Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейіндік инспекцияларының ережелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2014 жылғы 27 қаңтардағы № 18-ө бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 06 ақпанда № 9134 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 15 қазандағы № 19-5/530 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2014.10.15 № 19-5/530 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және 29-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 1413 қаулысының 1-тармағы, 5) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берілген:
      1) «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;
      2) «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;
      3) «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;
      4) «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;
      5) «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;
      6) «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;
      7) «Қазакстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;
      8) «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Шу-Талас бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Су ресурстары комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауына жіберуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын;
      4) Қазақстан Республикасы Әділет органдарында Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі тиісті бассейндік инспекцияларының қайта тіркеуін қамтамасыз етсін;
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Н. Қаппаров

Қазақстан Республикаcы     
Қоршаған орта және су ресурстары
министрінің 2014 жылғы 27 қаңтардағы
№ 18-Ө бұйрығымен бекітілген 

«Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары
министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын
пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария
бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі
туралы ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер

      1. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - инспекция) су қорын пайдалануды реттеу және қорғау саласын іске асыру және бақылау функцияларын атқаратын Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Су ресурстары комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық органы болып табылады.
      Инспекцияның Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында бөлімдері бар.
      2. Инспекция өз құзіреті шегінде су қорын пайдалануды реттеу және қорғау саласын іске асыру және бақылау функцияларын бекітілген аумақтың шегінде жүргізеді.
      3. Инспекция өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Yкiметінiң актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. Инспекция мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы Комитетке ведомстволық бағынышты заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртанбандары, белгіленген белгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында есепшоттары болады.
      Инспекция азаматтық құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      Егер инспекция заңнамаға сәйкес мемлекеттің атынан уәкілеттенсе, ол мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
      5. Инспекцияның құрылымы мен штаттық кестесін Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрімен келісу арқылы Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Жауапты хатшысы бекітеді.
      6. Инспекцияның толық атауы – «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      Инспекцияның заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, индекс 120008, Қызылорда қаласы, Амангелді көшесі 107 үй.
      7. Осы Ереже инспекцияның құрылтай құжаты болып табылады.
      8. Инспекция қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.
      Инспекция өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектілерiмен шарттық қатынастарға түсуге тиым салынады.
      Егер заңнамалық актілермен инспекцияға кiрiстер әкелетін қызметтi жүзеге acыpу құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджет кiрiсiне жiберiледi.

2. Инспекцияның негізгі функциялары мен қызметтері

      9. Міндеті: халықтың және экономика салаларының тұтынушылықтарын қамтамасыз ету үшін су қорын пайдалануды реттеу, суды пайдаланудың экологиялық қауіпсіз және экономикалық оңтайлы деңгейін ұстау және қол жеткізу.
      Функциялары:
      1) бассейндік принцип негізінде гидрографиялық бассейннің су ресурстарын кешенді басқару;
      2) мағыналы, адал және экологиялық орнықты суды пайдаланудың оң экономикалық әсеріне қол жеткізу мақсатында су ресурстарын пайдалану бойынша су қатынастары субъектілерінің қызметін үйлестіру;
      3) су нысандарын қалпына келтіру және қорғау туралы бассейндік келісімдерді дайындау және іске асыру;
      4) бассейндер бойынша су нысандарының мемлекеттік мониторингі мен мемлекеттік су кадастрын, мемлекеттік есебін жүргізу;
      5) заңнамамен белгіленген тәртіпте арнайы суды пайдалануға рұқсатты беру және тоқтату;
      6) келіседі:
      тиісті бассейннің су нысандарын тиімді пайдалану бойынша тиісті бассейнге жататын облыстардың жергілікті атқарушы органдарының жоспарларын;
      кәсіпорындардың және су жағдайына әсер ететін басқада құрылыстарды салу орындарын анықтау бойынша ұсыныстарды;
      кәсіпорындардың және су жағдайына әсер ететін басқа да құрылыстарды салу және қайта жаңарту жобалары, жоба алдындағы құжаттамаларды;
      кұрылыс, түбін тереңдету, пайдалы қазбаларды, су өсімдіктерін өндіру бойынша жарылыс жұмыстары, кабелдерді, құбырөткізгіштерді және басқада коммуникацияларды өткізу, орманды кесу, сондай-ақ бұрғылау, ауыл шаруашылығы және су нысандарында, суды қорғау аймақтары мен белдеулерінде басқа да жұмыстарды өткізу туралы құжаттарын;
      су нысандары жағдайын сақтау, жақсарту бойынша суды пайдаланушылардың іс-шаралар жоспарын;
      су нысандары мен су шаруашылығы құрылыстары және балық қорларын өндіру жағдайын жақсартуды қамтамасыз ететін балық өсіру және мелиоративтік-техникалық іс-шараларды;
      бекітіп берілуі бойынша конкурсқа қойылатын жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін;
      су нысандарын оқшау және бірлесіп пайдалануға беру туралы ұсыныстарды және ондағы суды пайдалану шарттарын.
      7) су жағдайына әсер ететін өндірістік, ауыл шаруашылығы және тұрғын үй-азаматтық тағайындаудағы нысандарды пайдалану бойынша мемлекеттік комиссия жұмысына, сондай-ақ табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың келуі нәтижесінде туындаған салдарды жою бойынша жұмыстарға қатысады;
      8) тиісті бассейндер бойынша суды пайдаланушылар бөліндісінде суды пайдалану лимиттерін анықтайды;
      9) арнайы суды пайдалануға рұқсат беруге өтініште көрсетілген мәліметті анықтайды;
      10) оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануда су нысандарын беру бойынша конкурсты ұйымдастыруға және өткізуге қатысады;
      11) жер асты су қорларын бекітуге қатысады;
      12) су нысандары мен су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану ережелерін, тиісті бассейннің суларын кешенді пайдалану және қорғау сұлбасын келіседі;
      13) тиісті бассейн бойынша су шаруашылығы баланстарын әзірлеуге қатысады;
      14) су жағдайы мен сапасын жақсарту бойынша қабылданған шаралар туралы, су қорын тиімді пайдалану және қорғау жөнінде өткізілген жұмыстар туралы халыққа ақпарат беру;
      15) тиісті бассейнге жататын облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен және басқада мүдделі мемлекеттік органдармен сумен қамту және су тарту, су қорын пайдалану және қорғау мәселелері бойынша өзара қарым-қатынас жасайды;
      16) су қорын тиімді пайдалану және қорғау ісінде халықты ақпараттандыру және тәрбиелеу бойынша жұмыстарды жүргізеді;
      17) арнайы суды пайдалану құқығын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалармен суды алу немесе бұру бойынша құрылыстарда немесе қондырғыларда орнатылатын суды есептеу құралдарына пломба қояды және тіркейді;
      18) салық органдарына бергенге дейін жер үсті көздерінен су ресурстарын пайдалануға төлем бойынша салық есептерін куәландыруды жүзеге асырады;
      19) бассейндік кеңес жұмысын, бассейннің аумағында су қорын пайдалану және қорғау мәселелері бойынша бассейндік кеңес мүшелерімен кеңес беруді ұйымдастырады, бассейндік кеңеспен дайындалған ұсыныстарды талдайды, оларды іске асыру бойынша шараларды жүзеге асырады, суды пайдаланушылар мен мүдделі мемлекеттік органдарға бассейндік кеңестің ұсыныстарын жеткізеді.
      20) облысаралық және өңіраралық су нысандары бойынша су алу және суды бөлу жоспарларын әзірлейді.
      10. Міндеті: су қорын пайдалану және қорғау саласында мемлекеттік бақылау өткізуді ұйымдастырады.
      Функциялары:
      1) Қазақстан Республикасының су заңнамаларын жеке және заңды тұлғалармен сақтауын, су қорын пайдалану және қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      2) салааралық және облысаралық маңызы бар ірі су қоймаларын, бірлесіп пайдаланудағы су қоймаларының жұмыс режиміне бақылауды жүзеге асырады;
      3) оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға берілген су нысандарын пайдалануда белгіленген су сервитуттарын жеке және заңды тұлғалармен сақтауына бақылауды жүзеге асырады;
      4) облысаралық және өңіраралық су нысандары бойынша суды алуды және суды бөлуді сақтауға бақылау жасайды;
      5) су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекараларын сақтауға, олардағы шаруашылық қызметінің белгіленген режимін және ерекше қорғалатын су нысандарына бақылауды жүзеге асырады;
      6) су нысандары бойынша суды тұтыну және суды бұру лимиттерін, белгіленген нормалар мен ережелерді, сондай-ақ суды пайдалану режимін сақтауға бақылауды жүзеге асырады;
      7) су шаруашылығы жүйелері мен су қоймалары, су тоған құрылыстарын пайдалану ережелерін сақтауға бақылауды жүзеге асырады;
      8) су нысандарынан алынатын және оларға тасталатын су көлеміне алғашқы есепті жүргізу анықтылығына, су бұру және тұтыну есебі үшін жабдықтар мен аппаратураларды мемлекеттік аттестациядан өту мерзімдерін сақтауға және жарамдылық жағдайын бақылауды, суды пайдаланушылармен есеп берудің белгіленген мерзімдерін сақтауды жүзеге асырады;
      9) арнайы суды пайдалануға белгіленген талаптары мен шарттарын жеке және заңды тұлғалармен орындауға, сондай-ақ суға зиян әсер етуге қарсы күрес бойынша іс-шаралардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады (су тасу, су басу, су тасқыны, жағалауды бұзу және басқада зиян құбылыстар);
      10) су нысандарын оқшау және бірлесіп пайдалануға беру тәртібінде Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамаларын сақтауға бақылауды жүзеге асырады;
      11) су нысандарын пайдалану және қорғау жағынан жер асты және жер үсті суларына мемлекеттік есепті жүзеге асыру және су нысандарының мемлекеттік мониторингін жүргізу тәртібінде Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамаларын сақтауға бақылауды жүзеге асырады;
      12) белгіленген тәртіпте бекітілген жобалау құжаттамасының болуына және су нысандарын пайдалану және қорғаумен, оларды салуға, қайта жаңартуға, суды қорғау аймақтары және белдеулерімен байланысты қызметі және экономика салаларының нысандарын техникалық қайта жабдықтауға сәйкестілігіне бақылауды жүзеге асырады;
      13) су нысандарын өз еркімен пайдалануды, су нысандарының суды қорғау аймақтары мен белдеулерінің аумағында өз еркімен құрылыс жүргізуін болдырмауға бақылауды жүзеге асырады;
      14) жиынтықты суды тұтынуды төмендету бойынша іс-шаралар, суды тиімді пайдалану және қорғау саласында алдыңғы қатарлы тәжірибесін, ғылым мен техникаға қол жеткізуді кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда енгізуге бақылауды жүзеге асырады;
      15) Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамалық тәртіпте су қорын пайдалану және қорғау, сумен қамту және су тарту саласында белгіленген нормаларын және ережелерін бұзумен жүзеге асырылған су жағдайына әсер ететін су шаруашылығы және басқада нысандарды қаржыландыру, жобалау және құрылысын тоқтату туралы талаптарды қояды;
      16) Қазақстан Республикасының су заңнамаларын бұзу туралы материалдарды Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес айыптыларды тарту үшін құқық қорғау органдарына және сотқа тапсырады;
      17) Қазақстан Республикасының су заңнамаларын бұзған жағдайда мемлекетке келтірілген шығынды өтеу туралы арызды сотқа береді;
      18) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша өндірісті жүзеге асырады.

3. Инспекцияның құқықтары

      11. Инспекцияның өз өкілеттігі шегінде құқығы бар:
      1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жеке, лауазымды және заңды тұлғалардан су ресурстарын пайдалану мен қорғаудың жай-күйін анықтауға қажетті мәліметтерді, соның ішінде зертханалық талдау деректерін алуға;
      2) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы қатынастарды регламенттейтiн заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзуге құқығы бар;
      3) кінәлі тұлғаларға Қазақстан Республикасының су заңнамасын бұзу арқылы келтірілген залалды өтеу туралы талап қоюға.

4. Инспекцияның мүлкi

      12. Инспекцияның жедел басқару құқығында заңнамамен қарастырылған жағдайда жекелеген мүлкі болады.
      Инспекцияның мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптасады, және негізгі және айналымдағы қаражаттан, сондай-ақ инспекцияның балансында құны көрсетілген басқада мүліктен тұрады.
      13. Инспекцияға бекiтілiп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
      14. Инспекция өзіне бекiтілiп берілген мүлiктi өз еркімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқылы емес.

5. Инспекцияның қызметiн ұйымдастыру

      15. Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрімен келісу арқылы Жауапты хатшымен қызметіне тағайындалатын және қызметінен босатылатын басшы инспекцияға басшылық жасайды.
      16. Инспекция басшысының орынбасарлары Жауапты хатшымен қызметтеріне тағайынданады және қызметтерінен босатылады.
      17. Инспекция басшысы инспекция жұмысын ұйымдастырады және басшылықты жүзеге асырады, инспекцияға жүктелген міндеттерді орындауға және өз қызметтерін жүзеге асыруға жеке жауапкершілікті атқарады.
      18. Инспекция атынан жолданған құжаттар басшысымен немесе құзіреті шегінде оның орынбасарларымен қол қойылады. Басшы болмаған жағдайда оны ауыстыратын тұлға құжаттарға қол қояды.
      Басшы болмаған уақытта инспекция қызметіне жалпы басшылықты жүктелген міндеттерді орындауға және өз қызметтерін жүзеге асыруға жеке жауапкершілікті атқару оның орынбасарларының біреуіне жүктеледі.
      Басшы және оның орынбасарлары болмаған жағдайда басшының міндеті Комитеттің қызметкерлерінің біреуіне немесе инспекция бөлімінің басшысына Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген тәртіпте жүктеледі.
      19. Осы мақсаттарда басшы:
      1) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инспекция қызметкерлерін қызметке тағайындалады және орнынан босатады;
      3) өзінің орынбасарларының міндеттерін мен құзыреттерін анықтайды және бекітеді, қызметтік нұсқаулықтарын бекітеді және де өз орынбасарларының іс-сапарлары мәселесін шешеді;
      4) заңмен белгіленген тәртіпте инспекция қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану және көтермелеу жөнінде шаралар қолданады;
      5) өз құзыреті шегінде инспекция қызметшілерін іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, дайындау (қайта даярлау), біліктілікті арттыру мәселелерін шешеді;
      6) өз құзыреті шегінде инспекцияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қолданады және жемқорлыққа қарсы шаралар үшін жеке жауапкершілік атқарады;
      7) қолданыстағы заңнамаға сәйкес, инспекцияның атынан мемлекеттік органдарда және басқа ұйымдарда өкілдік етеді.
      20. Басшының орынбасары:
      1) өз өкілеттіктері шеңберінде құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіреді;
      2) басшы болмаған кезде инспекцияға жалпы басшылықты жүзеге асырады және инспекцияға жүктелген міндеттерді орындауға және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;
      3) басшы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады

6. Инспекцияны қайта ұйымдастыру және тарату

      21. Инспекцияны қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикаcы    
Қоршаған орта және су ресурстары
министрінің 2014 жылғы 27 қаңтардағы
№ 18-Ө бұйрығымен бекітілген

«Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары
министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын
пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл
бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі
туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - инспекция) су қорын пайдалануды реттеу және қорғау саласын іске асыру және бақылау функцияларын атқаратын Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Су ресурстары комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық органы болып табылады.
      2. Инспекция өз құзіреті шегінде су қорын пайдалануды реттеу және қорғау саласын іске асыру және бақылау функцияларын бекітілген аумақтың шегінде жүргізеді.
      3. Инспекция өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Yкiметінiң актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. Инспекция мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы Комитетке ведомстволық бағынышты заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртабандары, белгіленген белгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында есепшоттары болады.
      Инспекция азаматтық құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      Егер инспекция заңнамаға сәйкес мемлекеттің атынан уәкілеттенсе, ол мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
      5. Инспекцияның құрылымы мен штаттық кестесін Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрімен келісу арқылы Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Жауапты хатшысы бекітеді.
      6. Инспекцияның толық атауы – «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және Су ресурстары министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      Инспекцияның заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, индекс 050057, Алматы қаласы, Сәтпаев көшесі, 30 б үй.
      7. Осы Ереже инспекцияның құрылтай құжаты болып табылады.
      8. Инспекция қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.
      Инспекцияға өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектілерiмен шарттық қатынастарға түсуге тиым салынады.
      Егер заңнамалық актілермен инспекцияға кiрiстер әкелетін қызметтi жүзеге acыpу құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджет кiрiсiне жiберiледi.

2. Инспекцияның негізгі міндеттері мен қызметтері

      9. Міндеті: халықтың және экономика салаларының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін су қорын пайдалануды реттеу, суды пайдаланудың экологиялық қауіпсіз және экономикалық оңтайлы деңгейін ұстау және қол жеткізу.
      Функциялары:
      1) бассейндік принцип негізінде гидрографиялық бассейннің су ресурстарын кешенді басқару;
      2) мағыналы, адал және экологиялық орнықты суды пайдаланудың оң экономикалық әсеріне қол жеткізу мақсатында су ресурстарын пайдалану бойынша су қатынастары субъектілерінің қызметін үйлестіру;
      3) су нысандарын қалпына келтіру және қорғау туралы бассейндік келісімдерді дайындау және іске асыру;
      4) бассейндер бойынша су нысандарының мемлекеттік мониторингі мен мемлекеттік су кадастрын, мемлекеттік есебін жүргізу;
      5) заңнамамен белгіленген тәртіпте арнайы суды пайдалануға рұқсатты беру және тоқтату;
      6) келіседі:
      тиісті бассейннің су нысандарын тиімді пайдалану бойынша сәйкесті бассейнге жататын облыстардың жергілікті атқарушы органдарының жоспарларын;
      кәсіпорындардың және су жағдайына әсер ететін басқа да құрылыстарды салу орындарын анықтау бойынша ұсыныстарды;
      кәсіпорындардың және су жағдайына әсер ететін басқа да құрылыстарды салу және қайта жаңарту жобалары, жоба алдындағы құжаттамаларды;
      кұрылыс, түбін тереңдету, пайдалы қазбаларды, су өсімдіктерін өндіру бойынша жарылыс жұмыстары, кабелдерді, құбырөткізгіштерді және басқа да коммуникацияларды өткізу, орманды кесу, сондай-ақ бұрғылау, ауыл шаруашылығы және су нысандарында, суды қорғау аймақтары мен белдеулерінде басқа да жұмыстарды өткізу туралы құжаттарын;
      су нысандары жағдайын сақтау, жақсарту бойынша суды пайдаланушылардың іс-шаралар жоспарын;
      су нысандары мен су шаруашылығы құрылыстары және балыққорларын өндіру жағдайын жақсартуды қамтамасыз ететін балық өсіру және мелиоративтік-техникалық іс-шараларды;
      бекітіп берілуі бойынша конкурсқа қойылатын жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін;
      су нысандарын оқшау және бірлесіп пайдалануға беру туралы ұсыныстарды және ондағы суды пайдалану шарттарын.
      7) су жағдайына әсер ететін өндірістік, ауыл шаруашылығы және тұрғын үй-азаматтық тағайындаудағы нысандарды пайдалану бойынша мемлекеттік комиссия жұмысына, сондай-ақ табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың пайда болуы нәтижесінде туындаған салдарды жою бойынша жұмыстарға қатысады;
      8) тиісті бассейндер бойынша суды пайдаланушылар кесіндісінде суды пайдалану лимиттерін анықтайды;
      9) арнайы суды пайдалануға рұқсат беруге өтініште көрсетілген мәліметті анықтайды;
      10) оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануда су нысандарын беру бойынша конкурсты ұйымдастыруға және өткізуге қатысады;
      11) жер асты су қорларын бекітуге қатысады;
      12) су нысандары мен су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану ережелерін, сәйкес бассейннің суларын кешенді пайдалану және қорғау сұлбасын келіседі;
      13) тиісті бассейн бойынша су шаруашылығы баланстарын әзірлеуге қатысады;
      14) су жағдайы мен сапасын жақсарту бойынша қабылданған шаралар туралы, су қорын тиімді пайдалану және қорғау жөнінде өткізілген жұмыстар туралы халыққа ақпарат беру;
      15) тиісті бассейнге жататын облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен сумен қамту және су тарту, су қорын пайдалану және қорғау мәселелері бойынша өзара қарым-қатынас жасайды;
      16) су қорын тиімді пайдалану және қорғау ісінде халықты ақпараттандыру және тәрбиелеу бойынша жұмыстарды жүргізеді;
      17) арнайы суды пайдалану құқығын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалармен суды алу немесе бұру бойынша құрылыстарда немесе қондырғыларда орнатылатын суды есептеу құралдарына пломба қояды және тіркейді;
      18) салық органдарына бергенге дейін жер үсті көздерінен су ресурстарын пайдалануға төлем бойынша салық есептерін куәландыруды жүзеге асырады;
      19) бассейндік кеңес жұмысын, бассейннің аумағында су қорын пайдалану және қорғау мәселелері бойынша бассейндік кеңес мүшелерімен кеңес беруді ұйымдастырады, бассейндік кеңеспен дайындалған ұсыныстарды талдайды, оларды іске асыру бойынша шараларды жүзеге асырады, суды пайдаланушылар мен мүдделі мемлекеттік органдарға бассейндік кеңестің ұсыныстарын жеткізеді.
      20) облысаралық және өңіраралық су нысандары бойынша су алу және суды бөлу жоспарларын әзірлейді.
      10. Міндеті: су қорын пайдалану және қорғау саласында мемлекеттік бақылау өткізуді ұйымдастырады.
      Функциялары:
      1) Қазақстан Республикасының су заңнамаларын жеке және заңды тұлғалармен сақтауын, су қорын пайдалану және қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      2) салааралық және облысаралық маңызы бар ірі су қоймаларын, бірлесіп пайдаланудағы су қоймаларының жұмыс режиміне бақылауды жүзеге асырады;
      3) оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға берілген су нысандарын пайдалануда белгіленген су сервитуттарын жеке және заңды тұлғалармен сақтауына бақылауды жүзеге асырады;
      4) облысаралық және өңіраралық су нысандары бойынша суды алуды және суды бөлуді сақтауға бақылау жасайды;
      5) су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекараларын сақтауға, олардағы шаруашылық қызметінің белгіленген режимін және ерекше қорғалатын су нысандарына бақылауды жүзеге асырады;
      6) су нысандары бойынша суды тұтыну және суды бұру лимиттерін, белгіленген нормалар мен ережелерді, сондай-ақ суды пайдалану режимін сақтауға бақылауды жүзеге асырады;
      7) су шаруашылығы жүйелері мен су қоймалары, су тоған құрылыстарын пайдалану ережелерін сақтауға бақылауды жүзеге асырады;
      8) су нысандарынан алынатын және оларға тасталатын су көлеміне алғашқы есепті жүргізу анықтылығына, су бұру және тұтыну есебі үшін жабдықтар мен аппаратураларды мемлекеттік аттестациядан өту мерзімдерін сақтауға және жарамдылық жағдайын бақылауды, суды пайдаланушылармен есеп берудің белгіленген мерзімдерін сақтауды жүзеге асырады;
      9) арнайы суды пайдалануға белгіленген талаптары мен шарттарын жеке және заңды тұлғалармен орындауға, сондай-ақ суға зиян әсер етуге қарсы күрес бойынша іс-шаралардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады (су тасу, су басу, су тасқыны, жағалауды бұзу және басқа да зиян құбылыстар);
      10) су нысандарын оқшау және бірлесіп пайдалануға беру тәртібінде Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамаларын сақтауға бақылауды жүзеге асырады;
      11) су нысандарын пайдалану және қорғау жағынан жер асты және жер үсті суларына мемлекеттік есепті жүзеге асыру және су нысандарының мемлекеттік мониторингін жүргізу тәртібінде Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамаларын сақтауға бақылауды жүзеге асырады;
      12) белгіленген тәртіпте бекітілген жобалау құжаттамасының болуына және су нысандарын пайдалану және қорғаумен, оларды салуға, қайта жаңартуға, суды қорғау аймақтары және белдеулерімен байланысты қызметі және экономика салаларының нысандарын техникалық қайта жабдықтауға сәйкестілігіне бақылауды жүзеге асырады;
      13) су нысандарын өз еркімен пайдалануды, су нысандарының суды қорғау аймақтары мен белдеулерінің аумағында өз еркімен құрылыс жүргізуін болдырмауға бақылауды жүзеге асырады;
      14) үлесті суды тұтынуды төмендету бойынша іс-шаралар, суды тиімді пайдалану және қорғау саласында алдыңғы қатарлы тәжірибесін, ғылым мен техникаға қол жеткізуді кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда енгізуге бақылауды жүзеге асырады;
      15) Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамалық тәртіпте су қорын пайдалану және қорғау, сумен қамту және су тарту саласында белгіленген нормаларын және ережелерін бұзумен жүзеге асырылған су жағдайына әсер ететін су шаруашылығы және басқа да нысандарды қаржыландыру, жобалау және құрылысын тоқтату туралы талаптарды қояды;
      16) Қазақстан Республикасының су заңнамаларын бұзу туралы материалдарды Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес айыптыларды тарту үшін құқық қорғау органдарына және сотқа тапсырады;
      17) Қазақстан Республикасының су заңнамаларын бұзған жағдайда мемлекетке келтірілген шығынды өтеу туралы арызды сотқа береді;
      18) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген құзіреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша өндірісті жүзеге асырады.

3. Инспекцияның құқықтары

      11. Инспекцияның өз өкілеттігі шегінде құқығы бар:
      1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жеке, лауазымды және заңды тұлғалардан су ресурстарын пайдалану мен қорғаудың жай-күйін анықтауға қажетті мәліметтерді, соның ішінде зертханалық талдау деректерін алуға;
      2) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы қатынастарды регламенттейтiн заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзуге құқығы бар;
      3) кінәлі тұлғаларға Қазақстан Республикасының су заңнамасын бұзу арқылы келтірілген залалды өтеу туралы талап қоюға.

4. Инспекцияның мүлкi

      12. Инспекцияның жедел басқару құқығында заңнамамен қарастырылған жағдайда жекелеген мүлкі болады.
      Инспекцияның мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптасады, және негізгі және айналымдағы қаражаттан, сондай-ақ инспекцияның балансында құны көрсетілген басқа да мүліктен тұрады.
      13. Инспекцияға бекiтілiп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
      14. Инспекция өзіне бекiтілiп берілген мүлiктi өз еркімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқылы емес.

5. Инспекцияның қызметiн ұйымдастыру

      15. Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрімен келісу арқылы Жауапты хатшымен қызметіне тағайындалатын және қызметінен босатылатын басшы инспекцияға басшылық жасайды.
      16. Инспекция басшысының орынбасарлары Жауапты хатшымен қызметтеріне тағайындалады және қызметтерінен босатылады.
      17. Инспекция басшысы инспекция жұмысын ұйымдастырады және басшылықты жүзеге асырады, инспекцияға жүктелген міндеттерді орындауға және өз қызметтерін жүзеге асыруға жеке жауапкершілікті атқарады.
      18. Инспекция атынан жолданған құжаттар басшысымен немесе құзіреті шегінде оның орынбасарларымен қол қойылады. Басшы болмаған жағдайда оны ауыстыратын тұлға құжаттарға қол қояды.
      Басшы болмаған уақытта инспекция қызметіне жалпы басшылықты жүктелген міндеттерді орындауға және өз қызметтерін жүзеге асыруға жеке жауапкершілікті атқару оның орынбасарларының біреуіне жүктеледі.
      Басшы және оның орынбасарлары болмаған жағдайда басшының міндеті Комитеттің қызметкерлерінің біреуіне немесе инспекция бөлімінің басшысына Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген тәртіпте жүктеледі.
      19. Осы мақсаттарда басшы:
      1) өз құзіреті шегінде бұйрықтарға қол қояды;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инспекция қызметкерлерін қызметке тағайындайды және орнынан босатады;
      3) өзінің орынбасарларының міндеттерін мен құзыреттерін анықтайды және бекітеді, қызметтік нұсқаулықтарын бекітеді және де өз орынбасарларының іссапарлары мәселесін шешеді;
      4) заңмен белгіленген тәртіпте инспекция қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолдану және көтермелеу жөнінде шаралар қолданады;
      5) өз құзіреті шегінде инспекция қызметшілерін іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, дайындау (қайта даярлау), біліктілікті арттыру мәселелерін шешеді;
      6) өз құзіреті шегінде инспекцияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қолданады және жемқорлыққа қарсы шаралар үшін жеке жауапкершілік атқарады;
      7) қолданыстағы заңнамаға сәйкес, инспекцияның атынан мемлекеттік органдарда және басқа ұйымдарда өкілдік етеді.
      20. Басшының орынбасары:
      1) өз өкілеттіктері шеңберінде құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіреді;
      2) басшы болмаған кезде инспекцияға жалпы басшылықты жүзеге асырады және инспекцияға жүктелген міндеттерді орындауға және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;
      3) басшы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады

6. Инспекцияны қайта ұйымдастыру және тарату

      21.Инспекцияны қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы     
Қоршаған орта және су ресурстары
министрінің 2014 жылғы 27 қаңтардағы
№ 18-Ө бұйрығымен бекітілген 

«Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары
министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын
пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік
инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - инспекция су қорын пайдалануды реттеу және қорғау саласын іске асыру және бақылау функцияларын атқаратын Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Су ресурстары комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық органы болып табылады.
      Инспекцияның Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында бөлімдері бар.
      2. Инспекция өз құзіреті шегінде су қорын пайдалануды реттеу және қорғау саласын іске асыру және бақылау функцияларын бекітілген аумақтың шегінде жүргізеді.
      3. Инспекция өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Yкiметінiң актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. Инспекция мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы Комитетке ведомстволық бағынышты заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген белгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында есепшоттары болады.
      Инспекция азаматтық құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. Егер инспекция заңнамаға сәйкес мемлекеттің атынан уәкілеттенсе, ол мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқы бар.
      5. Инспекцияның құрылымы мен штаттық кестесін Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрімен келісу арқылы Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Жауапты хатшысы бекітеді.
      6. Инспекцияның толық атауы – «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      Инспекцияның заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, индекс 071410, Семей қаласы, Утепбаев көшесі, 4 үй.
      7. Осы Ереже инспекцияның құрылтай құжаты болып табылады.
      8.Инспекция қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      Инспекцияға өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектілерiмен шарттық қатынастарға түсуге тиым салынады.
      Егер заңнамалық актілермен инспекцияға кiрiстер әкелетін қызметтi жүзеге acыpу құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджет кiрiсiне жiберiледi.

2. Инспекцияның негізгі функциялары мен қызметтері

      9. Міндет: халықтың және экономика салаларының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін су қорын пайдалануды реттеу, суды пайдаланудың экологиялық қауіпсіз және экономикалық оңтайлы деңгейін ұстау және қол жеткізу.
      Функциялары:
      1) бассейндік принцип негізінде гидрографиялық бассейннің су ресурстарын кешенді басқару;
      2) мағыналы, адал және экологиялық орнықты суды пайдаланудың оң экономикалық әсеріне қол жеткізу мақсатында су ресурстарын пайдалану бойынша су қатынастары субъектілерінің қызметін үйлестіру;
      3) су нысандарын қалпына келтіру және қорғау туралы бассейндік келісімдерді дайындау және іске асыру;
      4) бассейндер бойынша су нысандарының мемлекеттік мониторингі мен мемлекеттік су кадастрын, мемлекеттік есебін жүргізу;
      5) заңнамамен белгіленген тәртіпте арнайы суды пайдалануға рұқсатты беру және тоқтату;
      6) келіседі:
      тиісті бассейннің су нысандарын тиімді пайдалану бойынша сәйкесті бассейнге жататын облыстардың жергілікті атқарушы органдарының жоспарларын;
      кәсіпорындардың және су жағдайына әсер ететін басқа да құрылыстарды салу орындарын анықтау бойынша ұсыныстарды;
      кәсіпорындардың және су жағдайына әсер ететін басқа да құрылыстарды салу және қайта жаңарту жобалары, жоба алдындағы құжаттамаларды;
      кұрылыс, түбін тереңдету, пайдалы қазбаларды, су өсімдіктерін өндіру бойынша жарылыс жұмыстары, кабелдерді, құбырөткізгіштерді және басқа да коммуникацияларды өткізу, орманды кесу, сондай-ақ бұрғылау, ауыл шаруашылығы және су нысандарында, суды қорғау аймақтары мен белдеулерінде басқа да жұмыстарды өткізу туралы құжаттарын;
      су нысандары жағдайын сақтау, жақсарту бойынша суды пайдаланушылардың іс-шаралар жоспарын;
      су нысандары мен су шаруашылығы құрылыстары және балыққорларын өндіру жағдайын жақсартуды қамтамасыз ететін балық өсіру және мелиоративтік-техникалық іс-шараларды;
      бекітіп берілуі бойынша конкурсқа қойылатын жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін;
      кеме жүзу режимін;
      су нысандарын оқшау және бірлесіп пайдалануға беру туралы ұсыныстарды және ондағы суды пайдалану шарттарын.
      7) су жағдайына әсер ететін өндірістік, ауыл шаруашылығы және тұрғын үй-азаматтық тағайындаудағы нысандарды пайдалану бойынша мемлекеттік комиссия жұмысына, сондай-ақ табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың пайда болуы нәтижесінде туындаған салдарды жою бойынша жұмыстарға қатысады;
      8) тиісті бассейндер бойынша суды пайдаланушылар кесіндісінде суды пайдалану лимиттерін анықтайды;
      9) арнайы суды пайдалануға рұқсат беру бойынша өтініште көрсетілген мәліметті анықтайды;
      10) оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануда су нысандарын беру бойынша конкурсты ұйымдастыруға және өткізуге қатысады;
      11) жер асты су қорларын бекітуге қатысады;
      12) су нысандары мен су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану ережелерін, тиісті бассейннің суларын кешенді пайдалану және қорғау сұлбасын келіседі;
      13) тиісті бассейн бойынша су шаруашылығы баланстарын әзірлеуге қатысады;
      14) су жағдайы мен сапасын жақсарту бойынша қабылданған шаралар туралы су қорын тиімді пайдалану және қорғау жөнінде өткізілген жұмыстар туралы халыққа ақпарат беру;
      15) тиісті бассейнге жататын облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен сумен қамту және су тарту, су қорын пайдалану және қорғау мәселелері бойынша өзара қарым-қатынас жасайды;
      16) су қорын тиімді пайдалану және қорғау ісінде халықты ақпараттандыру және тәрбиелеу бойынша жұмыстарды жүргізеді;
      17) арнайы суды пайдалану құқығын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалармен суды алу немесе бұру бойынша құрылыстарда немесе қондырғыларда орнатылатын суды есептеу құралдарына пломба қояды және тіркейді;
      18) салық органдарына бергенге дейін жер үсті көздерінен су ресурстарын пайдалануға төлем бойынша салық есептерін куәландыруды жүзеге асырады;
      19) бассейндік кеңес жұмысын, бассейннің аумағында су қорын пайдалану және қорғау мәселелері бойынша бассейндік кеңес мүшелерімен кеңес беруді ұйымдастырады, бассейндік кеңеспен дайындалған ұсыныстарды талдайды, оларды іске асыру бойынша шараларды жүзеге асырады, суды пайдаланушылар мен мүдделі мемлекеттік органдарға бассейндік кеңестің ұсыныстарын жеткізеді.
      20) облысаралық және өңіраралық су нысандары бойынша су алу және суды бөлу жоспарларын әзірлейді.
      10. Міндеті: су қорын пайдалану және қорғау саласында мемлекеттік бақылау жүргізуді ұйымдастырады.
      Функциялары:
      1) Қазақстан Республикасының су заңнамаларын жеке және заңды тұлғалармен сақтауын, су қорын пайдалану және қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      2) салааралық және облысаралық маңызы бар ірі су қоймаларын, бірлесіп пайдаланудағы су қоймаларының жұмыс режиміне бақылауды жүзеге асырады;
      3) оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға берілген су нысандарын пайдалануда белгіленген су сервитуттарын жеке және заңды тұлғалармен сақтауына бақылауды жүзеге асырады;
      4) облысаралық және өңіраралық су нысандары бойынша суды алуды және суды бөлуді сақтауға бақылау жасайды;
      5) су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекараларын сақтауға, олардағы шаруашылық қызметінің белгіленген режимін және ерекше қорғалатын су нысандарына бақылауды жүзеге асырады;
      6) су нысандары бойынша суды тұтыну және суды бұру лимиттерін, белгіленген нормалар мен ережелерді, сондай-ақ суды пайдалану режимін сақтауға бақылауды жүзеге асырады;
      7) су шаруашылығы жүйелері мен су қоймалары, су тоған құрылыстарын пайдалану ережелерін сақтауға бақылауды жүзеге асырады;
      8) су нысандарынан алынатын және оларға тасталатын су көлеміне алғашқы есепті жүргізу анықтылығына, су бұру және тұтыну есебі үшін жабдықтар мен аппаратураларды мемлекеттік аттестациядан өту мерзімдерін сақтауға және жарамдылық жағдайын бақылауды, суды пайдаланушылармен есеп берудің белгіленген мерзімдерін сақтауды жүзеге асырады;
      9) арнайы суды пайдалануға белгіленген талаптары мен шарттарын жеке және заңды тұлғалармен орындауға, сондай-ақ суға зиян әсер етуге қарсы күрес бойынша іс-шаралардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады (су тасу, су басу, су тасқыны, жағалауды бұзу және басқада зиян құбылыстар);
      10) су нысандарын оқшау және бірлесіп пайдалануға беру тәртібінде Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамаларын сақтауға бақылауды жүзеге асырады;
      11) су нысандарын пайдалану және қорғау жағынан жер асты және жер үсті суларына мемлекеттік есепті жүзеге асыру және су нысандарының мемлекеттік мониторингін жүргізу тәртібінде Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамаларын сақтауға бақылауды жүзеге асырады;
      12) белгіленген тәртіпте бекітілген жобалау құжаттамасының болуына және су нысандарын пайдалану және қорғаумен, оларды салуға, қайта жаңартуға, суды қорғау аймақтары және белдеулерімен байланысты қызметі және экономика салаларының нысандарын техникалық қайта жабдықтау сәйкестілігін бақылауды жүзеге асырады;
      13) су нысандарын өз еркімен пайдалануды, су нысандарының суды қорғау аймақтары мен белдеулерінің аумағында өз еркімен құрылыс жүргізуін болдырмауға бақылауды жүзеге асырады;
      14) үлесті суды тұтынуды төмендету бойынша іс-шаралар, суды тиімді пайдалану және қорғау саласында алдыңғы қатарлы тәжірибесін, ғылым мен техникаға қол жеткізуді кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда енгізуге бақылауды жүзеге асырады;
      15) Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамалық тәртіпте су қорын пайдалану және қорғау, сумен қамту және су тарту саласында белгіленген нормаларын және ережелерін бұзумен жүзеге асырылған су жағдайына әсер ететін су шаруашылығы және басқа да нысандарды қаржыландыру, жобалау және құрылысын тоқтату туралы талаптарды қояды;
      16) Қазақстан Республикасының су заңнамаларын бұзу туралы материалдарды Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес айыптыларды тарту үшін құқық қорғау органдарына және сотқа тапсырады;
      17) Қазақстан Республикасының су заңнамаларын бұзған жағдайда мемлекетке келтірілген шығынды өтеу туралы арызды сотқа береді;
      18) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша өндірісті жүзеге асырады.

3. Инспекцияның құқықтары

      11. Инспекцияның өз өкілеттігі шегінде құқығы бар:
      1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жеке, лауазымды және заңды тұлғалардан су ресурстарын пайдалану мен қорғаудың жай-күйін анықтауға қажетті мәліметтерді, соның ішінде зертханалық талдау деректерін алуға;
      2) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы қатынастарды реттейтің заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзуге құқығы бар;
      3) кінәлі тұлғаларға Қазақстан Республикасының су заңнамасын бұзу арқылы келтірілген залалды өтеу туралы талап қоюға.

4. Инспекцияның мүлкi

      12. Инспекцияның жедел басқару құқығында заңнамамен қарастырылған жағдайда жекелеген мүлкі болады.
      Инспекцияның мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптасады, және негізгі және айналымдағы қаражаттан, сондай-ақ инспекцияның балансында құны көрсетілген басқада мүліктен тұрады.
      13. Инспекцияға бекiтілiп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
      14. Инспекция өзіне бекiтілiп берілген мүлiктi өз еркімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқылы емес.

5. Инспекцияның қызметiн ұйымдастыру

      15. Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрімен келісу арқылы Жауапты хатшымен қызметіне тағайындалатын және қызметінен босатылатын басшы инспекцияға басшылық жасайды.
      16. Инспекция басшысының орынбасарлары Жауапты хатшымен қызметтеріне тағайындайды және қызметтерінен босатылады.
      17. Инспекция басшысы инспекция жұмысын ұйымдастырады және басшылықты жүзеге асырады, инспекцияға жүктелген міндеттерді орындауға және өз қызметтерін жүзеге асыруға жеке жауапкершілікті атқарады.
      18. Инспекция атынан жолданған құжаттар басшысымен немесе құзіреті шегінде оның орынбасарларымен қол қойылады. Басшы болмаған жағдайда оны ауыстыратын тұлға құжаттарға қол қояды.
      Басшы болмаған уақытта инспекция қызметіне жалпы басшылықты жүктелген міндеттерді орындауға және өз қызметтерін жүзеге асыруға жеке жауапкершілікті атқару оның орынбасарларының біреуіне жүктеледі.
      Басшы және оның орынбасарлары болмаған жағдайда басшының міндеті Комитеттің қызметкерлерінің біреуіне немесе инспекция бөлімінің басшысына Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген тәртіпте жүктеледі.
      19. Осы мақсаттарда басшы:
      1) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инспекция қызметкерлерін қызметке тағайындайды және орнынан босатады;
      3) өзінің орынбасарларының міндеттерін мен құзыреттерін анықтайды және бекітеді, қызметтік нұсқаулықтарын бекітеді және де өз орынбасарларының іс-сапарлары мәселесін шешеді;
      4) заңмен белгіленген тәртіпте инспекция қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолдану және көтермелеу жөнінде шаралар қолданады;
      5) өз құзыреті шегінде инспекция қызметкерлерін іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, дайындау (қайта даярлау), біліктілікті арттыру мәселелерін шешеді;
      6) өз құзыреті шегінде инспекцияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қолданады және жемқорлыққа қарсы шаралар үшін жеке жауапкершілік атқарады;
      7) қолданыстағы заңнамаға сәйкес, инспекцияның атынан мемлекеттік органдарда және басқа ұйымдарда өкілдік етеді.
      20. Басшының орынбасары:
      1) өз өкілеттіктері шеңберінде құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіреді;
      2) басшы болмаған кезде инспекцияға жалпы басшылықты жүзеге асырады және инспекцияға жүктелген міндеттерді орындауға және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;
      3) басшы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады

6. Инспекцияны қайта ұйымдастыру және тарату

      21.Инспекцияны қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы    
Қоршаған орта және су ресурстары
министрінің 2014 жылғы 27 қаңтардағы
№ 18-Ө бұйрығымен бекітілген

«Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары
министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын
пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Есіл бассейндік
инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - инспекция) су қорын пайдалануды реттеу және қорғау саласын іске асыру және бақылау функцияларын атқаратын Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Су ресурстары комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық органы болып табылады
      Инспекцияның Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында бөлімдері бар.
      2. Инспекция өз құзіреті шегінде су қорын пайдалануды реттеу және қорғау саласын іске асыру және бақылау функцияларын бекітілген аумақтың шегінде жүргізеді.
      3. Инспекция өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Yкiметінiң актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. Инспекция мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы Комитетке ведомстволық бағынышты заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртабандары, белгіленген белгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында есепшоттары болады.
      Инспекция азаматтық құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      Егер инспекция заңнамаға сәйкес мемлекеттің атынан уәкілеттенсе, ол мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
      5. Инспекцияның құрылымы мен штаттық кестесін Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрімен келісу арқылы Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Жауапты хатшысы бекітеді.
      6. Инспекцияның толық атауы – «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      Инспекцияның заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, индекс 010000, Астана қаласы, Алматы ауданы, Пушкин көшесі, 25/5 үй.
      7. Осы Ереже инспекцияның құрылтай құжаты болып табылады.
      8. Инспекция қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.
      Инспекция өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектілерiмен шарттық қатынастарға түсуге тиым салынады.
      Егер заңнамалық актілермен инспекцияға кiрiстер әкелетін қызметтi жүзеге acыpу құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджет кiрiсiне жiберiледi.

