Индер ауданының мүгедектері үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Атырау облысы Индер аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 05 ақпандағы № 45 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 27 ақпанда № 2698 тіркелді

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің 25.04.2016 № 108 қаулысымен (алғаш жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабы 5-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 11 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Орталық атқарушы орган айқындайтын тәртіппен ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс орындары санының екі пайыз мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
      Ескерту. Атырау облысы Индер аудандық әкімдігінің 11.12.2015 № 391 қаулысымен (жарияланғаннан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      2. Индер ауданы әкімінің аппараты осы қаулының интернет-ресурста жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Нұрлыбаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Аудан әкімі Б. Сарсенгалиев