"Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған Жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тiзбесi бекiтiлсiн.
2. Құқықтық қамтамасыз ету департаменті (Ә.Қ. Қуан) заңнамада белгiленген тәртiпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
2) осы бұйрық мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы А.Д. Құрманғалиеваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2013 жылғы 25 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.05.2026 № 219 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.
Р/с №
|
Міндеттер, оның ішінде функциялар, өкілеттіктер, міндеттер атауы
|
Жүзеге асырылатын міндет шеңберінде жинау және өңдеу мақсаттары
|
Белгілі бір мақсат үшін дербес деректердің атауы
|
Меншік иесі және (немесе) оператор жүзеге асыратын міндеттерге тікелей нұсқаулары бар құжаттарды немесе нормативтік құқықтық актілерді көрсету
|
1
|
Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау
|
Зейнеткерлік жасқа толуына байланысты жоғалған табысты өтеу
|
1. Тегі;
2. Аты;
3. Әкесінің аты (ол болған жағдайда);
4. Жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН);
5. Құжаттарда қамтылатын мәліметтер:
1) жеке басты куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің ықтиярхаты, Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейінгі қандас куәлігі) (жеке басты сәйкестендіру үшін қажет);
2) "Байқоңыр" кешенінің ресейлік ұйымдарында жұмыс істеген адамдар Ресей Федерациясының валютасымен төленген табысы туралы жұмыс берушінің анықтамасы (бар болса). Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындауға жүгінген күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамы туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсынан алады;
3) міндетті зейнетақы жарналарына, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының мөлшерлемелеріне 0 түзету коэффиценті қолданылған Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша еңбек, кәсіпкерлік қызмет, қызмет түрлері бойынша жеке практикамен айналысу кезеңдерінде алынған табыс, сондай-ақ табыстары Кодекстің 210-бабының 3-тармағына сәйкес жеке тұлғаның салық салынуға жататын табыстарынан алып тасталған қызметтен түскен табыс осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес жұмыс берушінің табыстар туралы анықтамасы;
4) өтініш берушінің еңбек өтілін растайтын құжат:
еңбек кітапшасы; болмаған немесе жарамсыз болған, еңбек кітапшасында тиісті жазбалар болмаған, түзетулер, дәлсіздіктер болған және әртүрлі оқылған кезде архив мекемелерінен анықтамалар, мемлекеттік архивтің немесе ведомстволық архивтің уәкілетті қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған архивтік құжаттың электрондық көшірмелері немесе жұмыс орнынан анықтамалар; сот шешімі.
Болуына қарай мынадай құжаттар ұсынылады:
білімі туралы құжат; әскери билет немесе қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлімнің) анықтамасы;
балалардың туу туралы куәліктері (азаматтық хал актілерін жазу органдары берген туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама);
"Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес прокуратура органдары берген ақталуы туралы анықтама;
ұрыс қимылдарына қатысқаны туралы әскери комиссариаттың анықтамасы; бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға, екінші топтағы жалғызілікті мүгедектігі бар адамға және бөгде адамның көмегіне мұқтаж жасына байланысты зейнеткерге, сексен жасқа толған қарттарға, он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаға күтімді жүзеге асыру фактісін және кезеңін растайтын соттың шешімі;
бұрынғы кеңестік мекемелер, Қазақстан Республикасы мекемелері, халықаралық ұйым қызметкері жұбайының (зайыбының) шетелде тұрғанын растайтын құжат; әскери қызметші, арнаулы мемлекеттік орган қызметкері жұбайының (зайыбының) мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндігі болмаған жерлерде тұрғанын растайтын құжат;
Қазақстан Республикасына тарихи елінде тұрақты тұру мақсатында келген этникалық қазақтардың шығу мемлекетіндегі еңбек қызметін растайтын құжат ұсынылады.
Жұмыс істемейтін ананың немесе жұмыс істемейтін әкенің (ол іс жүзінде күтімді жүзеге асырған кезде) жас балаларға күтім көрсеткенін растау үшін мына құжаттардың біреуі (болуына қарай) ұсынылады:
балалардың жеке басын куәландыратын құжат;
балалардың неке туралы куәлігі (азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) не некені бұзу туралы куәлігі немесе неке қию туралы актілік жазбасынан үзінді көшірме (тегін өзгерткен кезде);
орта кәсіптік оқу орнын бітіргені туралы аттестат; балалардың арнаулы орта немесе жоғары оқу орнын бітіргені туралы диплом не оқитынын растайтын оқу орнының анықтамасы; балалардың қайтыс болуы туралы куәлік немесе хабарлама (немесе азаматтық хал актілерін жазу органдары берген қайтыс болуы туралы актілік жазба немесе азаматтық хал актісін тіркеу туралы анықтама); балалардың әскери қызметті өткергенін растайтын құжат;
5) неке туралы куәлік (азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) не некені бұзу туралы куәлік немесе неке қию туралы актілік жазбадан үзінді көшірме (ата-анасы/қамқоршы тегін өзгерткен кезде).
5 және одан да көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдерге жасына байланысты зейнетақы төлемдері тағайындалғанда, қосымша балалардың туу туралы куәліктері (немесе азаматтық хал актілерін жазу органдары берген туу туралы актілік жазба немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) және балаларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеу фактісін растайтын құжаттар ұсынылады.
Балаларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеу фактісін растау үшін (олардың болуына қарай):
1) балалардың жеке басын куәландыратын құжат;
2) неке туралы куәлік (азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) не некені бұзу туралы куәлік немесе неке қию туралы актілік жазбадан үзінді көшірме (тегін өзгерткен кезде);
3) балалардың оқу орнында оқығаны туралы құжат;
4) қайтыс болуы туралы куәлік немесе хабарлама (немесе азаматтық хал актілерін жазу органдары берген қайтыс болғаны туралы актілік жазба немесе азаматтық хал актісін тіркеу туралы анықтама);
5) әскери билет;
6) баланы (балаларды) асырап алу, тәрбиелеу фактісін белгілеу туралы соттың шешімі.
Төтенше және аса жоғары радиациялық қатер аймақтарында тұрған адамға жасына байланысты зейнетақы төлемдері тағайындалғанда 1949 жылғы 29 тамыз бен 1963 жылғы 5 шілде аралығында 5 жыл бойы төтенше және аса жоғары радиациялық қатер аймақтарында тұру фактісін растайтын құжат қосымша ұсынылады.
Қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленгенде қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленгенін растайтын құжат ұсынылады.
Шет тілінде жасалған құжаттарды ұсыну барысында нотариус "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына, 80-бабына сәйкес құжаттың қазақ немесе орыс тіліне дұрыс аударылғанын куәландырады.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 11-1-2/576 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде № 16116 болып тіркелген) бекітілген Құжаттарды заңдастыру қағидаларында көзделген тәртіппен, егер заңдармен және халықаралық шарттармен өзгеше көзделмесе, шет мемлекеттің құзыретті мекемесі берген немесе куәландырған не осы тұлғаға арнайы уәкілеттік берілген, оның құзыреті шегінде және ол белгілеген нысан бойынша шет мемлекеттің ресми мөрімен бекітілген құжаттар арнайы куәландыру рәсімінен (заңдастыру немесе апостильдеу) өткеннен кейін ғана қабылданады.
Құжаттарды мемлекеттік цифрлық жүйелерден алу мүмкіндігі болған кезде оларды ұсыну талап етілмейді. Жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтерді, баланың (балалардың) туу туралы куәлігін немесе туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірмені (Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылғы 13 тамыздан кейін тіркелгендер бойынша), некеге тұру туралы куәлікті (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 маусымнан кейін тіркелгендер бойынша), қайтыс болғаны туралы куәлікті немесе хабарламаны (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 мамырдан кейін тіркелгендер бойынша) қамқоршылық (қорғаншылық) белгілеу туралы құжатты, баланы (балаларды) асырап алу туралы сот шешімін "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ЦЖ-дан, оның ішінде цифрлық құжаттардың сервисінен алады.
|
"Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу (айқындау), оларды тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 232 бұйрығы. (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 23 маусымда № 32890 болып тіркелді).
|
2
|
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау
|
Зейнеткерлік жасқа толуына байланысты жоғалған табысты өтеу
|
1. Тегі;
2. Аты;
3. Әкесінің аты (ол болған жағдайда);
4. ЖСН;
5. Құжаттарда қамтылатын мәліметтер:
1) жеке басты куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің ықтиярхаты, Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейінгі қандас куәлігі) (жеке басты сәйкестендіру үшін қажет);
2) неке туралы куәлік (азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) немесе некені бұзу туралы куәлік немесе неке қию туралы актілік жазбадан үзінді көшірме (бар болса);
3) өтініш берушінің зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін растайтын құжаттар: өтініш берушінің 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін жинақталған еңбек өтілін растайтын құжаттар, еңбек кітапшасы, еңбек кітапшасы болмаса немесе жарамсыз болса, еңбек кітапшасында тиісті жазбалар болмаса, түзетулер және оқылуында әртүрлілік болса, архив мекемелерінің анықтамалары, мемлекеттік архивтің немесе ведомстволық архивтің уәкілетті қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған архивтік құжаттардың электрондық көшірмелері немесе жұмыс орнынан анықтамалар; сот шешімі.
6. Болуына қарай сондай-ақ:
білімі туралы құжат;
әскери билет немесе қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлімнің) анықтамасы;
балалардың туу туралы куәліктері (азаматтық хал актілерін жазу органдары берген туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама);
"Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес прокуратура органдары берген ақталуы туралы анықтама;
әскери ұрыс қимылдарына қатысқаны туралы әскери комиссариаттың анықтамасы;
бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға, екінші топтағы жалғызілікті мүгедектігі бар адамға және бөгде адамның көмегіне мұқтаж жасына байланысты зейнеткерге, сексен жасқа толған қарттарға, он сегізге дейінгі мүгедектігі бар балаға күтімді жүзеге асыру фактісін және кезеңін растайтын соттың шешімі;
Кеңес Одағы аумағында орналасқан мекемелер, Қазақстан Республикасы мекемелері, халықаралық ұйым қызметкері жұбайының (зайыбының) шетелде тұрғанын растайтын құжат;
әскери қызметшінің, арнаулы мемлекеттік орган қызметкері жұбайының (зайыбының) мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндігі болмаған жерлерде тұрғанын растайтын құжат;
Қазақстан Республикасына тарихи елінде тұрақты тұру мақсатында келген этникалық қазақтардың шығу еліндегі еңбек қызметін растайтын құжат.
Жұмыс істемейтін ананың немесе жұмыс істемейтін әкенің (ол іс жүзінде күтімді жүзеге асырған кезде) жас балаларды бағып-күткен уақытын растау үшін мына құжаттардың (олардың болуына қарай) біреуі ұсынылады:
балалардың жеке басын куәландыратын құжат;
неке туралы куәлігі (азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) не некені бұзу туралы куәлігі немесе неке қию туралы актілік жазбасынан үзінді көшірме (тегін өзгерткен кезде);
балалардың орта оқу орнын бітіргені туралы аттестат;
кәсіптік орта немесе жоғары оқу орнын бітіргені туралы диплом не балалардың оқығанын растайтын оқу орнының анықтамасы;
балалардың қайтыс болғаны туралы куәлік немесе хабарлама (не азаматтық хал актілерін жазу органдары берген қайтыс болғаны туралы актілік жазба немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама);
балалардың әскери қызметті өткергенін растайтын құжат.
Жұмыс істемейтін ананың немесе жұмыс істемейтін әкенің (ол іс жүзінде күтімді жүзеге асырған кезде) жас балаларды бағып-күткен уақытын растау құжаттары:
балалардың туу туралы куәліктері (туу туралы актілік жазбадан үзінді немесе азаматтық хал актілерін жазу органдары берген азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама);
келесі құжаттардың бірі (олардың болуына байланысты):
балалардың жеке басын куәландыратын құжат;
неке туралы куәлік (азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) не некені бұзу туралы куәлік немесе балалардың неке қию туралы актілік жазбадан үзінді (бар болса);
балалардың орта оқу орнын бітіргені туралы аттестат;
орта арнаулы немесе жоғары оқу орнын бітіргені туралы диплом немесе балалардың оқуын растайтын оқу орнының анықтамасы;
балалардың қайтыс болғаны туралы куәлік немесе хабарлама (не қайтыс болғаны туралы актілік жазба немесе азаматтық хал актілерін жазу органдары берген азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама);
балаларға әскери қызмет өткергенін растайтын құжат;
жұмыс істемейтін әкенің (ол іс жүзінде күтімді жүзеге асырған кезде) жас балаларды нақты бағып-күткені фактісін және кезеңін растайтын сот шешімі.
Бұл ретте көрсетілген кезең баланың анасының зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне есептелмейді; бірінші топтағы мүгедектігі бар адамды, екінші топтағы жалғызілікті мүгедектігі бар адамды және бөгде адамның көмегіне мұқтаж жасына байланысты зейнеткерді, сексен жасқа толған қартты, он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар баланы бағып-күтуді жүзеге асыру фактісін және кезеңін растайтын сот шешімі.
Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға), бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтімді жүзеге асыратын адамға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алу туралы мәліметтер мемлекеттік цифрлық жүйелерде расталған кезде сот шешімін ұсыну талап етілмейді; әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызмет, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет кезеңдерін растайтын (олардың болуына қарай) мынадай құжаттар: еңбек кітапшасы; әскери билет;
қызмет кезеңі туралы архив мекемесінің анықтамасы; қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлімнің) немесе қызмет орнының анықтамасы; қызметті өткеру туралы келісімшарт жасау және тоқтату негізінде қызметтік қатынастардың туындауын және тоқтауын растайтын бұйрықтың көшірмелері;
Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметтері және халықаралық ұйымдар қызметкерлері жұбайының (зайыбының) шетелде, әскери қызметшілердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің жұбайларымен мамандықтары бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндігі болмаған жерлерде тұру фактісін және кезеңін растайтын құжат;
"Байқоңыр" кешенінің ресейлік ұйымдарында 1998 жылғы 1 қаңтардан кейінгі еңбек өтілін растайтын құжат;
егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдардың 2004 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі еңбек қызметінің кезеңдерін растайтын құжаттар (олардың болуына қарай):
еңбек кітапшасы; еңбек кітапшасы болмаса немесе жарамсыз болса, еңбек кітапшасында тиісті жазбалар болмаса, түзетулер және оқылуында әртүрлілік болса, жұмыс орнынан анықтама; сот шешімі.
Егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдардың зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік төлемдерді аудару туралы орталықтандырылған дерекқордың мәліметтері негізінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылған кезеңдер есепке алынады.
Міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған кезең орталықтандырылған дерекқордағы міндетті зейнетақы жарналарын аудару туралы мәліметтермен расталады.
Міндетті зейнетақы жарналары толық емес немесе уақтылы аударылмаған жағдайда, міндетті зейнетақы жарналарының аударылған кезеңі (олардың бар болуына қарай) мынадай құжаттармен расталады: №232 Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс берушінің (құқықтық мирасқорының) міндетті зейнетақы жарналарын аудару туралы анықтамасымен немесе архив мекемесінің міндетті зейнетақы жарналарын аудару туралы анықтамасымен (міндетті зейнетақы жарналары аударылған кезеңдердің өтініш берушінің еңбек өтілін растайтын құжаттарда көрсетілген еңбек қызметі кезеңдеріне сәйкестігі шартымен);
міндетті зейнетақы жарналары аударылған кезеңді растайтын сот шешімімен.
Міндетті зейнетақы жарналары толық немесе уақтылы аударылмаған жағдайда, міндетті зейнетақы жарналарын аудару кезеңі (олардың болуына қарай) мынадай құжаттармен расталады: №232 Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндетті зейнетақы жарналарын аудару туралы жұмыс берушінің (құқықтық мирасқорының) анықтамасымен немесе архивтік мекеменің міндетті зейнетақы жарналарын аудару туралы анықтамасымен (міндетті зейнетақы жарналары аударылған кезеңдердің өтініш берушінің еңбек өтілін растайтын құжаттарда көрсетілген еңбек қызметі кезеңдеріне сәйкес келуі шартымен); міндетті зейнетақы жарналары аударылған кезеңді растайтын сот шешімімен.
Жеке практикамен айналысатын тұлғалардың, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалардың (Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 210-бабы 3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда), сондай-ақ өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын төлеген дара кәсіпкерлердің, шаруа немесе фермер қожалықтарының мүшелері (қатысушылары) мен басшыларының міндетті зейнетақы жарналары аударылған кезеңі тиісті салық кезеңі үшін төленуге тиіс міндетті зейнетақы жарналарының жылдық сомасынан кем емес сома Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылған жағдайда бір жылға тең болады.
Егер көрсетілген тұлғалар төлеген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы тиісті салық кезеңі үшін төленуге тиіс міндетті зейнетақы жарналарының жылдық сомасынан аз болса, онда міндетті зейнетақы жарналары аударылған кезең енгізілген міндетті зейнетақы жарналары сомасына пропорционалды түрде айқындалады.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу кезеңі 2006 жылғы 1 шілдеге дейін міндетті зейнетақы жарналарын аударған жағдайда, міндетті зейнетақы жарналарын аударуды жүзеге асырған алдыңғы айынын айы ескеріледі.
Егер бір айдың ішінде жинақтаушы зейнетақы қоры және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын аудару бірнеше рет жүргізілсе, жинақтаушы жүйеде қатысу кезеңі бір айды құрайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының мөлшерлемелеріне "0" түзету коэффиценті қолданылған еңбек, кәсіпкерлік қызмет, қызмет түрлері бойынша жеке практикамен айналысу кезеңдері № 232 Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес жұмыс берушінің анықтамасымен расталады. Төтенше жағдайлар, шектеу іс-шаралары кезеңінде қызметті шектеуге байланысты кірістен айырылу жағдайына әлеуметтік төлемдерді алу кезеңі орталықтандырылған дерекқордағы мәліметтермен расталады.
Төтенше жағдай кезеңінде, шектеу шараларының қолданылу мерзіміне байланысты қызметін шектеу салдарынан табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді алу кезеңі орталықтандырылған деректер базасынан алынған мәліметтермен расталады.
Жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтерді, баланың (балалардың) туу туралы куәлігін немесе туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірмені (2007 жылғы 13 тамызға дейін туған жағдайда), неке қию (некені бұзу) туралы куәлікті (некені 2008 жылғы 1 маусымға дейін қиған жағдайда), қайтыс болу туралы куәлік немесе хабарлама (2008 жылғы 1 мамырдан соң Қазақстан Республикасы аумағында жүргізілген тіркеулер бойынша), қамқоршылық (қорғаншылық) белгілеу туралы құжатты, баланы (балаларды) асырап алу туралы соттың шешімін көрсетілетін қызметті алушы "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ЦЖ-дан алады.
Қамқоршылықты (қорғаншылықты) белгілеуді, қамқоршылық (қорғаншылық) белгілеуді растайтын құжат.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 11-1-2/576 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде № 16116 болып тіркелген) бекітілген Құжаттарды заңдастыру қағидаларында көзделген тәртіппен, егер заңдармен және халықаралық шарттармен өзгеше көзделмесе, шет мемлекеттің құзыретті мекемесі берген немесе куәландырған не осы тұлғаға арнайы уәкілеттік берілген, оның құзыреті шегінде және ол белгілеген нысан бойынша шет мемлекеттің ресми мөрімен бекітілген құжаттар арнайы куәландыру рәсімінен (заңдастыру немесе апостильдеу) өткеннен кейін ғана қабылданады.
Шет тілінде жасалған құжаттарды ұсынғанда нотариус "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына, 80-бабына сәйкес қазақ немесе орыс тілдеріне құжатты аудару дұрыстығын куәландырады.
|
"Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу (айқындау), оларды тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 232 бұйрығы. (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 23 маусымда № 32890 болып тіркелді).
|
3.
|
Назначение государственных социальных пособий по инвалидности и по случаю потери кормильца
|
Мүгедектігі бойынша мемлекеттік жәрдемақы тағайындау
|
1. Тегі;
2. Аты;
3. Әкесінің аты (ол болған жағдайда);
4. ЖСН;
5. Құжаттарда қамтылатын мәліметтер:
1) жеке басты куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің ықтиярхаты, Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейінгі қандас куәлігі) не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін талап етіледі);
2) мүгедектік бойынша анықтама.
6. Болуына қарай мынадай құжаттардың біреуі ұсынылады:
1) Радиациялық әсерге ұшыраған адамдардың ауруының, мүгедектігінің себептік байланысын белгілеу жөніндегі ведомствоаралық сараптамалық кеңестің шешімі;
2) Орталық әскери-дәрігерлік комиссияның шешімі;
3) госпиталь берген ауруы туралы куәлік немесе әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысы;
4) он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар баланың туу туралы куәлігі (азаматтық хал актілерін жазу органдары берген туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама);
5) неке туралы куәлік (азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) не некені бұзу туралы куәлік немесе неке қию туралы актілік жазбадан үзінді көшірме (ата-анасы (қамқоршы) тегін өзгерткен кезде). Қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленгенде, қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленгенін растайтын құжатты ұсынады.
Егер заңдар мен халықаралық шарттармен өзгеше көзделмесе, "Құжаттарды заңдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі міндетін атқарушының 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 11-1-2/576 бұйрығына сәйкес (Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізбесінде № 16116 тіркелген) шет мемлекеттің құзыретті мекемесі берген немесе куәландырған не осы тұлғаға арнайы уәкілеттік берілген, оның құзыреті шегінде және ол белгілеген нысан бойынша шет мемлекеттің ресми мөрімен бекітілген құжаттар арнайы куәландыру рәсімінен (заңдастыру немесе апостильдеу) өткеннен кейін ғана қабылданады.
Шет тілінде жасалған құжаттарды ұсыну барысында нотариус "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына, 80-бабына сәйкес құжаттың қазақ немесе орыс тіліне дұрыс аударылғанын куәландырады.
|
"Мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшерін есептеу (айқындау), оларды тағайындау, төлеу, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 257 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32921 болып тіркелген)
|
Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау
|
1.Тегі;
2. Аты;
3. Әкесінің аты (ол болған жағдайда);
4. ЖСН;
5. Банктік деректемелер;
6. Құжаттарда қамтылатын мәліметтер:
1) жеке басты куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің ықтиярхаты, Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейінгі қандас куәлігі) не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін талап етіледі);
2) асыраушының қайтыс болуы туралы куәлік немесе хабарлама немесе адамды хабар ошарсыз кетті деп (қайтыс болды) тану туралы соттың шешімі;
3) асырауындағының қайтыс болған адаммен туыстық қатынасын растайтын (тууы туралы, некеге тұру, некені бұзу, әкелігін анықтау (аналығын) туралы куәлік).
7. Болуына қарай, мынадай құжаттар ұсынылады:
1) азаматтық хал актілерін тіркеу жөніндегі органдардың (егер туу туралы куәлікке әкесі туралы мәліметтер анасының мәлімдеуі бойынша енгізілсе) анықтамасы;
2) егер он сегіз бен жиырма үш жас аралығындағы асырауындағы адамдар күндізгі оқу бөлімінің оқушылары болып табылса, Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқу орнының анықтамасы (жыл сайын беріледі);
3) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу туралы құжат;
4) қаза тапқан (қайтыс болған) адамның әскери билеті не әскери қызмет өткергені туралы анықтамасы;
5) әскери қызметшінің, ішкі істер органдары және Қазақстан Республикасының бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті қызметкерінің қазасы немесе өлімі қызметтік міндеттерін атқару немесе әскери қызметін өткеру кезінде жарақат алу, контузияға ұшырау, мертігу, ауру салдарынан болғанын растайтын құжат.
Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау кезінде қайтыс болған асыраушының сегіз жасқа толмаған балаларын, інілерін, қарындастарын немесе немерелерін күтумен айналысатын адам жыл сайын еңбек қызметін тоқтатқаны туралы жазбасы бар еңбек кітапшасын, ол болмағанда Мемлекеттік корпорация цифрлық жүйелерден адамның дара кәсіпкер ретінде тіркелмегені туралы және автоматтандырылған цифрлық жүйеден міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) әлеуметтік төлемдердің аудару фактісінің болмауы туралы мәліметтерді сұрайды.
Құжаттарды ұсыну, оларды мемлекеттік цифрлық жүйелерден, оның ішінде цифрлық құжаттардың сервисінен алу мүмкін болса, талап етілмейді.
Егер заңдар мен халықаралық шарттармен өзгеше көзделмесе, "Құжаттарды заңдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі міндетін атқарушының 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 11-1-2/576 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16116 тіркелген) сәйкес шет мемлекеттің құзыретті мекемесі берген немесе куәландырған не осы тұлғаға арнайы уәкілеттік берілген, оның құзыреті шегінде және ол белгілеген нысан бойынша шет мемлекеттің ресми мөрімен бекітілген құжаттар арнайы куәландыру рәсімінен (заңдастыру немесе апостильдеу) өткеннен кейін ғана қабылданады.
Шет тілінде жасалған құжаттарды ұсыну барысында нотариус "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына, 80-бабына сәйкес құжаттың қазақ немесе орыс тіліне дұрыс аударылғанын куәландырады.
|
4.
|
Мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау
|
Зиянды еңбек жағдайларында жұмыспен қамтылған адамдарды әлеуметтік қолдау мақсатында
|
1. Тегі;
2. Аты;
3. Әкесінің аты (ол болған жағдайда);
4. ЖСН;
5. Құжаттарда қамтылатын мәліметтер:
1) жеке басты куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
2) Мемлекеттік арнайы жәрдемақыны тағайындау үшін еңбек қызметінің сипатын немесе еңбек жағдайларын растайтын ұйымның анықтамасы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 269 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік арнайы жәрдемақыны тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және оны төлеу туралы шешімді қайта қарау қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32961 болып тіркелген).
Ұйым таратылғанда жұмыс істеген орны, лауазымы, кәсібі, жұмыс істеген кезеңі, архивтік істің нөмірі, оның беттері мәліметтер көрсетілген мемлекеттік архивтің немесе ведомстволық архивтің уәкілетті қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған архивтік анықтама ұсынылады.
Архивтік құжаттар болмаған кезде, жұмыс сипаты немесе еңбек жағдайлары және олардың Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 желтоқсандағы № 1930 қаулысымен бекітілген Жерасты және ашық кен жұмыстарындағы, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстардағы өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің лауазымдар мен көрсеткіштердің № 1 тізіміне немесе Еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстардағы өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің № 2 тізіміне сәйкестігі сот органдары арқылы белгіленеді;
3) өтініш берушінің еңбек өтілін растайтын құжаттар: еңбек кітапшасы; еңбек кітапшасы болмаған немесе жарамсыз болған, еңбек кітапшасында тиісті жазбалар болмаған, түзетулер, дәлсіздіктер, әртүрлі оқулар болған кезде архив мекемелерінен немесе жұмыс орнынан анықтамалар, мемлекеттік архивтің немесе ведомстволық архивтің уәкілетті қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған архивтік құжаттың электрондық көшірмелері немесе жұмыс орнынан анықтамалар;
болуына қарай мынадай құжаттар ұсынылады:
білімі туралы құжат; әскери билет немесе қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлімнің) анықтамасы;
балалардың туу туралы куәліктері (азаматтық хал актілерін жазу органдары берген туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама);
"Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес прокуратура органдары берген ақталуы туралы анықтама; әскери ұрыс қимылдарына қатысқаны туралы әскери комиссариаттың анықтамасы; бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға, екінші топтағы жалғызілікті мүгедектігі бар адамға және бөгде адамның көмегіне мұқтаж жасына байланысты зейнеткерге, сексен жасқа толған қарттарға, он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаға күтімді жүзеге асыру фактісін және кезеңін растайтын соттың шешімі; бұрынғы кеңестік мекемелер, Қазақстан Республикасының мекемелері, халықаралық ұйым қызметкері жұбайының (зайыбының) шетелде тұрғанын растайтын құжат; әскери қызметшінің, арнаулы мемлекеттік орган қызметкері жұбайының (зайыбының) мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндігі болмаған жерлерде тұрғанын растайтын құжат.
Жұмыс істемейтін ананың жас балаларға күтім көрсеткенін растау үшін мына құжаттардың біреуі (болуына қарай) ұсынылады:
балалардың жеке басын растайтын құжат;
балалардың неке туралы куәлігі (азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) не некені бұзу туралы куәлігі немесе неке қию туралы актілік жазбадан үзінді көшірме (тегін өзгерткен кезде);
балалардың орта оқу орнын бітіргені туралы аттестат; балалардың орта-кәсіптік немесе жоғары оқу орнын бітіргені туралы диплом не балалардың оқығанын растайтын оқу орнының анықтамасы;
балалардың қайтыс болуы туралы куәлік (немесе азаматтық хал актілерін жазу органдары берген қайтыс болуы туралы актілік жазба немесе азаматтық хал актісін тіркеу туралы анықтама); балалардың әскери қызмет өткергенін растайтын құжат ұсынылады.
Қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленгенгенде, қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленгенін растайтын құжат ұсынылады.
Егер заңдар мен халықаралық шарттармен өзгеше көзделмесе, "Құжаттарды заңдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі міндетін атқарушының 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 11-1-2/576 бұйрығында көзделген тәртіпте (Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізбесінде № 16116 тіркелген) шет мемлекеттің құзыретті мекемесі берген немесе куәландырған не осы тұлғаға арнайы уәкілеттік берілген, оның құзыреті шегінде және ол белгілеген нысан бойынша шет мемлекеттің ресми мөрімен бекітілген құжаттар арнайы куәландыру рәсімінен (заңдастыру немесе апостильдеу) өткеннен кейін ғана қабылданады.
Шет тілінде жасалған құжаттарды ұсыну барысында нотариус "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына, 80-бабына сәйкес құжаттың қазақ немесе орыс тіліне дұрыс аударылғанын куәландырады.
|
"Мемлекеттік арнаулы жәрдемақыны тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және оны төлеу туралы шешімді қайта қарау қағидаларын айқындау туралы"
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 269 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актулерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32961 болып тіркелген)
|
5
|
Әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайларда әлеуметтік төлемдерді тағайындау: еңбекке қабілеттілігінен айырылу; жұмысынан айырылу; жүктілік және босануына байланысты табысынан айырылу; жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға (қыз асырап алуға) байланысты табысынан айырылу; бала бір жарым жасқа толғанға дейін оны күтуге байланысты табысынан айырылу.
|
Еңбекке қабілеттілігінен айырылуына байланысты әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру үшін
|
1. Тегі;
2. Аты;
3. Әкесінің аты (ол болған жағдайда);
4. ЖСН;
5. Банктік деректемелер;
6. Жалпы еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесінің белгіленуі туралы мәліметтер;
7. Құжаттарда қамтылған мәліметтер:
1) "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағына сәйкес жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат, не қандас мәртебесі бар адамдар үшін қандас куәлігі немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
2) Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – Байқоңыр қаласының тұрғын үй шаруашылығы азаматтарды есепке алу және тіркеу бөлімінің анықтамасы.
|
"Еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу (айқындау), тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 238 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32886 болып тіркелген).
|
Әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайда әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру үшін:
жұмысынан айырылу жағдайы бойынша
|
1. Тегі;
2. Аты;
3. Әкесінің аты (ол болған жағдайда);
4. ЖСН;
5. Құжаттарда қамтылған мәліметтер:
1) "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат немесе қандас мәртебесі бар адамдар үшін қандас куәлігі не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
2) Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы.
6. Мансап орталығында жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы, сондай-ақ банктерде және (немесе) жекелеген банктік операцияларды жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банктік шот нөмірі туралы мәліметтер.
|
"Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшерін есептеу (айқындау), тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және оны тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидаларын бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 237 бұйрығы
(Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32881 болып тіркелген).
|
Әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайларда әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру үшін:
жүктілік және босануына байланысты табысынан айырылу; жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға (қыз асырап алуға) байланысты табысынан айырылу; бала бір жарым жасқа толғанға дейін оны күтуге байланысты табысынан айырылу.
|
1. Тегі;
2. Аты;
3. Әкесінің аты (ол болған жағдайда);
4. ЖСН;
5. Құжаттарда қамтылған мәліметтер:
(Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау кезінде)
1) "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат немесе қандас мәртебесі бар адамдар үшін қандас куәлігі не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
2) Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы.
3) жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты берілген еңбекке уақытша жарамсыздық парағы (парақтары).
6. Құжаттарда қамтылған мәліметтер: (бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша төленетін әлеуметтік төлем тағайындау кезінде)
1) "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат немесе қандас мәртебесі бар адамдар үшін қандас куәлігі не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
2) сәйкестендіру үшін баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (не туу туралы азаматтық хал актілері жазбаларынан мәліметтерді қамтитын анықтама);
Қажет болған жағдайда (олардың болуына байланысты):
1) консулдық заңдастыру не арнайы мөртабан (апостиль) (бар болса) болған кезде шет мемлекеттердің құзыретті органдары берген баланың Қазақстан Республикасынан тыс жерде тууын тіркегенін растайтын құжат;
2) сәйкестендіру үшін Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде берілген құжаттардың баланың (балалардың) қайтыс болуы туралы куәлігі (куәліктері) (не қайтыс болу туралы азаматтық хал актілерінің жазбаларынан мәліметтерді қамтитын анықтама);
3) бір жарым жасқа дейінгі баланы (балаларды) асырап алған кезде – қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган берген баланы (балаларды) асырап алу туралы сот шешімінен үзінді;
4) қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген кезде балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленгенін растайтын құжат ұсынылады. Құжаттарды ұсыну оларды мемлекеттік цифрлық жүйелерден, оның ішінде цифрлық құжаттар сервисінен алу мүмкіндігі болған кезде талап етілмейді.
|
"Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдерді, бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшерін есептеу (айқындау), тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және оларды тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 248 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32912 болып тіркелген)
|
6.
|
Отбасыда бала тууын ынталандыру және балаларды тәрбиелеуге жәрдемдесу (бала тууына байланысты мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау және төлеу, бала күтімі бойынша жәрдемақы, көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы, марапатталған аналарға берілетін жәрдемақы).
|
Бала туғанда берілетін және бала күтіміне байланысты жәрдемақыларды тағайындау
|
1. Тегі;
2. Аты;
3. Әкесінің аты (ол болған жағдайда);
4. жыныс;
5. ЖСН;
6. Банктік деректемелер;
7. Құжаттарда қамтылған мәліметтер:
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлік, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты) немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін).
Қандас мәртебесі бар адамдар бала туғанда берілетін және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындауға жүгінген кезде қандас куәлігі немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін) ұсынады;
2) баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) (азаматтық хал актілерін жазу органдары берген туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
өтініш берушінің деректері баланың туу туралы куәлігіндегі деректермен сәйкес келмеген кезде – неке қию (ерлі-зайыптылық), некені бұзу туралы куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
балаға қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленген немесе баланы асырап алған кезде – балаға қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленгенін растайтын құжат немесе туу туралы актілік жазбадан бала асырап алу туралы мәліметтер;
үшінші тұлғалар өтінішті және қажетті құжаттарды тапсырған кезде – нотариус немесе нотариаттық іс-әрекеттер жасайтын лауазымды адам куәландырған сенімхат.
Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы.
Бала туғанда берілетін және бала күтіміне байланысты жәрдемақыларды тағайындау үшін баланың (балалардың) туу туралы куәлігі не туу туралы азаматтық хал актілері жазбасынан мәліметтерді қамтитын анықтама, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тіркелген неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы мәліметтерді қоспағанда, неке қию (ерлі-зайыптылық), некені бұзу туралы куәлік, сондай-ақ балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленгенін растайтын құжат немесе туу туралы актілік жазбадан бала асырап алу туралы мәліметтер, банк шотының нөмірі туралы мәліметтер Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың цифрлық жүйелеріне сұрау салуға сәйкес көрсетілген құжаттарда қамтылған ақпарат расталған кезде талап етілмейді.
порталға:
жәрдемақы тағайындау үшін – Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы цифрлық үкімет порталы арқылы бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы және (немесе) бала күтімі бойынша жәрдемақыны тағайындауға өтініш;
жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат алу үшін – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.
проактивті қызмет арқылы:
жәрдемақы тағайындау үшін – проактивті қызмет көрсетуге көрсетілетін қызметті алушының келісімі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы банктік шот нөмірін растау немесе ұсыну туралы хабарлама жіберіледі.
екінші деңгейдегі банктердің цифрлық объектілері бойынша:
жәрдемақы тағайындау барысында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 24 мамырдағы № 169 бұйрығымен бекітілген бала тууына байланысты мемлекеттік жәрдемақыны, бала күтімі бойынша жәрдемақыны, көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақыны, марапатталған анаға берілетін жәрдемақыны тағайындау және жүзеге асыру қағидаларының 4-қосымшасына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32571 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 169 Қағидалар).
|
"Бала туғанда берілетін жәрдемақыны, бала күтіміне байланысты жәрдемақыны, көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыны, наградталған анаға берілетін жәрдемақыны тағайындау және төлеуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 24 мамырдағы № 169 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32571 болып тіркелген)
|
Бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде он сегіз жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау
|
1. Тегі;
2. Аты;
3. Әкесінің аты (ол болған жағдайда);
4. жыныс;
5. ЖСН;
6. Банктік деректемелер;
7. Құжаттарда қамтылған мәліметтер:
1) жеке куәлік (жеке куәлік, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты) не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).
Қандас мәртебесі бар адамдардың көпбалалы отбасыға жәрдемақы тағайындауға өтініш жасалған кезде қандас куәлігі немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
2) туу туралы куәлігі не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
өтініш берушінің деректерінде баланың туу туралы куәлігіндегі деректермен айырмашылық болған кезде – некені (ерлі-зайыптылықты) қию, бұзу туралы куәлік) немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген немесе бала асырап алған кезде – балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленгенін растайтын құжат немесе туу туралы акт жазбасындағы бала асырап алу туралы мәліметтер;
3) егер он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейінгі асырауындағылар күндізгі оқу нысанының білім алушылары болып табылса, жыл сайын берілетін № 169 Қағидаларға 29-қосымшасына сәйкес нысан бойынша оқу орнының анықтамасы не цифрлық құжаттар сервисінен білім туралы мәліметтер (№ 169 Қағидаларға 29-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтамада көрсетілген мәліметтер болған кезде);
4) сот шешімі (ерлі-зайыптылар арасында неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған кезде балалардың ата-анасының бірімен бірге тұратынын растау үшін).
Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы.
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тіркелген неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы мәліметтерді, балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеуді растайтын құжатты немесе туу туралы актілік жазбадан бала асырап алу туралы мәліметтерді, сондай-ақ оқу орнының күндізгі бөлімінде оқу туралы мәліметтерді қоспағанда, көпбалалы отбасына жәрдемақылар тағайындау үшін баланың (балалардың) туу туралы куәлігін, неке (ерлі-зайыптылық) қию, бұзу туралы куәлікті, балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеуді растайтын құжатты, оқу орнының күндізгі, № 169 Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың цифрлық жүйелеріне сұрау салуларға сәйкес.
порталға:
жәрдемақы тағайындау үшін – № 169 Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын балалары бар көпбалалы отбасыға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындауға өтініш.
проактивті қызмет арқылы:
жәрдемақы тағайындау үшін – проактивті қызмет көрсетуге көрсетілетін қызметті алушының келісімі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы банктік шот нөмірін растау немесе ұсыну туралы хабарлама жіберіледі.
екінші деңгейдегі банктердің цифрлық объектілері бойынша:
жәрдемақы тағайындау барысында № 169 Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысанында көзделген мәліметтерді, екінші деңгейдегі банктердің цифрлық объектісі тиісті мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ЦЖ-дан "цифрлық үкімет" шлюзіне сұрау салу арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың, баланың (балалардың) туу туралы куәлігінің мәліметтері немесе туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме, неке (ерлі-зайыптылық) қию (бұзу) туралы куәлік, балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеуді растайтын құжат немесе туу туралы актілік жазбадан бала асырап алу туралы мәліметтер, тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын мәліметтер, банк шотының нөмірі туралы мәліметтер, электрондық өтініште көрсетілген қызметті алушы "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.
"Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына, 84-бабына сәйкес шет тілде ұсынылған құжаттардың қазақ немесе орыс тілдеріне аударылған аударымның дұрыстығын куәландырады.
|
"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған аналарға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау
|
1. Тегі;
2. Аты;
3. Әкесінің аты (ол болған жағдайда);
4. ЖСН;
5. Банктік деректемелер;
6. Құжаттарда қамтылған мәліметтер:
жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлік, шетел азаматының тұруға ықтиярхаты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі) немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін);
"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, "Ана даңқы" I және II дәрежелі ордендерімен марапатталған көпбалалы ананың марапаты немесе атағын алғанын растайтын құжат.
Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – Байқоңыр қаласының тұрғын үй шаруашылығы азаматтарын есепке алу және тіркеу бөлімінің анықтамасы
|
7.
|
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау
|
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау
|
1. Тегі;
2. Аты;
3. Әкесінің аты (ол болған жағдайда);
4. ЖСН;
5. Банктік деректемелер;
6. Құжаттарда қамтылған мәліметтер:
1) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлік, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты, не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
2) Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – шекаралас аумақтағы елді мекендегі тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгендігі туралы мәліметтер;
3) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-бағанының 2-тармағында көрсетілген жәрдемақы алуға құқығын растайтын құжаттар.
Көрсетілген құжаттарда қамтылған ақпаратты мемлекеттік цифрлық жүйелер растағанда, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжатты, тұрғылықты тұратын жерін растайтын құжатты, Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылғы 13 тамыздан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша баланың (балалардың) тууы туралы куәлігін (куәліктері) не туу туралы акті жазбасынан үзінді көшірмені, неке қию туралы куәлікті (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 маусымнан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша), медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесінің мүгедектік туралы анықтамаларын көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті берушілер бірреттік құпиясөз беру жолымен немесе порталдың хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу жолымен порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімімен, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжаттарды алады.
2. Жәрдемақы алу құқығын растайтын құжаттар:
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін – Ұлы Отан соғысы ардагерінің куәлігі;
2) Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Еңбек Даңқы орденінің иегерлері үшін – награданың куәлігі;
3) "Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы" құрметті атағына ие болған адамдар үшін – "Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы" құрметті атағы берілгенін растайтын құжат;
4) "Халық қаһарманы" атағына ие болған адамдар үшін – "Халық қаһарманы" атағы берілгенін растайтын құжат;
5) "Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ие болған адамдар үшін – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы берілгенін растайтын құжат;
6) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдар үшін:
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 31 мамырдағы № 192 бұйрығымен бекітілген арнайы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау және төлеу қағидаларының 6-қосымшасына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32659 болып тіркелген) (бұдан әрі – 192 Қағидалар) сәйкес Ұрыс қимылдары жүрген қалалар мен жүргізілген кезеңдер тізбесінің және 192 Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес Ұрыс қимылдары болған мемлекеттер, аумақтар және жүргізілген кезеңдер тізбесінің негізінде:
майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда Ұлы Отан соғысы кезеңінде қызмет өткерген әскери қызметшiлер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары үшін – 1992 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қолданыста болған нысандар бойынша бұрынғы КСР Одағының тиісті органдары берген куәлік;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдар атқарған не сол кезеңдерде майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының еріктi жалдамалы құрамының адамдары үшін – 1992 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қолданыста болған нысандар бойынша бұрынғы КСР Одағының тиісті органдары берген куәлік;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк балалары (тәрбиеленушiлерi) және юнгалар ретiнде болған адамдар үшін – 1992 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қолданыста болған нысандар бойынша бұрынғы КСР Одағының тиісті органдары берген куәлік;
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шет елдердiң аумағында партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да фашизмге қарсы құралымдар құрамында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдар үшін – 1992 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қолданыста болған нысандар бойынша бұрынғы КСР Одағының тиісті органдары берген куәлік;
бұрынғы КСР Одағы Қатынас жолдары халық комиссариатының, Байланыс халық комиссариатының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтерілу құрамының, Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз жолы бас басқармасының ұшу-көтерілу құрамының арнаулы құралымдарының Ұлы Отан соғысы кезеңінде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шекаралары, флоттардың жедел аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерi үшін мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында еріксіз ұсталған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелерi үшін – 1992 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қолданыста болған нысандар бойынша бұрынғы КСР Одағының тиісті органдары берген куәлік;
Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтар үшін – "Ленинградты қорғағаны үшін" медаліне немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісіне қоса берілетін куәлік немесе 1992 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қолданыста болған нысандар бойынша бұрынғы КСР Одағының тиісті органдары берген куәлік;
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындар үшін – жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқын куәлігі немесе екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлерде, гетто және басқа еріксіз ұстау орындарында мәжбүрлеп ұсталғандығы туралы архивтік анықтама немесе 1992 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қолданыста болған нысандар бойынша бұрынғы КСР Одағының тиісті органдары берген куәлік;
1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы (бұдан әрі – Чернобыль АЭС) апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдар үшін – Чернобыль АЭС-ындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушы куәлігі немесе Чернобыль АЭС-ындағы апаттың немесе азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқанын, ядролық сынақтарға тікелей қатысқанын растайтын құжат немесе жергілікті әскери басқару органынан азаматтық немесе әскери тағайындау объектілеріндегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан фактісін растайтын, ядролық сынақтарға тікелей қатысқанын растайтын анықтама;
7) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамдар үшін:
бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілер үшін – әскери қызметшілер қатарындағы мүгедектігі бар адам екендігі туралы куәлігі (Кеңес Армиясы мүгедегінің жеңілдіктерге құқығы туралы), жараланғаны, контузия алуы, мертігуі, мүгедектігі туралы анықтама, жергілікті әскери басқару органынан соғыс қимылдарына қатысқан фактісін растайтын анықтама немесе 1992 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қолданыста болған нысандар бойынша бұрынғы КСР Одағының тиісті органдары берген куәлік;
қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде қызметтік міндеттерін орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген, бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары үшін – 1992 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қолданыста болған нысандар бойынша бұрынғы КСР Одағының тиісті органдары берген куәлік, жаралануы, контузия алуы, мертігуі, мүгедектігі туралы анықтама, ішкі істер органдарының, Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің тиісті анықтамасы;
басқа елдердегі майдандағы әскери контингенттерге қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдары жүргізілген кезеңде жаралануы, контузия алуы, мертігуі не ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген тиісті санаттардағы жұмысшылар мен қызметшілер үшін – 1992 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қолданыста болған нысандар бойынша бұрынғы КСР Одағының тиісті органдары берген куәлік, жаралануы, контузия алуы, мертігуі, мүгедектігі туралы анықтама, тиісті санатын және басқа елдерде қимыл жасаған әскер құрамдарына қызмет көрсету салдарынан мүгедектігі бар адам болуын растайтын құжат;
1944 жылғы 1 қаңтар – 1951 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде Украина КСР, Беларусь КСР, Литва КСР, Латвия КСР, Эстония КСР аумағында болған халықты қорғаушы жойғыш батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлері мен командалық құрамы қатарындағы, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан мүгедектік белгіленген адамдар үшін – 1992 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қолданыста болған нысандар бойынша бұрынғы КСР Одағының тиісті органдары берген куәлік, жаралануы, контузия алуы, мертігуі, мүгедектігі туралы анықтама, жергілікті әскери басқару органынан соғыс қимылдарына қатысқан фактісін растайтын анықтама;
Чернобыль АЭС-ындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдар және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балалары үшін – 1992 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қолданыста болған нысандар бойынша бұрынғы КСР Одағының тиісті органдары берген куәлік, Чернобыль АЭС-ындағы апаттың немесе азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарынан мүгедектігі жөніндегі халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органы аумақтық органының анықтамасы немесе Радиациялық әсерге байланысты аурудың себептік байланысын анықтау жөніндегі Өңірлік сараптама кеңесінің қорытындысы;
8) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері үшін:
192 Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес Басқа мемлекеттер аумағында жүргізілген ұрыс қимылдары кезеңдері тізбесінің және Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес Ұрыс қимылдары болған мемлекеттер, аумақтар және жүргізілген кезеңдер тізбесінің негізінде:
басқа мемлекеттердің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысушылар, атап айтқанда:
бұрынғы КСР Одағының үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда);
оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлер;
Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi;
бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерi;
Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер үшін – 1992 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қолданыста болған нысандар бойынша бұрынғы КСР Одағының тиісті органдары берген куәлік; жергілікті әскери басқару органынан басқа мемлекет аумағында соғыс қимылдарына қатысқандығын растайтын анықтама немесе басқа мемлекеттердің аумағында ұрыс қимылдарына қатысқандығы туралы белгі соғылған әскери билет, Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткендігін растайтын құжат және жараланған, контузия алған немесе мертіккендігін растайтын медициналық құжаттар, ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендеріне және медальдарына қоса берілетін куәлік;
1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері үшін – Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуге қатысқандығын растайтын жергілікті әскери басқару органынан анықтама;
2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері үшін – Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқандығын растайтын жергілікті әскери басқару органынан анықтама;
1986 – 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары үшін – Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқандығын растайтын жергілікті әскери басқару органынан анықтама;
9) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлері үшін – әскери қызметшінің қайтыс болғандығы туралы куәлік немесе хабарлама, немесе жергілікті әскери басқару органынан хабар-ошарсыз кету фактісі туралы анықтама, әскери қызметшіге туыстық жақындығын растайтын құжат (неке туралы куәлік, балалардың туу туралы куәлігі);
10) Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы) үшін – неке туралы куәлік, жұбайының (зайыбының) қайтыс болғандығы туралы куәлік, жұбайының (зайыбының) мүгедектігін растайтын құжат;
11) Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасылары үшін – қаза тапқан (қайтыс болған) адамның өлімі туралы хабарлама немесе куәлік, әскери қызметшінің қаза тапқан немесе хабар-ошарсыз кеткен фактісі туралы жергілікті әскери басқару органынан анықтама, қаза тапқан адаммен туыстық жақындығын растайтын құжат (неке туралы куәлік, балалардың туу туралы куәлігі);
резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілерді қоспағанда, бейбіт уақытта әскери қызметін, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасылары үшін – қаза тапқан (қайтыс болған) адамның өлімі туралы хабарлама немесе куәлік, резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілерді қоспағанда, әскери қызметшінің бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан фактісі туралы жергілікті әскери басқару органынан анықтама, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкердің бейбіт уақытта арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметін өткеру кезінде қаза тапқан фактісі туралы арнаулы мемлекеттік органдарынан анықтама, қаза тапқан адаммен туыстық жақындығын растайтын құжат (неке туралы куәлік, балалардың туу туралы куәлігі);
қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерлерінің отбасылары үшін – қаза тапқан (қайтыс болған) адамның өлімі туралы хабарлама немесе куәлік, қызмет міндеттерін атқару кезінде қаза табу фактісін растайтын ішкі істер органдарынан анықтама немесе құжат, қаза тапқан адаммен туыстық байланысын растайтын құжат (неке туралы куәлік, балалардың туу туралы куәліктері);
Чернобыль АЭС-ындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары үшін – қаза тапқан адамның өлімі туралы куәлік, Чернобыль АЭС-ындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезінде қайтыс болғанын растайтын құжат, қаза тапқан адаммен туыстық жақындығын растайтын құжат (неке туралы куәлік, балалардың туу туралы куәлігі);
сәуле ауруының салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен Чернобыль АЭС-ындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасылары үшін – сәуле ауруының салдарынан қайтыс болған адамның немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамның, сондай-ақ өлімі Чернобыль АЭС-ындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың әсер етуіне белгіленген тәртіппен байланысты болған азаматтың өлімі туралы куәлік, өлімнің радиациялық әсер ету салдарынан болғанын растайтын құжат, қаза тапқан адаммен туыстық жақындығын растайтын құжат (неке туралы куәлік, балалардың туу туралы куәлігі);
12) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар үшін – 1992 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қолданыста болған нысандар бойынша бұрынғы КСР Одағының тиісті органдары берген куәлік немесе наградтау куәлігі, немесе архивтік анықтама, немесе наградталу фактісі туралы жазбасы бар еңбек кітапшасы;
13) 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар үшін – еңбек кітапшасы немесе 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда, жұмысы туралы мәліметтерді қамтитын өзге де құжаттар, 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда, әскери қызмет кезеңі туралы мәліметтерді қамтитын әскери билет немесе анықтама.
Сондай-ақ, 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда, жұмысы туралы мәліметтерді қамтитын құжаттарға:
жұмыс орны, сондай-ақ архив мекемелері берген жұмыс кезеңдері туралы мәліметтері бар құжаттар; бұйрықтардан, жеке шоттары мен жалақы төлеуге арналған ведомостардан үзінді көшірмелер; коммунистік партия немесе кәсіподақ мүшелерінің мүшелік билеттері немесе есеп карточкалары; қызметін бұрын қолданыста болған заңнамаға сәйкес жүзеге асырып келген жұмыс өтілін белгілеу жөніндегі, зейнетақы тағайындау жөніндегі комиссиялардың шешімдері; сот шешімдері; арнайы комиссиялардың шешімдері; 1998 жылға дейін берілген жеңілдіктерді алуға құқығы туралы куәлік; фабрика-зауыт училищелерінде оқу фактісін растайтын анықтамалар жатады.
14) 1988 – 1989 жылдары Чернобыль АЭС-ындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдар үшін – Чернобыль АЭС-ындағы аварияны жоюға қатысушының куәлігі немесе Чернобыль АЭС-ындағы аварияны жоюға қатысу фактісін растайтын жергілікті әскери басқару органынан анықтама, балалардың туу туралы куәлігі;
15) жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақының мөлшеріне дейін қосымша төлем алушыларды қоспағанда, жасына байланысты зейнетақы төлемдері немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тағайындалған бірінші, екінші және үшінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда Байқоңыр қаласында тұратын бірінші, екінші және үшінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар, оның ішінде мүгедектігі бар жеті жасқа дейінгі балалар үшін – мүгедектігі туралы анықтама, Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатынын растайтын құжат;
16) Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда Байқоңыр қаласында тұратын жетіден он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтардағы мүгедектігі бар балалар үшін – мүгедектігі туралы анықтама, Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатынын растайтын құжат;
17) саяси қуғын-сүргін құрбандары, мүгедек болып қалған немесе зейнеткер болып табылатын саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен адамдар үшін – мүгедектігі туралы анықтама, зейнеткерлік куәлік, ақталған азаматтың куәлігі немесе прокуратура органдарынан немесе ішкі істер немесе ұлттық қауіпсіздік органдарынан ақталғаны туралы анықтамалары немесе ақталғаны туралы соттың шешімі;
18) Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдар үшін – дербес зейнеткер куәлігі немесе Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті жанындағы Қазақстан Республикасы алдында сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы белгілеу жөніндегі комиссияның Қазақстан Республикасы алдында сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындау туралы шешімінен үзінді көшірме.
|
"Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 31 мамырдағы № 192 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 23 маусымда № 32659 болып тіркелді)
|
8.
|
Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау
|
Мүгедектікті және (немесе) еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілеу және (немесе) қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау үшін адамдарды куәландыру (қайта куәландыру).
|
1. Тегі;
2. Аты;
3. Әкесінің аты (ол болған жағдайда);
4. ЖСН;
5. Құжаттарда қамтылатын мәліметтер:
1) куәландырылатын адамның жеке басын куәландыратын құжат;
2) адамның қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде немесе тергеу изоляторында ұсталғанын растайтын мәліметтерді қамтитын құжат.
3) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрық) бұйрығымен бекітілген № 031/е нысаны бойынша МӘС-ке қорытынды (бұдан әрі – № 031/е нысаны). № 031/е нысанының қолданыс мерзімі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 7 сәуірдегі № ҚР ДСМ-34 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27505 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген "Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қызметі туралы" ережеге сәйкес оған қол қойылған күнінен бастап бір айдан кешіктірмейтін уақытқа жарамды;
4) медициналық ұйым оны әзірлеген кезде, № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрықпен бекітілген № 033/е нысаны бойынша мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасының медициналық бөлігі (бұдан әрі – ОЖБ медициналық бөлігі);
5) ауру динамикасын талдау үшін амбулаториялық пациенттің медициналық картасынан мәліметтер болған кезде – ауру тарихынан үзінді-көшірмелер, мамандардың қорытындылары және зерттеу нәтижелері;
6) еңбекке уақытша жарамсыздық парағы (анықтама) – жұмыс істейтін адамдар куәландырудан өткен кезде;
7) алғашқы куәландыру кезінде, еңбекке қабілетті жастағы адамдарға – еңбек қызметін растайтын құжат (бар болса), ал өндірістік жарақаттар және кәсіптік аурулар кезінде, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығымен бекітілген медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32922 болып тіркелген);
8) жалпы еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі алғашқы рет белгіленген кезде – осы әлеуметтік қатер бойынша міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу (немесе қатыспау) фактісін растайтын мәліметтер;
9) өндірістік жарақат алған және/немесе кәсіптік ауруға шалдыққан адамға осы жазатайым оқиға бойынша КЕА дәрежесін алғашқы рет белгілеу кезінде мүгедектікті және (немесе) КЕА себебін белгілеу үшін – "Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру материалдарын рәсімдеу бойынша нысандарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1055 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12655 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға туралы акт (бұдан әрі – жазатайым оқиға туралы акт).
Жазатайым оқиға туралы акт болмаса және жұмыс беруші-дара кәсіпкердің қызметі тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған жағдайда өндірістік жарақат алған және/немесе кәсіптік ауруға шалдыққан адам ұсынатын еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаумен жарақаттанудың немесе аурудың себеп-салдарлық байланысы туралы сот шешімі тіркеледі;
10) кәсіптік ауруға шалдыққан адамдарды куәландырған кезде – кәсіптік ауру және улану диагнозын белгілеу (аурудың кәсіппен байланысын анықтау) кезінде сараптаманы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері;
11) жаралануға, контузияға, жарақаттануға, мертігуге, ауруға байланысты мүгедектік себептерін анықтау үшін – себеп-салдарлық байланысын белгілейтін тиісті қызмет саласындағы уәкілетті орган берген құжат туралы мәліметтер;
12) қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеген кезде – қорғаншылықты (қамқоршылықты) растайтын құжат туралы мәліметтер;
13) куәландырылатын адамның атын, әкесінің атын (бар болса) және тегін өзгертуді мемлекеттік тіркеген жағдайда қайта куәландыру кезінде – "Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы электрондық және қағаз жеткізгіштегі акт жазбаларының, куәліктер мен анықтамалардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 9 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10173 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша атын, әкесінің атын (бар болса), тегін өзгерту туралы куәлік туралы мәліметтер;
14) балаларды куәландыру (қайта куәландыру) кезінде – психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның (ПМПК) қорытындысы бар болса.
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды "цифрлық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе "цифрлық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.
Цифрлық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда, куәландырылатын адамның өтінішіне № 031/е нысаны, сондай-ақ тиісті құжаттардың қағаз жеткізгіштегі көшірмелері және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары қоса беріледі.
Сырттай проактивті куәландыру (қайта куәландыру) мынадай құжаттарды:
организм функцияларының бұзылу дәрежесін, диагноздар мен ұсынымдарды көрсете отырып, шағымдарын, объективті тексеру деректерін көрсететін мамандардың консультацияларын;
клиникалық, зертханалық, рентгенологиялық және басқа зерттеулердің нәтижелерін;
пациенттің жай-күйінің динамикалық өзгерістерін көрсете отырып, амбулаториялық, стационарлық, стационарды алмастыратын жағдайларда, үйде, санаторий-курорттық ұйымдарда емделіп шығу жағдайының (емделіп шығу жағдайларының) нәтижелерін;
туындаған асқынуларды;
зертханалық зерттеулердің, консультациялардың нәтижелерінің қорытындыларын;
оңалту әлеуеті, оңалту диагнозы және оңалту маршрутының шкаласы ескерілген ұсынымдарды;
жедел/шұғыл медициналық көмек шақырған пациентке белсенді бару нәтижелерін қоса бере отырып, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 155/НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20495 болып тіркелген) бекітілген Проактивті қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес алынған пациенттің немесе оның өкілінің келісімі бойынша № 031/е электрондық нысан негізінде жүргізіледі.
Медициналық электрондық құжаттар аурудың бейінін ескере отырып және денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға, диагностиканың, емдеу мен оңалтудың клиникалық хаттамаларына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 7 қазандағы № ҚР ДСМ-116/2020 бұйрығымен (бұдан әрі – ҚР ДСМ-116/2020 бұйрығы) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21381 болып тіркелген) бекітілген Медициналық оңалтуды көрсету қағидаларына сәйкес ұсынылады.
|
"Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 23 маусымда № 32922 болып тіркелді)
|
9.
|
Мүгедектігі бар балаларды және олардың отбасыларын қолдау:
мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, асырап алушыға (асырап алушы анаға/әкеге), қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақыны, сондай-ақ бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын адамдарға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау және төлеу.
|
Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қамқоршыға (қорғаншыға) жәрдемақы тағайындау
|
1. Өтініш беруші туралы мәліметтер (ата-ана/қорғаншы/қамқоршы): тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі.;
2. Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеуге байланысты жәрдемақы тағайындалатын бала туралы мәліметтер: тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі; мүгедектігі бар баланың туған күні; тұрақты тұрғылықты жерінің мекенжайы;
3. Банктік деректемелер;
4. Құжаттарда қамтылған мәліметтер:
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).
Қандас мәртебесі бар адамдар мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны тағайындауға жүгінген кезде қандас куәлігі немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін) ұсынады;
2) баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
өтініш берушінің деректері баланың туу туралы куәлігіндегі деректермен сәйкес келмеген кезде – неке қию (ерлі-зайыптылық), некені бұзу туралы куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
балаға қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленген немесе баланы асырап алған кезде – балаға қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленгенін растайтын құжат немесе туу туралы актілік жазбадан бала асырап алу туралы мәліметтер;
3) баланың мүгедектігі туралы анықтама.
Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы.
|
"Мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақы, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын адамдарға берілетін мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 215 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 23 маусымда № 32571 болып тіркелді).
|
Бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын адамға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау
|
1. Өтініш беруші туралы мәліметтер (мүгедектігі бар адам / қорғаншы (қамқоршы) / заңды өкіл): өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда);
2. Күтім жасалатын адам туралы мәліметтер: тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі, туған күні, тұрғылықты жерінің мекенжайы;
3. Күтімді жүзеге асыратын адам ретінде белгіленген тұлға туралы мәліметтер: тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі, туған күні, тұрғылықты жерінің мекенжайы; банктік деректемелер;
4. Өтініш берушінің құжаттарында қамтылған мәліметтер:
1) жеке басын куәландыратын құжат – сәйкестендіру үшін;
2) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленген жағдайда – бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленгенін растайтын құжат;
3) мүгедектігі туралы анықтама.
Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы;
3) қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде күтім жасайтын адам ретінде айқындалған адамның орналасқан жері туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Орталық автоматтандырылған деректер базасы" цифрлық жүйесінен жеке басын куәландыратын құжаты бойынша тексеріледі.
5. Бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтімді жүзеге асыратын тұлға ретінде белгіленген адамның құжаттарында қамтылған мәліметтер:
1) жеке басты куәландыратын құжат – сәйкестендіру үшін.
Қандас мәртебесі бар адамға күтім жасайтын адамға жәрдемақы тағайындау үшін жүгінген жағдайда сәйкестендіру үшін қандас куәлігі беріледі;
2) жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді растайтын құжат – сәйкестендіру үшін;
3) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын ретінде айқындалған адамның әрекетке қабілеттілігі туралы мәліметтер жеке басты куәландыратын құжат бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқоры" цифрлық жүйесінде тексеріледі.
Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы.
4) қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде күтім жасайтын адам ретінде айқындалған адамның орналасқан жері туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Орталық автоматтандырылған деректер базасы" цифрлық жүйесінен жеке басын куәландыратын құжаты бойынша тексеріледі.
|
10.
|
Жерлеуге арналған бір жолғы төлемді тағайындау
|
Жерлеуді жүзеге асырған адамдарға материалдық қолдау көрсету мақсатында.
|
Құжаттарда қамтылған мәліметтер:
1. жерлеуді жүзеге асырған адамның жеке басын куәландыратын құжат немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама (куәлік) (заңды тұлғалар үшін), не заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін жерлеуді жүзеге асырған жеке кәсіпкердің патенті;
2. банктік деректемелер;
3. қайтыс болу туралы куәлік немесе басқа мемлекеттердің уәкілетті органы берген және апостиль қойылған қайтыс болу фактісін растайтын құжат (салыстырып тексеру үшін құжаттың түпнұсқасы ұсынылады).
Шет тілінде жасалған құжаттар ұсынылған жағдайда, нотариус Қазақстан Республикасының "Нотариат туралы" Заңының 34-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына және 80-бабына сәйкес құжаттың қазақ немесе орыс тіліне аудармасының дұрыстығын куәландырады.
|
"Республикалық бюджет қара жатынан жерлеуге бір жолғы төлемді тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" азақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 256 бұйрығы ((Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 23 маусымда № 32925 болып тіркелді)
|
11
|
Жұмыс іздеп жүрген адамдарды мен жұмыссыздарды тіркеу
|
Жұмыс іздеп жүрген адамдарды мен жұмыссыздарды тіркеу үшін
|
1. Тегі;
2. Аты;
3. Әкесінің аты (бар болса);
4. Жеке сәйкестендіру нөмірі;
5. Құжаттарда қамтылған мәліметтер:
1) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
2) еңбек қызметін растайтын құжат (бар болса);білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіби даярлығының бар екендігін растайтын құжат (бар болса);
6. Жұмыс іздеуші ретінде тіркелу үшін egov.kz порталы немесе enbek.kz порталы арқылы көрсетілетін қызметті алушы 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 365 "Жеке жұмыспен қамту картасының нысанын және оны жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33380 болып тіркелген) 1-қосымшаға сәйкес жұмыс іздеуші ретінде тіркелу үшін мәліметтер нысанын көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында толтырады.
|
"Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 214 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 23 маусымда № 32850 болып тіркелді).
|
12.
|
Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу
|
Мүгедектігі бар балаларды және олардың отбасыларын қолдау
|
1. Тегі;
2. Аты;
3. Әкесінің аты (бар болса);
4. Туған күні;
5. Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша төлем тағайындалатын бала туралы мәліметтер: жеке сәйкестендіру нөмірі; тегі, аты, әкесінің аты (бар болса); баланың туған күні, мүгедектігі;
6. Құжаттарда қамтылған мәліметтер:
1) жеке басты куәландыратын құжат – сәйкестендіру үшін;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың, баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) немесе азаматтық хал актілерін жазу органдары берген туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме немесе азаматтық хал актілерін тіркеу органдарымен берілген азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама, неке қию (ерлі-зайыптылық), некені бұзу туралы куәлік; балаға қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленгенін растайтын құжат немесе туу туралы актілік жазбадан бала асырап алу туралы мәліметтер,
3) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың,
4) оқу орнынан мүгедектігі бар баланың үйде оқитындығын растайтын мәлімет,
5) дәрігерлік-консультациялық комиссия қорытындысының мәліметтері,
6) банктік шоттың нөмірі туралы,
7) өтініште көрсетілген мүгедектігі туралы анықтама мәліметтерін тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Цифрлық жүйелерде мәліметтер болмаған кезде өтініш беруші келесі құжаттарды қоса береді:
1) дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы;
2) мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтама.
|
"Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы"
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 23 маусымда № 22394 болып тіркелді).
|
13.
|
Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау
|
Тиісті өңір үшін белгіленген кедейлік шегінен жан басына шаққандағы орташа табыс төмен болған жағдайда, аз қамтылған отбасыларды қолдау үшін.
|
1. Тегі;
2. Аты;
3. Әкесінің аты (бар болса);
4. ЖСН;
5. Құжаттарда қамтылған мәліметтер:
көрсетілетін қызметті алушы мен оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттың,
қандастың мәртебесі туралы, босқын мәртебесі туралы, шетелдіктің мәртебесі туралы, азаматтығы жоқ адамның мәртебесі туралы, отбасының әрбір мүшесіне тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мәліметтер;
жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банктік деректемелері туралы;
мүгедектікті белгілеу туралы;
баланың (барлық балаларға) тууын (қайтыс болуын) тіркеу туралы; қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы; бала асырап алу туралы; некені (ерлі-зайыптылықты) одан тыс жерлерде тіркеу жағдайларын қоспағанда, неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу туралы;
егер он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейінгі асырауындағылар күндізгі оқу нысанының білім алушылары болып табылса – оқу орнында оқу фактісі туралы; табыстар туралы (жалақы, әлеуметтік төлемдер, кәсіпкерлік қызметтен, жылжымайтын және (немесе) жылжымалы мүлікті жалға беруден, жылжымайтын және (немесе) жылжымалы мүлікті сатудан түскен табыстар), кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын адамның мәртебесі туралы, өтініш берушіде және оның отбасы мүшелерінде атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау, төлеу немесе тағайындауға өтініш беру фактісінің болуы туралы әлеуметтік көмек, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін жеке қосалқы шаруашылығының болуы туралы, еңбек қызметі (бар болса) туралы; жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының (бар болса) болуы туралы; алименттер және (немесе) оларды алмастыратын адамдар туралы атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы үш ай қатарынан олар бойынша берешектің болуы туралы;
өтініш берушінің отбасы мүшелерінің бас бостандығынан айыру немесе мәжбүрлеп емдеу орындарында болуы туралы;
меншігінде тұрғын үйдің, үй-жайлардың болуы туралы, меншігінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскесінің болуы туралы, меншігінде көлік құралының болуы туралы, іздестіру есебіндегі адамның мәртебесі туралы.
|
"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 21 маусымдағы № 227 бұйрығы
(Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 23 маусымда № 32885 болып тіркелді).
|
14.
|
Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарына біржолғы ақшалай өтемақы тағайындау
|
Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарына біржолғы ақшалай өтемақыларды төлеуді жүзеге асыру үшін
|
1. Тегі;
2. Аты;
3. Әкесінің аты (бар болса);
4. ЖСН;
5. Туу туралы мәліметтер: туған күні, туған жері, туу туралы тіркеу;
6. жеке басты куәландыратын құжаттар;
7. Ақшалай өтемақы алуға құқықты растайтын құжат туралы мәліметтер (Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы" Заңының 22-бабында көрсетілген орындарда болған кезеңін көрсете отырып, прокуратура органдарының немесе сот органдарының реабилитация туралы анықтамасы);
Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарының балалары үшін қосымша – туу туралы куәлік немесе тууын мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасынан үзінді, ата-анасының бірінің прокуратура органдарынан немесе сот органдарынан берілген реабилитация туралы анықтамасы (Заңның 22-бабында көрсетілген орындарда болған кезеңін көрсете отырып).
8. Тұрғылықты жері туралы мәліметтер;
9. Банктік шоттың бар екендігі туралы мәліметтер: банктік шот ашылған банктің толық атауы, банктік шот иесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банктік шот нөмірі туралы мәліметтер.
|
"Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 277 бұйрығы
(Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 23 маусымда № 32965 болып тіркелді).
|
15.
|
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру
|
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру үшін
|
1. Тегі;
2. Аты;
3. Әкесінің аты (бар болса);
4. ЖСН;
5. Құжаттарда қамтылған мәліметтер:
1) жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
2) 1949 жылдан бастап 1965 жылды қоса алғандағы, 1966 жылдан бастап 1990 жылды қоса алғандағы кезеңдерде Семей ядролық сынақ полигоны аумағында тұру фактісі мен кезеңін растайтын құжаттар (архив анықтамалары, ауылдық, кенттік Халық депутаттары кеңестерінің, тұрғын үйді пайдалану басқармаларының, үй басқармаларының, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімдерінің, пәтер иелері кооперативтерінің анықтамалары; еңбек кітапшасы; оқу орнын бітіргені туралы диплом; әскери билет; туу туралы куәлік, немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін), негізгі орта білім немесе жалпы орта білім туралы аттестат, неке (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік (азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) не некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік (бар болса) немесе некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме (тегін өзгерткен кезде);
3) болғанда – "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен бұрын берілген куәлік;
4) Егер Семей ядролық сынақ полигоны аумағында тұру фактісі мен кезеңін растайтын құжаттар сақталмаса, онда ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған аумақтарда тұрудың заңды фактілерін және кезеңін белгілеу туралы соттың шешімі ұсынылады.
|
"Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы"
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 23 маусымда № 22394 болып тіркелді).
|
16.
|
Ақталған адамға куәлік беру
|
Ақталған тұлғаға куәлік беру үшін
|
1. Тегі;
2. Аты;
3. Әкесінің аты (бар болса);
4. ЖСН;
5. Құжаттарда қамтылған мәліметтер:
1) жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
2) ақтау туралы анықтама не заңды күшіне енген сот актісінің көшірмесі;
3) өкілі арқылы жүгінген кезде – оның өкілеттіктерін растайтын нотариат куәландырған құжат.
Салыстырып тексеру үшін заңды күшіне енген сот актісінің көшірмесін қоспағанда, құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары қайтарылады.
6. Тұрғылықты жері туралы мәліметтер.
|
"Ақталған адамға куәлік беру қағидаларын және ақталған адам куәлігінің үлгісін бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 28 ақпандағы № 78 бұйрығы
(Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 23 маусымда № 26976 болып тіркелді).
|
17.
|
Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау
|
Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау үшін
|
1. Тегі;
2. Аты;
3. Әкесінің аты (бар болса);
4. ЖСН;
5. Құжаттарда қамтылған мәліметтер:
1) жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
2) адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер (адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамай тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер ұсынылмайды);
3) мұқтаждар санатына жатқызу негіздерінің болу фактісін растайтын төменде көрсетілген құжаттардың бірі:
дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келу фактісін растайтын құжат;
өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келу фактісін растайтын құжат;
әлеуметтік маңызы бар аурудың болу фактісін растайтын құжат;
жетімдік, ата-ана қамқорлығының болмау фактісін растайтын құжат;
жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмау фактісін растайтын құжат;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылу, пробация қызметінің есебінде болу фактісін растайтын құжат.
Салыстырып тексеру үшін құжаттар төлнұсқалары және көшірмелері ұсынылады.
6. Тұрғылықты жері туралы мәліметтер.
|
"Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы"
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 23 маусымда № 22394 болып тіркелді).
|