"Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі өңіраралық комиссиялар туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2011 жылғы 28 ақ

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 258 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 25 қыркүйекте № 8736 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 325 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 11.05.2018 № 325 (29.06.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 21-бабының 1-тармағына және "Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 4 шілдедегі Заңының 5-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Пайдалы қазбаларды барлау мен игеру жөніндегі орталық комиссиясы туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы № 17 бұйрығына (№ 6784 нормативтік құқықтық акт Мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2011 жылғы 29 наурызда № 107-108 (26528-26529) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пайдалы қазбаларды барлау мен игеру жөніндегі орталық комиссиясы туралы ережеде:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. БИОК құрамын Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі бірінші басшысы бекітеді. БИОК құрамына мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері және келісім бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ тау-кен өндіру мен қайта өңдеу салаларының мамандары кіреді.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті (Т.С. Тоқтабаев) заңнамамен белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Н.Е. Сауранбаевқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Премьер-Министрінің


орынбасары - Қазақстан


Республикасының Индустрия


және жаңа технологиялар


министрі

Ә. Исекешев