Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 30.12.2014 № 162 (алғашқы ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 ақпандағы № 209 қаулысымен бекітілген Дінтану сараптамасын жүргізу қағидасының 6-тармағының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылы 29 сәуірдегі № 411 «Министрліктердің, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардың штат саны лимиттерінің кейбір мәселелері және кейбір мемлекеттік мекемелерді тарату туралы» қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Дінтану сараптамасын жүргізетін сарапшыларды іріктеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі Төрағасының 2012 жылғы 30 қазандағы № 112 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8116 тіркелген, 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 14-15 (27288-27289) «Казахстанская правда» және 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 22 (27961) «Егемен Қазақстан» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дінтану сараптамасын жүргізетін сарапшыларды іріктеу жөніндегі Нұсқаулықта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігімен (бұдан әрі – Агенттік) алдағы өтетін дінтану сараптамасын жүргізу үшін сарапшыларды іріктеу туралы хабарландыруды «www.din.gov.kz» ресми сайтына орналастырылады.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Сарапшыларды іріктеуге қатысу үшін үміткер Агенттік құратын дінтану сараптамасын жүргізетін сарапшыларды іріктеу жөніндегі Комиссияға (бұдан әрі – Комиссия) келесі құжаттарды ұсынады:
1) жеке басын куәландыратын құжат немесе төлқұжаттың көшірмесі (тексеру үшін түпнұсқа ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған);
2) білімі туралы құжаттың қосымшасымен бірге көшірмесі (тексеру үшін түпнұсқа ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған);
3) өзі авторы болып табылатын дінтанулық тақырыптар бойынша мақалалар, ғылыми еңбектер және басқа материалдардың көшірмелері (бар болған жағдайда);
4) еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері (нотариалды куәландырылған).»;
5, 6, 7–тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Комиссия Агенттік Төрағасының бұйрығымен құрылады және мүшелерінің саны тақ болатын құрамда кемінде үш адамнан тұрады. Аталған комиссия мүшелерінің ішінен төраға тағайындалады.
Комиссияның құрамына Агенттіктің салалық департаментінің қызметкерлері, Агенттіктің республикалық мемлекеттік мекемелерінің басшылары немесе олардың орынбасарлары енгізіледі. Комиссия отырысы құрамында кемінде оның үш мүшесі қатысқан жағдайда заңды деп табылады. Комиссия шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және хаттамамен рәсімделеді. Хаттаманы Комиссия хатшысы рәсімдейді және Комиссия төрағасы, мүшелері қол қояды.
6. Осы Нұсқаулықтың 4-тармағында көрсетілген барлық құжаттарды ұсынған жағдайда іріктеуге қатысу үшін құжаттарды тіркеу жүзеге асырылады. Құжаттарды тіркеу кезінде құжаттардың қабылданғандығы жөнінде қолхат беріледі.
7. Іріктеу үш кезеңмен жүзеге асырылады:
1) бірінші кезең – құжаттардың осы Нұсқаулықтың 2-тармағының 1)-3) тармақшасында көрсетілген талаптарға сәйкестігін қарастыру;
2) екінші кезең – Агенттік бекіткен сұрақтар бойынша тестілеуді өткізу;
3) үшінші кезең – Комиссияның іріктеудің бірінші және екінші кезеңінің нәтижелерін қарастыруы.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Тестілеу мерзімі хабарлама жіберілгеннен кейін 15 (он бес) күнтізбелік күннен соң белгіленеді.»;
17, 20-тармақтар алынып тасталсын;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Комиссия 7 (жеті) жұмыс күні ішінде іріктеудің бірінші және екінші кезеңдері бойынша материалдарды зерттеп, сарапшыларды іріктеу жөнінде соңғы шешімді шығарады, әрбір сарапшылыққа үміткер бойынша жеке ұсыныстар дайындайды.».
2. Конфессияаралық қатынастар департаментіне (Б.К. Күлекеев) Құқықтық қамтамасыз ету басқармасымен (Ә.Т. Жуанышпаева) бірлесе отырып:
1) әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
2) мемлекеттік тіркеуден кейін ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Төраға орынбасарына (Ғ.Н. Шойкин) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.
Төраға М. Әзілханов