2. Инспекцияның негізгі міндеттері мен қызметтері

      9. Міндеті: халықтың және экономика салаларының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін су қорын пайдалануды реттеу, суды пайдаланудың экологиялық қауіпсіз және экономикалық оңтайлы деңгейін ұстау және қол жеткізу.
      Функциялары:
      1) бассейндік принцип негізінде гидрографиялық бассейннің су ресурстарын кешенді басқару;
      2) мағыналы, адал және экологиялық орнықты суды пайдаланудың оң экономикалық әсеріне қол жеткізу мақсатында су ресурстарын пайдалану бойынша су қатынастары субъектілерінің қызметін үйлестіру;
      3) су нысандарын қалпына келтіру және қорғау туралы бассейндік келісімдерді дайындау және іске асыру;
      4) бассейндер бойынша су нысандарының мемлекеттік мониторингі мен мемлекеттік су кадастрын, мемлекеттік есебін жүргізу;
      5) заңнамамен белгіленген тәртіпте арнайы суды пайдалануға рұқсатты беру және тоқтату;
      6) келіседі:
      тиісті бассейннің су нысандарын тиімді пайдалану бойынша тиісті бассейнге жататын облыстардың жергілікті атқарушы органдарының жоспарларын;
      кәсіпорындардың және су жағдайына әсер ететін басқа да құрылыстарды салу орындарын анықтау бойынша ұсыныстарды;
      кәсіпорындардың және су жағдайына әсер ететін басқа да құрылыстарды салу және қайта жаңарту жобалары, жоба алдындағы құжаттамаларды;
      кұрылыс, түбін тереңдету, пайдалы қазбаларды, су өсімдіктерін өндіру бойынша жарылыс жұмыстары, кабелдерді, құбырөткізгіштерді және басқа да коммуникацияларды өткізу, орманды кесу, сондай-ақ бұрғылау, ауыл шаруашылығы және су нысандарында, суды қорғау аймақтары мен белдеулерінде басқа да жұмыстарды өткізу туралы құжаттарын;
      су нысандары жағдайын сақтау, жақсарту бойынша суды пайдаланушылардың іс-шаралар жоспарын;
      су нысандары мен су шаруашылығы құрылыстары және балыққорларын өндіру жағдайын жақсартуды қамтамасыз ететін балық өсіру және мелиоративтік-техникалық іс-шараларды;
      бекітіп берілуі бойынша конкурсқа қойылатын жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін;
      су нысандарын оқшау және бірлесіп пайдалануға беру туралы ұсыныстарды және ондағы суды пайдалану шарттарын.
      7) су жағдайына әсер ететін өндірістік, ауыл шаруашылығы және тұрғын үй-азаматтық тағайындаудағы нысандарды пайдалану бойынша мемлекеттік комиссия жұмысына, сондай-ақ табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың пайда болуы нәтижесінде туындаған салдарды жою бойынша жұмыстарға қатысады;
      8) тиісті бассейндер бойынша суды пайдаланушылар бөліндісінде суды пайдалану лимиттерін анықтайды;
      9) арнайы суды пайдалануға рұқсат беруге өтініште көрсетілген мәліметті анықтайды;
      10) оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануда су нысандарын беру бойынша конкурсты ұйымдастыруға және өткізуге қатысады;
      11) жер асты су қорларын бекітуге қатысады;
      12) су нысандары мен су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану ережелерін, сәйкес бассейннің суларын кешенді пайдалану және қорғау сұлбасын келіседі;
      13) тиісті бассейн бойынша су шаруашылығы баланстарын әзірлеуге қатысады;
      14) су жағдайы мен сапасын жақсарту бойынша қабылданған шаралар туралы, су қорын тиімді пайдалану және қорғау жөнінде өткізілген жұмыстар туралы халыққа ақпарат беру;
      15) тиісті бассейнге жататын облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен сумен қамту және су тарту, су қорын пайдалану және қорғау мәселелері бойынша өзара қарым-қатынас жасайды;
      16) су қорын тиімді пайдалану және қорғау ісінде халықты ақпараттандыру және тәрбиелеу бойынша жұмыстарды жүргізеді;
      17) арнайы суды пайдалану құқығын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалармен суды алу немесе бұру бойынша құрылыстарда немесе қондырғыларда орнатылатын суды есептеу құралдарына пломба қояды және тіркейді;
      18) салық органдарына бергенге дейін жер үсті көздерінен су ресурстарын пайдалануға төлем бойынша салық есептерін куәландыруды жүзеге асырады;
      19) бассейндік кеңес жұмысын, бассейннің аумағында су қорын пайдалану және қорғау мәселелері бойынша бассейндік кеңес мүшелерімен кеңес беруді ұйымдастырады, бассейндік кеңеспен дайындалған ұсыныстарды талдайды, оларды іске асыру бойынша шараларды жүзеге асырады, суды пайдаланушылар мен мүдделі мемлекеттік органдарға бассейндік кеңестің ұсыныстарын жеткізеді.
      20) облысаралық және өңіраралық су нысандары бойынша су алу және суды бөлу жоспарларын әзірлейді.
      10. Міндеті: су қорын пайдалану және қорғау саласында мемлекеттік бақылау өткізуді ұйымдастырады.
      Функциялары:
      1) Қазақстан Республикасының су заңнамаларын жеке және заңды тұлғалармен сақтауын, су қорын пайдалану және қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      2) салааралық және облысаралық маңызы бар ірі су қоймаларын, бірлесіп пайдаланудағы су қоймаларының жұмыс режиміне бақылауды жүзеге асырады;
      3) оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға берілген су нысандарын пайдалануда белгіленген су сервитуттарын жеке және заңды тұлғалармен сақтауына бақылауды жүзеге асырады;
      4) облысаралық және өңіраралық су нысандары бойынша суды алуды және суды бөлуді сақтауға бақылау жасайды;
      5) су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекараларын сақтауға, олардағы шаруашылық қызметінің белгіленген режимін және ерекше қорғалатын су нысандарына бақылауды жүзеге асырады;
      6) су нысандары бойынша суды тұтыну және суды бұру лимиттерін, белгіленген нормалар мен ережелерді, сондай-ақ суды пайдалану режимін сақтауға бақылауды жүзеге асырады;
      7) су шаруашылығы жүйелері мен су қоймалары, су тоған құрылыстарын пайдалану ережелерін сақтауға бақылауды жүзеге асырады;
      8) су нысандарынан алынатын және оларға тасталатын су көлеміне алғашқы есепті жүргізу анықтылығына, су бұру және тұтыну есебі үшін жабдықтар мен аппаратураларды мемлекеттік аттестациядан өту мерзімдерін сақтауға және жарамдылық жағдайын бақылауды, суды пайдаланушылармен есеп берудің белгіленген мерзімдерін сақтауды жүзеге асырады;
      9) арнайы суды пайдалануға белгіленген талаптары мен шарттарын жеке және заңды тұлғалармен орындауға, сондай-ақ суға зиян әсер етуге қарсы күрес бойынша іс-шаралардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады (су тасу, су басу, су тасқыны, жағалауды бұзу және басқа да зиян құбылыстар);
      10) су нысандарын оқшау және бірлесіп пайдалануға беру тәртібінде Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамаларын сақтауға бақылауды жүзеге асырады;
      11) су нысандарын пайдалану және қорғау жағынан жер асты және жер үсті суларына мемлекеттік есепті жүзеге асыру және су нысандарының мемлекеттік мониторингін жүргізу тәртібінде Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамаларын сақтауға бақылауды жүзеге асырады;
      12) белгіленген тәртіпте бекітілген жобалау құжаттамасының болуына және су нысандарын пайдалану және қорғаумен, оларды салуға, қайта жаңартуға, суды қорғау аймақтары және белдеулерімен байланысты қызметі және экономика салаларының нысандарын техникалық қайта жабдықтауға сәйкестілігіне бақылауды жүзеге асырады;
      13) су нысандарын өз еркімен пайдалануды, су нысандарының суды қорғау аймақтары мен белдеулерінің аумағында өз еркімен құрылыс жүргізуін болдырмауға бақылауды жүзеге асырады;
      14) үлесті суды тұтынуды төмендету бойынша іс-шаралар, суды тиімді пайдалану және қорғау саласында алдыңғы қатарлы тәжірибесін, ғылым мен техникаға қол жеткізуді кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда енгізуге бақылауды жүзеге асырады;
      15) Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамалық тәртіпте су қорын пайдалану және қорғау, сумен қамту және су тарту саласында белгіленген нормаларын және ережелерін бұзумен жүзеге асырылған су жағдайына әсер ететін су шаруашылығы және басқа да нысандарды қаржыландыру, жобалау және құрылысын тоқтату туралы талаптарды қояды;
      16) Қазақстан Республикасының су заңнамаларын бұзу туралы материалдарды Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес айыптыларды тарту үшін құқық қорғау органдарына және сотқа тапсырады;
      17) Қазақстан Республикасының су заңнамаларын бұзған жағдайда мемлекетке келтірілген шығынды өтеу туралы арызды сотқа береді;
      18) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген құзіреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша өндірісті жүзеге асырады.

3. Инспекцияның құқықтары

      11. Инспекцияның өз өкілеттігі шегінде құқығы бар:
      1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жеке, лауазымды және заңды тұлғалардан су ресурстарын пайдалану мен қорғаудың жай-күйін анықтауға қажетті мәліметтерді, соның ішінде зертханалық талдау деректерін алуға;
      2) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы қатынастарды регламенттейтiн заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзуге құқығы бар;
      3) кінәлі тұлғаларға Қазақстан Республикасының су заңнамасын бұзу арқылы келтірілген залалды өтеу туралы талап қоюға.

4. Инспекцияның мүлкi

      12. Инспекцияның жедел басқару құқығында заңнамамен қарастырылған жағдайда жекелеген мүлкі болады.
      Инспекцияның мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптасады, және негізгі және айналымдағы қаражаттан, сондай-ақ инспекцияның балансында құны көрсетілген басқа да мүліктен тұрады.
      13. Инспекцияға бекiтілiп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
      14. Инспекция өзіне бекiтілiп берілген мүлiктi өз еркімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқылы емес.

5. Инспекцияның қызметiн ұйымдастыру

      15. Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрімен келісу арқылы Жауапты хатшымен қызметіне тағайындалатын және қызметінен босатылатын басшы инспекцияға басшылық жасайды.
      16. Инспекция басшысының орынбасарлары Жауапты хатшымен қызметтеріне тағайындалады және қызметтерінен босатылады.
      17. Инспекция басшысы инспекция жұмысын ұйымдастырады және басшылықты жүзеге асырады, инспекцияға жүктелген міндеттерді орындауға және өз қызметтерін жүзеге асыруға жеке жауапкершілікті атқарады.
      18. Инспекция атынан жолданған құжаттар басшысымен немесе құзіреті шегінде оның орынбасарларымен қол қойылады. Басшы болмаған жағдайда оны ауыстыратын тұлға құжаттарға қол қояды.
      Басшы болмаған уақытта инспекция қызметіне жалпы басшылықты жүктелген міндеттерді орындауға және өз қызметтерін жүзеге асыруға жеке жауапкершілікті атқару оның орынбасарларының біреуіне жүктеледі.
      Басшы және оның орынбасарлары болмаған жағдайда басшының міндеті Комитеттің қызметкерлерінің біреуіне немесе инспекция бөлімінің басшысына Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген тәртіпте жүктеледі.
      19. Осы мақсаттарда басшы:
      1) өз құзіреті шегінде бұйрықтарға қол қояды;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инспекция қызметкерлерін қызметке тағайындалады және орнынан босатады;
      3) өзінің орынбасарларының міндеттерін мен құзіреттерін анықтайды және бекітеді, қызметтік нұсқаулықтарын бекітеді және де өз орынбасарларының іссапарлары мәселесін шешеді;
      4) заңмен белгіленген тәртіпте инспекция қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану және көтермелеу жөнінде шаралар қолданады;
      5) өз құзіреті шегінде инспекция қызметшілерін іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, дайындау (қайта даярлау), біліктілікті арттыру мәселелерін шешеді;
      6) өз құзіреті шегінде инспекцияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қолданады және жемқорлыққа қарсы шаралар үшін жеке жауапкершілік атқарады;
      7) қолданыстағы заңнамаға сәйкес, инспекцияның атынан мемлекеттік органдарда және басқа ұйымдарда өкілдік етеді.
      20. Басшының орынбасары:
      1) өз өкілеттіктері шеңберінде құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіреді;
      2) басшы болмаған кезде инспекцияға жалпы басшылықты жүзеге асырады және инспекцияға жүктелген міндеттерді орындауға және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;
      3) басшы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады

6. Инспекцияны қайта ұйымдастыру және тарату

      21. Инспекцияны қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы     
Қоршаған орта және су ресурстары
министрінің 2014 жылғы 27 қаңтардағы
№ 18-Ө бұйрығымен бекітілген 

«Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары
министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын
пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Нұра-Сарысу бассейндік
инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - инспекция) су қорын пайдалануды реттеу және қорғау саласын іске асыру және бақылау функцияларын атқаратын Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Су ресурстары комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық органы болып табылады.
      Инспекцияның Қарағанды, Ақмола, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында бөлімдері немесе өкілдері бар.
      2. Инспекция өз құзіреті шегінде су қорын пайдалануды реттеу және қорғау саласын іске асыру және бақылау функцияларын бекітілген аумақтың шегінде жүргізеді.
      3. Инспекция өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Yкiметінiң актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. Инспекция мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы Комитетке ведомстволық бағынышты заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртанбандары, белгіленген белгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында есепшоттары болады.
      Инспекция азаматтық құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      Егер инспекция заңнамаға сәйкес мемлекеттің атынан уәкілеттенсе, ол мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
      5. Инспекцияның құрылымы мен штаттық кестесін Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрімен келісу арқылы Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Жауапты хатшысы бекітеді.
      6. Инспекцияның толық атауы – «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      Инспекцияның заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, индекс 100000, Қарағанды қаласы, Қазыбек Би атындағы аудан, Әліханов көшесі 11А үй.
      7. Осы Ереже инспекцияның құрылтай құжаты болып табылады.
      8. Инспекция қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.
      Инспекция өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектілерiмен шарттық қатынастарға түсуге тиым салынады.
      Егер заңнамалық актілермен инспекцияға кiрiстер әкелетін қызметтi жүзеге acыpу құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджет кiрiсiне жiберiледi.

