Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2013 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1778 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 7, 165-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2013 жылға арналған жоспарында:
реттік нөмірі 51-жол алынып тасталсын;
2) «50 жастан асқан адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспарын (50 + бастамасы) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 14 мамырдағы № 478 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген 50 жастан асқан адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспарында (50 + бастамасы):
реттік нөмірі 10-жол алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов