Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы

Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 2011 жылғы 7 қазандағы № 458 шешімі. Қостанай облысы Лисаков қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 21 қазанда № 9-4-189 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 2013 жылғы 15 наурыздағы № 102 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Панфилов ауданы әкімдігінің 09.09.2016 № 462 қаулысымен.
      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Алматы облысы Панфилов ауданы әкімдігінің 2012.12.04 N 702 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-5) тармақшасына сәйкес, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әлеуметтік қорғау мақсатында, оларды жұмыспен қамтамасыз ету үшін, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Меншік құқығына қарамастан, Панфилов ауданының ұйымдары мен мекемелерінде, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бес процент мөлшерінде квота белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Алматы облысы Панфилов ауданы әкімдігінің 2012.12.04 N 702 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Раев Амантай Әбдіқадырұлына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Е. Келемсейіт
      КЕЛІСІЛДІ:
      "Панфилов ауданының
      жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы Азат Жапарұлы Жақыбай