2. Инспекцияның негізгі функциялары мен қызметтері

      9. Міндеті: халықтың және экономика салаларының тұтынушылықтарын қамтамасыз ету үшін су қорын пайдалануды реттеу, суды пайдаланудың экологиялық қауіпсіз және экономикалық оңтайлы деңгейін ұстау және қол жеткізу.
      Функциялары:
      1) бассейндік принцип негізінде гидрографиялық бассейннің су ресурстарын кешенді басқару;
      2) мағыналы, адал және экологиялық орнықты суды пайдаланудың оң экономикалық әсеріне қол жеткізу мақсатында су ресурстарын пайдалану бойынша су қатынастары субъектілерінің қызметін үйлестіру;
      3) су нысандарын қалпына келтіру және қорғау туралы бассейндік келісімдерді дайындау және іске асыру;
      4) бассейндер бойынша су нысандарының мемлекеттік мониторингі мен мемлекеттік су кадастрын, мемлекеттік есебін жүргізу;
      5) заңнамамен белгіленген тәртіпте арнайы суды пайдалануға рұқсатты беру және тоқтату;
      6) келіседі:
      тиісті бассейннің су нысандарын тиімді пайдалану бойынша тиісті бассейнге жататын облыстардың жергілікті атқарушы органдарының жоспарларын;
      кәсіпорындардың және су жағдайына әсер ететін басқада құрылыстарды салу орындарын анықтау бойынша ұсыныстарды;
      кәсіпорындардың және су жағдайына әсер ететін басқа да құрылыстарды салу және қайта жаңарту жобалары, жоба алдындағы құжаттамаларды;
      кұрылыс, түбін тереңдету, пайдалы қазбаларды, су өсімдіктерін өндіру бойынша жарылыс жұмыстары, кабелдерді, құбырөткізгіштерді және басқада коммуникацияларды өткізу, орманды кесу, сондай-ақ бұрғылау, ауыл шаруашылығы және су нысандарында, суды қорғау аймақтары мен белдеулерінде басқа да жұмыстарды өткізу туралы құжаттарын;
      су нысандары жағдайын сақтау, жақсарту бойынша суды пайдаланушылардың іс-шаралар жоспарын;
      су нысандары мен су шаруашылығы құрылыстары және балық қорларын өндіру жағдайын жақсартуды қамтамасыз ететін балық өсіру және мелиоративтік-техникалық іс-шараларды;
      бекітіп берілуі бойынша конкурсқа қойылатын жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін;
      су нысандарын оқшау және бірлесіп пайдалануға беру туралы ұсыныстарды және ондағы суды пайдалану шарттарын.
      7) су жағдайына әсер ететін өндірістік, ауыл шаруашылығы және тұрғын үй-азаматтық тағайындаудағы нысандарды пайдалану бойынша мемлекеттік комиссия жұмысына, сондай-ақ табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың келуі нәтижесінде туындаған салдарды жою бойынша жұмыстарға қатысады;
      8) тиісті бассейндер бойынша суды пайдаланушылар бөліндісінде суды пайдалану лимиттерін анықтайды;
      9) арнайы суды пайдалануға рұқсат беруге өтініште көрсетілген мәліметті анықтайды;
      10) оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануда су нысандарын беру бойынша конкурсты ұйымдастыруға және өткізуге қатысады;
      11) жер асты су қорларын бекітуге қатысады;
      12) су нысандары мен су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану ережелерін, тиісті бассейннің суларын кешенді пайдалану және қорғау сұлбасын келіседі;
      13) тиісті бассейн бойынша су шаруашылығы баланстарын әзірлеуге қатысады;
      14) су жағдайы мен сапасын жақсарту бойынша қабылданған шаралар туралы, су қорын тиімді пайдалану және қорғау жөнінде өткізілген жұмыстар туралы халыққа ақпарат беру;
      15) тиісті бассейнге жататын облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен және басқада мүдделі мемлекеттік органдармен сумен қамту және су тарту, су қорын пайдалану және қорғау мәселелері бойынша өзара қарым-қатынас жасайды;
      16) су қорын тиімді пайдалану және қорғау ісінде халықты ақпараттандыру және тәрбиелеу бойынша жұмыстарды жүргізеді;
      17) арнайы суды пайдалану құқығын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалармен суды алу немесе бұру бойынша құрылыстарда немесе қондырғыларда орнатылатын суды есептеу құралдарына пломба қояды және тіркейді;
      18) салық органдарына бергенге дейін жер үсті көздерінен су ресурстарын пайдалануға төлем бойынша салық есептерін куәландыруды жүзеге асырады;
      19) бассейндік кеңес жұмысын, бассейннің аумағында су қорын пайдалану және қорғау мәселелері бойынша бассейндік кеңес мүшелерімен кеңес беруді ұйымдастырады, бассейндік кеңеспен дайындалған ұсыныстарды талдайды, оларды іске асыру бойынша шараларды жүзеге асырады, суды пайдаланушылар мен мүдделі мемлекеттік органдарға бассейндік кеңестің ұсыныстарын жеткізеді.
      20) облысаралық және өңіраралық су нысандары бойынша су алу және суды бөлу жоспарларын әзірлейді.
      10. Міндеті: су қорын пайдалану және қорғау саласында мемлекеттік бақылау өткізуді ұйымдастырады.
      Функциялары:
      1) Қазақстан Республикасының су заңнамаларын жеке және заңды тұлғалармен сақтауын, су қорын пайдалану және қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      2) салааралық және облысаралық маңызы бар ірі су қоймаларын, бірлесіп пайдаланудағы су қоймаларының жұмыс режиміне бақылауды жүзеге асырады;
      3) оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға берілген су нысандарын пайдалануда белгіленген су сервитуттарын жеке және заңды тұлғалармен сақтауына бақылауды жүзеге асырады;
      4) облысаралық және өңіраралық су нысандары бойынша суды алуды және суды бөлуді сақтауға бақылау жасайды;
      5) су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекараларын сақтауға, олардағы шаруашылық қызметінің белгіленген режимін және ерекше қорғалатын су нысандарына бақылауды жүзеге асырады;
      6) су нысандары бойынша суды тұтыну және суды бұру лимиттерін, белгіленген нормалар мен ережелерді, сондай-ақ суды пайдалану режимін сақтауға бақылауды жүзеге асырады;
      7) су шаруашылығы жүйелері мен су қоймалары, су тоған құрылыстарын пайдалану ережелерін сақтауға бақылауды жүзеге асырады;
      8) су нысандарынан алынатын және оларға тасталатын су көлеміне алғашқы есепті жүргізу анықтылығына, су бұру және тұтыну есебі үшін жабдықтар мен аппаратураларды мемлекеттік аттестациядан өту мерзімдерін сақтауға және жарамдылық жағдайын бақылауды, суды пайдаланушылармен есеп берудің белгіленген мерзімдерін сақтауды жүзеге асырады;
      9) арнайы суды пайдалануға белгіленген талаптары мен шарттарын жеке және заңды тұлғалармен орындауға, сондай-ақ суға зиян әсер етуге қарсы күрес бойынша іс-шаралардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады (су тасу, су басу, су тасқыны, жағалауды бұзу және басқада зиян құбылыстар);
      10) су нысандарын оқшау және бірлесіп пайдалануға беру тәртібінде Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамаларын сақтауға бақылауды жүзеге асырады;
      11) су нысандарын пайдалану және қорғау жағынан жер асты және жер үсті суларына мемлекеттік есепті жүзеге асыру және су нысандарының мемлекеттік мониторингін жүргізу тәртібінде Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамаларын сақтауға бақылауды жүзеге асырады;
      12) белгіленген тәртіпте бекітілген жобалау құжаттамасының болуына және су нысандарын пайдалану және қорғаумен, оларды салуға, қайта жаңартуға, суды қорғау аймақтары және белдеулерімен байланысты қызметі және экономика салаларының нысандарын техникалық қайта жабдықтауға сәйкестілігіне бақылауды жүзеге асырады;
      13) су нысандарын өз еркімен пайдалануды, су нысандарының суды қорғау аймақтары мен белдеулерінің аумағында өз еркімен құрылыс жүргізуін болдырмауға бақылауды жүзеге асырады;
      14) жиынтықты суды тұтынуды төмендету бойынша іс-шаралар, суды тиімді пайдалану және қорғау саласында алдыңғы қатарлы тәжірибесін, ғылым мен техникаға қол жеткізуді кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда енгізуге бақылауды жүзеге асырады;
      15) Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамалық тәртіпте су қорын пайдалану және қорғау, сумен қамту және су тарту саласында белгіленген нормаларын және ережелерін бұзумен жүзеге асырылған су жағдайына әсер ететін су шаруашылығы және басқада нысандарды қаржыландыру, жобалау және құрылысын тоқтату туралы талаптарды қояды;
      16) Қазақстан Республикасының су заңнамаларын бұзу туралы материалдарды Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес айыптыларды тарту үшін құқық қорғау органдарына және сотқа тапсырады;
      17) Қазақстан Республикасының су заңнамаларын бұзған жағдайда мемлекетке келтірілген шығынды өтеу туралы арызды сотқа береді;
      18) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша өндірісті жүзеге асырады.

3. Инспекцияның құқықтары

      12. Инспекцияның жедел басқару құқығында заңнамамен қарастырылған жағдайда жекелеген мүлкі болады.
      Инспекцияның мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптасады, және негізгі және айналымдағы қаражаттан, сондай-ақ инспекцияның балансында құны көрсетілген басқада мүліктен тұрады.
      13. Инспекцияға бекiтілiп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
      14. Инспекция өзіне бекiтілiп берілген мүлiктi өз еркімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқылы емес.

4. Инспекцияның мүлкi

      12. Инспекцияның жедел басқару құқығында заңнамамен қарастырылған жағдайда жекелеген мүлкі болады.
      Инспекцияның мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптасады, және негізгі және айналымдағы қаражаттан, сондай-ақ инспекцияның балансында құны көрсетілген басқада мүліктен тұрады.
      13. Инспекцияға бекiтілiп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
      14. Инспекция өзіне бекiтілiп берілген мүлiктi өз еркімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқылы емес.

5. Инспекцияның қызметiн ұйымдастыру

       15. Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрімен келісу арқылы Жауапты хатшымен қызметіне тағайындалатын және қызметінен босатылатын басшы инспекцияға басшылық жасайды.
      16. Инспекция басшысының орынбасарлары Жауапты хатшымен қызметтеріне тағайындалады және қызметтерінен босатылады.
      17. Инспекция басшысы инспекция жұмысын ұйымдастырады және басшылықты жүзеге асырады, инспекцияға жүктелген міндеттерді орындауға және өз қызметтерін жүзеге асыруға жеке жауапкершілікті атқарады.
      18. Инспекция атынан жолданған құжаттар басшысымен немесе құзіреті шегінде оның орынбасарларымен қол қойылады. Басшы болмаған жағдайда оны ауыстыратын тұлға құжаттарға қол қояды.
      Басшы болмаған уақытта инспекция қызметіне жалпы басшылықты жүктелген міндеттерді орындауға және өз қызметтерін жүзеге асыруға жеке жауапкершілікті атқару оның орынбасарларының біреуіне жүктеледі.
      Басшы және оның орынбасарлары болмаған жағдайда басшының міндеті Комитеттің қызметкерлерінің біреуіне немесе инспекция бөлімінің басшысына Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген тәртіпте жүктеледі.
      19. Осы мақсаттарда басшы:
      1) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инспекция қызметкерлерін қызметке тағайындайды және орнынан босатады;
      3) өзінің орынбасарларының міндеттерін мен құзыреттерін анықтайды және бекітеді, қызметтік нұсқаулықтарын бекітеді және де өз орынбасарларының іссапарлары мәселесін шешеді;
      4) заңмен белгіленген тәртіпте инспекция қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану және көтермелеу жөнінде шаралар қолданады;
      5) өз құзыреті шегінде инспекция қызметшілерін іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, дайындау (қайта даярлау), біліктілікті арттыру мәселелерін шешеді;
      6) өз құзыреті шегінде инспекцияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қолданады және жемқорлыққа қарсы шаралар үшін жеке жауапкершілік атқарады;
      7) қолданыстағы заңнамаға сәйкес, инспекцияның атынан мемлекеттік органдарда және басқа ұйымдарда өкілдік етеді.
      20. Басшының орынбасары:
      1) өз өкілеттіктері шеңберінде құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіреді;
      2) басшы болмаған кезде инспекцияға жалпы басшылықты жүзеге асырады және инспекцияға жүктелген міндеттерді орындауға және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;
      3) басшы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады

6. Инспекцияны қайта ұйымдастыру және тарату

      21. Инспекцияны қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы    
Қоршаған орта және су ресурстары
министрінің 2014 жылғы 27 қаңтардағы
№ 18-Ө бұйрығымен бекітілген 

«Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары
министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын
пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай
бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі
туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы (бұдан әрі – инспекция) су қорын пайдалануды реттеу және қорғау саласын іске асыру және бақылау функцияларын атқаратын Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Су ресурстары комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық органы болып табылады.
      2. Инспекция өз құзіреті шегінде су қорын пайдалануды реттеу және қорғау саласын іске асыру және бақылау функцияларын бекітілген аумақтың шегінде жүргізеді.
      3. Инспекция өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Yкiметінiң актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. Инспекция мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы Комитетке ведомстволық бағынышты заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген белгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында есеп шоттары болады.
      Инспекция азаматтық құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      Егер инспекция заңнамаға сәйкес мемлекеттің атынан уәкілеттенсе, ол мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
      5. Инспекцияның құрылымы мен штаттық кестесін Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрімен келісу арқылы Жауапты хатшы бекітеді.
      6. Инспекцияның толық атауы – «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, индекс 110000, Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 75 үй.
      7. Осы Ереже инспекцияның құрылтай құжаты болып табылады.
      8. Инспекцияның қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.
      Инспекция өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектілерiмен шарттық қатынастарға түсуге тиым салынады.
      Егер заңнамалық актілермен инспекцияға кiрiстер әкелетін қызметтi жүзеге acыpу құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджет кiрiсiне жiберiледi.

