"Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 644 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 23 шілдедегі № 356 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 08 тамызда № 8613 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 324 бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Республикалық меншіктен жалпы ұзақтығы 7,3 километр А-24 «Ақтөбе – Мәртөк – РФ шекарасы (Орынбор қаласына)» автомобиль жолының учаскесі Ақтөбе облысының коммуналдық меншігіне берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Ақтөбе облысының әкімімен бірлесіп, автомобиль жолының жоғарыда көрсетілген учаскесін қабылдау-тапсыру жөніндегі қажетті ұйымдастырушылық іс-шараларын жүзеге асырсын.
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 20.08.2015 № 655 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов