"Азаматтық қызметшілерді аттестациядан өткізу шарттарын және ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 20 шілдедегі № 168-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 08 қарашадағы № 545-ө-м бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 06 желтоқсанда № 8937 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 971 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 47, 586-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі туралы ережеде:
      16-тармақта:
      6)77) және 237) тармақшалар алынып тасталсын;
      243) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «243) мүдделі министрліктермен және басқа да атқарушы органдармен бірлесіп туристерді қорғау мен олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастырады;»;
      17-тармақтың 52)170)172) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «52) энергия үнемдеудің нормативтік-әдістемелік актілерін, құқықтық және экономикалық тетіктерін әзірлеуді ұйымдастырады;»;
      «170) туристік қызмет, туризм және туристік индустрия саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;»;
      «172) туристік қызмет саласындағы салааралық және өңіраралық үйлестіруді, туристік қызметті жүзеге асыратын отандық, шетелдік және халықаралық туристік, қоғамдық және басқа да ұйымдармен және тұлғалармен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асырады;».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов