Сырдария ауданында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындарды белгілеу туралы

Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 18 наурыздағы N 86 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 18 сәуірде N 4429 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы N 537 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 20.12.2013 N 537 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабына, "Сауда қызметiн реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуiрдегi N 544 Қазақстан Республикасының Заңының 8 және 27 баптарына, 2005 жылғы 21 сәуiрдегi N 371 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекітілген "Ішкі сауда ережесіне" сәйкес Сырдария ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қосымшаға сәйкес Сырдария ауданында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшiн орындар белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары С.Нұртазаевқа жүктелсiн.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкiмi                           Ғ. Әбілтай

      Сырдария ауданы әкiмдiгiнiң
2013 жылғы 18 наурыздағы
      N 86 қаулысына қосымша

       Сырдария ауданында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшiн орындар

N

Кент және ауылдық округтер атауы

Сауда орындары

1

Ақжарма ауылдық округі

Ағатай Есентұров көшесі ("Ақжарма" дүкенінің арқа беті)

2

Іңкәрдария ауылдық округі

Қасым Сейдахметов көшесі ("Айзада" дүкенінің жаңы)

3

С.Сейфуллин ауылдық округі

Сәрке батыр мен Бәйтен батыр көшелерінің қиылысы

4

Нағи Ілиясов ауылдық округі

Достық көшесі (аялдама жаны)

5

Аманкелді ауылдық округі

Абдолла Ағайдарұлы көшесі (мәдениет үйінің жаны)