2. Инспекцияның негізгі функциялары мен қызметтері

      9. Міндеті: халықтың және экономика салаларының тұтынушылықтарын қамтамасыз ету үшін су қорын пайдалануды реттеу, суды пайдаланудың экологиялық қауіпсіз және экономикалық оңтайлы деңгейін ұстау және қол жеткізу.
      Функциялары:
      1) бассейндік принцип негізінде гидрографиялық бассейннің су ресурстарын кешенді басқару;
      2) мағыналы, адал және экологиялық орнықты суды пайдаланудың оң экономикалық әсеріне қол жеткізу мақсатында су ресурстарын пайдалану бойынша су қатынастары субъектілерінің қызметін үйлестіру;
      3) су нысандарын қалпына келтіру және қорғау туралы бассейндік келісімдерді дайындау және іске асыру;
      4) бассейндер бойынша су нысандарының мемлекеттік мониторингі мен мемлекеттік су кадастрын, мемлекеттік есебін жүргізу;
      5) заңнамамен белгіленген тәртіпте арнайы суды пайдалануға рұқсатты беру және тоқтату;
      6) келіседі:
      тиісті бассейннің су нысандарын тиімді пайдалану бойынша тиісті бассейнге жататын облыстардың жергілікті атқарушы органдарының жоспарларын;
      кәсіпорындардың және су жағдайына әсер ететін басқада құрылыстарды салу орындарын анықтау бойынша ұсыныстарды;
      кәсіпорындардың және су жағдайына әсер ететін басқа да құрылыстардың және қайта жаңарту жобалары, жоба алдындағы құжаттамаларды;
      кұрылыс, түбін тереңдету, пайдалы қазбаларды, су өсімдіктерін өндіру бойынша жарылыс жұмыстары, кабелдерді, құбырөткізгіштерді және басқада коммуникацияларды өткізу, орманды кесу, сондай-ақ бұрғылау, ауыл шаруашылығы және су нысандарында, суды қорғау аймақтары мен белдеулерінде басқа да жұмыстарды өткізу туралы құжаттарды;
      су нысандары жағдайын сақтау, жақсарту бойынша суды пайдаланушылардың іс-шаралар жоспарын;
      су нысандары мен су шаруашылығы құрылыстары және балық қорларын өндіру жағдайын жақсартуды қамтамасыз ететін балық өсіру және мелиоративтік-техникалық іс- шараларды;
      бекітіп берілуі бойынша конкурсқа қойылатын жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін;
      су нысандарын оқшау және бірлесіп пайдалануға беру туралы ұсыныстарды және ондағы суды пайдалану.
      7) су жағдайына әсер ететін өндірістік, ауыл шаруашылығы және тұрғын үй-азаматтық тағайындаудағы нысандарды пайдалану бойынша мемлекеттік комиссия жұмысына, сондай-ақ табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың келуі нәтижесінде туындаған салдарды жою бойынша жұмыстарға қатысады;
      8) сәйкес бассейндер бойынша суды пайдаланушылар бөліндісінде суды пайдалану лимиттерін анықтайды;
      9) арнайы суды пайдалануға рұқсат беруге өтініште көрсетілген мәліметті анықтайды;
      10) оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануда су нысандарын беру бойынша конкурсты ұйымдастыруға және өткізуге қатысады;
      11) жер асты су қорларын бекітуге қатысады;
      12) су нысандары мен су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану ережелерін, сәйкес бассейннің суларын кешенді пайдалану және қорғау сұлбасын келіседі;
      13) сәйкес бассейн бойынша су шаруашылығы баланстарын әзірлеуге қатысады;
      14) су жағдайы мен сапасын жақсарту бойынша қабылданған шаралар туралы, су қорын тиімді пайдалану және қорғау жөнінде өткізілген жұмыстар туралы халыққа ақпарат беру;
      15) тиісті бассейнге жататын облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен және басқада мүдделі мемлекеттік органдармен сумен қамту және су тарту, су қорын пайдалану және қорғау мәселелері бойынша өзара қарым-қатынас жасайды;
      16) су қорын тиімді пайдалану және қорғау ісінде халықты ақпараттандыру және тәрбиелеу бойынша жұмыстарды жүргізеді;
      17) арнайы суды пайдалану құқығын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалармен суды алу немесе бұру бойынша құрылыстарда немесе қондырғыларда орнатылатын суды есептеу құралдарына пломба қояды және тіркейді;
      18) салық органдарына бергенге дейін жер үсті көздерінен су ресурстарын пайдалануға төлем бойынша салық есептерін куәландыруды жүзеге асырады;
      19) бассейндік кеңес жұмысын, бассейннің аумағында су қорын пайдалану және қорғау мәселелері бойынша бассейндік кеңес мүшелерімен кеңес беруді ұйымдастырады, бассейндік кеңеспен дайындалған ұсыныстарды талдайды, оларды іске асыру бойынша шараларды жүзеге асырады, суды пайдаланушылар мен мүдделі мемлекеттік органдарға бассейндік кеңестің ұсыныстарын жеткізеді;
      20) облысаралық, өңіраралық, мемлекетаралық су нысандары бойынша су алу және суды бөлу жоспарларын әзірлейді.
      10. Міндеті: су қорын пайдалану және қорғау саласында мемлекеттік бақылау өткізуді ұйымдастырады.
      Қызметтері:
      1) Қазақстан Республикасының су заңнамаларын жеке және заңды тұлғалармен сақтауын, су қорын пайдалану және қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      2) салааралық, облысаралық және мемлекетаралық маңызы бар ірі су қоймаларын, бірлесіп пайдаланудағы су қоймаларының жұмыс режиміне бақылауды жүзеге асырады;
      3) оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға берілген су нысандарын пайдалануда белгіленген су сервитуттарын жеке және заңды тұлғалармен сақтауына бақылауды жүзеге асырады;
      4) облысаралық, өңіраралық, мемлекетаралық су нысандары бойынша суды алуды және суды бөлуді сақтауға бақылау жасайды;
      5) су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекараларын сақтауға, олардағы шаруашылық қызметінің белгіленген режимін және ерекше қорғалатын су нысандарына бақылауды жүзеге асырады;
      6) су нысандары бойынша суды тұтыну және суды бұру лимиттерін, белгіленген нормалар мен ережелерді, сондай-ақ суды пайдалану режимін сақтауға бақылауды жүзеге асырады;
      7) су шаруашылығы жүйелері мен су қоймалары, су тоған құрылыстарын пайдалану ережелерін сақтауға бақылауды жүзеге асырады;
      8) су нысандарынан алынатын және оларға тасталатын су көлеміне алғашқы есепті жүргізу анықтылығына, су бұру және тұтыну есебі үшін жабдықтар мен аппаратураларды мемлекеттік аттестациядан өту мерзімдерін сақтауға және жарамдылық жағдайын бақылауды, суды пайдаланушылармен есеп берудің белгіленген мерзімдерін сақтауды жүзеге асырады;
      9) арнайы суды пайдалануға белгіленген талаптары мен шарттарын жеке және заңды тұлғалармен орындауға, сондай-ақ суға зиян әсер етуге  қарсы күрес бойынша іс-шаралардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады (су тасу, су басу, су тасқыны, жағалауды бұзу және басқада зиян құбылыстар);
      10) су нысандарын оқшау және бірлесіп пайдалануға беру тәртібінде Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамаларын сақтауға бақылауды жүзеге асырады;
      11) су нысандарын пайдалану және қорғау жағынан жер асты және жер үсті суларына мемлекеттік есепті жүзеге асыру және су нысандарының мемлекеттік мониторингін жүргізу тәртібінде Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамаларын сақтауға бақылауды жүзеге асырады;
      12) белгіленген тәртіпте бекітілген жобалау құжаттамасының болуына және су нысандарын пайдалану және қорғаумен, оларды салуға, қайта жаңартуға, суды қорғау аймақтары және белдеулерімен байланысты қызметі және экономика салаларының нысандарын техникалық қайта жабдықтауға сәйкестілігіне бақылауды жүзеге асырады;
      13) су нысандарын өз еркімен пайдалануды, су нысандарының суды қорғау аймақтары мен белдеулерінің аумағында өз еркімен құрылыс жүргізуін болдырмауға бақылауды жүзеге асырады;
      14) жиынтықты суды тұтынуды төмендету бойынша іс-шаралар, суды тиімді пайдалану және қорғау саласында алдыңғы қатарлы тәжірибесін, ғылым мен техникаға қол жеткізуді кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда енгізуге бақылауды жүзеге асырады;
      15) Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамалық тәртіпте су қорын пайдалану және қорғау, сумен қамту және су тарту саласында белгіленген нормаларын және ережелерін бұзумен жүзеге асырылған су жағдайына әсер ететін су шаруашылығы және басқада нысандарды қаржыландыру, жобалау және құрылысын тоқтату туралы талаптарды қояды;
      16) Қазақстан Республикасының су заңнамаларын бұзу туралы материалдарды Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес айыптыларды тарту үшін құқық қорғау органдарына және сотқа тапсырады;
      17) Қазақстан Республикасының су заңнамаларын бұзған жағдайда мемлекетке келтірілген шығынды өтеу туралы арызды сотқа береді;
      18) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша өндірісті жүзеге асырады.

3. Инспекцияның құқықтары

      11. Инспекцияның өз өкілеттігі шегіндегі құқығы бар:
      1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жеке, лауазымды және заңды тұлғалардан су ресурстарын пайдалану мен қорғаудың жай-күйін анықтауға қажетті мәліметтерді, соның ішінде зертханалық талдау деректерін алуға;
      2) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы қатынастарды реттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуі жөнінде ұсыныстар енгізуге құқығы бар;
      3) кінәлі тұлғаларға Қазақстан Республикасының су заңнамасын бұзу арқылы келтірілген залалды өтеу туралы талап қоюға.
      халықтың және экономика салаларының тұтынушылықтарын қамтамасыз ету үшін су қорын пайдалануды реттеу, суды пайдаланудың экологиялық қауіпсіз және экономикалық оңтайлы деңгейін ұстау және қол жеткізу.

4. Инспекцияның мүлкi

      12. Инспекцияның жедел басқару құқығында заңнамамен қарастырылған жағдайда жекелеген мүлкі болады.
      Инспекцияның мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптасады, негізгі және айналымдағы қаражаттан, сондай-ақ инспекцияның балансында құны көрсетілген басқада мүліктен тұрады.
      13. Инспекцияға бекiтілiп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
      14. Инспекция өзіне бекiтілiп берілген мүлiктi өз еркімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқылы емес.

5. Инспекцияның қызметiн ұйымдастыру

      15. Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрімен келісу арқылы Жауапты хатшымен қызметіне тағайындалатын және қызметінен босатылатын басшы инспекцияға басшылық жасайды.
      16. Инспекция басшысының орынбасарлары Жауапты хатшымен қызметтеріне тағайындалады және қызметтерінен босатылады.
      17. Инспекция басшысы инспекция жұмысын ұйымдастырады және басшылықты жүзеге асырады, инспекцияға жүктелген міндеттерді орындауға және өз қызметтерін жүзеге асыруға жеке жауапкершілікті атқарады.
      18. Инспекцияның атынан жолданған құжаттарға басшысымен немесе құзыреті шегінде оның орынбасарларымен қол қойылады. Басшы болмаған жағдайда оны ауыстыратын тұлға құжаттарға қол қояды.
      Басшы болмаған уақытта инспекция қызметіне жалпы басшылықты жүктелген міндеттерді орындауға және өз қызметтерін жүзеге асыруға жеке жауапкершілікті атқару оның орынбасарларының біреуіне жүктеледі.
      Басшы және оның орынбасарлары болмаған жағдайда басшының міндеті Комитеттің қызметкерлерінің біреуіне немесе инспекцияның бөлімінің басшысына Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген тәртіпте жүктеледі.
      19. Осы мақсаттарда басшы:
      1) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инспекция қызметкерлерін қызметке тағайындайды және орнынан босатады;
      3) өзінің орынбасарларының міндеттері мен құзыреттерін анықтайды және бекітеді, қызметтік нұсқаулықтарын бекітеді және де өз орынбасарларының іссапарлары мәселесін шешеді;
      4) заңмен белгіленген тәртіпте тәртіптік жазаларды қолданады;
      5) өз құзыреті шегінде іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, дайындау (қайта даярлау), біліктілікті арттыру мәселелерін шешеді;
      6) өз құзыреті шегінде инспекцияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қолданады және жемқорлыққа қарсы шаралар үшін жеке жауапкершілік атқарады;
      7) қолданыстағы заңнамаға сәйкес, инспекцияның атынан мемлекеттік органдарда және басқа ұйымдарда өкілдік етеді;
      20. Басшысының орынбасары:
      1) өз өкілеттіктері шеңберінде құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіреді;
      2) Басшысы болмаған кезде инспекцияға жалпы басшылықты жүзеге асырады және инспекцияға жүктелген міндеттерді орындауға және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;
      3) Басшы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

6. Инспекцияның  қайта ұйымдастыру және тарату

      22. Инспекцияны қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы     
Қоршаған орта және су ресурстары
министрінің 2014 жылғы 27 қаңтардағы
№ 18-Ө бұйрығымен бекітілген 

«Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары
министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын
пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі
Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік
мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - инспекция су қорын пайдалануды реттеу және қорғау саласын іске асыру және бақылау функцияларын атқаратын Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Су ресурстары комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық органы болып табылады.
      Инспекцияның Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында бөлімдері бар.
      2. Инспекция өз құзіреті шегінде су қорын пайдалануды реттеу және қорғау саласын іске асыру және бақылау функцияларын бекітілген аумақтың шегінде жүргізеді.
      3. Инспекция өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Yкiметінiң актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. Инспекция мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы Комитетке ведомстволық бағынышты заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртабандары, белгіленген белгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында есепшоттары болады.
      Инспекция азаматтық құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      Егер инспекция заңнамаға сәйкес мемлекеттің атынан уәкілеттенсе, ол мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
      5. Инспекцияның құрылымы мен штаттық кестесін Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрімен келісу арқылы Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Жауапты хатшысы бекітеді.
      6. Инспекцияның толық атауы – «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      Инспекцияның заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, индекс 060002, Атырау қаласы, Абай көшесі, 10а үй.
      7. Осы Ереже инспекцияның құрылтай құжаты болып табылады.
      8. Инспекция қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      Инспекцияға өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектілерiмен шарттық қатынастарға түсуге тиым салынады.
      Егер заңнамалық актілермен инспекцияға кiрiстер әкелетін қызметтi жүзеге acыpу құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджет кiрiсiне жiберiледi.

