Шортанды ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 13 желтоқсандағы № А-12/391 "2013 жылы Шортанды ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 17 қазандағы № А-9/229 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 21 қарашада № 3888 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 23 қазандағы № А-9/241 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің 23.10.2014 № А-9/241 (қол қойылған күннен бастап күшіне енеді) қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына сәйкес, Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шортанды ауданы әкімдігінің «2013 жылы Шортанды ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» 2012 жылғы 13 желтоқсандағы № А-12/391 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3567 болып тіркелген, аудандық «Өрлеу» газетінде 2013 жылғы 12 қаңтарда және аудандық «Вести» газетінде 2013 жылғы 12 қаңтарда жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда баяндалсын:
      «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7, 20 баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесінің 7, 8 тармақтарына сәйкес, Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».
      2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шортанды ауданының
      әкімі                                      Г.Сәдуақасова