"Нормативтік құқықтық актіге негіздеме-анықтама нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2006 жылғы 4 қыркүйектегі № 240 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 08 тамыздағы № 268 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 08 тамызда № 8610 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 21 қазандағы № 912 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 21.10.2016 № 912 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларының 9-тармағын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Нормативтік құқықтық актіге негіздеме-анықтама нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2006 жылғы 4 қыркүйектегі № 240 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 4376 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      реттік нөмірі 5 жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «

5.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларының 17-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтерді


                                                        »;
      кестеден кейінгі төменгі жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «__________________    ____________   ___________________
                Лауазымы         қолы        тегі және аты-жөні

      Ескерту: негіздеме-анықтамаға Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларының 9-тармағында көрсетілген адамдар қол қояды».
      2. Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаменті осы бұйрықты аумақтық әділет органдарының, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың назарына жеткізсін.
      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Әділет министрі                                      Б. Имашев