Техникалық-экономикалық негіздемелер әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу 002 "Бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негізд

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 09 қыркүйектегі № 275 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 02 қазанда № 8759 тіркелді

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің 454, 462, 468-тармақтарына және 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 545 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесінің 26-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған техникалық-экономикалық негіздемелер әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу 002 «Бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу» бюджеттік бағдарламасының 2013 жылға бөлінетін қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау
министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті (Қ.М. Тұмабаев):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялауға жіберсін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің интернет-ресурсында, мемлекеттік органдардың интернет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі М.Ә. Құсайыновқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Министр                                      Е. Досаев 

Қазақстан Республикасы 
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрінің  
2013 жылғы 9 қыркүйектегі
№ 275 бұйрығымен    
бекітілген      

Техникалық-экономикалық негіздемелер әзірлеуді немесе түзетуді
қаржыландыру, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу,
концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу
002 «Бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың
техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу немесе түзету,
сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларды
консультациялық сүйемелдеу» бюджеттік бағдарламасының
2013 жылға бөлінетін қаражаты есебінен жүзеге асырылатын
бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгерістер енгізілді - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 17.10.2013 № 314; 29.11.2013 № 352  бұйрықтарымен.

Р/с

Жобаның атауы

Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу көлемі (мың теңге)

Концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негiздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу көлемі (мың теңге)

Концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеуді қаржыландыру көлемі (мың теңге)

1

2

3

4

5

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

1

Қарағанды қаласында «Қарағанды мемлекеттік медицина университеті» РМК жанынан 300 төсекке арналған көп бейінді аурухана салу және пайдалану


7 639,00


2

Алып тасталды - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 29.11.2013 № 352 бұйрығымен

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

3

Астана қаласында студенттер қалашығын салу

4 009,90



4

Алматы қаласында студенттер қалашығын салу

7 482,55



5

Астана қаласында М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің қазақстандық филиалы үшін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқу корпусын салу

1 700,00



Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі

6

Атырау облысында «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағын құру

175 185,00



Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы

7

«Бурабай» кентіндегі демалу саябағын салу (жабық аквапаркі және белсенді демалыс аймағымен)

16 071,00



8

Бурабай көлінің курортты аймағының инженерлік инфрақұрылымын салу

20 865,00



Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі

9

Астана қаласының Оңтүстік Батыс айналма жолының құрылысы

15 000,00



Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі

10

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының бірыңғай жүйесін құру

24 918,00



11

«Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі» электрондық мәліметтер базасын құру

6 500,00



11-1

Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының мұрағаттарын сақтау және каталогтаудың электрондық жүйесін жасау

4 923,00



Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

12

Алып тасталды - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 17.10.2013 № 314 бұйрығымен

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі

13

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) функцияларын автоматтандыру

10 000,00



Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

14

Қарағанды облысында 1500 орынға арналған түзеу мекемесін салу және пайдалану



23 100,00

Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті

15

Құпия




Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі

16

Құпия





Жиыны:

308 672,45

30 739