2. Инспекцияның негізгі міндеттері мен қызметтері

      9. Міндеті: халықтың және экономика салаларының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін су қорын пайдалануды реттеу, суды пайдаланудың экологиялық қауіпсіз және экономикалық оңтайлы деңгейін ұстау және қол жеткізу.
      Функциялары:
      1) бассейндік принцип негізінде гидрографиялық бассейннің су ресурстарын кешенді басқару;
      2) мағыналы, адал және экологиялық орнықты суды пайдаланудың оң экономикалық әсеріне қол жеткізу мақсатында су ресурстарын пайдалану бойынша су қатынастары субъектілерінің қызметін үйлестіру;
      3) су нысандарын қалпына келтіру және қорғау туралы бассейндік келісімдерді дайындау және іске асыру;
      4) бассейндер бойынша су нысандарының мемлекеттік мониторингі мен мемлекеттік су кадастрын, мемлекеттік есебін жүргізу;
      5) заңнамамен белгіленген тәртіпте арнайы суды пайдалануға рұқсатты беру және тоқтату;
      6) келіседі:
      тиісті бассейннің су нысандарын тиімді пайдалану бойынша сәйкесті бассейнге жататын облыстардың жергілікті атқарушы органдарының жоспарларын;
      кәсіпорындардың және су жағдайына әсер ететін басқа да құрылыстарды салу орындарын анықтау бойынша ұсыныстарды;
      кәсіпорындардың және су жағдайына әсер ететін басқа да құрылыстарды салу және қайта жаңарту жобалары, жоба алдындағы құжаттамаларды;
      құрылыс, түбін тереңдету, пайдалы қазбаларды, су өсімдіктерін өндіру бойынша жарылыс жұмыстары, кабелдерді, құбырөткізгіштерді және басқа да коммуникацияларды өткізу, орманды кесу, сондай-ақ бұрғылау, ауыл шаруашылығы және су нысандарында, суды қорғау аймақтары мен белдеулерінде басқа да жұмыстарды өткізу туралы құжаттарын;
      су нысандары жағдайын сақтау, жақсарту бойынша суды пайдаланушылардың іс-шаралар жоспарын;
      су нысандары мен су шаруашылығы құрылыстары және балыққорларын өндіру жағдайын жақсартуды қамтамасыз ететін балық өсіру және мелиоративтік-техникалық іс-шараларды;
      бекітіп берілуі бойынша конкурсқа қойылатын жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін;
      кеме жүзу режимін;
      су нысандарын оқшау және бірлесіп пайдалануға беру туралы ұсыныстарды және ондағы суды пайдалану шарттарын.
      7) су жағдайына әсер ететін өндірістік, ауыл шаруашылығы және тұрғын үй-азаматтық тағайындаудағы нысандарды пайдалану бойынша мемлекеттік комиссия жұмысына, сондай-ақ табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың пайда болуы нәтижесінде туындаған салдарды жою бойынша жұмыстарға қатысады;
      8) тиісті бассейндер бойынша суды пайдаланушылар кесіндісінде суды пайдалану лимиттерін анықтайды;
      9) арнайы суды пайдалануға рұқсат беру бойынша өтініште көрсетілген мәліметті анықтайды;
      10) оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануда су нысандарын беру бойынша конкурсты ұйымдастыруға және өткізуге қатысады;
      11) жер асты су қорларын бекітуге қатысады;
      12) су нысандары мен су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану ережелерін, тиісті бассейннің суларын кешенді пайдалану және қорғау сұлбасын келіседі;
      13) тиісті бассейн бойынша су шаруашылығы баланстарын әзірлеуге қатысады;
      14) су жағдайы мен сапасын жақсарту бойынша қабылданған шаралар туралы су қорын тиімді пайдалану және қорғау жөнінде өткізілген жұмыстар туралы халыққа ақпарат беру;
      15) тиісті бассейнге жататын облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен сумен қамту және су тарту, су қорын пайдалану және қорғау мәселелері бойынша өзара қарым-қатынас жасайды;
      16) су қорын тиімді пайдалану және қорғау ісінде халықты ақпараттандыру және тәрбиелеу бойынша жұмыстарды жүргізеді;
      17) арнайы суды пайдалану құқығын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалармен суды алу немесе бұру бойынша құрылыстарда немесе қондырғыларда орнатылатын суды есептеу құралдарына пломба қояды және тіркейді;
      18) салық органдарына бергенге дейін жер үсті көздерінен су ресурстарын пайдалануға төлем бойынша салық есептерін куәландыруды жүзеге асырады;
      19) бассейндік кеңес жұмысын, бассейннің аумағында су қорын пайдалану және қорғау мәселелері бойынша бассейндік кеңес мүшелерімен кеңес беруді ұйымдастырады, бассейндік кеңеспен дайындалған ұсыныстарды талдайды, оларды іске асыру бойынша шараларды жүзеге асырады, суды пайдаланушылар мен мүдделі мемлекеттік органдарға бассейндік кеңестің ұсыныстарын жеткізеді.
      20) облысаралық және өңіраралық су нысандары бойынша су алу және суды бөлу жоспарларын әзірлейді.
      10. Міндеті: су қорын пайдалану және қорғау саласында мемлекеттік бақылау жүргізуді ұйымдастырады.
      Функциялары:
      1) Қазақстан Республикасының су заңнамаларын жеке және заңды тұлғалармен сақтауын, су қорын пайдалану және қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      2) салааралық және облысаралық маңызы бар ірі су қоймаларын, бірлесіп пайдаланудағы су қоймаларының жұмыс режиміне бақылауды жүзеге асырады;
      3) оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға берілген су нысандарын пайдалануда белгіленген су сервитуттарын жеке және заңды тұлғалармен сақтауына бақылауды жүзеге асырады;
      4) облысаралық және өңіраралық су нысандары бойынша суды алуды және суды бөлуді сақтауға бақылау жасайды;
      5) су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекараларын сақтауға, олардағы шаруашылық қызметінің белгіленген режимін және ерекше қорғалатын су нысандарына бақылауды жүзеге асырады;
      6) су нысандары бойынша суды тұтыну және суды бұру лимиттерін, белгіленген нормалар мен ережелерді, сондай-ақ суды пайдалану режимін сақтауға бақылауды жүзеге асырады;
      7) су шаруашылығы жүйелері мен су қоймалары, су тоған құрылыстарын пайдалану ережелерін сақтауға бақылауды жүзеге асырады;
      8) су нысандарынан алынатын және оларға тасталатын су көлеміне алғашқы есепті жүргізу анықтылығына, су бұру және тұтыну есебі үшін жабдықтар мен аппаратураларды мемлекеттік аттестациядан өту мерзімдерін сақтауға және жарамдылық жағдайын бақылауды, суды пайдаланушылармен есеп берудің белгіленген мерзімдерін сақтауды жүзеге асырады;
      9) арнайы суды пайдалануға белгіленген талаптары мен шарттарын жеке және заңды тұлғалармен орындауға, сондай-ақ суға зиян әсер етуге қарсы күрес бойынша іс-шаралардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады (су тасу, су басу, су тасқыны, жағалауды бұзу және басқа да зиян құбылыстар);
      10) су нысандарын оқшау және бірлесіп пайдалануға беру тәртібінде Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамаларын сақтауға бақылауды жүзеге асырады;
      11) су нысандарын пайдалану және қорғау жағынан жер асты және жер үсті суларына мемлекеттік есепті жүзеге асыру және су нысандарының мемлекеттік мониторингін жүргізу тәртібінде Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамаларын сақтауға бақылауды жүзеге асырады;
      12) белгіленген тәртіпте бекітілген жобалау құжаттамасының болуына және су нысандарын пайдалану және қорғаумен, оларды салуға, қайта жаңартуға, суды қорғау аймақтары және белдеулерімен байланысты қызметі және экономика салаларының нысандарын техникалық қайта жабдықтау сәйкестілігін бақылауды жүзеге асырады;
      13) су нысандарын өз еркімен пайдалануды, су нысандарының суды қорғау аймақтары мен белдеулерінің аумағында өз еркімен құрылыс жүргізуін болдырмауға бақылауды жүзеге асырады;
      14) үлесті суды тұтынуды төмендету бойынша іс-шаралар, суды тиімді пайдалану және қорғау саласында алдыңғы қатарлы тәжірибесін, ғылым мен техникаға қол жеткізуді кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда енгізуге бақылауды жүзеге асырады;
      15) Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамалық тәртіпте су қорын пайдалану және қорғау, сумен қамту және су тарту саласында белгіленген нормаларын және ережелерін бұзумен жүзеге асырылған су жағдайына әсер ететін су шаруашылығы және басқа да нысандарды қаржыландыру, жобалау және құрылысын тоқтату туралы талаптарды қояды;
      16) Қазақстан Республикасының су заңнамаларын бұзу туралы материалдарды Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес айыптыларды тарту үшін құқық қорғау органдарына және сотқа тапсырады;
      17) Қазақстан Республикасының су заңнамаларын бұзған жағдайда мемлекетке келтірілген шығынды өтеу туралы арызды сотқа береді;
      18) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген құзіреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша өндірісті жүзеге асырады.

3. Инспекцияның құқықтары

      11. Инспекцияның өз өкілеттігі шегінде құқығы бар:
      1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жеке, лауазымды және заңды тұлғалардан су ресурстарын пайдалану мен қорғаудың жай-күйін анықтауға қажетті мәліметтерді, соның ішінде зертханалық талдау деректерін алуға;
      2) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы қатынастарды реттейтің заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзуге құқығы бар;
      3) кінәлі тұлғаларға Қазақстан Республикасының су заңнамасын бұзу арқылы келтірілген залалды өтеу туралы талап қоюға.

4. Инспекцияның мүлкi

      12. Инспекцияның жедел басқару құқығында заңнамамен қарастырылған жағдайда жекелеген мүлкі болады.
      Инспекцияның мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптасады, және негізгі және айналымдағы қаражаттан, сондай-ақ инспекцияның балансында құны көрсетілген басқа да мүліктен тұрады.
      13. Инспекцияға бекiтілiп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
      14. Инспекция өзіне бекiтілiп берілген мүлiктi өз еркімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқылы емес.

5. Инспекцияның қызметiн ұйымдастыру

      15. Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрімен келісу арқылы Жауапты хатшымен қызметіне тағайындалатын және қызметінен босатылатын басшы инспекцияға басшылық жасайды.
      16. Инспекция басшысының орынбасарлары Жауапты хатшымен қызметтеріне тағайындалады және қызметтерінен босатылады.
      17. Инспекция басшысы инспекция жұмысын ұйымдастырады және басшылықты жүзеге асырады, инспекцияға жүктелген міндеттерді орындауға және өз қызметтерін жүзеге асыруға жеке жауапкершілікті атқарады.
      18. Инспекция атынан жолданған құжаттар басшысымен немесе құзіреті шегінде оның орынбасарларымен қол қойылады. Басшы болмаған жағдайда оны ауыстыратын тұлға құжаттарға қол қояды.
      Басшы болмаған уақытта инспекция қызметіне жалпы басшылықты жүктелген міндеттерді орындауға және өз қызметтерін жүзеге асыруға жеке жауапкершілікті атқару оның орынбасарларының біреуіне жүктеледі.
      Басшы және оның орынбасарлары болмаған жағдайда басшының міндеті Комитеттің қызметкерлерінің біреуіне немесе инспекция бөлімінің басшысына Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген тәртіпте жүктеледі.
      19. Осы мақсаттарда басшы:
      1) өз құзіреті шегінде бұйрықтарға қол қояды;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инспекция қызметкерлерін қызметке тағайындайды және орнынан босатады;
      3) өзінің орынбасарларының міндеттерін мен құзыреттерін анықтайды және бекітеді, қызметтік нұсқаулықтарын бекітеді және де өз орынбасарларының іссапарлары мәселесін шешеді;
      4) заңмен белгіленген тәртіпте инспекция қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолдану және көтермелеу жөнінде шаралар қолданады;
      5) өз құзіреті шегінде инспекция қызметкерлерін іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, дайындау (қайта даярлау), біліктілікті арттыру мәселелерін шешеді;
      6) өз құзіреті шегінде инспекцияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қолданады және жемқорлыққа қарсы шаралар үшін жеке жауапкершілік атқарады;
      7) қолданыстағы заңнамаға сәйкес, инспекцияның атынан мемлекеттік органдарда және басқа ұйымдарда өкілдік етеді.
      20. Басшының орынбасары:
      1) өз өкілеттіктері шеңберінде құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіреді;
      2) басшы болмаған кезде инспекцияға жалпы басшылықты жүзеге асырады және инспекцияға жүктелген міндеттерді орындауға және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;
      3) басшы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады

6. Инспекцияны қайта ұйымдастыру және тарату

      21. Инспекцияны қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы     
Қоршаған орта және су ресурстары
министрінің 2014 жылғы 27 қаңтардағы
№ 18-Ө бұйрығымен бекітілген  

«Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары
министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын
пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Шу-Талас бассейндік
инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Шу-Талас бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - инспекция) су қорын пайдалануды реттеу және қорғау саласын іске асыру және бақылау функцияларын атқаратын Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Су ресурстары комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық органы болып табылады.
      2. Инспекция өз құзіреті шегінде су қорын пайдалануды реттеу және қорғау саласын іске асыру және бақылау функцияларын бекітілген аумақтың шегінде жүргізеді.
      3. Инспекция өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Yкiметінiң актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. Инспекция мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы Комитетке ведомстволық бағынышты заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген белгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында есепшоттары болады.
      Инспекция азаматтық құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      Егер инспекция заңнамаға сәйкес мемлекеттің атынан уәкілеттенсе, ол мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
      5. Инспекцияның құрылымы мен штаттық кестесін Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрімен келісу арқылы Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Жауапты хатшысы бекітеді.
      6. Инспекцияның толық атауы – «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Шу-Талас бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      Инспекцияның заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, индекс 080000, Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 15 үй.
      7. Осы Ереже инспекцияның құрылтай құжаты болып табылады.
      8. Инспекция қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.
      Инспекция өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектілерiмен шарттық қатынастарға түсуге тиым салынады.
      Егер заңнамалық актілермен инспекцияға кiрiстер әкелетін қызметтi жүзеге acыpу құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджет кiрiсiне жiберiледi.

2. Инспекцияның негізгі функциялары мен қызметтері

      9. Қызметі: халықтың және экономика салаларының тұтынушылықтарын қамтамасыз ету үшін су қорын пайдалануды реттеу, суды пайдаланудың экологиялық қауіпсіз және экономикалық оңтайлы деңгейін ұстау және қол жеткізу.
      Функциялары:
      1) бассейндік принцип негізінде гидрографиялық бассейннің су ресурстарын кешенді басқару;
      2) мағыналы, адал және экологиялық орнықты суды пайдаланудың оң экономикалық әсеріне қол жеткізу мақсатында су ресурстарын пайдалану бойынша су қатынастары субъектілерінің қызметін үйлестіру;
      3) су нысандарын қалпына келтіру және қорғау туралы бассейндік келісімдерді дайындау және іске асыру;
      4) бассейндер бойынша су нысандарының мемлекеттік мониторингі мен мемлекеттік су кадастрын, мемлекеттік есебін жүргізу;
      5) заңнамамен белгіленген тәртіпте арнайы суды пайдалануға рұқсатты беру және тоқтату;
      6) келіседі:
      тиісті бассейннің су нысандарын тиімді пайдалану бойынша сәйкесті бассейнге жататын облыстардың жергілікті атқарушы органдарының жоспарларын;
      кәсіпорындардың және су жағдайына әсер ететін басқа да құрылыстарды салу орындарын анықтау бойынша ұсыныстарды;
      кәсіпорындардың және су жағдайына әсер ететін басқа да құрылыстарды салу және қайта жаңарту жобалары, жоба алдындағы құжаттамаларды;
      кұрылыс, түбін тереңдету, пайдалы қазбаларды, су өсімдіктерін өндіру бойынша жарылыс жұмыстары, кабелдерді, құбырөткізгіштерді және басқада коммуникацияларды өткізу, орманды кесу, сондай-ақ бұрғылау, ауыл шаруашылығы және су нысандарында, суды қорғау аймақтары мен белдеулерінде басқа да жұмыстарды өткізу туралы құжаттарын;
      су нысандары жағдайын сақтау, жақсарту бойынша суды пайдаланушылардың іс-шаралар жоспарын;
      су нысандары мен су шаруашылығы құрылыстары және балыққорларын өндіру жағдайын жақсартуды қамтамасыз ететін балық өсіру және мелиоративтік-техникалық іс-шараларды;
      бекітіп берілуі бойынша конкурсқа қойылатын жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін;
      су нысандарын оқшау және бірлесіп пайдалануға беру туралы ұсыныстарды және ондағы суды пайдалану шарттарын.
      7) су жағдайына әсер ететін өндірістік, ауыл шаруашылығы және тұрғын үй-азаматтық тағайындаудағы нысандарды пайдалану бойынша мемлекеттік комиссия жұмысына, сондай-ақ табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың келуі нәтижесінде туындаған салдарды жою бойынша жұмыстарға қатысады;
      8) сәйкес бассейндер бойынша суды пайдаланушылар бөліндісінде суды пайдалану лимиттерін анықтайды;
      9) арнайы суды пайдалануға рұқсат беруге өтініште көрсетілген мәліметті анықтайды;
      10) оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануда су нысандарын беру бойынша конкурсты ұйымдастыруға және өткізуге қатысады;
      11) жер асты су қорларын бекітуге қатысады;
      12) су нысандары мен су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану ережелерін, сәйкес бассейннің суларын кешенді пайдалану және қорғау сұлбасын келіседі;
      13) сәйкес бассейн бойынша су шаруашылығы баланстарын әзірлеуге қатысады;
      14) су жағдайы мен сапасын жақсарту бойынша қабылданған шаралар туралы, су қорын тиімді пайдалану және қорғау жөнінде өткізілген жұмыстар туралы халыққа ақпарат беру;
      15) сәйкесті бассейнге жататын облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен және басқада мүдделі мемлекеттік органдармен сумен қамту және су тарту, су қорын пайдалану және қорғау мәселелері бойынша өзара қарым-қатынас жасайды;
      16) су қорын тиімді пайдалану және қорғау ісінде халықты ақпараттандыру және тәрбиелеу бойынша жұмыстарды жүргізеді;
      17) арнайы суды пайдалану құқығын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалармен суды алу немесе бұру бойынша құрылыстарда немесе қондырғыларда орнатылатын суды есептеу құралдарына пломба қояды және тіркейді;
      18) салық органдарына бергенге дейін жер үсті көздерінен су ресурстарын пайдалануға төлем бойынша салық есептерін куәландыруды жүзеге асырады;
      19) бассейндік кеңес жұмысын, бассейннің аумағында су қорын пайдалану және қорғау мәселелері бойынша бассейндік кеңес мүшелерімен кеңес беруді ұйымдастырады, бассейндік кеңеспен дайындалған ұсыныстарды талдайды, оларды іске асыру бойынша шараларды жүзеге асырады, суды пайдаланушылар мен мүдделі мемлекеттік органдарға бассейндік кеңестің ұсыныстарын жеткізеді.
      20) облысаралық және өңіраралық су нысандары бойынша су алу және суды бөлу жоспарларын әзірлейді.
      10. Қызметі: су қорын пайдалану және қорғау саласында мемлекеттік бақылау өткізуді ұйымдастырады.
      Функциялары:
      1) Қазақстан Республикасының су заңнамаларын жеке және заңды тұлғалармен сақтауын, су қорын пайдалану және қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      2) салааралық және облысаралық маңызы бар ірі су қоймаларын, бірлесіп пайдаланудағы су қоймаларының жұмыс режиміне бақылауды жүзеге асырады;
      3) оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға берілген су нысандарын пайдалануда белгіленген су сервитуттарын жеке және заңды тұлғалармен сақтауына бақылауды жүзеге асырады;
      4) облысаралық және өңіраралық су нысандары бойынша суды алуды және суды бөлуді сақтауға бақылау жасайды;
      5) су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекараларын сақтауға, олардағы шаруашылық қызметінің белгіленген режимін және ерекше қорғалатын су нысандарына бақылауды жүзеге асырады;
      6) су нысандары бойынша суды тұтыну және суды бұру лимиттерін, белгіленген нормалар мен ережелерді, сондай-ақ суды пайдалану режимін сақтауға бақылауды жүзеге асырады;
      7) су шаруашылығы жүйелері мен су қоймалары, су тоған құрылыстарын пайдалану ережелерін сақтауға бақылауды жүзеге асырады;
      8) су нысандарынан алынатын және оларға тасталатын су көлеміне алғашқы есепті жүргізу анықтылығына, су бұру және тұтыну есебі үшін жабдықтар мен аппаратураларды мемлекеттік аттестациядан өту мерзімдерін сақтауға және жарамдылық жағдайын бақылауды, суды пайдаланушылармен есеп берудің белгіленген мерзімдерін сақтауды жүзеге асырады;
      9) арнайы суды пайдалануға белгіленген талаптары мен шарттарын жеке және заңды тұлғалармен орындауға, сондай-ақ суға зиян әсер етуге қарсы күрес бойынша іс-шаралардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады (су тасу, су басу, су тасқыны, жағалауды бұзу және басқада зиян құбылыстар);
      10) су нысандарын оқшау және бірлесіп пайдалануға беру тәртібінде Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамаларын сақтауға бақылауды жүзеге асырады;
      11) су нысандарын пайдалану және қорғау жағынан жер асты және жер үсті суларына мемлекеттік есепті жүзеге асыру және су нысандарының мемлекеттік мониторингін жүргізу тәртібінде Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамаларын сақтауға бақылауды жүзеге асырады;
      12) белгіленген тәртіпте бекітілген жобалау құжаттамасының болуына және су нысандарын пайдалану және қорғаумен, оларды салуға, қайта жаңартуға, суды қорғау аймақтары және белдеулерімен байланысты қызметі және экономика салаларының нысандарын техникалық қайта жабдықтауға сәйкестілігіне бақылауды жүзеге асырады;
      13) су нысандарын өз еркімен пайдалануды, су нысандарының суды қорғау аймақтары мен белдеулерінің аумағында өз еркімен құрылыс жүргізуін болдырмауға бақылауды жүзеге асырады;
      14) жиынтықты суды тұтынуды төмендету бойынша іс-шаралар, суды тиімді пайдалану және қорғау саласында алдыңғы қатарлы тәжірибесін, ғылым мен техникаға қол жеткізуді кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда енгізуге бақылауды жүзеге асырады;
      15) Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамалық тәртіпте су қорын пайдалану және қорғау, сумен қамту және су тарту саласында белгіленген нормаларын және ережелерін бұзумен жүзеге асырылған су жағдайына әсер ететін су шаруашылығы және басқада нысандарды қаржыландыру, жобалау және құрылысын тоқтату туралы талаптарды қояды;
      16) Қазақстан Республикасының су заңнамаларын бұзу туралы материалдарды Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес айыптыларды тарту үшін құқық қорғау органдарына және сотқа тапсырады;
      17) Қазақстан Республикасының су заңнамаларын бұзған жағдайда мемлекетке келтірілген шығынды өтеу туралы арызды сотқа береді;
      18) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша өндірісті жүзеге асырады.

3. Инспекцияның құқықтары

      11. Инспекцияның өз өкілеттігі шегінде құқығы бар:
      1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жеке, лауазымды және заңды тұлғалардан су ресурстарын пайдалану мен қорғаудың жай-күйін анықтауға қажетті мәліметтерді, соның ішінде зертханалық талдау деректерін алуға;
      2) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы қатынастарды регламенттейтiн заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзуге құқығы бар;
      3) кінәлі тұлғаларға Қазақстан Республикасының су заңнамасын бұзу арқылы келтірілген залалды өтеу туралы талап қоюға.

4. Инспекцияның мүлкi

      12. Инспекцияның жедел басқару құқығында заңнамамен қарастырылған жағдайда жекелеген мүлкі болады.
      Инспекцияның мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптасады, және негізгі және айналымдағы қаражаттан, сондай-ақ инспекцияның балансында құны көрсетілген басқада мүліктен тұрады.
      13. Инспекцияға бекiтілiп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
      14. Инспекция өзіне бекiтілiп берілген мүлiктi өз еркімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқылы емес.

5. Инспекцияның қызметiн ұйымдастыру

      15. Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрімен келісу арқылы Жауапты хатшымен қызметіне тағайындалатын және қызметінен босатылатын басшы инспекцияға басшылық жасайды.
      16. Инспекция басшысының орынбасарлары Жауапты хатшымен қызметтеріне тағайындайды және қызметтерінен босатылады.
      17. Инспекция басшысы инспекция жұмысын ұйымдастырады және басшылықты жүзеге асырады, инспекцияға жүктелген міндеттерді орындауға және өз қызметтерін жүзеге асыруға жеке жауапкершілікті атқарады.
      18. Инспекция атынан жолданған құжаттар басшысымен немесе құзіреті шегінде оның орынбасарларымен қол қойылады. Басшы болмаған жағдайда оны ауыстыратын тұлға құжаттарға қол қояды.
      Басшы болмаған уақытта инспекция қызметіне жалпы басшылықты жүктелген міндеттерді орындауға және өз қызметтерін жүзеге асыруға жеке жауапкершілікті атқару оның орынбасарларының біреуіне жүктеледі.
      Басшы және оның орынбасарлары болмаған жағдайда басшының міндеті Комитеттің қызметкерлерінің біреуіне немесе инспекция бөлімінің басшысына Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген тәртіпте жүктеледі.
      19. Осы мақсаттарда басшы:
      1) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инспекция қызметкерлерін қызметке тағайындалады және орнынан босатады;
      3) өзінің орынбасарларының міндеттерін мен құзыреттерін анықтайды және бекітеді, қызметтік нұсқаулықтарын бекітеді және де өз орынбасарларының іс-сапарлары мәселесін шешеді;
      4) заңмен белгіленген тәртіпте инспекция қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану және көтермелеу жөнінде шаралар қолданады;
      5) өз құзыреті шегінде инспекция қызметшілерін іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, дайындау (қайта даярлау), біліктілікті арттыру мәселелерін шешеді;
      6) өз құзыреті шегінде инспекцияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қолданады және жемқорлыққа қарсы шаралар үшін жеке жауапкершілік атқарады;
      7) қолданыстағы заңнамаға сәйкес, инспекцияның атынан мемлекеттік органдарда және басқа ұйымдарда өкілдік етеді.
      20. Басшының орынбасары:
      1) өз өкілеттіктері шеңберінде құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіреді;
      2) басшы болмаған кезде инспекцияға жалпы басшылықты жүзеге асырады және инспекцияға жүктелген міндеттерді орындауға және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;
      3) басшы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.