«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 10-2-бабының 10-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7232 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 27 қазанда № 517 (26909) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесінде:
төртінші тармақта:
төртінші абзацы алынып тасталсын;
сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Ғимараттың қызмет көрсету есептік мерзімі (Т) «Тұрғын және қоғамдық ғимараттарды қайта жаңарту, күрделі және ағымдық жөндеу» ҚР 1.04-26-2004 ҚН құрылыс нормаларына сәйкес анықталады.»;
бесінші тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін айына алынатын төлемақы мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:
А= Ц/Т/12+Р».
алтыншы тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ғимараттың қызмет көрсету есептік мерзімі (Т) «Тұрғын және қоғамдық ғимараттарды қайта жаңарту, күрделі және ағымдық жөндеу» ҚР 1.04-26-2004 ҚН құрылыс нормаларына сәйкес анықталады.».
2. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық департаменті (М.С. Байсүгірова):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) мемлекеттік тіркеуден өткен соң осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды;
4) осы бұйрықты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының мәліметіне жеткізуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Өңірлік даму вице-министрі С.К. Нокинге жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан сәттен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары -
Өңірлік даму министрі Б. Сағынтаев
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
______________ Б. Жәмішев
2013 жылғы 25 қазан