Қазақстан Республикасы салық қызметі органдарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 163 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2014 жылы 30 сәуірде № 9367 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 298 бұйрығымен

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 2014 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі. 

      «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-1-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2014 жылғы 1 сәуірге дейін тағайындалған әлеуметтік төлемдерді алушы болып табылатын адамдарға еңбек ету қабілетінен айырылған және асыраушысынан айырылған жағдайларда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін 2014 жылғы 1 сәуірден бастап алатын әлеуметтік төлемдер мөлшерінің 4,59 пайызына арттыру жүргізілсін.
      2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов