"Концессия объектісінің, концессиялық жобаның құнын және концессионер қызметін мемлекеттік қолдаудың жиынтық құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 23 ақпандағы № 24 бұйры

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 4 ақпандағы № 36 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 05 наурызда № 9190 тіркелді

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2013 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1778 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 7, 165-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2013 жылға арналған жоспарында
      мына:

      «

46-3

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы азаматтарының және тұруға ықтиярхаты бар адамдардың кірістерін және мүлкін декларациялауы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қаржымині

Мамыр

Қазан

Желтоқсан

Р.Е. Дәленов

46-4

Ең төменгі әлеуметтік стандарттар мен кепілдіктер туралы

ЭБЖМ

Шілде

Қазан

Желтоқсан

М.Е. Әбілқасымова

      деген жолдар алынып тасталсын;
      реттік нөмірлері 53-1 және 53-2 жолдар алынып тасталсын;
      2) «Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2013 жылға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 238 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2013 жылға арналған іс-шаралар жоспарында:
      реттік нөмірі 25-жол алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов