"Тексерулер тағайындау туралы актілерді, тоқтату, қайта жаңғырту, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы хабарламаларды, қатысушылардың құрамын өзгерту туралы актілерді тіркеу және тексеру мен оның нәтижелері жөніндегі ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну е

Қазақстан Республикасының Бас прокурорының м.а. 2013 жылғы 09 желтоқсандағы № 112 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 20 желтоқсанда № 9003 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 67 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2014.12.05 № 1277 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Мыналардың:
      1) мемлекеттiк сатылатын астық ресурстары үшiн:
      ҚР СТ 1046-2008 (2 кесте - техникалық талаптар) 3-сыныпты жұмсақ бидайдың (Triticum aestivum L.) бiр тоннасына 28000 (жиырма сегіз мың) теңге (ҚҚС төлушілер үшін) және 25000 (жиырма бес мың) теңге (ҚҚС төлемеушілер үшін) мөлшерінде;
      2) мемлекеттiк жемдiк астық ресурстары үшiн:
      ГОСТ 28672-90 2-сыныпты арпаның бір тоннасына 20000 (жиырма мың) теңге көлемінде (ҚҚС төлеушілер үшін) және бір тоннаға 17857 (он жеті мың сегіз жүз елу жеті) теңге (ҚҚС төлемеушілерге) мөлшерiнде;
      3) мемлекеттiк тұқым ресурстары үшiн:
      осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаздық жұмсақ бидай және арпа тұқымдарының репродукциялары мен егiс стандартының сыныптары бойынша сатып алу бағасы белгіленсін.
      2. «Мемлекеттік астық ресурстарына жеткізілетін астықтың сатып алу бағасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 қазандағы № 1250 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 72-73, ст. 1054-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң      
2013 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 1326 қаулысына   
қосымша        

Жаздық жұмсақ бидайдың және арпаның сорттық
тұқымдарын сатып алу бағасы
(1 тоннаға теңге)

Дақылдың атауы

I репродукция

II репродукция

III репродукция

1-сынып

2-сынып

1-сынып

2-сынып

1-сынып

2-сынып

Бидай

53 650

48 667

50 439

43 500

44 190

41 750

Арпа

47 964

44 100

42 400

40 500

39 200

38 750