"Қазақстан Республикасының ішкі және халықаралық авиабағыттарындағы тұрақты рейстердің кестелерін бекіту жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 13 тамыздағы № 36

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 23 тамыздағы № 652 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 26 қыркүйекте № 8741 тіркелді

      «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасының ішкі және халықаралық авиабағыттарындағы тұрақты рейстердің кестелерін бекіту жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 13 тамыздағы № 363 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6462 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2010 жылғы 1 қазандағы № 398-401 (26244) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының халықаралық авиамаршруттарында шетелдік авиатасымалдаушылардың тұрақты рейстерінің кестелерін бекіту жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халықаралық авиамаршруттарында шетелдік авиатасымалдаушылардың тұрақты рейстердің кестелерін бекіту жөніндегі нұсқаулық бекітілсін»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі және халықаралық авиамаршруттарында шетелдік авиатасымалдаушылардың тұрақты рейстерінің кестелерін бекіту жөніндегі нұсқаулықта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының халықаралық авиамаршруттарында шетелдік авиатасымалдаушылардың тұрақты рейстерінің кестелерін бекіту жөніндегі нұсқаулық»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Қазақстан Республикасының халықаралық авиамаршруттарында шетелдік авиатасымалдаушылардың тұрақты рейстерінің кестелерін бекіту нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшуды орындайтын әуе кемелерінің шетелдік авиакомпанияларының тұрақты ұшу кестелерін бекіту рәсімін нақтылайды»;
      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      1) аэронавигациялық ұйым – әуе қозғалысына қызмет көрсетуді және әуе кемесінің бортына қажетті метеорологиялық ақпарат беруді, әуе кеңістігін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз етуді және радиотехникалық жабдық пен байланыс құралдарын пайдалануды жүзеге асыратын азаматтық авиация ұйымы;»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлiгi Азаматтық авиация комитетiнiң (бұдан әрi - Комитет) бекiтуiне мыналар жатады:
      1) Қазақстан Республикасының халықаралық авиамаршруттарындағы шетелдік авиатасымалдаушылардың тұрақты рейстерінің кестелері;
      2) Қазақстан Республикасы аумағы арқылы қонбастан шетелдік авиатасымалдаушылардың тұрақты рейстерінің кестесі.»;
      4-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын;
      7 және 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Кестені жасау кезінде тұрақты ұшу параметрлері Қазақстан Республикасының әуе қатынасы туралы халықаралық шартының талаптарына сәйкес келуі тиіс.
      8. Шетелдік авиатасымалдаушы ұшу басталғанға дейін күнтізбелік 45 күн бұрын Комитетке мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) толтырылған «Р» нысаны (осы Нұсқаулыққа 1-қосымша) және 4 данада ұшудың қайталанатын жоспарларының тiзбесi (осы Нұсқаулыққа 2-қосымша);
      2) тұрақты ұшу авиамаршруты бойынша ұшып шығу және қону әуежайларымен келісілген слоттар.»;
      мынадай мазмұндағы 8.1-тармақпен толықтырылсын:
      «8-1. Шетелдік авиатасымалдаушы Қазақстан Республикасының аумағы арқылы қонбай тұрақты ұшулардың басталуына дейін күнтізбелік 15 күнде қайталанатын ұшу жоспарларының тізбесін аэронавигациялық ұйымға ұсынады (осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасы).
      Қазақстан Республикасының аумағы арқылы қонбай тұрақты ұшулардың орындалуына қайталанатын ұшу жоспарларының тізбесі аэронавигациялық ұйымға бекіту туралы хабарлама беру арқылы Комитеттің бекітуіне жатады.».
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Комитет құжаттарды алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде кейін оларды авиакомпанияларға және аэронавигациялық ұйымға беру арқылы «Р» нысанын қарауды және бекітуді жүргізеді, немесе осы Нұсқаулықтың 11-тармағында көрсетілген негіздемелер бойынша құжаттарды алған күннен бастап 5 жұмыс күн ішінде жазбаша дәлелді бас тарту жібереді.».
      1-қосымшаға осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
      2-қосымшаға осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
      1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялауды және мемлекеттік органдардың интранет-порталына (МОИП) орналастыруды;
      3) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мемлекеттік тіркеуден кейін 5 жұмыс күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарын жариялауға жіберген туралы мәліметті қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ. Бектұровқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    А. Жұмағалиев

Қазақстан Республикасы     
Көлік және коммуникация министрінің
2013 жылғы 23 тамыздағы № 652 
бұйрығына 1-қосымша      

Қазақстан Республикасының халықаралық
авиамаршруттарындағы тұрақты   
рейстердiң кестелерiн бекiту   
жөнiндегi нұсқаулыққа      
1-қосымша             

«P» нысаны      

«Бекiтемiн»           
Қазақстан Республикасы      
Көлiк және коммуникация министрлiгi
Азаматтық авиация комитетiнiң төрағасы
____________________(Т.А.Ә.)   
20 __жылғы «____» ___________   

_____ навигация кезеңiнде _________ авиакомпаниясының рейстердi
орындау графигi

ХААҰ коды және рейс нөмiрлерi

Орындау кезеңi

Апта күндерi

Маршруты (әуежай атауы, УТЦ уақыты)

Ескертпе





ггммдд

ггммдд

1

2

3

4

5

6

7





























Коммерциялық құқығы бар учаскелер

"тоқта-овер" құқығы бар пункттер

Техникалық қону пункттерi

Құрастыру

ӘК үлгiсi













Авиакомпания басшысы
немесе ол уәкiлеттiк
    еткен тұлға           Т.А.Ә.       МО

  Қазақстан Республикасы    
Көлік және коммуникация министрінің
2013 жылғы 23 тамыздағы № 652 
бұйрығына 2-қосымша      

Қазақстан Республикасының 
халықаралық       
авиамаршруттарындағы тұрақты
рейстердiң кестелерiн бекiту
жөнiндегi нұсқаулыққа  
2-қосымша         

Ұшудың қайталанатын жоспарларының тiзбесi (RPL)

Пайдаланушы

Адресаты(тар)

+
-

(ж.а.к.)
жарамды

(ж.а.к.) бойынша жарамды

Ұшу күндерi

ӘК таным индексi

ӘК үлгiсi және iздiң турбуленттi санаты

Әуеайлақ және ұшу уақыты

1

2

3

4

5

6

7































Ұшу әуеайлақтары

ж.а.к. күнi

Сериялық

Парақ

Қосымша деректер

Крейсер Маршруты

Әуеайлақты белгiлеу және бiткен уақыт

Ескертпе

Жылдамдық

Эшелон

Маршрут













RPL жасауға жауапты тұлғаның ___________ Т.А.Ә.      МО