Сандықтау ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 21 ақпандағы № А-2/55 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесулер үшін үй-жайлар беру туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 22 сәуірдегі № А-4/116 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 22 мамырда № 3749 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 24 қазандағы № А-11/355 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің 24.10.2014 № А-11/355 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Сандықтау ауданы әкімдігінің "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесулер үшін үй-жайлар беру туралы" 2011 жылғы 21 ақпандағы № А-2/55 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-16-122 тіркелген, 2011 жылғы 2 наурыздағы "Сандыктауские вести" газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
      3 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
      "3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы С.К.Құдабайға жүктелсін.";
      2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сандықтау ауданының әкімі                  Қ.Сүйіндіков