Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол құрылысы машиналарын, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына емтиханда

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 03 қазанда № 4-3/468 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 31 қазанда № 8868 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2016 жылғы 18 наурыздағы № 120 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 23.07.2015 № 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 1418 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 7, 90-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын беру қағидасында:
      9-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестаты жарамсыз деп саналады.»;
      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
      «9-1. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты біліктілік аттестатының қолданылуы тоқтатылған жағдайда кедендік декларациялау жөніндегі маман қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін екі ай бұрын қолданыстағы біліктілік аттестатын қоса бере отырып, Кодекстің 32-бабының 4-тармағына сәйкес қайта аттестаттау бойынша емтихан тапсыруға өтініш беруге құқылы. Емтиханды сәтті тапсырған кезде қолданыстағы біліктілік аттестаты жаңасы тіркелген сәттен бастап жарамсыз болады.»;
      10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Егер кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестаты өтініш иесі ұсынған толық емес мәліметтер және дәйексіз мәліметтер негізінде берілген жағдайда, біліктілік аттестаты жойылуға жатады.
      11. Біліктілік аттестатын жою туралы шешім кеден ісі саласындағы уәкілетті орган басшысының (оны алмастыратын адамның) бұйрығымен ресімделеді. Бұл ретте біліктілік аттестатын беру туралы қайталама өтінішті кеден ісі саласындағы уәкілетті орган жою туралы бұйрық қабылданған күнінен бастап бір жыл өткен соң қарайды.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов