұмыс істеуінің іркілуіне әкеп соқтыратын қол жеткізудің белгіленген құқықтарын және/немесе қағидаларын бұза отырып, қорғалған ақпаратқа әсер ету;
      2) веб-порталды пайдаланушы (бұдан әрі – пайдаланушы) – қатысушының лауазымды адамы немесе өкiлi;
      3) веб-порталға қатысушы (бұдан әрi – қатысушы) – тапсырыс берушi, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алу веб-порталында тiркеуден өткен әлеуеттi өнiм берушi;
      4) жүйенің стандартты жұмыс істеуі – нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес ақпараттық жүйенің техникалық іркілістер болмаған кезде өңделетін ақпараттың берілген режимдері мен көлемінде жұмыс істеуі;
      5) Жұмыс тобы – мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен құрылатын, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның электрондық мемлекеттік сатып алу жүйесінің жұмыс істеуін талдау және сапасын жүйелендіруді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерінің лауазымды тұлғаларынан тұратын, тұрақты негізде әрекет ететін алқалы орган;
      6) еңсерілмес күш жағдайлары – зілзала апаттар немесе тұтастай алғанда жүйенің жұмыс істеуін немесе тиісінше жұмысқа қабілеттілігін тоқтатуға әкеп соқтыратын көздеу немесе алдын алу мүмкін емес өзге жағдайлар;
      7) мемлекеттiк сатып алу веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – электрондық мемлекеттiк сатып алудың электрондық қызмет көрсетулеріне қол жеткiзудiң бірыңғай нүктесiн ұсынатын мемлекеттiк ақпараттық жүйе;
      8) мемлекеттік сатып алу веб-порталына қызмет көрсету жөніндегі жоспардан тыс іс-шаралар – мемлекеттік сатып алу веб-порталының күрделілік осалдығын жою мақсатында не істен шыққан жабдықты ауыстыруға байланысты бағдарламалық қамтамасыз етуді күрделі жаңартуларды орнатуға байланысты техникалық-профилактикалық жұмыстар;
      9) оператор мамандарының заңсыз әрекеттері – мынадай себептермен мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмысының төмендеуіне, тоқтауына, онда техникалық іркілістердің туындауына әкеп соққан оператор қызметкерлерінің әрекеттері:
      - мемлекеттік сатып алу веб-порталының жүйелік журналында тіркелген оператор мамандарының рұқсат етілмеген әрекеттерді орындауы;
      - иемденуші мен оператор арасындағы тиісті шартта көзделген мемлекеттік сатып алу веб-порталының аппараттық-бағдарламалық кешенін сүйемелдеу, әкімшілендіру және оған жүйелік-техникалық қызмет көрсету жөніндегі талаптарды бұзу және (немесе) тиісінше орындамау;
      10) техникалық әкімшілендіру бөлімі (бұдан әрі – бөлім) – электрондық мемлекеттiк сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың мемлекеттік веб-порталының бағдарламалық-аппараттық кешенін әкімшілендіруге және мониторингтеуге жауапты құрылымдық бөлімшесі;
      11) техникалық және профилактикалық жұмыстар – есептеу техникасы құралдарын және телекоммуникациялық жабдықты жұмысқа қабілетті жағдайда ұстау жөніндегі, оның ішінде техниканың және (немесе) жабдықтың жұмыс істемеуінің және оның уақытынан бұрын тозуын болдырмау мақсатында профилактиканы, ақауларын жоюды, жекелеген бөліктер мен блоктарды ауыстыруды, жабдықтарды, бағдарламалық қамтамасыз етуді, жабдықтың қуатын ұлғайту үшін қосымша қондырғылар мен тақтайшалар орнатуды және теңшеуді және пайдаланушыларға көмек көрсетуді қамтитын іс-шаралар кешені;
      12) техникалық іркіліс – бір немесе бірнеше қатысушылардың Жүйені пайдалану мүмкіндігін болдырмауға әкеліп соғатын Жүйенің аппараттық-бағдарламалық кешенінің немесе оның жеке құрауыштарының жоспарланбаған уақытша істен шығуы (апаттық тоқтауы, жады мазмұнының күйреуі, аппараттық-бағдарламалық қамтамасыз ету ресурстарының артық жүктемесі және қабылданған технологияны елеулі бұзатын және жүйенің жағдайында бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалануға мүмкіндік бермейтін басқа да ахуалдар, оның ішінде бағдарламалық қамтамасыз ету беретін қате шығыс деректері (нәтижелері);
      13) электрондық мемлекеттік ақпараттық жүйені иеленуші (бұдан әрі - иеленуші) – көрсетілген объектілерді олардың меншік иесі айқындаған шекте және тәртіппен иелену, пайдалану және оларға билік ету құқықтарын іске асыратын субъект;
      14) электрондық мемлекеттiк сатып алу (бұдан әрі –сатып алу) – ақпараттық жүйелер мен электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу;
      15) электрондық мемлекеттiк сатып алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі – оператор) – Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылатын, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жалғыз меншiк иесi мемлекет немесе ұлттық холдинг болып табылатын, электрондық мемлекеттiк сатып алу саласында бірыңғай техникалық саясатты iске асыруды жүзеге асыратын заңды тұлға;
      16) Веб-порталдың байланыс орталығы (бұдан әрі – байланыс орталығы) – пайдаланушының жүгіну сипатына байланысты оператордың басқа бөлімшесі мәселені одан әрі корреляциялаумен (қажет болған кезде) инциденттерді (техникалық іркілістер) тіркеуді қамтамасыз ететін оператордың сервистік-диспетчерлік қызметі.
      ЭМС АИАЖ (бұдан әрі – Жүйе) – «Электрондық мемлекеттік сатып алу» автоматтандырылған интеграцияланған ақпараттық жүйесі.
      3. Осы Қағидаларда көрсетілмеген басқа ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес айқындалатын мағыналарда пайдаланылады.

2. Жүйе инциденттерінің (техникалық іркілістер) сыныптамасы

      4. Жүйе инциденттерін (техникалық іркілістер) сыныптамасы мынадай түрлерге бөлінеді:
      1) операторға байланысты:
      оператор қызметкерлерінің заңсыз әрекеттерінің салдары;
      Жүйе ақпаратына рұқсат етілмеген әсерге әкеп соқтырған жүйенің ақпараттық қауіпсіздігінің тиісті деңгейін қамтамасыз етпеу салдары;
      оператордың немесе оның қызметкерлерінің кінәсінен жүйенің және (немесе) оны құрайтындардың физикалық зақымдануы салдары.
      2) операторға байланысты емес:
      үшінші тұлғалардың кінәсінен жүйенің және оны құрайтындардың физикалық зақымдануы және (немесе) өшу салдары;
      жүйенің коммуникациялық жабдығының жұмысын тоқтатуды тудыратын ықтимал жаппай сыртқы шабуылдардан жүйенің қол жетімсіздігі салдары;
      пайдаланушы шарттық қатынастарда айқындалған шамада веб-порталға қосылу үшін пайдаланатын деректерді беру желілерінің және (немесе) электр энергиясының болмауы не кепілдендірілген жұмысқа қабілеттілігінің бұзылуы салдары;
      пайдаланушыға веб-порталда толыққанды жұмыс істеуге мүмкіндік бермейтін пайдаланушының компьютерлік техникасында бағдарламалық-техникалық шектеулердің және күйге келтірудің болуы, сондай-ақ қажетті бағдарламалық-техникалық мүмкіндіктердің болмауы салдары;
      Жүйенің зақымданған файлды немесе файлдар мұрағатын орналастыру мүмкіндігін автоматты түрде бұғаттауына байланысты пайдаланушының веб-порталда жұмыс істеуіне мүмкіндік бермейтін зиянды бағдарламалық қамтамасыз етумен пайдаланушының компьютерлік техникасының зақымдануы салдары;
      веб-порталда жұмыс істеу кезінде пайдаланушының веб-портал жұмысының тәртібін және пайдаланушылар нұсқаулықтарын тиісінше сақтамау салдары;
      электрондық цифрлық қолтаңба кілтін сақтау қағидаларын сақтамау, веб-порталда жұмыс істеуге жауапты адам ретінде тағайындалған пайдаланушының электрондық цифрлық қолтаңба кілтін тиісті өкілеттігі жоқ үшінші тұлғаларға беруі салдары.

3. Техникалық іркілістердің туындауы туралы ақпарат көздері

      5. Техникалық іркілістердің туындауы туралы ақпарат көздері болып мыналар:
      пайдаланушының хабарламасы;
      веб-порталдың жұмыс істеуіне мониторингті орындайтын оператор мамандарының хабарламасы;
      техникалық іркілістер байқалған Жүйе функционалының жұмыс қабілеті мен қолжетімділігін айқындау үшін пайдаланылатын веб-порталдың ақауларын мониторингтеу және айқындау бойынша бағдарламалық-ақпараттық құралдар;
      техникалық іркілістердің туындауы немесе туындау ықтималдығы туралы куәландыратын жазбалар тіркелетін Жүйенің жүйелік журналдары болып табылады.

4. Мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану кезінде
техникалық іркілістер туындаған жағдайда пайдаланушылардың,
оператордың және оператор мамандарының іс-әрекеті

      6. Техникалық іркіліс туындаған кезде мынадай іс-шаралар жүргізіледі:
      1) техникалық іркіліс анықталған күнді және уақытты Астана қаласының уақыты бойынша, сондай-ақ байланыс деректерін көрсете отырып және растаушы материалдары қоса бере отырып, веб-порталда көрсетілген электрондық почта арқылы бір сағаттан кешіктірмей байланыс орталығын хабардар етеді.
      Техникалық іркіліс туралы ақпаратты электрондық почта бойынша жіберу мүмкін болмаған жағдайда пайдаланушы телефон арқылы бір сағаттан кешіктірмей байланыс орталығын хабардар етеді.
      2) оператор маманы жүйе жұмысында немесе конфигурациясында стандартты жұмыс істеуге сәйкес келмейтін өзгерістерді тапқан жағдайда, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік сатып алу веб-порталында техникалық іркілістер туындауы туралы пайдаланушылардың өтініштерін есепке алу журналында (бұдан әрі – Есепке алу журналы) техникалық іркілістің туындаған күні мен уақытын тіркейді.
      Байланыс орталығы жүгіну тәсіліне байланысты жүйені пайдаланушылармен өзара іс-қимылды (телефон, электрондык почта, ресми хаттар, интернет-форум арқылы) қамтамасыз етеді:
      жұмыс күндері – 9.00-дан 19.00 сағатқа дейін жұмыс уақытында Астана қаласының уақыты бойынша;
      түскі ас уақытында – 13.00-тен 15.00 сағатқа дейін жұмыс уақытында Астана қаласының уақыты бойынша;
      сенбі күндері – 9.00-ден 17.00 сағатқа дейін жұмыс уақытында Астана қаласының уақыты бойынша;
      жексенбіде және мереке күндері – Иеленушінің қосымша ресми хаты бойынша.
      Бұл ретте осы Қағиалардың 2-тармағының 8) және 11) тармақшаларында көрсетілген іс-шараларға жұмсалатын уақытты қоспағанда, веб – портал пайдалану үшін тәулік бойы қол жетімді.
      7. Оператордың байланыс орталығы пайдаланушылардың және оператор мамандарының өтініштерін Есепке алу журналына Астана қаласының уақыты бойынша жұмыс уақытында отыз минут ішінде тіркейді.
      Егер техникалық іркіліс туралы пайдаланушының өтініші Астана қаласының уақыты бойынша түскі үзіліс кезінде электрондық почта бойынша түскен жағдайда, оператор хабарламаны түскі үзілістен кейін отыз минут ішінде тіркейді.
      Егер техникалық іркіліс туралы пайдаланушының өтініші Астана қаласының уақыты бойынша жұмыстан тыс уақытта электрондық почта бойынша түскен жағдайда, оператор хабарламаны келесі жұмыс күні тіркейді.
      Оператордың байланыс орталығы есепке алу журналын пайдаланушылардың өтініштерін есепке алу бойынша оператордың ақпараттық жүйесінде электрондық түрде жүргізеді.
      8. Өтініш тіркелгеннен кейін пайдаланушылардың өтініштерін есепке алу бойынша оператордың ақпараттық жүйесіндегі инциденттің бірегей сәйкестендіруші беріледі және бір сағат ішінде пайдаланушының электрондық почтасына жіберіледі.
      9. Техникалық іркіліс туралы ақпарат болған кезде оператор Астана қаласының уақыты бойынша жұмыс уақытының екі сағаты ішінде ұсынылған материалдарға (экран түсірілімдері мен өзге де ұсынылған электрондық құжаттарға) талдау жүргізеді, қажет болған жағдайда Жүйенің техникалық іркіліс фактісін растау немесе теріске шығару мақсатында техникалық іркіліске әкеп соғатын пайдаланушының әрекетін қайталайды (имитациялайды).
      10. Пайдаланушылардың сатып алуға қатысу мүмкіндігіне кедергі болатын техникалық іркілістерін қоспағанда, өтінімдерді немесе баға ұсыныстарын қабылдау мерзімі техникалық іркілісті растау немесе теріске шығару уақытында өтетін сатып алуды оператор ықтимал техникалық іркіліс фактісін растау немесе теріске шығару кезіне дейін ұзартады.
      11. Техникалық іркіліс теріске шығарылған кезде оператор отыз минут ішінде Жүйенің техникалық іркілістің теріске шығарылғандығы туралы фактілердің болуы расталғаннан кейін растайтын ақпаратпен қоса техникалық іркілістің теріске шығарылғаны туралы техникалық қолдауға жүгінген пайдаланушының электрондық почтасы, телефоны арқылы хабарлайды.

5. Мемлекеттік сатып алу веб-порталы жұмысының техникалық
іркілістері расталған жағдайда мемлекеттік сатып алу
веб-порталы жұмысының және оператор әрекетінің тәртібі

      12. Оператор техникалық іркілісті растаған кезде оның күрделілік деңгейі белгіленеді.
      13. Техникалық іркілістер Жүйенің бағдарламалық-аппараттық кешенінің жұмыс істеуіне және электронды түрде өткізілетін сатып алу рәсімдеріне ықпал ету дәрежесі бойынша мынадай күрделілік деңгейлерге бөлінеді:
      1) төмен – сатып алу рәсімдерін өткізуге және оларға қатысу мүмкіндіктеріне кедергі жасамайтын іркілістер;
      2) орташа – Жүйені пайдаланушылардың алдыңғы жұмыстарының нәтижесіздігіне әкеп соқтыруы мүмкін немесе әкеп соқтырған ақаулықтың ықпалына ұшыраған бір және (немесе) бірнеше қатысушылардың сатып алуға қатысу мүмкіндігінің болмауына әкелген іркілістер;
      3) жоғары – Жүйенің бір және (немесе) одан да көп модульдерінің тоқтауын немесе қол жетімсіздігін тудыратын іркілістер және (немесе) оқиғалар, бұл ретте веб-порталды пайдаланушылардың барлығында сатып алуға қатысу мүмкіндігі болмайды.
      14. Төмен күрделілік деңгейі бар техникалық іркілістер туындаған жағдайда, оператор:
      1) техникалық іркіліс расталған кезде отыз минут ішінде техникалық қолдауға жүгінген пайдаланушының электрондық почтасы, телефоны арқылы техникалық іркілістің күрделілік деңгейі, техникалық іркілісті жоюдың жоспарлы уақыты мен күні туралы хабарлайды.
      Мұндай ақпарат өзгерген жағдайда Жүйені пайдаланушыға қайта хабарлайды;
      2) дереу техникалық іркіліс себептерін жоюға кіріседі;
      3) техникалық іркіліс жойылғаннан кейін веб-порталдағы қатысушының тіркеу деректерінде көрсетілген электрондық почта, телефон арқылы, не техникалық қолдау үшін жүгінген пайдаланушының телефоны арқылы жұмыс жүргізудің аяқталғаны және техникалық іркілістің жойылғаны туралы қайта хабарлайды.
      Төмен күрделілік деңгейі бар техникалық іркіліс жойылған жағдайда сатып алуды тоқтата тұру және мерзімдерін ауыстыру жүргізілмейді.
      15. Орташа күрделілік деңгейі бар техникалық іркілістер туындаған жағдайда оператор мынадай іс-шараларды орындайды:
      1) дереу жазбаша, электрондық почта және телефон арқылы Жұмыс тобының мүшелерін туындаған техникалық іркіліс туралы хабардар етеді;
      2) техникалық іркіліс расталған сәттен бастап отыз минут ішінде веб-порталдың басты бетіне хабарландыру мен лоттардың нөмірін көрсете отырып, техникалық істен шығу, оның күрделілік деңгейі, оны жоюдың жоспарлы уақыты мен күні, сатып алуды ұзарту мерзімі туралы ақпаратты орналастырады.
      Мұндай ақпарат өзгерген жағдайда қайта ақпарат орналастырады;
      3) техникалық іркіліс расталған сәттен бастап бір сағат ішінде техникалық қолдау үшін жүгінген пайдаланушының, сондай-ақ техникалық іркіліс туындаған сатып алуға қатысқан барлық әлеуетті өнім берушілердің электрондық почтасы, телефоны арқылы техникалық іркіліс, оның күрделілік деңгейі, оны жоюдың жоспарлы уақыты мен күні, сатып алуды ұзарту мерзімі туралы хабарлайды.
      Осы ақпарат өзгерген жағдайда техникалық қолдау үшін жүгінген пайдаланушыға, сондай-ақ техникалық іркіліс туындаған сатып алуға қатысқан барлық әлеуетті өнім берушілерге қайта хабарлайды;
      4) аукцион тәсілімен сатып алуды қоспағанда, техникалық іркілісті жою үшін қажет уақытта туындаған техникалық іркілістегі конкурс немесе баға ұсыныстарын сұрату тәсілдерімен сатып алуға қатысуға өтінімдерді және (немесе) баға ұсыныстарын қабылдау рәсімдерінің уақытын техникалық іркіліс уақытына дереу ұзартады;
      5) техникалық іркіліс туындаған аукцион тәсілімен сатып алу бойынша аукционның екінші раундын оны жою фактісі расталғаннан кейін келесі жұмыс күніне ауыстырады.
      Жүйе аукцион өткізу нәтижелері туралы хаттаманы автоматты түрде қалыптастырған жағдайда мұндай хаттама мен берілген өтінімдер жойылады;
      6) өтінімдерді немесе баға ұсыныстарын қабылдау мерзімінен асып кететін техникалық іркілісі бар сатып алу бойынша өтінімдерді немесе баға ұсыныстарын қабылдауды аяқтау мерзімін келесі жұмыс күніне ұзартады;
      7) сатып алу бойынша, сондай-ақ осыған ұқсас техникалық іркіліс анықталған жағдайда басқа сатып алу бойынша техникалық іркілісті жоюға кіріседі;
      8) техникалық қолдау үшін жүгінген пайдаланушының, техникалық іркіліс туындаған сатып алуға қатысқан барлық әлеуетті өнім берушілердің электрондық почтасы, телефоны арқылы техникалық іркілістің жойылғаны, нақты жою күні мен уақыты туралы қайта хабарлайды, сондай-ақ веб-порталдың басты бетінде хабарландырулар мен лоттардың нөмірлері көрсетіле отырып, жаңа өткізу мерзімдері көрсетіліп сатып алуды ұзарту фактісі туралы ақпаратты орналастырады;
      9) иеленушіге, Жұмыс тобы мүшелеріне техникалық іркілістің туындау себебі мен жою бойынша орындалған іс-шаралар, жою нәтижесі, жаңа өткізу мерзімдері көрсетіліп сатып алуды ұзарту фактісі, техникалық іркіліске жол бермеу жөніндегі ұсыныстар туралы жазбаша хабарлайды.
      16. Жоғары күрделілік деңгейі бар техникалық іркілістер туындаған жағдайда оператор мынадай іс-шараларды орындайды:
      1) Жұмыс тобын туындаған техникалық іркіліс жазбаша, электрондық почта, телефон арқылы дереу хабардар етеді;
      2) техникалық іркіліс расталған сәттен бастап техникалық іркілісті жою үшін қажетті өтінімдерді немесе баға ұсыныстарын қабылдау мерзімдері Жүйенің тиісті модуліндегі техникалық іркіліс пен уақыты қатар келген барлық сатып алуды ұзартады;
      3) техникалық іркіліс расталған сәттен бастап отыз минут ішінде веб-порталдың басты бетіне техникалық іркіліс, оның күрделілік деңгейі, оны жоюдың жоспарлы уақыты мен күні туралы ақпаратты орналастыру жолымен пайдаланушыларды хабарландырады.
      Мұндай ақпарат өзгерген жағдайда Жүйені пайдаланушыларға ақпаратты қайта хабарлайды;
      4) аукцион тәсілімен сатып алуды қоспағанда, конкурс немесе баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуға қатысуға өтінімдерді және (немесе) баға ұсыныстарын қабылдау мерзімі ішінара сәйкес келген кезде техникалық іркілісті жою үшін қажет уақытта өтінімдерді және (немесе) баға ұсыныстарын қабылдау рәсімдерінің уақытын ұзартады;
      5) техникалық іркіліс уақыты және аукционда баға ұсыныстарын қабылдау уақыты ішінара немесе толық сәйкес келген кезде оны жою фактісі расталғаннан кейін аукционның екінші раундысын келесі жұмыс күніне ұзартады.
      Жүйемен аукционды өткізу нәтижелері туралы хаттама автоматты түрде қалыптастырылған жағдайда мұндай хаттама және берілген өтінімдер күшін жояды;
      6) өтінімдерді немесе баға ұсыныстарын қабылдау мерзімінен асатын техникалық іркіліс болған жағдайда, мұндай сатып алулар бойынша өтінімдерді немесе баға ұсыныстарын қабылдау мерзімін ұзартады.
      Қазақстан Республикасының белгілі бір аумағында соның салдарынан пайдаланушылардың негізгі бөлігінің веб-порталда жұмыс істеу мүмкіндігі болмаған ұзақтығы бір күннен асатын интернет желісіне кепілдендірілген қол жетімділіктің болмауы туралы расталған ақпарат түскен кезде оператор веб-порталда жүзеге асырылатын барлық сатып алуды бір жұмыс күніне ұзартады.
      Еңсерілмес күш жағдаяттары кезінде оператор осындай жағдаяттардың әсер етуінің және тоқталуының болжамды мерзімі туралы иеленушіні және веб-порталдың пайдаланушыларға дереу хабарлайды. Мұндай жағдайларда сатып алу мерзімін ұзарту туралы шешім иеленушімен келісім бойынша қабылданады;
      7) техникалық іркілісті жоюға кіріседі;
      8) веб-порталдың басты бетінде хабарландырулар мен лоттардың нөмірлері көрсетіліп, техникалық іркілістің нақты жойылған күні мен уақыты, сатып алуды ұзарту фактісі туралы ақпаратты орналастыра отырып, техникалық іркілістің жойылғаны туралы пайдаланушыларды қайта хабарландырады;
      9) иемденушіге, Жұмыс тобы мүшелеріне техникалық іркіліс, туындау себебі және жою бойынша орындалған іс-шаралар, жою нәтижесі, техникалық іркілісті болдырмау жөнінде ұсыныстарды көрсете отырып, сатып алуды ұзарту фактісі туралы жазбаша бір жұмыс күні ішінде хабарлайды.
      17. Егер сатып алуға қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушіде туындаған техникалық іркіліс салдарынан қорытындылар хаттамасы қалыптастырылған сатып алуға баға ұсынысын беру мүмкіндігі болмаған жағдайда, оператор мынадай іс-шараларды орындайды:
      бір жұмыс күні ішінде техникалық іркіліс күрделілік деңгейі расталған кезде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша соның салдарынан баға ұсынысын беруге техникалық мүмкіндігі болмаған мемлекеттік сатып алу веб-порталының іркілісі туралы акті (бұдан әрі - Акті) жасайды;
      екі жұмыс күні ішінде веб-порталдың басты бетіне техникалық іркіліс, сатып алу, лот нөмірлері көрсетіле отырып, оның түрі, сканерленген Актіге сілтемемен баға ұсынысын беру мүмкіндігі болмаған өнім берушілер туралы ақпаратты орналастырады.
      18. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы веб-порталдың басты бетінде орналастырылған сканерленген Акті негізінде әлеуетті өнім берушіге веб-порталдың басты бетінде Акті орналастырылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде енгізілген сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қайтаруды жүзеге асырады.
      19. Егер техникалық іркіліс операторға байланысты себептерден туындаса, және соның салдарынан әлеуетті өнім берушінің сатып алуға қатысуға өтінімді өзі қамтамасыз етуін жоғалтса, онда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушінің сатып алуға қатысуға өтінімін қамтамасыз ету сомасын тиісті бюджеттің, дауыс берілетін акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлесі) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорын мен заңды тұлғаның, немесе солармен аффилиирленген заңды тұлғалардың кірісіне есепке жатқызу күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде операторға осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алуға қатысуға өтінімін қамтамасыз етудің тиісті бюджеттің кірісіне қайтарылуы туралы ақпаратты қоса хат жібереді.
      Бұл ретте жеңімпаз айқындалған қорытындылардың қалыптастырылған хаттамалары және қол қойылған өтінімдер сатып алудың барлық қатысушыларын жазбаша хабардар ете отырып жойылады.
      20. Оператор тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушінің сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қайтарылуы туралы ақпарат қоса берілген хатты ұсынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оператордың қаржылық қаражаты есебінен әлеуетті өнім берушіге ол енгізген сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қайтаруды жүзеге асырады және сол күні әлеуетті өнім берушіні веб-порталға қатысушының тіркеу деректерінде көрсетілген электрондық почта, телефон арқылы сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қайтарылғаны туралы хабардар етеді.
      21. Веб-порталды пайдаланушылардың іс-әрекетінде қылмыстық және (немесе) әкімшілік құқық бұзушылықтардың белгілері анықталған жағдайда оператор иеленушіге, сондай-ақ құқық қорғау органдарына немесе қылмыстық және (немесе) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген органдарға ақпарат жібереді.
      22. Жүйенің жұмыс істеуінде оператордың өз күшімен жоюы мүмкін емес іркілістер болған жағдайда оператор иеленушінің келісімімен бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз ету бойынша тиісті жоғары білікті мамандарды тартады.

6. Оператордың жоспарлы-профилактикалық жұмыстарды жүргізуі
кезінде мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмыс тәртібі

      23. Жүйеде техникалық және профилактикалық жұмыстарды жүргізу ағымдағы жылдың бірінші айының бірінші декадасында бекітілген және веб-порталда жарияланған Жүйеде техникалық және профилактикалық жұмыстар жүргізу бойынша жұмыс жоспары негізінде жүзеге асырылады.
      24. Жүйенің техникалық және профилактикалық жұмыстары жүргізілген жағдайда оператор техникалық және профилактикалық жұмыстар өткізілгенге дейін екі күнтізбелік күн бұрын Жүйені пайдаланушыларға хабарлайды. Бұл ретте, күні аталған кезеңге тұс келетін сатып алу бойынша өтінімдерді қабылдауды аяқтау, ашу рәсімдерінің, жіберу және қорытындылар шығару мерзімдері техникалық және профилактикалық жұмыстар болған уақытқа ауыстырылатын болады.

7. Техникалық іркіліс туындаған жағдайдағы веб-портал
жұмысының мәселелері бойынша оператордың
Жұмыс тобымен өзара іс-қимыл тәртібі

      25. Техникалық іркілістің туындағаны туралы ақпарат түскен кезде оператор орта және жоғары күрделілік деңгейі бар техникалық іркілісті растау мақсатында жазбаша, электрондық почта, телефон арқылы иеленушінің ақпараттандыру, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне жауапты құрылымдық бөлімшесін, Жұмыс тобы мүшелерін туындаған техникалық іркіліс туралы хабардар етеді.
      Жұмыс тобының ақпараттық қауіпсіздік мәселесіне жауапты мүшелері техникалық іркілісті растау/теріске шығару процесіне тікелей қатысады.
      26. Оператор күнделікті алдыңғы күннің техникалық іркілістеріне талдау жүргізеді және оларды барынша тез жоюды қамтамасыз етеді.
      27. Оператор тоқсан сайын шарттық қатынас шеңберінде Жұмыс тобына:
      оператордың басшылығы және бөлімнің жауапты тұлғалары қол қойған Есепке алу журналынан үзінді көшірмені;
      техникалық іркілістер туындау себептері, жою бойынша орындалған іс-шаралар, жою нәтижелері, техникалық іркіліске жол бермеу жөніндегі ұсыныстар туралы ақпаратты;
      өтінімнің орындалуын қамтамасыз ету сомаларын көрсете отырып, сатып алуға қатысуға өтінімнің орындалуын қамтамасыз етуді әлеуеттік өнім берушінің жоғалтуына ықпал еткен қол қойылған техникалық іркіліс туралы актілердің көшірмелерін береді.
      28. Жұмыс тобы ұсынылған ақпаратты қарайды және мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті органның басшылығына техникалық іркілістерді жою және оларға жол бермеу бойынша ұсыным жібереді, оператордың немесе басқа тұлғаның кінәсінен Жүйеде туындаған техникалық іркілістер үшін тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімпұл) сомасын есептейді.
      29. Жұмыс тобы тоқсан сайындық негізде басшылықты жүргізілетін жұмыс нәтижелері туралы хабардар етеді.
      30. Иеленушіге жеке және заңды тұлғалардан мемлекеттік сатып алуға қатысу барысында туындаған Жүйенің техникалық іркілістері туралы жазбаша өтініштері түскен жағдайда, Жұмыс тобы басшысының қолымен операторға қарауға түскен өтініштің көшірмесімен қоса хат жіберіледі.
      31. Оператор екі жұмыс күні ішінде туындаған техникалық іркілістің басымдығын (егер ондай болған жағдайда), туындау себептерін және техникалық іркіліс фактісі расталған жағдайда жою мерзімдерін жіктей отырып, туындаған инцидент туралы ақпарат береді.

8. Жауапкершілік

      32. Оператор жүйе иеленушімен шарттық қатынастар шеңберінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жауапкершілікте болады.

Мемлекеттік сатып алу веб-порталының  
жұмысында техникалық іркілістер туындаған
жағдайда мемлекеттік сатып алу    
веб-порталының жұмыс істеу қағидаларына
1-қосымша                

Мемлекеттік сатып алу веб-порталының туындаған техникалық
іркілістер туралы пайдаланушылардың өтініштерін есепке
алу журналы

р/с №

Жүгінген ұйымның атауы

БСН, ЖСН

Өтініш күні мен уақыты

Пайдаланушы жүгінген байланыс деректері

Техникалық іркілістің сипаттамасы

Өтінім қабылдаған қызметкердің Т.А.Ж

Расталды/расталмады

Растаудың/растамаудың күні мен уақыты

Қабылданған шешім

Оператор қолданған шаралар

Техникалық іркілісті жою күні мен уақыты

Техникалық іркілістің туындау себептері

Күрделілік деңгейі

Техникалық іркілістің түрі

Бұдан былай техникалық іркіліске жол бермеу жөніндегі ұсыным

































Оператордың басшысы               (қолы)                 аты-жөні
Техникалық әкімшілендіру
бөлімінің жауапты тұлғасы         (қолы)                 аты-жөні

Мемлекеттік сатып алу веб-порталының
жұмысында техникалық іркіліс туындаған
жағдайда мемлекеттік сатып алу   
веб-порталының жұмыс істеу қағидаларына
2-қосымша            

      Салдарынан баға ұсынысын беруге техникалық мүмкіндігі
  болмаған мемлекеттік сатып алу веб-порталының іркілісі туралы
                         №____ акті

      20__ж.«___» ______________                      Астана қ.

      Осы актімен __________________________________________________
электрондық мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор
20__ж. «__» _______ сағат __:___-ден 20__ ж. «__» _______ сағат
__:___ аралығындағы кезеңде «Электрондық мемлекеттік сатып алу»
автоматтандырылған интеграцияланған ақпараттық жүйесінің
(www.goszakup.gov.kz)__________________ аппараттық-бағдарламалық
қамтамасыз етуі модулінде №______ лоты (лоттары) № _______ сатып алу
бойынша техникалық іркіліс фактісін растайды.
      Техникалық іркіліс түрі операторға байланысты/операторға тәуелсіз                            (қажетін сызыңыз)

      Техникалық іркіліс күрделілігінің деңгейі (төмен, орташа,
жоғары)

      Техникалық істен шығу__________________________________________
_____________________________________________________________________
себебінен болды.
      Осыған байланысты №______ лоты (лоттары) № _______ сатып алуға
қатысқан _______________ (БСН/ЖСН _______________) әлеуетті өнім
берушіде (өнім берушілерде) баға ұсынысын берудің теникалық
мүмкіндігі болмады.

Электрондық мемлекеттік       (қолы)  _____________ аты-жөні
сатып алу саласындағы
бірыңғай оператордың басшысы

                              М.О.

Мемлекеттік сатып алу веб-порталының
жұмысында техникалық іркіліс туындаған
жағдайда мемлекеттік сатып алу   
веб-порталының жұмыс істеу қағидаларына
3-қосымша            

Сатып алуға қатысуға өтінімді
қамтамасыз етудің тиісті бюджет кірісіне
қайтарылуы туралы ақпарат

      Ұйымдастырушы (БСН) ___________________________________________
«Операторға байланысты» техникалық іркіліс түрі көрсетілген
салдарынан баға ұсынысын беруге техникалық мүмкіндігі болмаған
мемлекеттік сатып алу веб-порталының істен шығуы туралы 20__ж. «___»
_________№ _____ актісі негізінде____________________________________
(БСН) _____________ әлеуетті өнім беруші № ____ лот № _____ сатып
алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету сомасы
_______________________________(жазумен)__________ теңге мөлшерінде
_____________________________________________________________________
республикалық бюджет, жергілікті бюджет, дауыс берілетін акцияларының
(жарғылық капиталдағы қатысу үлесі) елу және одан да көп пайызы
мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорын мен заңды тұлғаның,
немесе солармен аффилиирленген заңды тұлғалардың кірісіне есепке
жазылды.
      ________________________________________________________.
                        (қажетін сызыңыз)
      Өнім берушінің деректері:
      Бенефициар:
      БСН:
      Бенефициар банкі:
      ЖСК:
      БСК:

Тапсырыс берушінің басшысы    (қолы)   _____________аты-жөні