"Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 644 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 13 қарашадағы № 523 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 11 желтоқсанда № 8947 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 324 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 21.04.2016 № 336/4 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабы 2-тармағына сәйкес, Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақсу қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 6 ақпандағы "Ақсу қаласы халқының нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" N 128/1 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде N 3467 болып тіркелді, 2013 жылғы 16 наурызда N 21 "Новый путь" және N 21 "Ақсу жолы" қалалық газеттерінде жарияланды) мынадай өзгеріс және толықтыру енгізілсін:
      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына," кіріспе сөздері алып тасталсын;
      1-тармақты мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      "7) 50 жастан асқан тұлғалар".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің әлеуметтік мәселер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы ол алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі Б. Бақауов