РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес, Бұланды ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бұланды ауданы әкімдігінің "Бұланды ауданында мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" 2010 жылғы 20 қаңтардағы № А-01/11 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-7-108 тіркелген, 2010 жылғы 26 ақпанда "Бұланды таңы" және "Вести Буланды" газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда баяндалсын:
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабына сәйкес, Бұланды ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары О.Қ.Смағұловқа жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Бұланды ауданының әкімі | М.Балпан |