Ақтөбе облысы әкімдігінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 88 "Ақтөбе қаласының әкімшілік-аумақтық шегінде Елек өзенінде суды қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 109 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 28 мамырда № 3594 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27–бабына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Заңының 21–бабына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
      1. Облыс әкімдігінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 88 «Ақтөбе қаласының әкімшілік-аумақтық шегінде Елек өзенінде суды қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3248 болып тіркелген, «Ақтөбе», «Актюбинский вестник» газеттерінде 2008 жылғы 6 мамырдағы № 52-53 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Көрсетілген актінің кіріспесі мынадай мазмұнда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39116 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 42 «Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімшілік-аумақтық шегінде Елек өзенінің ластануына, бітелуіне және сарқылуына жол бермеу мақсатында Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      2 – тармағында «(Ж. И. Иманқұлов)» деген сөздер алынып тасталсын;
      қазақ тілі мәтініндегі 3-тармағының 3-абзацындағы «сақталсын» деген сөз «сақтау ұсынылсын» сөздерімен ауыстырылсын.
      6 – тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.К. Кемаловаға жүктелсін».
      2. «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны басқарманың ғаламтор-қорында жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                        А.Мұхамбетов