2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 11/9-V "Мұқтаж азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік көмек алу үшін жеке тұлғалардың санаттарын және қажетті құжаттардың тізімін белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2013 жылғы 19 наурыздағы N 13/6-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 15 сәуірде № 2931 болып тіркелді. Күші жойылды - Риддер қалалық мәслихатының 2014 жылғы 16 сәуірдегі N 26/9-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 29.11.2013 № 155 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Заңының 47-бабына сәйкес Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Мәслихаттың "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы" 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 26 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-19-175 тіркелген, 2012 жылғы 19 сәуірде "Нұрлы жол" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің қосымшасында:
      1-тармақтың 3)-тармақшасы алынып тасталсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      15-ші кезекті
      сессиясының төрағасы                       А. Рогозин

      Аудандық
      мәслихаттың хатшысы                        В. Вербовой

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Ұзынкөл ауданының
      жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ________ Г. Асқарова