"Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіп кешені саласындағы инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 98 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 2 қазандағы № 264 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 22 қазанда № 3071 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 382 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 15.12.2016 № 382 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңының 7-бабы 2-тармағының 10-1) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. "Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіп кешені саласындағы инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 98 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2574, 2012 жылғы 1 маусымдағы № 63 (16692) "Дидар", 2012 жылғы 2 маусымдағы № 63 (19203) "Рудный Алтай" газеттерiнде жарияланды) мынадай толықтыру енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіп кешені саласындағы инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидасында:
      4 тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) ауылшаруашылық өндірісіне рационализаторлық әзірлемелерді енгізу бойынша қызметтер;".
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Облыс әкімі Б. Сапарбаев