РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрық қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз.
"Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 24.02.2023 № 8-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.1. Қоса беріліп отырған Жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі бекітілсін.
2. Персоналды басқару секторы (С.Д. Тәженова) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, дербес деректерді қорғауды қамтамасыз етсін.
3. Заң бөлімі (Ю.Ф. Энгель) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны 10 күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялануға жолдасын.
4. Бұйрықтың орындалуын бақылау аппарат басшысына (М.Т. Райымқұлов) жүктелсін.
5. Бұйрық өздеріне қатысы бойынша Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің лауазымды адамдарының назарына жеткізілсін.
6. Осы бұйрық 2011 жылғы 25 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға | А. Мусин |
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2013 жылғы 12 қарашадағы № 207-н/қ нормативтік қаулысына қосымша |
Ескерту. Қосымшаның оң жақ жоғары бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 24.02.2023 № 8-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
Жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі
Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 04.10.2021 № 12-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
Р/с № | Міндеттер, соның ішінде функциялар, өкілеттіктер, міндеттер атауы | Жүзеге асырылатын міндет шеңберінде жинау және өңдеу мақсаттары | Белгілі бір мақсат үшін дербес деректердің атауы | Меншік иесі және (немесе) оператор жүзеге асыратын міндеттерге тікелей нұсқаулары бар құжаттарды немесе нормативтік құқықтық актілерді көрсету |
1 | Мемлекеттік қызмет өткеруді қамтамасыз ету | Кадрлар іріктеуді ұйымдастыру, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдеу, мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жұмысын бағалау және оқудан өту нәтижелері туралы мәліметтерді, оның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқорда (ақпараттық жүйеде) есепке алуды жүзеге асыру |
1. Аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі |
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасы |