"Кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және техникалық және қызмет көрсететін еңбек кәсіптері (мамандықтары) бойынша біліктілікті беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 18 маусымдағы № 281 бұйрығына өзге

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 355 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 25 қыркүйекте № 8739 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 6 қыркүйектегі № 446 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 06.09.2018 № 446 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және техникалық және қызмет көрсететін еңбек кәсіптері (мамандықтары) бойынша біліктілікті беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 18 маусымдағы № 281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7796 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2012 жылғы 1 тамызда № 442-449 (27523) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және техникалық және қызмет көрсететін еңбек кәсіптері (мамандықтар) бойынша біліктілікті беру қағидаларында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. БК құрамы тестіленетін кәсіптердің (мамандықтардың) және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатарынан КДДБ өткізуден кемінде күнтізбелік 30 күн бұрын құрылады.".

      2. Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Қ.Қ. Бөрібеков):

      1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.А. Әбеновке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Б. Жұмағұлов