"Бюджет түсімдерін бюджеттер деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 22 сәуірдегі № 111 бұ

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 68 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 31 наурызда № 9285 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 404 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 18.09.2014 № 404 бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Бюджет түсімдерін бюджеттер деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 22 сәуірдегі № 111 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8459 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджет түсімдерін бюджеттер деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесінде:
      2 «Салықтық емес түсiмдер» санатында:
      01 «Мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер» сыныбында:
      7 «Мемлекеттік бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар» кіші сыныбында:

      мына:
      «

Жергілікті бюджеттен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар

2

01

7

17



100

100





                                                           »

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «

Жергілікті бюджеттен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар

2

01

7

17



100

100

100



                                                                »;

      04 «Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар» сыныбында:
      1 «Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар» кіші сыныбында:
      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «

Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын оның аумақтық органдары салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

2

04

1

55

100









                                                           »;

      4 «Трансферттердің түсімдері» санатында:
      01 «Төмен тұрған мемлекеттiк басқару органдарынан алынатын трансферттер» сыныбында:
      1 «Облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен алынатын трансферттер» кіші сыныбында:
      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      «

Астана қаласының бюджетiнен алынатын бюджеттік алу

4

01

1

07

100





                                                                ».

      2. Бюджеттік жоспарлау және болжамдау департаменті (Ж.Т. Тоқабекова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн және оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Министр                                               Е. Досаев