Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Ерікті зейнетақы жарналарын тарту, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларын ерікті және мәжбүрлеп таратуын жүргізу, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 26 ақпандағы № 27 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 12 сәуірде № 9323 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 38 қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 38 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 10 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Ерікті зейнетақы жарналарын тарту, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларын ерікті және мәжбүрлеп таратуын жүргізу, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерді беру құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензияны ерікті қайтару қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 27 тамыздағы № 216 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8810 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2013 жылғы 6 желтоқсанда № 184 (2382) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ерікті зейнетақы жарналарын тарту, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларын ерікті және мәжбүрлеп таратуын жүргізу, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерді беру құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензияны ерікті қайтару, және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензияның және бағалы қағаздар нарығында қызметтің басқа түрлерін жүзеге асыруға берілген лицензияның негізінде жүзеге асыратын қызметі бойынша міндеттемелердің және қолданыстағы шарттарының жоқ екендігін растайтын құжаттардың тізбесін белгілеу қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Ерікті зейнетақы жарналарын тарту, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларын ерікті және мәжбүрлеп таратуын жүргізу, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерді беру құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензияны ерікті қайтару және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензияның және бағалы қағаздар нарығында қызметтің басқа түрлерін жүзеге асыруға берілген лицензияның негізінде жүзеге асыратын қызметі бойынша міндеттемелердің және қолданыстағы шарттарының жоқ екендігін растайтын құжаттардың тізбесін белгілеу қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ерікті зейнетақы жарналарын тарту, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларын ерікті және мәжбүрлеп таратуын жүргізу, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерді беру құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензияны ерікті қайтару қағидаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ерікті зейнетақы жарналарын тарту, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларын ерікті және мәжбүрлеп таратуын жүргізу, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерді беру құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензияны ерікті қайтару, және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензияның және бағалы қағаздар нарығында қызметтің басқа түрлерін жүзеге асыруға берілген лицензияның негізінде жүзеге асыратын қызметі бойынша міндеттемелердің және қолданыстағы шарттарының жоқ екендігін растайтын құжаттардың тізбесін белгілеу қағидалары";

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Ерікті зейнетақы жарналарын тарту, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларын ерікті және мәжбүрлеп таратуын жүргізу, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерді беру құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензияны ерікті қайтару және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензияның және бағалы қағаздар нарығында қызметтің басқа түрлерін жүзеге асыруға берілген лицензияның негізінде жүзеге асыратын қызметі бойынша міндеттемелердің және қолданыстағы шарттарының жоқ екендігін растайтын құжаттардың тізбесін белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензияны ерікті қайтару немесе одан айырылу, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларын ерікті және мәжбүрлеп тарату кезінде ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензияны ерікті қайтару, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларын ерікті және мәжбүрлеп тарату, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерді беру тәртібін белгілейді және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензияның және бағалы қағаздар нарығында қызметтің басқа түрлерін жүзеге асыруға берілген лицензияның негізінде жүзеге асыратын қызметі бойынша міндеттемелердің және қолданыстағы шарттарының жоқ екендігін растайтын құжаттардың тізбесін белгілейді.";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі - Қор) акционерлердің жалпы жиналысы шешімінің негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – уәкілетті орган) ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензияны ерікті қайтаруға өтінішпен (бұдан әрі - өтініш) өтініш жасайды.

      Қор ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензияны ерікті қайтару туралы Қор акционерлерінің жалпы жиналысы шешім қабылдаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті органға хабарлайды.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Қордың бірінші басшысы қол қойған, Қордың мөрімен расталған және Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалған өтінішхатпен бірге мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) акционерлердің жалпы жиналысының Қорды ерікті тарату туралы шешімі;

      2) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта көзделген міндеттемелерінің жоқ екендігін растайтын құжат;

      3) Қордың, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан банкінің, Қордың кастодиан банкінің бірінші басшысы және Қордың инвестициялық портфелін басқарушы (ол бар болса) немесе олардың орындарындағы адамдар қол қойған және аталған ұйымдардың мөрлерімен расталған, ерікті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша Қордың зейнетақы активтерін және міндеттемелерін қабылдау-өткізу актісі;

      4) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта көзделген міндеттемелердің жоқ екендігін куәландыратын бухгалтерлік баланс және оған түсіндірме жазба.

      Қордың бухгалтерлік балансына түсіндірме жазбада кредиторлық берешек сомаларын және олардың пайда болу негіздемелерін көрсете отырып, Қордың кредиторлары (олар бар болса) туралы ақпарат.

      Бухгалтерлік баланс және оған түсіндірме жазба өтінішхат жіберілген күннің алдындағы күнге жасалады.

      5) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында міндеттемелердің және ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензияның негізінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша қолданыстағы шарттардың және бағалы қағаздар нарығында қызметтің басқа түрлерін жүзеге асыруға лицензияның жоқ екендігін растайтын құжаттар:

      ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының қызметтің тиісті түрлері бойынша міндеттемелердің жоқ екендігі туралы, сондай-ақ қызметтің көрсетілген түрлері бойынша қолданыстағы шарттардың жоқ екендігі туралы хаты;

      "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ-ның орталық депозитарийді есепке алу жүйесіндегі жеке шотты және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының жеке шотындағы барлық қосалқы шоттарды жабу және депозитарлық қызмет көрсету шартын, ағымдағы шот шартын және факсимильді хабарлар түріндегі операциялық құжаттарды қабылдау және беру туралы шартты бұзу жөніндегі хаты;

      "Қазақстан қор биржасы" АҚ-ның "Қазақстан қор биржасы" АҚ алдында берешегінің жоқ екендігі туралы хаты.";

  1-қосымшаныңоң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ерікті зейнетақы жарналарын тарту, ерікті
жинақтаушы зейнетақы қорларын ерікті және
мәжбүрлеп таратуын жүргізу, сондай-ақ ерікті
зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен
қамсыздандыру туралы шарттар бойынша
зейнетақы активтері мен міндеттемелерді беру
құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға
берілген лицензияны ерікті қайтару
және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында
міндеттемелердің және ерікті зейнетақы
жарналарын тарту құқығымен инвестициялық
портфельді басқаруға берілген лицензияның
негізінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша
қолданыстағы шарттардың және бағалы қағаздар
нарығында қызметтің басқа түрлерін жүзеге
асыруға лицензияның жоқ екендігін растайтын
құжаттар тізбесін белгілеу қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің
Төрағасына";
2-қосымшаныңоң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ерікті зейнетақы жарналарын тарту, ерікті
жинақтаушы зейнетақы қорларын ерікті және
мәжбүрлеп таратуын жүргізу, сондай-ақ ерікті
зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен
қамсыздандыру туралы шарттар бойынша
зейнетақы активтері мен міндеттемелерді беру
құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға
берілген лицензияны ерікті қайтару
және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында
міндеттемелердің және ерікті зейнетақы жарналарын
тарту құқығымен инвестициялық портфельді
басқаруға берілген лицензияның негізінде жүзеге
асырылатын қызмет бойынша қолданыстағы шарттардың
және бағалы қағаздар нарығында қызметтің басқа
түрлерін жүзеге асыруға лицензияның жоқ екендігін
растайтын құжаттар тізбесін белгілеу қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің
Төрағасына";
3-қосымшаныңоң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ерікті зейнетақы жарналарын тарту, ерікті
жинақтаушы зейнетақы қорларын ерікті және
мәжбүрлеп таратуын жүргізу, сондай-ақ ерікті
зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен
қамсыздандыру туралы шарттар бойынша
зейнетақы активтері мен міндеттемелерді беру
құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға
берілген лицензияны ерікті қайтару
және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында
міндеттемелердің және ерікті зейнетақы жарналарын
тарту құқығымен инвестициялық портфельді
басқаруға берілген лицензияның негізінде жүзеге
асырылатын қызмет бойынша қолданыстағы шарттардың
және бағалы қағаздар нарығында қызметтің басқа
түрлерін жүзеге асыруға лицензияның жоқ екендігін
растайтын құжаттар тізбесін белгілеу қағидаларына
3-қосымша".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк

      Төрағасы Қ. Келімбетов